Монологтық сӛйлеу дегеніміз бір адамның сӛзі, яғни баяндамашының,
лектордың создері. Монолог сезге тән кейбір психологиялық ерекшеліктері
тӛмендегідей:
1.
Монолог сӛз үнемі белгілі жоспарға сәйкес құрылады, бұл алдын ала
даярлықты тілейді;
2.
Монолог сӛздерге логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады
(мәселен, баяндамашы мен лектор сӛзінің мағыналылығы мен түсініктілігіне ерекше
кӛңіл бӛледі);
3.
Монолог сӛз мәнерлі, адамға әсер ететін сәттерді (сӛзді
сазына келтіріп
айту) кӛбірек қажет етеді.
Білімнің дамуы, жалпы әлем туралы ғылыми деректерді басқаларға жеткізу
қажеттігі монологтың ерекше формасы - лекцияны ӛмірге келтірді. Лекцияның
әңгімеден айырмашылығы, мұнда құбылыстар жай ғана суреттеле баяндалып қана
поймай, сонымен бірге себеп-салдарлық байланысты іздестіру, белгілі бір ғылыми
қағидаларды дәлелдеу жүзеге асырылады.
Баяндама жасау және сӛз сӛйлеу монологты сӛйлеудің
формалары болып
табылады. Баяндама дегеніміз – құжаттарға негізделген, белгілі бір мәселе
тӛңірегіндегі сарапталған ауызша хабар. Мысалы, оқу жылының қорытындысы
туралы мектеп директорының баяндамасы, жүргізілген ғылыми эксперименттің
нәтижелері туралы баяндама.
Жазбаша сӛз сӛйлеу.
Жазбаша сӛз сӛйлеу ауызша сӛз сӛйлеуден кейін пайда
болды. Жазбаша сӛйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сӛйлеудің түрі.
Адамзат мәдениеті дамуының алғашқы кездерінің ӛзінде-ақ
адамдар белгілі бір
оқиғалар туралы деректерді ұзақ мерзімге сақтау қажеттігін сезіне бастаған.
Жазбаша сӛз сӛйлеудің алғашқы қадамы - болған оқиғаны сурет арқылы беру
амалынан басталады.
Жазбаша сӛйлеу адам баласы хат танырлықтай дәрежеге жеткенде, ауызша
сӛйлеудің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды.
Жазбаша сӛйлеудің кейбір ерекшеліктері:
1)
Жазатын адамның қасында сӛйлесетін адам болмағандықтан, мұнда
ешбір ым-ишара қолданылмайды.
2)
Жазбаша сӛйлеудің логикалық жағына аса қатаң талап қойылады.
Мәселен, белгілі тақырыпқа шығарма жазған кезде адам осындай талаптарды
орындауға
тырысады, кӛп ойланып, толғанады.
3)
Жазуда грамматиканың ережелері де қатты ескеріледі.
4)Жазу кезінде адам қатты зейін қойып, әр сӛзін ойлап құрастырады,
мағыналы сӛз іздейді. Бұл үлкен ой жұмысын қажет етеді. Мәселен, адам ӛзінің
туысқандарына, таныстарына хат арқылы ойын білдіргенде осы жағдай байқалады.
Іштей сӛйлеу.
Осы сӛздің мағынасынан-ақ кӛрінетіндей, іштей сӛйлеу басқа
адамдармен қарым-қатынас жасауға арналмайды. Іштей сӛйлеу деп тілдік
материалдар негізінде дауыстамай-ақ сӛйлей алушылықты айтады. Әр ұлттың ӛкілі
қандай бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен ӛз тілінде ойлайды. Осындай кезде адам
ішкі сӛйлеуді пайдаланады. Іштей сӛйлеу - адамның ӛзімен-ӛзі сӛйлесуі. Ол
алғашқыда «ар үні» деп аталып, түсіндірілді. Іштей сӛйлеуде ой ағымы болады,
әлдебір шешім туып, әрекет жоспарланады.
Іштей сӛйлеудің негізгі белгісі
- оның дауыстап айтылмауында, оны
айналадағылар естімейді. Іштей сӛйлеу ішкі күбірлеуден және іштей сӛйлеуден
тұрады. Іштей сӛйлеу сыртқы сӛйлеудің негізінде қалыптасады. Сыртқы сӛйлеуді
ішкі сӛйлеуге айналдыру –
интериоризация
деп аталынады. Мұндай ауыстыру
балаларда шамамен үш жаста байқалады, яғни балалар ӛз-ӛзімен сӛйлесе бастайды.
Бұл сӛйлеу бірте-бірте азая келіп, іштей сӛйлеу формасына айналады.
Іштей сӛйлеудің сыртқы сӛйлеуге алмасуы
экстериоризация
деп аталады.
Адам іштей ойын ойлап, сыртқа шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: