Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет131/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1.
Назарбаев Н.Ә. (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. – Астана, 
2007.
2. 
Мальгина Л.Ф. Влияние эмоциональных средств на развитие интеллектуальных 
способностей. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Павлодар: 
Павлодар университеті, 2004. - 221-223 б.б. 
3. Құнанбаева С.С. Қазіргі шетелдік білім берудің теориясы мен практикасы. – Алматы, 
«Эдельвейс», 2010. 
4. 
Интеллектуалды жүйелер бойынша даярлық жетілдіруде қоғам талаптарын ескеру 
қажеттілігі // Жаһандану және қазіргі замандағы университеттер: халықаралық ғылыми-
практикалық конференция материалдары. - Қарағанды: академик Е.А.Бөкетов атындағы 
Қарағанды мемлекеттік университеті, 2008. – 60-63 б.б. 
5. http://engblog.ru/importance-of-english 
 


277 
ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН ЖОБАЛАРДЫ PR-ҚОЛДАУДЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Қаппарқызы Н.,
Берикболова У.Д. 
 Қорқыт Ата атындағы ҚМУ студенті 
 
 
Қазақстандық қоғамның рыноктық трансформациясы жағдайында халықты 
әлеуметтік қорғау мәселелерін шешу ерекше орын алады. Сондықтан да тиімді әлеуметтік 
қорғау жүйесінің қалыптасуы мен қызмет етуін зерттеу, қорытындылау мен мен 
ұсыныстарды өңдеу мәселелерін шешу өзекті болып табылады. Халықты әлеуметтік 
қорғау теорияларын өңдеу және мемлекеттің осы бағыттағы тәжірибелік қызметін 
жетілдіру мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер арнайы мамандандырылған ғылыми-
зерттеу мекемелерінде жүргізіледі. Әлеуметтік қорғау мекемелерінің қызметі мен жүзеге 
асырылып жатқан әлеуметтік бағдарламалар жайлы азаматтарды ақпараттандырудың 
тиісті деңгейіне қол жеткізу үшін тиімді құралдарды пайдалану қажет. Сондай құралдың 
бірі PR-қолдау болып табылады. Мемлекет әлеуметтік саясатты жүргізе отырып, өз 
азаматтарын қолдауға үлкен мән береді. Бұл тұрғындардың белгіленген тобына төленетін 
жәрдемақылар мен әлеуметтік бағдарламалар болып табылады. Көптеген тұрғындар 
аталған бағдарламалар жайлы жеткілікті түрде ақпараттандырылмайды, қайда барарын 
білмейді, сондықтан да мемлекеттің міндеті адамдарды материалдық қолдау ғана емес, 
қажетті ақпаратты ұсыну да болып табылады. Жәрдемақы бағытталған адамдар тобының 
мәдениет және білім деңгейі түрлі болуы мүмкін. Жәрдемақы жайлы ақпарат өзінің 
мазмұны мен нысанына қарай құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және тіршілік етудің 
басқа салаларында да жоғары білімді адамдармен қатар, сауаты жеткіліксіз азаматтар 
үшін де түсінікті және қолжетімді болуы тиіс. Батыс елдерінде халықты әлеуметтік 
бағдарламалар жайлы ақпараттандыру бойынша бай теориялық және тәжірибелік 
материал жинақталған, ал біздің елімізде аталған тәжірибе әзірге көп емес.
Халықты ақпараттандыру PR құралдары арқылы мемлекеттік органдардағы тиісті 
бөлімшелермен іске асырылады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі мемлекет пен қоғамның 
мемлекеттің әлеуметтік саясаты жөнінде ақпараттандырудың тиімді PR-әдістерін енгізуге 
белсенді сұранысымен анықталады.
Әлеуметтік PR бұл қажетті қатынастарды орнату, қолдау мен дамытуға және 
қоғамның түрлі топтарының тәлім-тәртіптерінің позитивті моделін қалыптастыруға 
бағытталған қызмет. PR мұндай саласына әдеттер бастаушысы жекелеген тұлғалар, 
мемлекет, бизнес-құрылымдар, қоғамдық ұйымдар болатын әлеуметтік немесе 
қайырымдылық жобалары мен бағдарламалары жатады [1]. PR ықпал ету пәні әлеуметтік 
тапсырыс, бағдарламалар мен жобалар, әлеуметтік көмек көрсету үдерісінің өзі, 
көрсетілетін әлеуметтік қызметтер болуы мүмкін. Осылайша, нәтижесінде тек атақтылық 
пен қоғамдық тануды жинақтау ғана емес, ол ұйымның позитивті имиджін 
қалыптастырудың жақсы тәсілі, тиісінше, олар іске асыратын әлеуметтік жобалар мен 
бағдарламаларды қолдау тәсілі болып табылады. 
Әлеуметтік PR-жоба өзіне сапалы әлеуметтік жобаны өңдеуге, оның ұйымдық 
жоспарын құрастыруға, ресурстар мен кадрларды дайындауға, қарастырылған әреукеттер 
жоспарын табысты іске асыруға қажетті жасалуы тиіс бірқатар қадамдардан тұрады, олар:


278 
1. Мәселені белгілеу мен жағдайды талдау немесе жобалық негіздеме, әлеуметтік 
мәселені анықтау мен сипаттау; қиыншылықтарды анықтау, тапсырыс беруші мен 
орындаушының мүмкіндіктерін талдау.
2. Стратегиялық жоспарлау (жоба мақсатын анықтау). Міндеттер пирамидасын құру; 
мақсатты, негізгі, тартылған аудиториялар; ресурстарды талдау, креативті тұжырымдама, 
стратегиялық модель; жобаның негізгі тезистері мен идеяларын тестілеу (апробация).
3. Жобаның негізгі бағыттары (тактика) мақсатты аудитория үшін негізгі іс-
шараларды жоспарлау (іс-шараны өткізудің мақсаты, міндеттері, мақсатты аудиториясы, 
өткізу қажеттілігінің негіздемесі). 
4. Күнтізбелік жоспарлау (мақсатты аудиториялар, БАҚ үшін жұмыс кестесін 
құрастыру, корпоративтік мәдениетті дамыту шаралары, ұжым арасында міндеттерді 
бөлу, міндеттерді түсіндіру мен ұжым мүшелерін оқыту).
5. БАҚ-мен жұмыс (БАҚ арналарын негіздеу), медиажоспарлау, мақалалар мен 
пресс-релиздер жазу, БАҚ жарияланымдарын ұйымдастыру, Интернет желісінде резонанс 
құру.
6. Жобаны бюджеттік жоспарлау (қажетті ресурстарды және оны алу көздерін 
анықтау, бюджет баптарын анықтау мен кооперацияны құру сметасын құрастыру).
7. Жобаның фандрайзингі (қажеттілік бойынша) ұйымның топтарын әлеуетті 
демеушілер ретінде бөлу, негізгі серіктестер арасында шығындар баптарын бөлу, 
градациялар бойынша демеушілік пактеттерін қалыптастыру, келісім-шарттарға қол қою. 
8. Бағалау жүйесін өңдеу және күтілетін нәтижелерді сипаттау (тиімділік 
критерийлері, тиімділікті өлшеу құралдары).
9. Жобаны іске асыру келесі қадамдарды қосады: жоба бойынша ұсыныстарды 
құрастыру, іскерлік серіктестер іздеу, ресми келіссөздер жүргізу, қажетті ресурстар алу, 
жоспарланған шараларды өткізу, жоспарды орындауды бағалау мен бақылау, жобаны іске 
асыру жоспарын түзету, қоғамды жобаның барысы мен нәтижелері жайлы 
ақпараттандыру.
10. Таңдалған критерийлер бойынша тиімділігін бағалау (зерттеулер, мониторинг, 
пресс-клиптер құру және т.с.с.) [2].
Кез-келген әлеуметтік PR-жобаның тиімділігі көбінесе қандай да бір идеяны 
қоғамның қалай қабылдау мен қолдау дайындығына байланысты. Кеше өзекті болған 
нәрсе, бүгін әлеуметтік маңызды болмауы да мүмкін. Бұл бағытқа қоғамдық пікірді 
зерттеудің көпфункционалды және үздіксіз зерттелуін жатқызуға болады. Әрбір қоғамда 
пікірдің көшбасшылары немесе тасымалдаушылары болады, олар қандай да бір дәрежеде 
әлеуметтік өзгерістерге ықпал етеді. Жалпы алғанда, әлеуметтік саладағы PR-қызметтің 
өзіндік ерекшелігі бар. Ол халықтың мәселені қабылдау күрделілігімен, бюджеттің 
аздығымен, журналистердің қызығушылығының болмауымен пайымдалады. Бұл 
бағыттағы қызмет стандартты емес тәсілдемені талап етеді. Мұндағы сұранысқа ие 
құралдар мәселеге назарды аудартатын аранйы шараларды ұйымдастыру мен әлеуметтік 
жарнама болып табылады.
Бұл жағдайда PR ықпал етуінің объектісі әлеуметтік сала, әлеуметтік қатынастар 
саласы болады. Ол әлеуметтік мәселелер, жоблара, бағдарламалар, қоғамдық ұйымдарға 
назар аударудың құралы. Сараптық қоғамда әлеуметтік PR синонимі ретінде кейде жасыл 
PR термині немесе әлеуметтік жауапкершілікті PR термині қолданылады. Әлеуметтік PR 
механизмі қоғаммен байланыстың басқа салаларынан мақсаты, объектісі мен арнайы 
коммуникациялық құралдарымен түбегейлі ерекшеленеді.


279 
Әлеуметтік PR мақсаты бұл жалпы адами құндылықтарды, қағидаларды, жалпы адам 
қоғамдастығы мен жекелеген топтарға маңызды болып табылатын білімді қолдау. 
Әлеуметтік PR міндеттері: 
- мақсатты аудиторияны ақпараттандыру;
- мақсатты аудиторияға негізгі хабарламаларды тиімді жеткізу;
- кері байланысты ұйымдастыру және тиісінше, аудиторияны қандай да бір 
әлеуметтік маңызды жобаға тарту. 
Қоғамдық маңызы бар жобаны тиімді іске асыру үшін оның стратегиялық бейнесі 
(имидж) мен өзін-өзі ұсыну сызбасын қалыптастыру қажет. Әрбір сызба белгіленген 
негізгі хабарламалар арқылы (месседждер) ашылады, оны нақты бір мақсатты аудиторияға 
тиімді коммуникациялық арналар мен коммуникациялық ықпал ету құралдарының 
жиынтығы көмегімен жеткізу талап етіледі.
Күтілетін нәтиже: 
- ақпараттанудың жоғары деңгейі;
- жобаға тартылу;
- әлеуметтік маңызды жобаға қатысты мақсатты аудитория тарапынан сенімнің 
максималды деңгейі мен оң көзқарас.
PR саласындағы кез-келген жоба мен бағдарламаны бағалаудың негізгі криетрийі 
оны іске асыру тиімділігі болып табылады. Әлеуметтік PR-жобаларды іске асырудың 
тиімділігін түрлі тәсілдермен анықтауға болады. Мысалы, адамдардың жобаны іске 
асыруға дейінгі және кейінгі қатынасын салыстыру үшін сандық және сапалық әлеуметтік 
зерттеулер (бұқаралық сауалнама, сараптық интервью, фокус-топтар және т.б.). Не 
болмаса жобаның сандық медиабелсенділігін және оның медиа-имиджін сапалық бағалау 
үшін ақапарттық алаңды мониторингті ұйымдастыру [3]. 
Әлеуметік PR технологиясын қолданғаннан қоғам объективті түрде ұтады. 
Біріншіден, қоғамдық келісімге қол жеткізіледі, анық және жасырын шиеленістер 
қысқарады. Екіншіден, әлеуметтік PR қоғамның өзіндік санасын қалыптастыру құралы 
болады. Әлеуметтік PR бұл азаматтық қоғамның технологиялық қабықшасы, оның 
механизмі болып табылады. Үшіншіден, әлеуметтік жобаны, бағдарламаларды, қоғамдық 
маңызды акцияларды PR-қолдау көмегімен республикалық және жергілікті деңгейлерде 
позитивті ақпараттық алаң қалыптасады, нәтижесінде ол елдегі қоғамдық пікірдің 
жағдайына ықпал етеді. Тиісінше, қоғамдық адамгершілік пен руханилыққа келітірлетін 
зиян қысқарады. Төртіншіден, тәрбиелік әсерді де ескерген жөн. Бұқараның санасына 
қоғамдық маңызды, тәлім-тіптің позитивті идеялары мен қондырғыларын сіңіру, 
гуманитарлық құндылықтарды насихаттау бұлардың барлығы қоғам дамуының 
катализаторы болып табылады. Мысалы, салауатты өмір салтын, қалаларда қалдықтар мен 
қоқыстарды тазалау жөніндегі бағдарламалар, мәдение мұраны қорғау мен сақтау және 
т.б. бойынша жекелеген әлеуметтік коммуникациялық кампаниялар.
Қазақстанда 
мемлекеттік 
билік 
органдарының 
азаматтарды 
ақпараттық 
қамсыздандыру бірінші кезекте тиісті заңнамада қарастырылған «дәстүрлі» бұқаралық 
ақпараттық құралдар арқылы жүзеге асырылады. ҚР «Бұқаралық ақпарат туралы» Заңына 
сәйкес азаматтар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (мерзімдік басылымдар, радио-, 
теле-, видеобағдарламалар, кино – хроникалық бағдарламалар мен басқалар) мемлекеттік 
органдар мен ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер мен олардың өкілетті тұлғаларының 
қызметі жайлы сенімді мәліметтерді оперативтік алуына құқығы бар [4].
Қоғамды ақпараттандыруда қоғамның әлжуаз топтарына, көп балалы аналарға, 
мүгедектерге және т.с.с. ерекше мән беріледі. Аталған саладағы тиісді заңнамалар мен 


280 
басқа нормативтік құжаттарда жоғарыда аталған топтарды әлеуметтік қолдауға қатысты 
мерзімдік басылымдар, ақпараттық құралдар, оқу-әдістемелік материалдар, көркем 
әдебиеттер мен түрлі хабарлар және т.б. шаралар қарастырылып, реттеуге жатады.
Алайда заманауи қоғамды ақпараттандыру жағдайында азаматтарды ақпараттандыру 
тек «дәтүрлі» құралдар арқылы ғана жүргізілмейді. Ақпараттық қоғамда аталған мақсатта 
электронды БАҚ, жаңа АТ қолданылуы тиіс. Қазақстан Республикасының ҰЭМ 
статистика комитетінің деректері бойынша елімізде 2018 жылы 6-74 жас аралығындағы 
интернет пайдаланушылардың үлесі 81,3% құрады. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2011 
жылы бұл көрсеткіш тек 51,3% құраған. 6 жастан 15 жас аралығындағы балалардың 
интернетті пайдалануы 72,9% құрады. Ересек тұрғындардың ішінде интернетті 
пайдаланушылардың ең көп саны Нұр-Сұлтан (90,1%), Алматы (88,2%) және Қостанай 
(88%) қалаларында тіркелген. Интернетті пайдаланатын балалар саны бойынша 
Қазақстанда үш өңір көш бастады: Нұр-Сұлтан (78,6%), Түркістан (83,7%), Жамбыл және 
Павлодар облыстары (77,4%). 
Мемлекеттік органдар әлеуметтік саясаттың өңделуі мен оны жергілікті және 
республикалық деңгейлерді жүргізуге жауап береді. Олар халықты әлеуметтік қорғау 
бағдарламаларын басқа ресми мекемелермен бірге жүзеге асыру, сол сияқты пайдасыз 
ұйымдар мен бизнеспен бірге жүргізу қызметін үйлестіреді. Әрбір мемлекеттің бюджеттік 
мүмкіндігіне байланысты аталған ұйымдар әлеуметтік көмектің көптеген түрлерін ұсыну 
мен қолдау бағдарламаларын іске асырады.
Мемлекеттік биліктегі PR бірқатар фукнцияларды атқарады: 
-
ақпараттық-саяси функция.
-
ақпараттық-коммуникативтік функция. 
-
кеңестік-әдістемелік функция.
-
ұйымдық-құқықтық функция [5].
Мемлекеттік биліктегі PR-құрылымдар төмендегідей қызметтермен айналысады: 
- ақпараттық агенттіктер (баспа, радио, теледидар) арқылы мемлекеттік органдардың 
қызметін түсіндірме жұмыстарына арналған пресс-релиздер мен басқа да материалдарды 
ұсыну;
- БАҚ арқылы дағдарыстық кезеңдердегі мемлекеттік органдардың қызметі мен 
жұмысын жариялау; 
- билік басқару органдары мен басқа мемлекеттердің баспасөз бөлімдерімен 
екіжақты қатынасты дамыту; 
- бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламаларды талдау;
- қоғамдық пікірді мониторингтеу;
- мемлекеттік билік пен мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру.
Осылайша, әлеуметтік PR – тәлім-тәртіптің оң модельдерін қалыптастыруға, 
өңдеуге, дамытуға қажетті шаралар кешені. Әдетте мемлекет, қоғамдық, коммерциялық 
емес ұйымдар қайырымдылық жобалары мен бағдарламаларының тапсырушылары болып 
табылады.
Әдебиет 
1.
Кузнецов В. Ф. Связи с общественностью. Теория и технологии. - М., 2007. 
2.
Гундарин М.В. Теория и практика связей с общественностью: основы медиа-
рилейшнз. - М., 2007. 
3.
Тикер Э. Паблик рилейшнз. - М., 2005.
4.
Радченко С.В. К вопросу о роли PR в муниципальном управлении (социологический 
аспект) // Вестник Нижегородского университета им. Н.И. Лобачевского. – 2012. – №5. С. 
25-32.
5.
Скуба, Р.В. Средства и методы PR в системе государственной и муниципальной 
службы //Электронный журнал ВлГУ.– 2012. – №18 С. 86-94.


281 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет