1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы


 Когнитивтік және гуманистік психология



Pdf көрінісі
бет22/96
Дата18.10.2023
өлшемі1,48 Mb.
#118191
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   96
Байланысты:
Психология лекции (1)

5. Когнитивтік және гуманистік психология.
Когнитивтік психология бағыты 60-шы жылдардың аяғында АҚШ-та 
бихевиористердің әрекет-қылық талдауында психологиялық элементтерді елемеуі 
мен танымдық процестерді ескермеуіне қарсылық білдіруімен ғылым сахнасына 
келген еді. Когнитивтік психолгия небихевиористер зерттеулерінің нәтижесінде 
пайда болды. Оның ӛкілдері - Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Ф.Хайдер, 
У.Найссер, П.Лиднсей, Г.Саймон. Қазіргі кездегі бұл бағыт бірқатар нұсқалар 
түрінде беріледі. Танымдық процестер механистік түрде сипатталатын, психика 
сигналдары ӛзгертуші қабілеттілігі бар аппарат ретінде болады.
Когнитивтік психологияның негізгі зерттеу саласын танымдық процестер - ес, 
тіл мен сӛздің психологиялық аспектілері, қабылдау, ойлау, зейін, қиял және 
когнитивтік даму құрайды. Алайда, когнитивтік психологияда танымдық 
процестерді түсіндіретін тұтас бір теория қалыптаспаған.
Бихевиоризм мен психоанализге тікелей қарсылығымен танылған
бағыттардың бірі 
гуманистік психология
болып саналады. Гуманистік 
психологияның негізін салушылар бихевиоризм мен психоанализдің адамды 
сипаттауындағы қисынсыздығын түзетіп, шындыққа жақындау, ӛміршең 
психологияны таңдауды мақсат етті. Дені сау, шығармашыл тұлғаны - зерттеудің


обьектісі болып белгіленді. Мұндай міндетті осыған дейін ешбір ғылыми теория
алдына қоймаған еді.
Гуманистік психологияның негізін қалаушы, американдық психолог - 
К.Роджерс ұзақ мерзімді клиникалық зерттеу жұмыстары нәтижесінде ӛзінің 
феноменологиялық теориясын және осы теорияға сүйенген "клиентке бағытталатын 
терапиясын" қалыптастырды.
К.Роджерс бойынша, адам - табиғаты бойынша конструктивтік, реалистік және 
белгілі бір мақсаттар мен ӛзіндік жетілдіруге ұмтылған белсенді тіршілік иесі. 
К.Роджерс, 
сондай-ақ, 
реструктивті-аномалды 
импульсивті 
мінез-құлық 
реакцияларын мойындайды, бірақ мұндай реакциялар тұлғаның шын мәніндегі ішкі 
табиғатына сәйкес болмаған жағдайларда кӛрінеді деп есептеген. Тұлғаның жүріс-
тұрысы, оның субъективті қабылдауы мен танымы терминологияларын да түсіне 
аламыз. Тұлғаның мұндай ішкі жүйесі сыртқы жүріс-тұрысын анықтауда негізгі рӛл 
атқарады. К.Роджерс бойынша, әp адам әр құбылысты субъективті қабылдайды 
және әр құбылысқа субъективті реакция кӛрсетеді, яғни осы субъективті тәжірибе 
Роджерстің феноменологиялық теориясының негізгі тезисі болып табылады.
Гуманистік психологияның
тағы бір кӛрнекті ӛкілдерінің бірі - Абрахам 
Маслоу болды. А. Маслоу 1908 жылы 1 сәуірде Нью-Йоркте дүниеге келген. Оның 
ата-анасы сауатсыз, анасы діндар адам болған. А.Маслоуға ол: "әрбір істеген ісің 
үшін құдай алдында жауап бересің", - деп ылғи ұрсып отыратын. Осының 
нәтижесінде А.Маслоу дінді жек кӛріп, құдайға сенбей, оған күмән келтіретін 
болған.
Ол Висконсин университетінде психология бойынша академиялық курсты 
бітірген. 1930 жылы бакалавр дәрежесін алып, 1934 жылы ғылым докторы атанады. 
Оқып жүрген кезінде ол Висконсинде белгілі психолог Гарри Харлоумен бірге 
жұмыс істейді.
А.Маслоу ғылымға критикалық кӛзқараста болады. Оның пікірінше, 
классикалық механикалық ғылым (оның ӛкілдері бихевиоризм болып табылады) 
тұлғаны тұтастай оқып-білу мақсатына сәйкес келмейді. Гуманистік ғылымды 
механикалық альтернатива емес, соған қосымша ретінде қарастырады. Осында 
гуманистік ғылым жекелік, сана, этика, т.б. тұтастық сұрақтарымен жұмыс істейді.
Гуманистік ғылымның негізгі ортақ түсінігі ӛзін-ӛзі таныту болып табылады. 
Ол Фрейд психикасының ауру бӛлімін cay бӛліммен толықтыру керектігіне 
тоқталған. Сондықтан А. Маслоу ӛзінің зерттеу жұмысын жаны сау, шығармашылық 
қабілеттері те жоғары дамыған, әйгілі ұлы адамдарды зерттеуден бастаған, Бұл 
тізімде Авраам Линкольн, Томас Джеферсон, Альберт Эйнштейн, Франклин 
Рузвельт, Альберт Швейцер және т.б. болған. А.Маслоудың докторлық 
диссертациясы колоннадағы маймылдардың доминантын және сексуалды жүріс-
тұрысын зерттеуге арналған.
А.Маслоу ӛзін-ӛзі таныту теориясында психоанализге және бихевиоризмге 
қарағанда тұлға табиғатының мүлде қарама-қайшы анықтамасын ұсынады: адам 


табиғатынан жақсы және ӛзін жетілдіруге қабілетті, адамдар - саналы әрі ойлы 
жаратылғандар, адамның мәнділігінің ӛзі оны тұлғалық ӛсуге, шығармашылық пен 
ӛзіндік жеткіліктілік бағытында тұрақты қозғалысқа итермелейді.
А.Маслоу бойынша психоанализ психологиялық бұзылуларды, невроздарды 
зерттеу барысында қалыптасқан. Неғұрлым әмбебап психология ғылымдарының 
негізі ретінде психологиялық cay, ӛзін-ӛзі танытушы адамдарды зерттеу керек.
Оның пікірі бойынша, ӛзін-ӛзі таныту туа біткен құбылыс, ол адам табиғатына 
енеді. Адамгершілік, жақсылық жасау, жақсылық тілеу адамның ӛзегін құрайды. 
Адам осы гуманистикалық қажеттіліктерін жүзеге асыра білуі керек. А. Маслоу 
теориясындағы бұл тұжырым дұрыс деп саналды.
А.Маслоу адам қажеттіліктерін бірнеше түрге бӛлді: а) физиологиялық 
қажеттіліктер; ә) қауіпсіздікті қажет ету; б) қорғанысты қажет ету; в) ақиқатты, 
адамгершілікті, әділеттілікті қажет ету. Ӛзін-ӛзі таныту туа бітсе, қажеттіліктердің 
бастапқы үш тобы қанағаттандырылса ғана ӛзін кеңірек кӛрсете алады. Міне осы
А.Маслоу ілімінің негізгі ақауы - қажеттіліктердің бастапқы үш тобы 
қанағаттандырылмаған адамдардың әділеттілікті, сыйқұрметті және т.б. қажет 
етуінің қалай қалыптасатыны түсініксіз. А. Маслоу антропологиялық ұстанымда 
қалып, қажеттіліктің әлеуметтік жағын аша алмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет