Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1.
Ойлау дегеніміз не? Ойлаудың қандай операциялары бар?
2.
Ойлаудағы анализ бен синтездің алатын орны қандай?
3.
Ұғым дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
4.
Пікір, ой қорытындылары жайлы не білесіз?
5.
Ақылдың қандай сапаларын білесіз?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы 2005ж., -415б.
2.
Крылова А.А. Психология, М., «Проспект», 1998г., -583с.
3.
Лурия А.Р. Язык и мышления. М., 1979г., -356с.
4.
Маклаков А.Г. Общая психология М., 2006, -581с.
5.
Немов Р. С. Психология. М., «Просвешение»., 1995, 1том -573с., 2том -
491с.
6.
Намазбаева Ж.И. Психология Алматы: 2005, -293б.
7.
Психология Адамзат ақыл-ойының қазынасы, Алматы, «Таймас баспа үйі»,
2005ж.,1-5т. 1 т. - 461б., 2т. -478б., 3т. 479б., 4т.-477б., 5т.-479б.
8.
Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию: Курс лекции: Учебник
пособие для вузов.-М: ЧеРо, 1997г., -345с.
9.
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии – СПб,: Питер 1999г., -345с.
10.
Хрестоматия по общей психологии: Психология мышления. М. Изд-во
МГУ, 1981г., - 380с.
№ 13 дәріс. Сөйлеу. Жоспар:
1.
Сөйлеу туралы ұғым.
2.
Сөйлеудің түрлері. 3. Сөз сөйлеу стильдері.
1. Сөйлеу туралы ұғым.
Адам ӛзінің ӛмір қажетін ӛтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ӛз
қимыл-қозғалыстарын басқару, реттестіру үшін басқалармен қарым-қатынасқа
түседі. Бұл үшін ол белгілі бір ұлттың, тілінің грамматикалық ерекшелігіне сәйкес
сӛз тіркестерін пайдаланады.
Тіл, сӛйлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып
жетілдіруде аса маңызды рӛль атқарады. Сӛз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс.
Әйтпесе, ол кӛздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сӛйлейтіндерді
«сӛзі мірдің оғындай екен» дейді. Ескі қазақ жұртының ғұлама ғалымы Жүсіп
Баласағұн «Ақылдың кӛркі тіл, тілдің кӛркі сӛз» деп тауып айтқан. Тіл арқылы жеке
адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналады.
Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді
сӛйлеу
деп атайды. Сӛйлеу -
пікір алысу процесінде жеке адамның білгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің ӛзінде
сӛйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін.
Сӛзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сӛзді дұрыс
қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сӛздерді қабылдаудың ӛзі оны
ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі
іске аспайды. Интонацияны қабылдау сӛйлеу аппаратында, адамның мәнерлі
қозғалыстарында түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясы
бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу немесе келіспеушілік білдіреді.
Адамға тән сӛйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сӛйлеу ӛзінің
қызметін дұрыстап атқара алмайды. Мұның біріншісі - сӛйлеудің
мазмұндылығы
,
екіншісі - оның
мәнерлілігі
делінеді. Сӛйлейтін сӛзде мазмұн болмаса, ол ӛзіндік
сӛздік мәнін жояды. Сӛздің мазмұндылығы дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін
ойдың айқындығы. Ойы саяз кісі бос сӛзді болады, оның сӛзі де айқын, таза
болмайды.
Сӛздің мәнерлілігі дегеніміз - адамның сӛйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын
білдіре алуы, яғни әрбір сӛйлемді ӛзінің сазымен айта алуы. Халық жақсы сӛйлейтін
адамдарды «сӛзі мірдің оғындай екен» дейді. Мәнерлі сӛйлей білудің мұғалімдік
мамандық үшін маңызы зор. А. С. Макаренко бұл жӛнінде: «Балалар сіздің
сӛзіңізден ӛзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне
алатындай болуы керек",- дейді.
Сӛйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппараттардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз
қуысының бұлшық еттері т. б.) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді.
Сӛйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік - синтездік қызметінің нәтижесі.
Француз ғалымы Брока «адамдардың ми сыңарларының сол жақ бӛлігінде (маңдай
қыртысының тӛменгі жағында) адамның дыбыстап сӛйлей алуын басқарып
тұратын жүйке орталығы бар, ал сӛзді қабылдау кӛптеген анализаторлардың (кӛру,
есту, қозғалыс т. б.) бірлескен қызметін қажет етеді»-, дейді. Неміс ғалымы Вернике
басқа біреудің сӛзін есіту мидың сол жақ сыңарындағы самай бӛлігінің арт жағына
орналасқан жүйке орталығының қызметіне байланыстылығын айтады.
Сӛзді қабылдау, оның мәнісіне түсінуде мидың есту, кӛру, сипау, сипайсезу,
қозғалыс зоналарының бірлескен қызметін реттестіріп отыратын сол жақ ми
сыңарының тӛбе, самай, желке бӛліктерінің қызметі де ерекше. Сӛйлеу қабілеті
мидың анатомиялық функциясына байланысты болып келетіндігін мына мысалдан
жақсы кӛруге болады. Егер оның сол жақ бӛлегі зақымданса, адам сӛйлей алмайтын
жағдайға душар болады. Мұндай құбылысты ғылымда
афазия
деп атайды. Мұның
бірнеше түрі бар. Бірінде сӛйлеу органдары толық сақталғанмен, қиналып сӛйлейді,
тілі күрмеледі, дыбыс, үн шығару қиынға соғады. Афазияның екінші түрінде адам ӛзі
сӛйлей алғанмен, басқа біреудің айтқанына түсінбейді. Мидың бір жеріне қан
құйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттанып қабынуы, ісу т. б.
афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар. Мұның емін логопед-
дерігерлер жасап отырады.
Сӛз әлдебір нәрсені хабарлау үшін заттың атауын, қимылды, қалыпты
т.б. білдіруі керек. Сӛйлеудің бұл функциясы
сигнификативтік
деп аталды.
Сигнификативтік функция адамның сӛйлеуін жануарлар коммуникациясынан
айырып тұрады. Жануарлар шығаратын дыбыс объекті білдірмейді, қорқыныш
жағдайын, аштықты немесе қанағаттанғандықты білдіреді, бұлардың белгілі бір
жануарлар тобына ортақ болуы себепті осы дыбыстар ӛзгелері үшін сигнал болып
табылады. Ал адам заттың немесе құбылыстың атын атап сӛйлейді.
Сӛйтіп, қарым-қатынас процесінде бірін-бірі ұғысу сигнификацияның бірлігіне
негізделген. Мұны сӛйлеуді үйренудің алғашқы кезеңінде оңай аңғаруға болады.
Кӛрсетіп тұрып айтсаңыз бала сӛздің нені білдіретінін ұғады. Кӛрсету дегеніміз - кӛз
алдындағы затты оның қалай аталуымен ұштастыра ұғындыру.
Сӛйлеудің екінші функциясы - жалпылау. Сӛз жеке затты ғана білдіріп
қоймайды, бір-біріне ұқсас заттар тобын да білдіреді және әрдайым олардың елеулі
ерекшеліктерін кӛрсетіп береді. Сӛзді жалпылау функциясы ойлаумен тығыз
байланысты. Егер
сигнификативтік
функция сӛзді барлық сана бейнелерімен
байланыстыратын болса, ал жалпылау сӛйлеудің ойлаумен тығыз байланысын
білдіреді. Сӛйлеу абстракты-логикалық ойлау үшін неғұрлым адекватты ойдың
ӛмір сүруінің формасы болып табылады.
Сӛйлеудің үшінші функциясы - коммуникация функциясы - білімді,
қатынасты, сезімді сыртқа шығару. Егер, сӛйлеудің алғашкы функциясын ішкі
психикалық іс-әрекет деп қарауға болса, коммуникативтік функция - басқа
адамдармен қатынас жасауға бағытталып, ӛзгелерге естірте, дауыстай сӛйлеу
әрекеті.
Сӛйлеудің коммуникативтік қызметін:
информациялық, баурағыштық
және
ырықты білдіру
деп үш түрге бӛлуге болады.
Сӛйлеудің информациялық жағы білім беруде кӛрінеді және белгілеу, қорыу,
функцияларымен тығыз байланысты болады. Информациялық жағы ойды тап басып
білдіретін, сӛз таба білуді қажет етеді.
Сӛйлеудің баурағыштық жағы сӛйлеушінің тыңдаушыға деген қатынасын және
сезімін жеткізуге кӛмектеседі. Мысалы, оңаша сырласқан шақта адамның даусы бір
түрлі, ал ресми әңгімеде екінші түрлі болып шығады. Ішкі ойымен орайласа
айтылып, жалынды сезімді білдіретін сӛздер дәлелді болмаса да адамды сендіреді.
Ырықты білдіре сӛйлеу тындаушының әрекетін сӛйлеушінің ниетіне
бағындыруды кӛздейді. А. С. Макаренко «Мұнда кел» деген сӛзді жиырма түрлі
сарынмен айтуды үйренгенше ӛзін шебер педагог есептемегені жайлы жазған
болатын. Комуникативтік фнкцияның бұл жағы сӛйлеуде сезім мен қатынасты
білдірумен тығыз байланысты.
Балалармен жұмыс істеу кезінде коммуникацияның әсерлілігін анықтайтын
қатынас стилі қалыптасады. Сӛз дауысты кӛтермей, жай ғана ақырын айтылуы
немесе айқайға пара-пар катты шығуы мүмкін. Бірақ ол әрқашан мазмұнымен және
формасымен әсер етеді. Дауысты кӛтере сӛйлеу қарым-қатынаста биязы сабырлылық
болған жағдайда ғана әсерлі болмақ. Ондай дауыс немкұрайдылықты білдірмейді,
әрі тебіреніс-толғаныс күйін танытады. Нақ осы тұрғыда дауысты кӛтеру
тындаушысын елең еткізеді, ұйып тыңдауға шақырады. Жайшылықта айқайлап
сӛйлейтін адам даусын одан сайын кӛтерсе әсерсіз болады. Мұндай жағдайда
керісінше, дауысты тӛмендетіп жайлап сӛйлеген әсерлірек. Бұл сияқты құбылыс
сӛздің мағыналық жағында да байқалады. Мысалы, адамның жанын тебірентетін
асқақ сӛздерді күнделікті қарым-қатынаста бет алды оңды-солды айта беру бұл
сӛздердің құнын түсіреді. Мұндай құбылысты сӛздің құнсыздануы (девальвациясы)
деп атайды
Достарыңызбен бөлісу: |