Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет189/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

 
 
Ғылыми жұмыстың мақсаты
: Сыр сүлейлерінің сары жолын қасиеттеген ағаш 
шеберлерінің қолданбалы іздерін саралау, қазіргі ағаш шеберлерінің өмірі мен 
тәжірибесін зерттеу, олардың артында қалдырған асыл мұраларын елдің кәдесіне жарату.
Ағаш - табиғатта өте жиі кездесетін өсімдіктердің бірі болғандықтан, адам өміріне 
тигізетін пайдасы көп, алар орны бөлек. Сондықтан болар, шеберлер мен ұсталар 
күнделікті тұрмыс қажетін өтеуге қолданылатын дүние-мүліктер жасап халықтың мәдени 
қорын байыта түскен. Ағаштан түйін түйген шеберлердің қолынан ыдыс-аяқ, ағаш төсек, 
жүк-аяқ, киіз үйдің сүйегі, арба, шарбақ және т.б. заттар шыққан. Көшпенділер, тіпті, 
кәдімгі ағаштың өзін «әулие» көрген [1,71]. 
Қазақ халқының кемеңгер ғалымы Шоқан Уалиханов «Тәңір» атты еңбегінде 
біздердің ата-бабаларымыздың әдеттен тыс табиғат құбылыстарын қасиетті 
санайтындығын айта келе: «Айдалада дара өскен ағаш ... тәу етіп, басында түнеуге жарап 
жатыр. Жанынан өткен әрбір жолаушы оларға ырым етіп, әлем байлап, жанына ыдыс-аяқ 
тастап кетеді ... басына құрбандық шалады», - деп жазса [2,85], түркі тілдес халықтардың 
ортақ мұрасы саналатын «Қорқыт ата кітабында» [3,13]: 
« Атын ағаш десем шамданба, ағаш! 
О, Мекке мен Мәдиненің есігі болған - ағаш! 
Құдаймен тілдескенде Мұсаның асасы болған - ағаш! 
Ерлердің ері Әлидің дүлділіне ер болған - ағаш! 
Зұлыпқарға сап болған - ағаш! 
Хасан мен Хұсайынға бесік болған - ағаш! 
Басыңа қарасам төбең көрінбес - ағаш! 
Мені саған асар болса, құлап тұс, Ағаш! - деп келетін, тікелей ағашқа бағышталған 
айшықты сөз бар. 
Бұл толғамнан біз ағаштың адамзат тұрмыс-тіршілігіндегі қолданылыс орнымен 
қатар, оның ата-баба таным-түсінігінен алар жүйесін де өте айқын байқай аламыз. 
Сыр өңірінің бай қазынасын ата-бабаларымыз кеңінен білді. Өз істеріне жаратты. 
Тек пайдаланып қоймай, жасаған бұйымдарына әр түрлі көркемді әшекейлер мен оюлар, 
адамдар мен жануарлардың бейнелерін әсем безендіріп өрнектей білді. Сол ғасырдан 


406 
бастап қазақ халқының тамаша көркем қолөнер дәстүрлері қалыптасты. Осының айғағы, 
Алтайда «Пазырық» қорымынан табылған ағаш бұйымдарында қойдың, бұланның, 
бұғының және қасқырдың бейнелері ойылып бедерленгені байқалады. Бұйымдардың беті 
алтынның жұқа қабаттарымен қапталып, әсем оюлармен әшекейленген екен. Табылған 
дүниелердің көбі реалистік өмірді бейнелесе, ал кейбіреулері өте қарапайым халық 
қиялынан туған бейне мен рәміздік түрде берілген. 
Өкінішке орай, қазақ халқының бай қолөнерінің көбі бізге жетпеді, ұмытыла 
бастады. Мақтаулы, құнды бұйымдар жасаған қолөнер шеберлерінің өзі саусақпен 
санарлық, тәжірибелері көбінекей пайдаланып отырылмай, оқушы жастарға жете 
бермейді. 
XX ғасырдың басында ағаш қолөнері жаңа арнада дами бастады. Әлкей Хақанұлы 
қазақтың ұлттық қолданбалы өнер туындыларын түгендеумен бірге, оларды 
жасаушыларды да өнер тарихының төріне шығарған . Соның нәтижесінде халық 
қолөнерін байытқан бірқатар Сыр елінің дарынды шеберлер есімін білетін болдық. 
Мәселен, Сырдариялық шебер Жолтайдың ұсталық, зергерлік құралдары мен қалыптары 
баласы Палжігіт Берсүгіровке ауысқан. XIX ғасырда өмір сүрген шебер Ысқақтың 
қолөнері Шиелі жеріне мәлім. Оның шәкірті Жүсіп ұста Танабаевтың (1904-1969) жеке 
шеберханасы болды. Қарамырзаның шәкірті Қобан ұста Аманжолов (1897 жылғы) 
Қызылорданың іргесінде зергерлік өнермен өмір кешті.
Кеңес төңкерісінен кейінгі кезде қолөнерімен айналысып, кәсіби деңгейге 
жеткендердің бірегейі - КСРО Суретшілер одағының мүшесі, Ташкенттегі халық қолөнері 
қоғамының мүшесі болған. 
30 - жылдары құғын - сүргінге ұшыраған ағаш шебері Әжімбет Қарайғыровтың 
көптеген дүниелері кезінде қолды болып кеткен, сандық, кебеже, керует, асадалы 
облыстық өлкетану музейінде сақтаулы.
1977 жылы Қызылорда облыстық телерадио комитетінің аға инженерлік қызыметін 
атқарып жүргенінде Борис Молдабекұлы Қалназаров Қазақстан Республикасымен 
көршілес Қарақалпақ АССР-дағы Қазақстан Республикасының мәдени декадасы күндерін 
Қызылорда облысы өнерпаздары атқаратын дайындығына орай, қазақтың көркем қолөнері 
– ағашты көркемдеп өндеу қолданбалы өнері түріне жататын 70- ке жуық жәдігер қойып, 
Қызылорда облысы тарихында ең алғашқы жеке көрмесін ашады. Көрме туралы облыстық 
газеттерде «Ағаштан түйін түйген» деп, ал «Путь Ленина» - «Из дерева рождается сказка», 
атты мақалалар жарық көреді. 
Сол жылы, Қызылорда облыстық партия Комитетінің хатшысы Аманов Сұлтанбек 
Б.Қалназаровке, Қызылорда қалалық пионерлер Сарайы жанынан «Ағашты көркемдеп 
өндеу» үйірмесін, облыс бойынша алғашқы өнер мектебін ашуға басшылық жасап, 
көмектеседі (Қазан айы, 1977 жылы). Осы сәттен бастап Қалназаров Б.М. бір-бірімен 
тығыз байланысты екі бағыттағы педагогикалық шығармашылық еңбегін күні бүгінге 
дейін жалғастыра жүргізіп келеді. 


407 
80 - жылдардан кейін халық шығармашылығының бұл саласында үлкен бетбұрыс 
жасалып, қолөнер шеберлерінің бірнеше мәрте семинар - кеңестері өткізілді. Халық 
шеберлері жасаған заттармен танысты. Олардың қатарында ағаш шеберлері Б.Қалназаров, 
С.Әкімов, А.Богомолов, Ж.Үмбетов, М.Мусаев әкелі - балалы Дүйматовтар, киіз үй 
жасаушылар Д. Дүйсенбаев, Ә. Бекқожаев, музыкалық аспаптарын жасаушылар 
Ш.Маханбетов, Қ.Наубаев, Қ.Смағулов, т.б. бар . 
90 - жылдары шағын кәсіпкерлік мәселесі қолға алынып, 1995 жылы 
қолөнершілердің облыстық 1 конференциясы болды. Бұл орайдағы міндеттер жергілікті 
жерлерде облыстық, қалалық, аудандық тұрмыс қажетін өтеу комбинаттарына жүктелді. 
Республика орталығында ұлттық қолданбалы өнердің қыр-сырын зерттеу үйлестірілді, ал 
жергілікті комбинаттар мен цехтар жеке және ұжымдық тапсырыстарды орындау жүзеге 
асты. Кооперативтік сауда жүйесінде де халықтық өнер жәдігерлері сатылатын болды. 
Жалпы ұлттық қолданбалы өнерді дамыту өндірістік ырғаққа толассыз көшті. 
Республиканың кейбір қадау-қадау мектептерінде, пионер үйлерінде қолданбалы өнер 
үйірмелері ұйымдастырылып, жеткеншектерге ұлттық үлгілерді үйретумен айналысты. 
Солардың арасынан кейін халық шеберлері шықты. 
Сондай үйірмелер уақытында Қызылорда облысының мектептерінде де болды. 
Оқушыларды халықтың қолданбалы өнерінің тағылымына баулуда бұрынғы Тереңөзек 
ауданына қарасты болған № 135 орта мектеп үйірмесі республикаға белгілі болды. 
Үйірмені туасы шебер Жәнібек Асанұлы Маханбетов басқарды.
 
Қазақтың қолданбалы өнері ірі өкілдерінің бірі - Арал қаласында тұратын 
Құдайберген Құлмамбетов. Бұл өнер Құдайбергенге әкесі Тағжан ұстадан дарыған. 
Құлмамбет баласы Тағжан заманында аржағы Шалқар, бержағы Қазалы аудандарының 
халқына атағы шыққан айтулы ұстаз болған. «Жігітке жеті өнерде аз» дегендей, Тағжан 
ұста ат баптап, тазы жүгіртіп, аң аулаумен де айналысқан. Жергілікті жыраулардың 
мақамына салып әуелете шырқайтын өнері де болған.
Еңбек жолын Арал аудандық балықшылар тұтыну одағында 1974 жылы 
көркемдеуші суретші болып бастайды. 
Аудан, облыс жұртшылығына өнерлі еңбегімен танылған Қ.Т. Құлмамбетов 1993 
жылы арнайы ұстахана ашады. 1970 жылдан бастап әртүрлі тақырып аясында өткізілген 
көрме-жәрменкелерге қатысып келеді. Содан бері қатысқан жәрменке-көрмелерінің саны 
35 - ке жетті. Бұл дерек қолданбалы өнер иесінің еңбекқорлығын және оның 
бұйымдарының өтімділігін айғақтайды. 
Хас шебер халықтың сұраныс үддесінен шығумен бірге ісін ілгері жалғастыратын 
шәкірттерін де шеберлікке баулып келеді. 
Қазақстан жастарының форумы аясында өткен қолданбалы өнер шеберлері мен 
суретшілердің жәрменкесінде Жаңақоғандық ағаш шебері Пахыраддин Садықовтың 
қолынан шыққан жәдігерлеріне халықтың ерекше тәнті болғаны бәрімізгі мәлім. 
Пахраддин аға өнірдегі қайың, жаңғақ, қарағай ағаштарынан халықтың сұраныстарына 
орай ағаштан үй жихаздарын жасайтын болды. Өнері кәсіпкерлікке айналды. Шебердің 
өнегелі өнері кемелдене келе ағаштан небір мүсін, оюлап-өрнектеп жихаз жасайтын 


408 
айтулы шебер «қобыз - діліміз, домбыра - тіліміз, шаңырақ - дініміз» деп осы үшеуін де 
қастерлеп мүсіндеген.
Асқан төзімділікті, ептілікті талап ететін өнерде 30 жылдан бері шыңдалып, 
қолтаңбасы қалыптасқан шебердің атқарғаны көп. Оның бұл ісі елеусіз қалмағанына да 
қуаныштымыз. Себебі, ол бұған дейін «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» фестивалінде, 
«Қолөнер – мол өнер» байқауларында жүлделі орындарды қанжығаға байлаған. Жалпы, 
Пахраддин Садықов секілді шеберлердің қайталанбас дүниелеріне қарап, мұндай 
өнімдердің тұтынушысын табарына шүбә келтірмейсіз.
Осылай, Сыр бойы өңірінде талантымен танылған, өнеріне көпшілікті тәнті еткен 
ағаш шеберлері аз емес. Рас, өзімізде біреулер білетін, біреулер білмейтін қолөнерші 
шеберлеріміздің қолтумаларын көргенде алыс-жақын ел адамдарының бәрі бас шақап, 
таңдай қағумен қайтып жатады.
Мақаламыздың соңың қазақ халқының ұлы ағартушы, қаламгер Мiржақып 
Дулатұлының: «Адам ғылым мен өнер үшiн жаратылған емес, ғылым мен өнер – адам 
үшiн шыққан, адамның өзi тiршiлiгiне керек болған кезде ойлап тапқан нәрселер. 
…Тiршiлiк – бәсеке, жарыс. Дүние – бәйге үлестiрушi. Озғанға қарай бәйге бередi. 
…Дүниенiң iсi осылай болған соң, адамнан адам, жұрттан жұрт, ұлттан ұлт озсам дейдi», - 
деген көзқарасын ұстанып, ауылда туып, ауылда тұрып жатқан қолөнер шеберлеріне 
толыққанды жағдай жасаудың, елге қызмет жасауға жұмылған жаңа руханияттың 
деңгейiн көтеруге атсалысу кезегі келіп тұрғаны баршамызға аян. [4,56]. 
Егер жергілікті жерлерде қолөнер шеберлеріне жөні түзу көзқарас қалыптасса, 
оларға жан-жақты әлеуметтік жағдай жасалса, бұлар біле-білгенге, мемлекетті де, ұлт 
өнерін де байытатын тұлғалар ғой. Және халқымыздың мәдениет тарихын жасайтын да 
солар. Ұлт озық өнерімен ғана - кемел мәдениетімен ғана дамиды, көгеріп көктейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет