Мінез құрылымындағы интеллект.
Адамда байқағыш, жазбай танитын
қасиеттің болу-болмауы, ӛзгермелі ортаны тез бағдарлауға мүмкіндік
беретін
орамды ақылдың немесе оған керісінше, оралымсыздық пен баяулықтың тән болуы,
адамның құбылыстарды терең талдай алуы, не мәселеге үстірт қарауы - осының
бәрі-бәрі жеке адамды сапа жағынан сипаттайды.
Мінез құрылымындағы ерік
.
Қалыпқа түскен ұнамды мінездің ӛзегі
- жеке
адамның ерік-жігерлілік сапасы болып табылады. Ерік-жігері күшті адам
талаптілектерінің және кылықтарының аныктылығымен, ӛз бетінше әрекет ете
алушылығымен кӛзге түседі. Ол кӛздеген мақсатына жетуде табанды және батыл.
Адамның жігерсіздігі, әдетте, мінездің ынжықтығымен орайлас келеді.
Тіпті білімі
мол, жан-жақты қабілетті адамның ӛзі де егер жігерсіз болса, сыртқы жағдайлардағы
және ӛзінің ішкі жан дүниесіндегі бар мүмкіндіктерді толық жүзеге асыра алмайды.
Ерік-жігердің бекуімен бірге мінез орнығады.
Мінез құрылымындағы сезім.
Сезім дегеніміз - әлеуметтік және табиғи ӛмірдің
сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас. Мінез туралы сӛз болғанда жеке адамның
эмоциялық қасиеттеріне де назар аударылады. Бұлай ету орынды да адам ӛзін сезім
арқылы да ашады.Адамның нені сүйіп, нені жек кӛретіндігі, қандай нәрсеге салғырт
қарайтындыгы оның шын мәніндегі ӛмірлік позициясын білдіреді.
Әлеуметтік
ӛмір
жағдайларына
байланысты
қалыптасқан
мінез
ерекшеліктеріне орай адам шынайы құрылыстарға жан-тәнімен құмарта немесе
талдап селқос қарауы, жоғары дәрежедегі саяси моральдық,
эстетикалық,
интеллектік сезімге ие болуы немесе керісінше, жұпыны сезімді болып,
ұстамсыздық, дӛрекілік, долылық (аффект) кӛрсетуі мүмкін.
Мінез құрылымындағы темперамент.
Мінездің табиғи негізі - жоғары нерв
қызметінің типтерін кӛрсететін темперамент болып табылады.
Темперамент
мінездегі байсалдылық немесе жаңғалақтық немесе сылбырлық тонусының кӛтеріңкі
- тӛмендігі, үйірсектік немесе тұйықтық, жаңа жағдайға жаңа міндетке тез, не қиын
бейімделу сияқты т.б. сипаттарды анықтайды.
Бірақ темпераменттер психикалық қасиеттердің басқа жақтарымен де
байланысып жататындығын және бір жағының, осы қасиетке - темпераменттің кей
кӛріністерін әлсіретіп, бүркемелейтіндігі, екінші жағынан, ӛмір талабына сәйкес оны
күшейте алатынын, сондай-ақ бұрын қалыптасқан әлеуметтік бағдармен моральдық
ұғым, әдеттерге де тәуелді болатынын есте ұстаған абзал.
Қалыптасқан әдетпен
дағды, мінез бітістері темпераментке әсер етеді. Мінезқұлықты ӛзгертеді.
И.П.Павлов керенау флегматиктерден белсенді флегматиктерді ажыратқанда осы
жағдайды ескерген болса керек. Бұл айтылғанның сангвинктерге де қатысы бар,
бұлардың бірі істе белсенділік кӛрсетсе, екіншілері әбігер, бос сӛзді,
той-даңазаға
құмар келеді, флегматикпен сангвиниктердің, осы айтылғандардың мінез-құлықтары
бәрінен бұрын олардың мінез бітістеріне тәуелді болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: