ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
организмге бірте-бірте даму процесінің нәтижесінде айналатынын
көрсетті. К. Бэрдің тағы бір жаңалығы, ол сүтқоректілердің жұмыртка
клеткасының болатыңдығын ашты.
К. Бэр түрлі жануарлардың ұрықтарының даму жолдарын
зерттеп, оларды төрт типке бөлді (Ж.
Кювьенің бөлген типтеріне
сәйкес). К. Бэр эволюция туралы алғашқы айтылған “түр өзгеріске
ұшырайды және тұрақты болмайды” деген пікірді қолдамады.
Орыстың көрнекті эволюционисі К. Ф. Рулье (1814-1858)
органикалық дүниенің тарихи даму жолдарын зерттеді.
XIX ғасырда ілімді толық дәлелдеп, оған материалистік түсінік
берген атақты ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин (1809-1882) болды.
Ол өзінің эволюциялық теориясын “Түрлердің табиғи сұрыпталу
жолымен пайда болуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы
жағдайға ұшыраған тұқымдардың сақталуы” (1859) деген еңбегінде
жариялады. Осыған орай биология ілімінің бір саласы эволюциялык
теория деген атқа ие болды.
“Түрлердің шығу тегі” (1864), “Үй
жануарлары мен мәдени
өсімдіктердің өзгеруі” (1868), “Адамның тегі және жыныстық
сұрыптау” (1871), “ Адам мен жануарлар түйсігінің білінуі туралы”
(1872) сияқты еңбектерінде Ч. Дарвин эволюциялық теорияларын
жеке зерттеп, түрлердің тегі және эволюцияның қозғаушы күштерін
айқындады. Дарвиннің пікірі бойынша, органикалық дүние
эволюциясының негізгі қозғаушы күштері ол тұқым қуалаушылық,
өзгергіштік, тіршілік үшін күрес пен табиғи сүрыпталу.
XIX ғасырда ботаник Матиас Шлейден (1804-1881) және зоолог
Теодор Шванн (1810-1882) клетка теориясын жасап жарыққа
шығарды. Т. Шванн “Жануарлар мен
өсімдіктердің құрылысы мен
өсуіндегі сәйкестік туралы микроскоптық зерттеулер” (1839) деген
еңбегінде өсімдіктердің, жануарлардың денесі клеткалардан
құралатындығын, клеткаларының химиялық құрамы жағынан бір
типтес екендігін және барлық тканьдер клеткалардан құрала-
тындығын дәлелдеген. М. Шлейден цитогенезис теориясын ұсынған.
XIX ғасырдың екінші жартысында неміс ғалымдары Фриц Мюллер
(1822-1897) және Эрнст Геккель (1834-1919) биогенетикалық заңды
ашты. Заңның тұжырымы: “Әрбір особь жеке дамуында өз түрінің
даму
тарихын қысқаша қайталайды, немесе онтогенез филогенездің
қысқаша да шапшаң қайталануы” Э. Геккель “Жалпы морфология”
(1866) деген еңбегінде организмдер арасындағы туыстық бай-
ланыстарды, онтогенез бен филогенездің арасындағы терец бай-
16
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ланыстылықты көрсетті және онтогенез белгілерінің екі типін
көрсетті: палингенез
арғы
тегінің белгілері, ценогенез
орга-
низмдердің бейімделу барысындағы пайда болған екінші реттік
белгілері.
XIX гасырдың аяғында және XX ғасырда ашылган жаңалықтармен
бірге көптеген галымдардың еңбектерінің арқасында биологияның
жекелеген салалары өркендеп дами бастады.
Систематика, зоогеография және фаунистиканың дамуында
М. А. Мензбир, П. П. Сушкина, Л. С. Берг, С. И. Огнев, А. В. Иванов,
В. Г Гептнер, Г П. Дементьевтің жэне баска галымдардың зерт-
теулерінің орны айрықша. Экологияның дамуына Н. Ф. Рулье,
Б. М. Житков, Д. М. Кашкаров, А. Н. Формозов т. б. едәуір үлес
қосты. В. О. Ковалевский, П. Сушков жэне А. Борисяк - эволюциялық
палеонтологияның, И. М. Сеченов жэне И. П.
Павлов - физио-
логияньщ дамуына зор үлестерін қосты.
Салыстырмалы эмбриология ілімінің негізін салушылардың
қатарында көрнекті орыс ғалымдары А. О. Ковалевский (1840-1901)
жэне И. И. Мечников (1845-1916) болды. Олар жануарлардың
ұрықтық даму жолдарын зерттеп, ұрық жапырақшаларының (экто
дерма, энтодерма жэне мезодерма) қалыптасу жолдарын белгілеп,
барлық жануарларда ұрық жапырақшаларының ұқсас болатындығын,
органикалық дүниенің бірлігін дәлелдеп берді.
Эволюциялық эмбриологияның проблемаларын белгілі дәрежеге
жеткізген атақты эмбриологтар А. Н. Северцов, И. И. Шмальгаузен,
П. П. Иванов, П. Г
Светлов, А. А. Захваткин, Г А. Шмидт.
Жануарлардың салыстырмалы анатомиясы мен морфологиясыньщ
негіздерін зерттеуде кэп еңбек жасаған галымдар: В. Н. Беклеми
шев, В. А. Догель, В. М. Шимкевич, И. И. Шмальгаузен, Б. А. Дом
бровский т.б.
Эволюциялық морфология негіздерінің м әселелерін ше-
шуде көрнекті галымдар академик А. Н. Северцов (1866-1936),
И. И. Шмальгаузен (1864-1963) табысты еңбек етті. А. Н. Северцов
эволюцияныц
негізгі бағыттары ароморфоз, идиоадаптация жэне
дегенерациядан құралатынын анықтап берді. А. Н. Северцов
“Морфология эволюциясыныц зандылықтары” (1939) деген еңбегінде
филэмбриогенез теориясын ұсынды.
Паразитологияныц даму тарихы Е. Н. Павловский (1884-1965),
В. А. Догель (1882-1955), К. И. Скрябин (1878-1972), В. Н. Беклемишев
(1890-1962), Е. И. Марциновский (1874-1934) есімдерімен бай-
Достарыңызбен бөлісу: