Тест тапсырмаларын іріктеуге ғылыми тұрғыдан караудың маңызы зор,
ӛйтпеген жағдайда, оның қорытындылары бала
ақыл-ойының дамуын бұрмалап
кӛрсетуі мүмкін. Тест баланың мектептегі оқуға әзірлігін, сондай-ақ психикалық
дамуы кешеуілдеп қалғандардың ерекшеліктерін талдап білуде кӛмек кӛрсете алады.
Тест деген ағылшын сӛзі "сынақ" деген мағынаны білдіреді. Бұл ұғымды
американдық ғалым Дж.Кэттел ӛткен ғасырдың аяғында енгізді. А.Бине мен
Т.Симонмен бірге балалардың ақыл ойының дамуын анықтау үшін ӛз жүйесін
жасаған кезден бастап тестілер тәжірибелік мағынаға ие болып кең тарала бастады.
Тест дегеніміз - күрделі техникалық құралдарды қажет етпейтін стандартты, қысқа
сынақ.
Осындай қосалқы әдістердің қатарына
биографиялық әдіс
адамның
ісәрекетінің нәтижесін талдау (яғни түрлі күнделік, естелік, хаттар, шығарма,
мазмұндама, диктант, сын жұмыстарымен түрлі
формадағы шығармашылық
жұмыстарды талдау), ӛмірбаян (яғни зерттелүшінің туған күнінен бастап есейген
шағына дейінгі даму жолын зерттеу, оның ӛмірбаяны, естелік, мінездемелерін талдау
жатады.
Коррекциялық әдістер.
Қазіргі кезеңдегі психология әр түрлі жолдар арқылы
адамның практикалық әрекетіне ықпал етеді. Психологиялық кӛмек, обьективтілік
бар жағдайда ғана емеc, сондай-ақ субъективтілік
сәтсіздіктерді уайымдау
жағдайларыида да кӛбірек кӛрсетіледі және тиімді болады.
Мұндай жағдайларда, психологиялық кӛмек қандай түрде жасалса да, ол
жалпы сипатымен - ӛз бағытының жекелігімен ерекшеленеді және кӛмек
сұраушының тұлғасына - оның сезіміне, уайымына, кӛзқарасына, әлем кӛрінісіне,
айналасындағылармен қарым-қатынасының құрылымына терең үңілуіне негізделеді.
Бұл үңілу, арнайы психодиагностикалық әдістерді қажет етеді. Алайда,
психодиагностика ӛздігінен мағынасыз, оның мәліметтері баланың ӛміріне
немесе
дамуына ыңғайлы жағдайлар жасау үшін, психологқа тұтынушымен немесе баламен
ары қарайғы жұмыс бағдарламасын анықтауға мүмкіндік беру үшін қажет. Осы
жерде психолог жұмысының коррекциялық әдістері туралы айту керек.
Достарыңызбен бөлісу: