A list of resources
1.
Sethy S.S. Distance education in the age of globalization
2.
Wang M. J. Online collaboration and offline interaction between students using
asynchronous tools in blended learning
3.
Azizan F.Z. Blended Learning in Higher education institution in Malaysia
4.
Lim, D. H., Morris M. L. Learner and instructional factors influencing learning outcomes
within a blended learning environment
5.
Pazio M. Blended learning and its potential in expanding vocabulary knowledge
89
ӘЛ-ФАРАБИ ІЛІМДЕРІНІҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ «МӘҢГІЛІК ЕЛ»
ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ
Батырхан З.С., Нурпейсова Н.Р.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Шығыс әлемінің көрнекті ғалымы, рухани ұстазыӘл-Фараби өзінен кейін кең
көлемді мұра қалдырды.Әлемге әйгілі ұлы философ, ұлы ғалым математика, физика,
филология, педагогика, жантану, әдістеме, химия, биология, философия, астрономия,
минерология, медицина, логика, әлеуметтану, саясаттану, құқықтану, дінтану, музыка,
астрология, этика және тағы басқа да салаларға өлшеусіз үлес қосып, ғылым атаулының
негізгі бағыттарын дамытуға ерекше ықпал еткен.
Ол ғылымның түрлі салаларда 160-тан астам трактаттар жазып, өзіндік ізін
қалдырған жәнежоғары мәртебелі екінші Ұстаз атты есімді иеленген.Фараби трактаттары
бүгінгі күнге дейін ең жоғары бағаға ие болып кедеді және әрбір ғылымға қосқан үлесі
қазақ елінің рухани игілігіне айналуда.
Әл-Фарабидің ғылыми-философиялық шығармашылығының шеңбері өте кең.
Ғұламаның «Даналық жауһарлары», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Бақытқа
жету», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері» сияқты еңбектері мыңдаған жыл
өтсе де өз мәнін жойған жоқ. Осы тұрғыда біздің зерттеуіміз солардың тек қана әл-
Фарабидің идеясыныңрухани жаңғыру, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясымен сабақтастығына
арналған. Өйткені, ғұлама ғалымның кезінде жауап беруге тырысқан – қайырымды қоғам,
бақыт, адамның жетілуі туралы мәселелер қазіргі біздің қоғам үшін де аса өзекті болып
табылады.
Әл-Фараби шығармаларындағы игілік мәселесі Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауында мемлекеттің дамуындағы ұлттық сана-
сезімнің маңызды рөлін айқындауымен де негізделеді. Барлық қазақстандық халыққа
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» рухани мақаласы барша қазақстандықтардың
санасын жаңғыртуда үлкен дүмпу ретінде әсер етті. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
ұлттық бағдарламасында халықтың санасын жаңғыртудың негізін алты бағытты қамтиды.
1) Бәсекелік қабілет
2) Прагматизм
3) Ұлттық бірегейлікті сақтау
4) Білімнің салтанат құруы
5) Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
6)Сананың ашықтығы [1].
Бұл бағдарлама әл-Фарабидің философиялық доктринасында сипатталған
қайырымды қала тұрғындарының әлеуметтік әлемімен көптеген идеялық ұқсастықтардан
тұрады.
Мәселен, Шығыс әмірлерінің бірі әл-Фарабиден: «Уа, Ұстаз, менің мемлекетімнің
болашағы қандай күйде болмақ?» деп сұрағанда, әл-Фараби: «Еліңнің болашағын білгің
келсе, маған жастарыңды көрсет, сонан соң айтып берейін», деген екен. Осы ретте әл-
Фарабидің адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеу ісі жастардың бәсекеге қабілетті
болу, ХХІ ғасырға лайықты болу қажет дейтін, рухани жаңғыру идеясымен үндесетінін
көруге болады.
Келесі «Прагматизм» бөліміндегі «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке
байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай
алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген
сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше,
ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану
90
көргенділікті көрсетеді» [1], – деген ойлардың әл-Фарабидің бақыттың кілтін іздеу
идеясымен сабақтасады. Ол бақытты қалада тұруды армандады және «Бақытқа қолы
жеткен адам үшін ең жарастысы – қанағатшылдық жасау», – деп бақытты қанағатпен ғана
ұстап тұру мүмкін екенін айтты [2,62б.]
Мақаланың «Ұлттық бірегейлікті сақтау» атты үшінші бөлімінде «Ұлттық жаңғыру
деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. ....ұлттық код, ұлттық мәдениет
сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» [1], – деген тұжырымы Әл-Фарабидің ғылыми
тұжырымдарындағы адам рухының кемелденуі санамен тікелей байланысты, тек сана ғана
ақиқатқа жеткізеді деген ойына сай келеді[3,21б.].
Ал, білім жайлы кемеңгер бабамыз оның нұрымен кемелденген рухқа ешқандай
күш кедергі, тосқауыл бола алмайтынын баяндайды. Адам рухының тұрақтылығы, ең
алдымен, оған нәр беретін, дәлелді тәжірибе мен терең ой толғаныстарының сүзгісінен
өткен, сөйтіп орнықты пікірге ие болған санаға байланысты дей келіп, рухты сананың
сәулесі түсіп тұрған айнаға теңейді [3,20 б.].Ол тәрбиесіз берілген білімнің зиян екенін
айтты. Яғни, тек материалдық байлық тұңғыш адамға бақыт әкелмейтінін ескертті.
Бұдан бөлек ғалымның білімге қатысты пікірлерін «Білім қуған жанның ойы
күнделікті күйбеңнен көп алыста жатады.Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы
– айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап
жолында болуы шарт. Жәй ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа
керек. Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбіңнен көп алыста жатады.Тәрбиесіз
алынған білім – адамзаттың қас жауы» - дегеноның нақыл сөздерінен байқауға
болады.Яғни, әл-Фараби адам баласының білімі мен парасатты ойын терең бағалаған
қаламгер.
Ол өзінің «Азаматтарды бақытқа жетелеудің жолы» атты еңбегінде: «қала әкімі мен
мұғалім бірдей дәрежеде тәрбиеші болып табылады. Мұғалім бала тәрбиелесе, әкім қала
тұрғындарын тәрбиелейді»,- деп тұжырымдайды. Оның пікірінше: «оқып-білім алу
арқылы дүниені танып білуге, оның әсемдігі мен толыққандылығын байқауға болады. Әрі
оқып-білу үшін, әртүрлі кәсіпті меңгеру үшін, адамгершілік қасиетті қалыптастыру үшін,
талмай еңбек етіп, ерік-жігерді дамыту қажет, әрі оған тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу
арқасында жетуге болады» [4, 193-б.].
Сонымен қатар, ел басына керек негізгі қасиет – ол даналық. Егер белгілі бір
уақытта елдің басшылығында даналық болмай қалса, онда елдің бірінші басшысы тіпті
болмай-ақ қойсын, ондай қалаға қауып төнеді,- деп ескертеді ұлы ойшыл [5, 137-138 б.].
Әл Фараби мемлекет саясатының басты мақсаты адамдарды бақытқа жеткізу,
игілікпен жеткізу деп санайды. Осы еңбегінде ол «бақыт дегеніміз-игіліктердің ішіндегі ең
қадірлісі, ең үлкені, ең жетілгені» деп атап көрсетеді және әр адамның оған толық құқығы
бар дейді. Ал, ондай құқыққа ие болуға қайырымды қала тұрғындарының ғана мүмкіндігі
бар, сондықтан да қайырымды билеушілер билеген қала тұрғындары ғана бақытқа жете
алатындығын айтады. Мұндай қалалардың басқа қалалардан ерекшелігі және негізгі
белгісі жоғарғы тәртіп пен оның тұрғындарының мәдениеттілігі, сыпайыгершілігі және
билеушілерінің қайырымдылығы, ақыл парасаты. Бүгінгі таңдағы «Мәңгілік ел» ұлттық
идеялар түріндегі саяси бастамалар сөзсіз ұлы ойшылдың идеяларымен ұштасатыны анық.
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы барлық қазақстандықтарға, барлық халыққа жолдау болып
табылады, өз кезегінде әл-Фараби де өз ғылыми шығармаларында қамтыған болатын.
«Мәңгілік ел» идеясы Платонның ізгілікті, әділетті, мемлекет және әл-Фарабидің
«қайырымды қала» жөніндегі идеясы жайындағы ойлардың қисынды жалғасы болып
табылады [2,21 б.].
Осылайша, Әл-Фарабидің философиялық идеялары өзінің өзектілігінің арқасында
заманауи Қазақстан қоғамының әлеуметтік-рухани өмірінде де өзінің маңызын жоғалтпай
отыр. Оның көптеген маңызды идеялары Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев бастамашы
болған мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың қалыптасуына негіз болды.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясында әл-Фарабидің рухани кемелділікке негізделген, қоғамды
91
игілік идеясының айналасына біріктіретін, адамдар арасындағы қарым-қатынастың
үйлесімділігіне негізделген әлеуметтік дамудың өзгермес құндылықтары туралы идеясы
өз көрінісін табуда. Сонымен қатар, әл-Фарабидің әлеуметтік-филсофиялық
трактаттарында жекелей сипатталатын игілік, парасат, бақыт секілді ұғымдарды негіз етіп
алған біздің еліміздің өркендеуінің жалпыға ортақ тұғырнамасы «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» және басқа да көптеген ұлттық стратегияларда көрініс берген.
Әл-Фараби жаһандану идеясын алға тартқан алғашқы адам. Ол ежелгі гректердің
мейірімді қала идеясын сақтауға ұмтылады, сондай-ақ мейірімді қауым мөлшерін
арттырады. Оның пайымдауы маңызды және ықпалды болып қала береді, өйткені әл-
Фарабидің жаһандық мемлекеті ақыл-ой мен шыдамдылық арқылы басқарылады. Ешбір
діни немесе этностық дәстүр екіншісін жоққа шығармайды», деді.
Негізінде философияның отаны Афина. Сократ, Платон және Аристотель сол
Афинада философияның негізін қалады. Әбу Насыр әл-Фараби сол платондық және
аристотельдік ойларды Шығыс дәстүрлерімен байланыстыра отырып, Ұлы Еуразия
даласына философияны алып келді.
Өйткені оның шығармашылығы мен қызметі Қазақстан, Ирак, Сирия және
Мысырдың тарихи жерлерін, Жерорта теңізінен Қытай шекарасына дейінгі барлық ұлы
өркениеттерді біріктіріп, Аристотельден кейінгі ұлы философиялық беделге ие болды.
Нәтижесінде философия саласында Фараби өз заманының ең үздік беделісі деп саналды.
Әл-Фарабидің жатқан жері – Дамаскідегі кесенесінде. Сол кесенесінің жанынан
Қазақ елінің Сирияға тартуы ретінде «Әл-Фараби мәдени орталығы» құрылған.
Еліміздің тарихы үшін Биылғы 2020 жыл маңызды атаулы күндерге бай. Ал,
солардың ішіндегі ең елеулілерінің бірі - Төрткүл дүниеге танымал ғұлама Әбу Насыр әл-
Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойы.
«Шығыстың Аристотелі» атанған есімі әлемге мәшһүр философтың біздің
тарихымызда жарық жұлдыз болуының басты себебі ұлттық идеологиямыздың теориялық
негізін салушы екендігінен.
Қорыта келе, Әл-Фараби ілімінен өз заманының ғана емес, бүгінгі замандағы
адамзат қоғамының да бет-бейнесін көруге болады, оның ойлары бүгінде өзекті. Оның
еңбектерінде көретілгендей, қоғамдағы бар қиыншылықты жеңетін, бақытқа жеткізетін,
бұл - ақыл парасат, адамның ақыл-ойы. Сондықтан қазіргі біз жастар еліміз үшін қызмет
етуді және өз еліміздің көркеюін қаласақ, ең алдымен тынбай ғылым мен білімді кеңіне
игеріп, бәсекеге қабілетті болуымыз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |