ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
барлық жануарларды екі топқа бөлді: омыртқасыз жануарлар,
омыртқалы жануарлар. Омыртқасыз жануарларды 10 класқа
топтастырды: 1. Инфузориялар класы. 2. Полиптер. 3. Сәулелілер. 4. Құрт-
тар. 5. Насекомдар. 6. Өрмекшітәрізділер. 7. Шаянтәрізділер. 8. Буылтық
құртгар. 9. Мұртаяқтылар (төменгі сатыдағы шаянтәрізділер). 10. Мол-
люскалар. Омыртқалы жануарларды 4 класқа топтастырды: 1. Ба-
лықтар класы. 2. Бауырымен жорғалаушылар, қос мекенділер класы.
3. Құстар. 4. Сүтқоректілер. Осы 14 класқа бөлінген жануарларды
Ж. Б. Ламарк сатылай орналыстырды,
оның төменгі сатысына
инфузорияларды, полиптерді (құрылысының күрделілене түсуіне
байланысты жоғары сатыға көтеріледі), жоғары сатысына күстар мен
сүтқоректілерді орналастырды. Тірі организмдер құрылысының
күрделілене түсуін Ж. Б. Ламарк “градация” (жоғары көтерілу) деп
атады. Организмдер құрылысының күрделіленуін Ламарк, олардың
іштей прогреске ұмтылушылық қабілеті болуынан деген пікірде
болған.
Ж. Б. Ламаркпен қатар француз ғалымы Жорж Кювье (1769-1832)
салыстырмалы анатомия негіздері мен корреляциялар туралы ілімнің
негізін салды. Сонымен катар систематиканың да дамуын жал-
ғастырды. Ж. Кювье және оның шәкірті Блинвиль 1825 жылы сис-
темаға “тип” деген ұғым енгізді. Жануарларды олар 4 типке бөлді:
1) омыртқалылар типі, 2) жұмсақ денелілер, 3) бунақтылар
(мүшелілер), 4) сәулелілер.
Достарыңызбен бөлісу: