Байланысты: Сборник материалов конференции (продолжение)
ТІЛДІК ТҰЛҒА ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘДЕНИ-ТІЛДІК ҚҰЗІРЕТІ Дәрібай М., Баялиева Г.Ж. Қорқыт ата атындағы ҚМУ Адамды, оның жан дүниесін тілінен тыс зерттеуге болмайды. Тілді де адам арқылы,
адамның жан дүниесі арқылы зерттеуге болмайды. Адам өз сөзінің иесі, өз сөзінің қожасы
болса, тілдің иесі де, қожасы да халық.
Тілді халық арқылы, халықты тілі арқылы, сондай-ақ адамды тілі (сөзі) арқылы,
сөзі арқылы адамды тану идеясы әр дәуірдегі ұлы ойшылдарда да айтылған.
« Адамына қарап сөзін алма, сөзіне қарап адамын ал» дейтін Абайдың философиялық ойы
субъектінің сөзі арқылы оның әлеуметтік, білімдік, психологиялық тұлғасын тану
жөніндегі антропоцентристік идеямен үндес екені айқын аңғарылып тұрады.
Тілдік тұлға - тек тілдің ғана субъектісі емес, адресант және адресат ретінде сөздің
де субъектісі. Дәстүрлі парадигма сөз мәдениеттің түп қазығы, орталық ұғым тілдік норма
болса, ендігі жерде, жаңа парадигмада
сөз мәдениетінің түпқазығы тілдік тұлға болуға
тиіс.
Адамдар ақиқаттағы заттар мен құбылыстардың, уақиғалардың, қысқасы,
денотаттар әлемінің ортасында өмір сүреді. Санада сәулеленген ақиқат өмір үзіктері
адамның ой елегінен өтіп, білім дүниесіне, яғни интеллектуалдық, руханияттық, мәдени-
әлеуметтік қажеттілікті өтейтін концептілерге айналады. Сөйтіп, адамдар тек ақиқат
дүние ортасында ғана емес өздері жасаған идеалды дүние әлемінде де өмір сүреді.
Әрбір кезең, әрбір дәуірдің өзді-өзіне тән ақиқат дүние туралы білім жүйесі
болады. Мысалы,
қой, жайылу, ауыл, өріс, бытырау, изен, жусан т.б. сөздердің қандай
мағынаны білдіретіні немесе қандай денотатты көрсетіп тұрғаны бізге белгілі.
Бұл –тілдік білім. Ал
«қой бытырап, шашырап бір-бірінен алшақ кетіп жайылса, ауыл қонған