2) Г.Витцлактың көрсетуінше, мектептегі психодиагностика
педагогикалық мәселемен тығыз байланысты
болуы шарт; оның негізгі мәні
де осы. Сондықтан мектептік білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет
жүйесіндегі диагностика психологиялық, педагогикалық диагностика деп
аталады.
3) Л.С.Высотский адам қылықтары туралы оқиғаларды жеке –дара
қарастыру арқылы адам табиғатын барынша түсіну мүмкін еместігін, кез-
келген оқиғаны адамның бүкіл өмір сүру барысымен байланыстыра
қарастыру арқылы ғана іздеген сұрақ шешімін табуға болатындығын атап
көрсетті. «Қазіргі уақыттағы кез келген дамудың іргетасы
өткендегі даму
және бұл екеуі бірігіп, болашақтағы дамуға негіз болады», - деп жазды
Л.С.Высотский. Сондықтан қандай да бір даралық ерекшелігін анықтау ісін
бір ғана зерттеу әдістемесін жүргізу барысында алынған нәтиже мәліметімен
өлшемей, бала өмірін біртұтас қарастырып, саралау арқылы белгілі
қорытындылар жасау қажет.
4) Мектептік психологиялық қызмет жүйесінде
анықтау жұмысы, яғни
психодиагностика немесе психологиялық түзету (дамыту) жұмыстары жеке –
дара қарастырылмайды.
Д.Б.Әлькониннің көрсетуінше, бізге балаларды сұрыптауға арналған
диагностиканың қажеті жоқ. Оның айтуынша даму барысын бақылау өте
мұқият жүргізілуі керек; себебі дамудағы болуы мүмкін ауытқуларды
неғұрлым ерте бастаған жөн. Сондықтан психодиагностика мен коррекция
мектепте анықтау – түзету жұмыстары болып беріледі.
Мектеп психологы анықтау
негізінде диагноз қояды, белгілі бір
нұсқаулар жүйесін белгілейді; әрі оның жүзеге асырылуын қадағалайды.
Психодиагностика – баланы психологиялық зерттеу әдістерін, арнайы
зерттеу әдістерін кәсіби игеруді талап етеді.
Практик –психолог жұмысының мазмұны психодиагностика арқылы
негізделіп, яғни білім беру саласында
балалар және ересектердің
психологиясын және мінез-құлқын бағалау, сонымен қатар психологиялық
зерттеулер бойынша алынған сенімді мәліметтерге сүйене отырып, оларға
тән психологиялық мінездеме беру. Кәсіби әрекеттің бұл түрімен
айналысатын психолог, психодиагностикалық зерттеулердің практикада
қолданылуын ғана біліп қоймай, сонымен қатар олардың негізделген және
жетілдірілген теориясын білу қажет. Диагностикамен айналысатын психолог
– қажет болған жағдайда зерттеу әдістерін бейімдеп, қайта жасап, тексере
білуі шарт. Сонымен қатар әдістердің сенімділік және беріктілік сияқты
ғылыми бағалау тәсілдерін шартты түрде меңгеруі қажет.