ортасына, қоғамына қарай типтік мінезі болады. Күнбе-күнгі тіршілікте адам әдетте
менмен не кӛпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дӛрекі, батыл не солқылдақ,
табанды, ер жүрек не байбаламшыл болып сипатталады. Олай болса, мінез негізінде
жеке адамның моральдық-еріктік қасиеттері жатады.
Жеке адам тіршілігінің ӛрісі тар, ол қоғамдық дамудан оқшау жүріп жатса
(отбасынан әрі аспайтын болса), онда біртіндеп оралымсыз, тартыншақ мінез
қалыптасады. Бала мінезінің қалыптасуына отбасы мен мектеп ӛмірінің моральдық-
психикалық атмосферасы үлкен әсер етеді. Мінез ӛзгермейтін тума қасиет емес, ол
ӛмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала туысынан "еңбек сүйгіш не жалқау,
тәртіпті, не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі, ұзақ жылғы ӛмір сүру барысында
ӛмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып
отырады.
Мінез туыстан пайда болмаса да, нерв жүйесінің, адамның табиғи жағының
ерекшелігі мінез кӛріністерінде, оның жекеленген бітімінің қалыптасуында
байқалып отырады. Нерв процестерінің тең не тең еместігі, шапшаңдығы не
баяулығы, күштілігі мен әлсіздігі - бұлардың бәрі адамның ісәрекетіне, мінез-
құлқына, оның реакцияларына түрліше рең береді. Мәселен, екі адамның наным-
сенімі бірдей болғанмен, оның бірі - қызба, шапшаң және албырт, ал екіншісі -
байсалды, парасатты болуы ықтимал.
Нерв жүйесінің типінен басқа мінезге организмнің басқа да ерекшеліктері:
жүрек, қан тамырлары, ас қорыту, эндокрин жүйелері де әсер етеді. Осы айтылған
жүйелер қызметінін бұзылуы адам мінезінің күрт ӛзгеруіне әсер етеді.
Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез-құлық тұрғысынан да,
оның айналасымен байланысы тұрғысынан да сипаттап отырады. Инабаттылық,
гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір түту, жұртшылық пікірімен
санаса білушілік, ӛзі міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық - мінездің
осы сапасының негізгі компоненттері.
Рухани дүниесі бай қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-ӛрісі кең,
талабы мен мүддесінде қайшылығы жоқ, сӛз бен ісі байланысты адамдарды
Достарыңызбен бөлісу: