Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


Абай қара сөздеріндегі адам болмысының мәні



Pdf көрінісі
бет30/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

Абай қара сөздеріндегі адам болмысының мәні 
 
Ибрагим А.Ғ., Анламасова Ы.Ж. 
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 
 
Адам болмысының жан дүниесінің сарынын ашуды біз философиялық тұрғыдан 
сөз етсек. Адам мәселесі оның тарихи дамуы,жалпы біз адам деп кімді айтамыз? Грек 
ойшылы Протогор: «Барлық заттың өлшемі –адам» деп ой түйіндесе, Көне Қытай 
философы Лао Цзы: «Басқаларды білетін адам ақылды, өзін танып білген адам –
данышпан» деп қорытындылаған. Адам болмысы тақырыбы да қазақ ойшылдарын бей –


60 
жайқалдырмады. Осы мәселеде қазақтың ұлы данышпаны Абай Құнанбайұлы да адам 
болмысын философиялық тұрғыда түсіндіріп берді.
Абай философиясының басты мақсаты –адам болмысының мәнін ашу болды. Ол 
өзінің бүкіл болмысын, ой –толғанысын адам бойынан таба алды. Ол «Ақынның 
азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне 
жүгіндіруде» деп білді. Абай жаңа ізденістер жасап, адамтану, адам болу ілімінде көп 
жаңалықтар ашты.
Мен кіммін?Адам баласыныңөмір сүруінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы 
тамақтанады, ұйықтайды, ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының жан –жануарлардан 
айырмашылығы не? Міне, Абай осы сауалдарға өзінің философиялық шығармасында 
жауап іздейді. Ал оның философиялық шығармасы қара сөздер деп аталады. Өзінің 
философиялық көзқарастарын, идеяларын, қоғам мәселесін, өз ойларын қара сөздері 
арқылы баяндады.
Абай философиясының негізгі ерекшелігі адам мәселесін негізгі мәселе ретінде 
қарастырады. Оның шығармашылығына негіз болған мәселелер жан мен тәннен 
жаратылған адам баласының өмірі жайлы. Оның қара сөздерінде ағартушылық, әлеуметтік 
дін туралы ойлармен қатар адам болмысының мәні туралы айтылады. 
Адам қалай жетілген, толық тұлға бола алады?,-деген сұраққа Абай қысқа ғана 
«Ақыл, қайрат, жүректі қатар ұста» деген екен. Абайдың он жетінші қара сөзінде осы 
айтылған қайрат, ақыл, жүректің үшеуін айтыстырып, әрқайсысының өнерлерін өз 
ауыздарымен жеткізеді. Қара сөзде қадір-қасиеттерін айтып дауласып қайрат,ақыл, жүрек 
ғылымға келіп жүгінеді.
Қайрат айтыпты: «Дүниеде бірнарсе біліп үйрену үшін де, Құдайға лайықты 
ғибадат қылу да, ерінбей дүниеде мал тауып , жалықпай үйрету –менің ісім».
Ақыл айтыпты: «Дүниеге де, ахиретке де пайдалы болсын,пайдасыз болсын 
барлығын білетін –«Мен». «Мен»-сіз білім, ғылым ұғып үйрене алмайды. «Мен»-сіз 
өздері неге жарайды?» 
Жүрек айтыпты: «Мен - адам денесінің патшасымын, адам жаны да «Мен»-де 
мекен етеді, «Мен»-сіз тірлік жоқ . Жұмсақ төсекте қарны тоқ жатқан байды, қарны ашып, 
тоңып жаураған кедейдің жағдайы қалай екен деп көп уайымдайтын да «Мен». Олар 
«Мен»-сіз не істей алады?» 
Ғылым үшеуінің де сөзінің дұрыстығын айтып: «Үшеуіңнің басын қос , 
құдайшылық жүректе, таза қалпыңды сақта» -деп жүректі жақтапты. Сонымен осы үш 
қасиет бойынан тең табылған адам –толық жетілген адам болып саналады. Ал осындай 
кісілерден тұратын қоғамда ғана әділеттік, теңдік орнайды.
Абайдың басты тақырыбы адам мәселесі болғандықтан, адам өзінің ішкі рухани 
байлығы арқылы өзге адамдармен қарым –қатынас орната алады, адам қоғамды рухани 
байытады деген ұстанымда болды. «Адам бол!» қағидасын ұстанып, адам болмысының 
маңыздылығын терең түсінді. Сонымен қатар Абай достық, қарым –қатынас мәселесіне де 
көңіл бөлді. Қоғамдағы қарым –қатынастар жайлы ойшылдың пікірлері философиялық 
шығармаларында көрініс тапқан. «Адам бол!» қағидасы осы қарым –қатынастардағы 
ақылдың мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Себебі адамның қарым қатынасы екі адамның 
арасында,сыртқы назары тұрғысынан емес, адамның ішкі ниеті, өз ақылына жүгіне 
отырып әрекет етеді. 
Ойшылдың көзқарасы бойынша эмоцияны, сезімді, ерікті адамның ақыл –
ойықадағалап отырады. Адам үнемі өзінің рухани бастауына қол жеткізуі керек. Ол 
тәрбие,білімін арттырумен қатар өзінің мүмкіндіктерін жетілдіре түсуі керек. Бұл 
Абайдың ағартушылық тұжырымдамасының басты ұстанымы болып табылады. Ол 
адамның болмысы қоғаммен қатар ағартушылықсыз мүмкін емес деп ойлады. Сондықтан 
да қазақ халқын білім, ғылым игеруге шақырды. Абайдың қазақ халқын білімге шақыруы 
жөнінде , қазақты бұрынғы мемлекеттік ұлт қалпына келтіру туралы қырық және қырық 
бірінші қара сөздерінде айтылады.


61 
Абай «Адам болу дегеніміз не?» деген сұраққа жауап іздеді. Абай үшін «Адам 
болу» дегеніміз білімге, әділеттілік пен қайырымдылыққа ұмтылу, Құдайға сеніп,оның 
көрсеткен бағытымен жүру, жақсылық жасау, білімге құштар болу. Ойшылдың пікірінше 
адамның өміріндегі ең басты тірек ол –Құдай. Ол бұл жайлы алтыншы сөзінде адамның 
өмірінде ең бастысы рухани қасиеттер, кеудесіндегі жаны адамды алға жетелейтіндігін, 
сол кезде ғана еңбектің мәні болатындығын айтты. Абай Алланы мойындайды, оның 
ұлылығына, мейірімі шексіз екендігіне, оның күшіне сенеді. Ол өзінің отыз сегізінші қара 
сөзінде жаратушы мен жаратқан дүниенің тұтастығын сатылап көрсетеді. Әр адам үшін ең 
басты нәрсе екі шартты сақтау: сенімнің күштілігіне сену және сенімді ұғынуға ұмтылу. 
Адамға берілген сенім жаратушыдан келген. Бұл мәселедегі махаббатпен адамзаттың 
жаратылғаны, сол жаратушыдан бойына сақтап қалған махаббатын жаратушыға білдірген 
сенімінен көрсету. Адам бойындағы сүйіспеншілік тек пендешілдікке ғана емес, одан 
асып өткен құдыреттіліктің бар екенін байқатады. Сүйіп қабылдау кез-келген зұлымдықты 
жойып жіберетіні шындық. Ендеше адам өз бойында жаратушының және жаратылғанның 
махабаты арқылы сенімнің құдіретті күш екенін дәлелдеп отыр. Абай имандылық пен 
адамгершілік философиясын дамытып отыр. Адам мәселесі оның дүниетанымының өзегі 
болды. 
Хакім Абай адамның болмысы туа бітті екі жақты дамитынын, екі құндылықты 
тең ұстау ерекше маңызға ие екенін керемет сипаттаған. Бұл өзінің жетінші қара сөзінде 
айқын көрініп, ерекше баяндалады. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: 
біреуі –ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән 
жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен 
демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр –жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына 
салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай –керней болса, дауысына 
ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа 
да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге 
бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның 
бәрі –жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген...» 
Дүниеге 
келіп ес білгелі пайда болатын материалдық және рухани 
құндылықтардың рөлі мен маңыздылығын әрі қарай адам өсе келе қалай өзгеретінін және 
құндылықтар арасындағы теңсіздік неге алып кеп соғарын ересек өмірдегі жағдаймен 
баяндайды. Философиялық ілімнің екі жағы бар дүниеде ең алғаш материя ма сана ма? 
Барлық обьективті зерттеу осыдан бастау алады. Егер материя болса табиғи 
натурализмнің илеалистік пікірден басым әрі алғаш болуы, ал сана болса идеялистік 
ойдың басымдылығы әрі субстанция ретінде алғашқы түп негіз деп мойын ұсындыру. Бұл 
екі бастама да адамнан шығып отыр. Алғашқыда философтар әлемді ғарышты зерттеп 
адамнан алшақ кетіп адасты, адам мәселесі қойылғанда алдымен өзіңді танытатын күштің 
бар екенін түсініп және ол әлемді тануға апаратынын мойындады.
«...Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек 
керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. 
Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан 
ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған 
билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де 
жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын 
көргенге –ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің 
несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі –ай, 
кімнен кім артық дейсің!» - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.» 
Рухани қажеттіліктерді елемей білімге құштарлықты әбден жоғалтқан адамның 
болмыс жағынан өзінен әлде қайда төмен тұратын жануардан еш айырмашылығы жоқ 
екенін айтқан Абайдың жетінші қара сөзінен мынандай ой түйіндеуге болады. 
Фәни әлемде өзін бақытты сезіну үшін адам формуланың екі жағын, яғни, рухани 
және материалдық жағын тең ұстауы керек. Олар үшін бұл екі жарты құстың екі қанаты 


62 
тәрізді. Құс екі қанатын тең ұстамаса бағытынан ауытқып кететіні тәрізді, әрбір адам, 
сонымен бірге, қоғам, тіпті адамзат өмірі осы екі қанатты тең ұстанбағанда дамудың тура 
жолынан ауытқып, құлдырау жолына түседі. 
Адам мәселесі, оның тарихи дамуы, өмірі мен тұрмысының мәні философияның 
басты мәселесін құрайды. Абай қарастырған адам мәселесі үлкен ауқымда қаралады. Ал 
бұл мәселе құндылық, этика, эстетика, рухани жақтармен тығыз байланысты.
«...Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып 
аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады. Білімді білсе де, 
арсыз, қайратсыздығынан ескермей, ұстамай кетеді. Жаманшылыққа бір елігіп кеткен соң, 
бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады. Осы жұрттың көбінің айтып 
жүрген мықты жігіт, ер жігіт, пысық жігіт деп ат қойып жүрген кісілерінің бәрі - пәлеге, 
жаманшылыққа еліртпек үшін, бірін-бірі «айда, батырлап!» қыздырып алады да, артын 
ойлатпай, азғыратұғын сөздері. Әйтпесе құдайға терістіктен, не ар мен ұятқа терістіктен 
сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз 
бойын өзі бір тексермей кеткен кісі, тәуір жігіт түгіл, әуелі адам ба өзі?» 
Адам болмысы мүлтіксіз шыңдалуы үшін тек ақылды болу аздық ететінін, ол үшін 
өз бойынан іздеп ұштайтын өзге де қайрат, жігер, байлаулылық сынды қасиеттердің 
маңыздылы жайлы да ұлы ақын өзінің он төртінші қара сөзінде жеткізеді. 
Абай адамның жан дүниесінің үнемі даму үстінде, өзгерісте болатындығын айтады. 
Адамның адамшылдық жағын көру, ақылды, білімді адамды жоғары қоя білу, өз халқына 
қажымай –талмай еңбек ету, адамды құрметтеу , өмірінің соңына дейін адам болып қалу 
бүгінгі таңдағы басты мәселе. Бұл мәселе туралы төртінші қара сөзінде адам баласының 
бесікте жатқан сәтінен бастап, дүниеден өткенге дейінгі өмірі өкінішпен өтпеуі үшін 
қалай дұрыс өмір сүру керектігі туралы ақыл берген. 
Төртінші сөзінде: «Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада бұл 
дүниенің қайда екенін білмей, бірін –бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді 
ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік 
өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды. Қулық саумақ, көз сүзіп тіленіп , адам 
саумақ – өнерсіз иттің ісі. Әуелі Құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді 
сау еңбек қылсақ, қара жер де береді, құр тастамайды.» дейді 
Адам құбылысты ақылымен таниды. Өмірде ненің пайдалы, ненің пайдасыз 
екендігін аңғарады. Адамның ақыл –ойында шек жоқ. «Пенде адам болып жаратылған 
соң, дүниеде барлық нәрсені қызық көреді. Есті адам пайдалы іске қызығып, ізденеді. 
Бұндай адамға өткен өмірдің өкініші де болмайды. Ал егер адам өз орнын таппай, бағасыз, 
пайдасыз нәрсеге қызығатын болса, өмірінің ең қызықты шақтарын босқа өткізіп алады, 
өткеніне өкінгеннен пайда болмайды екен. Жас кезінде бұл қызықтан соң жастығы 
тозбастай, буыны босамастай көріп жүріп, екінші талапқа қайрат қылуға жарамайды екен. 
Әр нәрсеге қызыға беру бойда құмарлық деп аталатын дертке әкеледі. Ал бұл нәрсе 
ақылдың көзін байлап, «ананы –мынаны» дегізіп, бойда сынатұғын нәрсе екен. Ал егер 
есті кісінің қатарынан болғың келсе, аптасына не айына бір өз-өзіңнен есеп ал! Есеп 
алғаннан кейін өміріңді қалай өзгертесің?» Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің белгілі бір 
түрі болады. Бұл Абайдың он бесінші қара сөзінен үзінді.Он бесінші сөзінде адам өміріне 
философиялық ой жүгіртіп, қорытынды жасайды. Сөз соңында ойшыл ел басқаратын адам 
ең алдымен өзін –өзі жөнге салып, өз –өзіне есеп беру керектігі айтылады.
Ойшыл философиясында адам мәселесі ақыл –ойдың, білімділіктің, талаптың, 
еңбекқорлықтың, достық пен махаббаттың тоғысқан үлгісі. 
Ақын қырық төртінші қара сөзінде «талап» сөзіне талдау жасады. «Талапсыздық –
адам баласының ең жаман қасиеті.Талап қылушылардың түр түрі болады. Талаптың 
ішінде адам баласы басына қадір іздеп, сол талапта болады. Сараңдықпен, арамдықпен 
мал тапсам дейтін талап болады. «Ер атанамын, біреу қажеке, біреу молдеке, біреу білгіш 
атанамын» деп сол әрекетте жүрген талап та бар.» Ақынның пікірінше, көкірегі таза 
болмаған жердегі талаптың өзгеге шапағатын төкпейтіні анық. Ақын адам баласының 


63 
имани мәселеден жетілуіне, өнегелі қасиеттердің дамуына байыппен қарады. Адам өзіне 
«Жаратушыдан берілген талапты жоғалтып алған жоқпын ба?» деген сұрақты қоюы 
қажет. Адамға кез –келген қиыншылыққа қарсы тұруға күш сыйлайтын, үнемі алға 
жылжуға итермелейтін де осы –талап . 
Сонымен қатар жиырма жетінші қара сөзінде Сократтың өз шәкіртімен 
сұхбатында айтқан ойлары арқылы адам болмысының жануарларға қарағанда 
артықшылықтарымен үстемдігін былай деп мазмұндаған: 
«...Жә, олай болса һәмма мақұлыққа да қара, өзіңе де қара, жанды бәрімізге де 
беріпті. Жанның жарығын бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, 
артын, осы күнін - үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын, осы күнін де бұлдыр 
біледі, алдыңғы жағын тексермекке тіпті жоқ. Хайуанға берген денеге қара, адамға берген 
денеге қара. Адам екі аяғына басып тік тұрып, дүниені тегіс көрмекке, тегіс тексермекке 
лайықты һәм өзге хайуандарды құлданарлық, пайдасын көрерлік лайығы бар. Хайуанның 
бірі аяғына сеніп жүр, бір өзіңдей хайуанды құлданарлық лайығы жоқ. Адам өзі өзіне 
сенбесе, адамды да хайуан секілді қылып жаратса, ешнәрсеге жарамас еді. Хайуанға 
адамның ақылын берсе, мұнша шеберлік, мұнша даркарлік, бір –біріне ғылым үйретерлік 
шешендік салахият ол денеге лайықты келмейді. Қай өгіз шаһар жасап, құрал жасап, неше 
түрлі сайман жасап, сыпайылық шеберліктің үдесінен шығарлық қисыны бар? Бірақ адам 
баласы болмаса, бұл ғажайып ақылды және ғажайыппен жасаған денеге кіргізіп, мұнша 
салахият иесі қылғаны хиқметпенен өзге хайуанға сұлтан қылғандығына дәлел емес пе?» 
Ойшыл адам баласының жануардан тән жағынан ерекшеліктерін тәтпіштеп 
көрсетіп, ой өріс жағынан да адамның жануар болмысынан әлде қайда биіктеп 
тұрғандығын, әрі қасиеттері адамға үстемдік сыйлап тұрған айқындап береді. 
Абай қара сөздеріндегі адам болмысының мәні онтологиялық мазмұнда, 
космогониялық мәнде және гносеологиялық тұрғыда зерттелген. 
Абай өз шығармаларында ғұмыр бойына адамдық идеяларды ұсынды. Ол 
адамдардың шығу тегі, қоғамдағы орны, бай немесе кедей жағына қарап бағаламай, 
адамның жасаған жақсылығына, ішкі жан –дүниесіне үңіліп бағалау қажеттігін айтты. 
Адамның рухани қасиеттері оның өміріндегі ең маңызды нәрселер болып табылады.
Ойымды қорытындылай келе айтар болсам, Абайдың қара сөздері –төрткүл 
дүниені тамсандырған, ауқымы кең,адам баласының дүние есігін ашқан сәттен бастап, 
дүниеден өткенге дейінгі аралықтағы өмірдің сырын жүйелеп ашып көрсетеді. 
Ұрпағымызға рухани бағыт беретін, ұлтын имандылыққа үйрететін Ұлы Абайдың «Қара 
сөздері» әрбір қазақтың жүрегінің төрінен орын алуы тиіс. Абайдың қырық бес ауыз сөзі 
он сегіз мың ғаламның бір уыс түйіні деп сөзімді қорытындылаймын. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Нысанбаев Ә.Н., Ғабитов Т.Х - ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ, Алматы, 
2015 ж 
2. Абай Құнанбаев . Қара сөз –Алматы; 2011ж 
3. Есім Ғ. Абай туралы философиялық трактат. – Алматы, Қазақ 
университеті, 2004. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет