Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет186/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Жанпейісова С.Е. Қазақ тілінің рухани мәдениет лексикасы. Филолог. ғыл. канд. ... 
автореф. 10.02.02. Алматы, 1996. 
2.Снасапова 
Г.Ж. 
Ғ.Мүсіреповтің 
«Ұлпан» 
повесіндегі 
лингвомәдени 
бірліктер. 
Филол.ғыл.канд. 
... 
автореф: 
10.02.02. 
А., 2003, 29 б. 
3. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. -А., 1998. -304 б. 
4.Кеңесбаев І.«Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі». –А., 1977. 
5.Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы». –
Алматы, 1997.
АБАЙ МЕН ТҰРМАҒАМБЕТ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҮНДЕСТІК 
Сағатова А., Тұяқбаев Ғ. 
Қорқыт Ата Атындағы ҚМУ
 
Қазақстанның әр аймағында тарихына, өнері мен мәдени дәстүріне, тіптен, табиғи, 
кәсіби ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан ақындық, әншілік, жыршылық мектеп бар. 
Жетісу аймағындағы Сүйімбай бастаған суырып салма ақындар тобы, Арқадағы Ақан, 
Біржан, Балуан Шолақтар дәстүрін жалғастырушы сал серілер мектебі осының айғағы. 
Осындай өзіндік бітім-болмысымен, әдеби ерекшеліктерімен дараланатын Сыр бойы 
ақындары қалыптастырған сүлейлер мектебі – қазақ поэзиясының кең арналы 
бастауларының бірі. Қазақ әдебиеті мен шығыс әдебиетін тел емген Сыр өңірінің ақындары 


397 
Қарасақал Ерімбет, Ешнияз бен Жиембет, Балқы Базар мен Дүр Оңғар, Тұрмағамбет, Кете 
Жүсіп, Қаңлы Жүсіп пен Шораяқтың Омарлары осы ақындық орта өкілдері, Сыр бойына тән 
әдеби мектептің уығын шаншып, керегесін кеңейткендер, шаңырағын көтергендер. Осы 
ақындық ортада Тұрмағамбеттің орны ерекше. 
Сыр дүлдүлі Базар жырау: 
Шырағым, Тұрмағамбет, білім алдың, 
Еліңе енді қызмет етер кезің. 
Суытпай адамшылық әділ сөзді, 
Қош, бауырым, өзің көтер жыр күмбезін,- 
деп, Сыр сүлейлері арасында Тұрмағамбет есімін ерекше ықыласпен атайды. 
Өмірден озар шағында артында қалар ізбасар інісіне жыр эстафетасын аманат етеді, 
сенім артады. Балқы Базарды алаңдататыны отбасылық күйкі тірлік емес, заман 
қысымына душар болған елінің амандығы, халқының ауызбірлігі, асыл сөздің өлмеуі, 
жыр күмбезінің нақышты бояуын кір шалмауы. Көңілге медеу тұтары - Тұрмағамбеттей 
Сыр жырының қадірін арттырар ақын інінің артында қалуы. 
Тұрмағамбет аға аманатына адал болды. Өз өмірін жыр күмбезінің одан әрі 
биіктей, нақыштала түсуіне арнады. Сыр бойындағы ақындық ортада қалыптасқан 
дәстүрлі өлең өнерін классикалық деңгейге көтерді.
Қазақ поэзиясы туралы сөз болғанда мейлі ол белгілі аймақтық әдеби мектеп 
төңірегінде болсын, мейлі бір ақын шығармашылығы турасында болсын Абайға соқпай 
кете алмасың анық. Абай дәстүрі ешқандай шекараға, аймаққа бағынбайды. ХІХ 
ғасырдың екінші жартысы мен қазіргі қазақ поэзиясына дейінгі аралықты Абайсыз 
елестету мүмкін де емес. Өйткені «Абай мұрасы – сан буын ұрпағымызға таптырмас 
таусылмас қазына...
...Қазақтың аты шулы ақындарының бәрі де өздерінің шығармашылық 
жолдарында Абай творчествосының тереңіне үңілмей, оның кәусәр бұлағынан 
сусындамай кете алмады. Ақындық жолдағы творчестволық ізденістерінде Абайды 
өздеріне ұстаз тұтып, берік нысана етіп ұстанды» [1, 19]. 
Сыр бойы ақындары ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ Абай туындыларымен танысты. 
Ауыз әдебиетінен сусындап, өз туындыларын толғау, терме, өсиет түрінде дамытқан олар, 
Абай өлеңдеріндегі жаңалыққа тосырқай қарамай, оны сол уақыттың өзінде-ақ поэзия 
әлемінде жаңашыл ақын деп түсінді. Ақын өлеңдеріндегі ағартушылық-демократиялық 
сарынды, сыншыл реализмді, философиялық ой түйіндеулерді, ақындық ойды көркем 
тілмен бейнелі жеткізудегі шеберлігін дәл аңғара білген Шораяқтың Омары, Қарасақал 
Ерімбет, Қаңлы Жүсіп пен Кете Жүсіп сынды ақындар Абай мұраларын Сыр өңіріне 
таратушылар болды. Оның көшбасында Тұрмағамбет тұрды. 
Сыр бойы әдебиетін зерттеуші Мардан Байділдаев 1959 жылы жарық көрген 
«Ақындар творчествосы» атты еңбегінде: «Сыр елі ақындарының ішінде Абай 
шығармасына таңсық боп тұңғыш танысқан да, оның сөздерін қастерлеп айтып, елге 
таратқан да Тұрмағамбет. Ол Абай кітабын алғаш рет 1910 жылы оқиды. Содан бастап ол 
кітап қолынан түспейді»,-дейді. [2, 26].
Ғалымның бұл пікірін Тұрмағамбет шығармашылығындағы тың бетбұрыс бекіте 
түседі. 1910 жылы «Абай кітабын оқығаннан кейінгі ой» деген өлең жазады. Бұл 
Тұрмағамбеттің Абаймен іштей сырласуы, мұң бөлісуі іспетті. Өлеңдегі бүкіл ой, айтушы 


398 
мен тыңдаушыға деген көзқарас, ақындық, оған қойылар талап, жауапкершілік, қадір мен 
құрмет – бәрі-бәрі Абай ойымен үндес, сарындас. Тұрмағамбеттің:
Артында атақты ердің қалса сөзі, 
«Өлді»,-деп өкінбеймін оның өзі,- [3, 35] 
деуі ұлы ақынның: 
Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, 
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,-[4, 35] 
деген өлең жолдарын еріксіз еске түсіреді. Ойдың бастау бұлағы бір арнадан 
құйылып тұрғандай сезінесіз. Бұдан әрі: 
Алғанмен көрінбейді қолға бірақ, 
Асылдың қараңғыда ақ пен бозы,- [3, 35] 
деп, заман қараңғылығынан Абай сөзінің парқын ұғар адамның аздығына тағы да 
Абайша қынжылады.
Абайды мазалаған ой өз сөзін ұғар пенденің аздығы, айтушы мен тыңдаушы 
проблемасы еді. «Қуаты оттай бұрқырап», «Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын», «Өзгеге 
көңілім тоярсың», «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат», «Көңілім қайтты достан да, 
дұшпаннан да» т.б. өлеңдерінде Абай сөзді ұғу мен сөз тани білу мәселесін сан мәрте айтқан 
болатын: 
Тыңдаушымды ұғымсыз 
Қылып тәңірім берген-ді. 
Осы жасқа келгенше, 
Өршеленіп өлгенше, 
Таба алмадық бір адам 
Біздің сөзге ергенді 
Бұл – Абай қасіреті. Өз замандастарының арасынан бірді-екілі болмаса сөз ұғар 
жақсыны таппай, сөз парқын білмес: «келім кербезбен», «сыпыра елермемен», «күлкішіл 
кердеңмен», «әбілет басқан елермемен», «өзінен басқа ойы жоқтармен» алысып, өз 
заманынан түңілген ақын жанының күңіренісі. Осы тыңдаушы мен айтушы арасындағы 
проблема Тұрмағамбет поэзиясының да басты тақырыптарының бірі: 
Сөйлеуге сөз таптым да, 
Тыңдауға құлақ таппадым. 
немесе 
Осы үгітті тыңдамай, 
Тарап кетті тұс-тұсқа 
Көкірегі көппелер 
десе, бірде 
Сөз өлшеуін білмеген 


399 
Шағалаша шулайды. 
немесе 
Ессізге есіл сөзің еш болады, 
Кереңге көзбен еткен ым секілді,- 
дейді.
Өлең жолдарындағы бүкіл ой, тыңдаушыға деген көзқарас Абаймен үндесіп жатады. 
Тұрмағамбетті де алаңдататыны «көкірегі көппелер» мен «шағалаша шулағандар», «құлағы 
жоқтар», өз сөзінің тыңдаушыға жетпеуі, зерделі сөзді ұғар пенденің аздығы. Осы 
төңіректегі ойын Тұрмағамбет: «Көзі жоқ, құлағы саудың ақылы толады, құлағы жоқ, көзі 
саудың ақылы азады»,-деп философиялық түйінмен қорытады. 
Тұрмағамбет Ізтілеуов 1900 жылы жазылған «Ұстаз ұсынысы» деген өлеңін 
қарақалпақ, қазақ балаларына арнап жазды: 
Шәкірттер бір-біріңмен ұрыспаңдар, 
Мінездің мінін алып дұрыстаңдар. 
Жолына жамандықтың жақын бармай, 
Күтініп күн ілгері жылыстаңдар. 
Күшіктей күжірейіп бір-біріңмен, 
Ұстасып от басында жұлыспаңдар! 
Себепсіз сотанақтық қылғандарды, 
Тезге сап қызыл тілмен «қылыштаңдар». 
Ақыл, өсиет, ғибрат үлгісінде жазылған өлең дәстүрлі қазақ поэзиясынан алысқа ұзай 
қоймаған. Ғибрат, тәлім сөз адамның мінезіне, ісіне, қылығына, бағытталып, этикаға, 
моралға байланысты ой өрбітеді. Оқу, өнер, білім, адамның қоғамдағы орны, әлеуметтік беті 
ашыла қоймайды. Ал осыдан он жыл кейін жазылған өлеңінде бұл мәселе мүлде жаңаша: 
Ақыл – тон аңдағанға тозбайтұғын, 
Ғылым – кен күнде өніп қоздайтұғын. 
Иелік екеуіне еткендердің, 
Жаны жоқ жер жүзінде озбайтұғын. 
Өлеңдегі Абай әсері көзге бірден көрінеді. Тұрмағамбет «олай болма, былай бол» 
деген уағыздан гөрі ақыл мен ғылымның адам өміріндегі алар орнын айқындайды. Сол 
арқылы қазақ жастарына өнерлі бол, білім ал деген ой айтады. 
Қазақ поэзиясында табиғатты суреттеуді классикалық лирика дәрежесіне көтерген 
Абай екендігінде дау жоқ. Оның табиғат лирикалары тек түр жағынан ғана емес, мазмұны 
жағынан да өзгеше, тың. Осы тың үлгіден қазақ әдебиетінде Абайдан үйренбеген ақын 
кемде-кем. Сыр өңірінде Абайдың табиғатты жырлаудағы жаңашылдығын алғаш 
қабылдап, үлгі тұтқан – Тұрмағамбет. Әрине, бұған дейін Сыр сүлейлері 
шығармашылығында табиғат суреті болған жоқ деуден аулақпыз. Болды, дегенмен түр, 
мазмұн, тіпті, жанры тұрғысынан да жазба әдебиеті деңгейіне көтеріле алған жоқ. 
Мәселен, Балқы Базардың «Бай бір жұттық», «Тіршіліктің түрлері» атты өлеңдерінде 
табиғат суретінің бояуы қанық. Бірақ «…Базар жыраулық толғаудың шығармашылық-
жанрлық табиғатынан толық ажырамағандықтан, табиғат тақырыбындағы суретті, бейнелі 
лирикалық жолдары кейде пәлсапалық-тәлімдік, ойшылдыққа құрылған толғаулардың 


400 
ішінде кездеседі. Табиғат суреттерін толғаулардың ішінде келтіруден, адамдық өмірдегі 
өткінші кезеңдерді таныту үшін қолданылатынын аңғарамыз» [5, 107]. Сондай-ақ, Кете 
Жүсіп Ешниязұлы, Шораяқтың Омары, Қаңлы Жүсіп т. б. ақындардың толғау, 
термелерінде де табиғатты суреттейтін өлең жолдары кездеседі. Олар да Базар жырау 
үлгісінде, яғни, өлең жолдарын теңеу, көркем тұспалдау ретінде пайдаланған. Ал 
Тұрмағамбетте табиғатты суреттеудегі көркем мазмұн, бейнелі сөз, түр жаңашылдығы 
көзге бірден көрінеді. Ақын өлеңдерінде қазақ жерінің табиғаты жалаң суреттелмейді. 
Онда ел өмірі, халық тұрмысы табиғатпен байланыстырыла суреттеледі. 1910 жылы 
жазылған «Жыл келді» немесе «Көктем» өлеңіне көз жіберелік: 
Күлімдеп, қасын керіп келді жылым, 
Сұлудай ақық ерін, алтын тұлым. 
Көркейіп, көңілінен кетті кірбің, 
Көргенде кім де болса мұның түрін [3, 72]. 
Табиғатты суреттеудегі образды сөз, тың эпитеттер сәттілігімен қоса, мәнді. Ақық 
ерін, алтын тұлым қыз – көктем кімді де болса тамсандырмай қоймайды. Табиғат 
құбылысын адамның ішкі көңіл күйімен, сезімімен астастыра суреттеп қана қоймайды, 
оған жан бітіреді, сезім береді. Көңіліңе тағы да Абай өлеңі оралады: 
Күн күйеуін жер көксеп ала қыстай, 
Біреуіне-біреуі қосылыспай. 
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң, 
Жер толықсып, түрленер тоты құстай [4, 94]. 
Жер – қалыңдық пен ақық ерін сұлу бірін-бірі толықтырып тұрғандай. Сағына 
жарын күткен қалыңдықтың шаттануы қаншалықты әсерлі болса, қыз – көктемнің адам 
көңілін тебірентуі соншалықты сәтті. 
Абай шығармаларына зерделей қараған адам оның «көз» сөзін тура да, ауыспалы да 
мағынасында мың құбылта пайдаланғанына көз жеткізеді. Ақынның сөз қолданысындағы 
осы жаңашылдыққа Тұрмағамбеттің де еліктегенін байқаймыз. «Ой көзін осы кезде кірбің 
басып», «Ғылымға ойдың көзін қадаңдар да», «Отырып ой көзімен серлегенге» немесе 
«Ақылдың көкірегінде көзі барлар» сияқты өлең жолдарында Тұрмағамбет те Абайша 
көзді тек адам ағзасы деп қарамай, философиялық ұғым дәрежесіне көтереді.
Абай өлеңдері мен Тұрмағамбет өлеңдерін салыстыра оқи отырып, Сыр сүлейіне 
Абай реализмі мен философиясының, ой түйіндеуінің әсері басымырақ болғанын аңғаруға 
болады. Өзін Абай шәкіртімін деп есептеген Тұрмағамбеттің «Жыл келді», «Бар мен жоқ, 
ал мен бер», «Жер жүзін жеті қабат зұлмат басты» өлеңдері мен мысалдары, кейбір 
сатиралық өлеңдері Абай үлгісінде жазылды. Тұрмағамбет өзінің «Топ жарған төрт 
тұлпарға» атты өлеңінде: 
Арабы, парсы аралас, 


401 
Екен деп бірақ бұл кезде 
Қайнатпаңдар сорымды 
Абайдың да сөзінің 
Аят-хадис ішінде 
Оқып едім көрінді,- 
дейді. «Абай үстірт қараған кісіге діншіл ақын сияқты әсер қалдырады. Бірақ үңіле 
зерттей қараса Абай исламияттың кейбір түбірлі ұғымдарын сыншыл ақыл сынына салып, 
оны өзіндік таным тұрғысынан адамгершілік дініне айналдырады. Өзінің гуманистік 
ойларын көбінесе діни ұғымдармен жанастыра отырып таратады. Абайда айтылған 
гуманистік танымдар мен пікірлерде теологиялық ұғымдар мен шығыстық термин 
сөздердің мол болуы, әрине, оны қоршаған әлеуметтік орта мен тыңдаушылар құрамына 
да байланысты. Исламияттық ұғым, діни сөздер молырақ қолданған шығармаларының 
өзінде де Абай адамшылық асыл мұратты ойларына тыңдаушы назарын үнемі бұрып 
отырады» [6, 29]. Бұл белгілі абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының пікірі. Осы 
тұрғыдан ой жібере қарасақ, Тұрмағамбеттің Абайды зерттей, зерделей оқығандығы 
байқалады. Оның өлеңдерінде кездесетін шығыстық, исламияттық терминдердің 
астарындағы ақын ойын тани білген. Өзі де Абай дәстүрінде бұндай терминдерге 
философиялық ой бере пайдаланған. «Аят-хадис» сөзінің қолданылуы да осында жатса 
керек. 
Сонымен Сыр сүлейлері қазақ поэзиясындағы Абай жаңашылдығын танып, білді, 
оны ақын ретінде жоғары бағалады, ұстаз тұтты. Сыр сүлейі Тұрмағамбет Абайды 
ұстаз тұтып қана қоймайды, кейде онымен сөз жарыстырады, ой бәйгесіне түседі. 
Бұдан шығар қорытынды, назирагөйлік – сөз жарыстыру, ақындық шабыт-шалым 
сынасудың өзі сол ақынды жете зерттеу мен зерделеудің нәтижесінде дүниеге 
келетіндігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет