Қорқу, үрейлену –
үрейі ұшу, зәресі ұшу (қалмау),
жүрегі су ете қалу, (шыбын)
жаны көзіне көріну; жүрегі mac төбесіне шығу; көзі алақандай болу; төбе шашы тік тұру; аза бойы қаза тұру, жүрегі алып ұшу, зәресі зәр түбіне кету, есі шығу, зәре-құты қалмау, апшысы қуырылу, көзі шарасынан шығу. т Куану, шаттану –
мәз-мейрам болу, қуанышы қойнына сыймау, екі құлағы екі езуіне жету; (екі кұлағы екі езуінде);
қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болу; төбесі көкке жету. Құлау –
аяғы аспаннан келу; тоңқалаң асу; сылқ түсу. Құрметтеу, мадақтау –
төбесіне көтеру, қоярға жер таппау, жер-көкке сыйдырмау. Мұңаю, мазасыздану –
салы суға кету, мазасы кету, еңсесі түсу, ұнжырғасы түсу, қабағы қарс жабылу, мойнына су құйылу, мойнына су кету, зықы шығу. «Фразеологиялық синонимдер көркем образ жасау үшін қолданылады. Сондықтан
бұлар тілдегі кез келген стильде талғаусыз қолданыла бермейді. Бұлардың өзіне лайықты
орын тепкен мекені — көркем әдебиет. Көркем шығармада белгілі оқиға жай ғана
баяндалмайды. Жазушы болған оқиғаны өзінің ой елегінен өткізіп, оған түрлі-түсті астар
беріп, бояу жағып әшекейлейді. Сондай бейнелі сөз қазынасы — тілдегі фразеологизмдер
екендігі сөзсіз.
Тілдегі лексикалық синонимдер мен фразеологиялық синонимдер екеуі екі түрлі
аталғанымен, түптеп келгенде, бір мақсатқа қызмет етеді. Ол мақсат — ойлаған ойды
баяндау болып табылады. Сондықтан бұл екеуі үнемі бірлікте өзара тығыз қарым-
қатынаста, тұтас бір бүтін нәрсенің екі жағы деп қаралуға тиіс» »[5, 195].
Қорыта айтқанда, қазақ халқы даналығын, дүниетанымын «тоқсан ауыз сөзді
тобықтай» етіп тілінде түйіндеген. Демек, этностың болмысы, рухани- материалдық
мәдениеті тілдің лексика-фразеология жүйесінде де таңбаланады.