адамның жинақылығына тәуелді. Еңбек сүйгіштік - қабілеттің дамуына, тәжірибенің
молаюына, білімнің, іскерлік пен дағдының қалыптасуына тәуелді.
Оқушыларды бақылай отырып, мұғалім біреулерін - қабілеті жақсы, екінші
біреулерін - қабілеті шамалы деп негізсіз айта салмайды. Былай да болып шығады:
оқушы математикаға қабілетті, бірақ ӛз ойын ауызша не жазбаша білдіруге нашар
немесе тіл, әдебиет, жалпы гуманитарлық ғылымдарға деген қабілетін кӛрсете
алады, бірақ оған математика, физика, техниканы үйрену қиынға түседі.
Қабілеттілік деп - адамның білімді, ептілікті, дағдыны біршама жеңіл
меңгеруіне және қандай да бір іс-әрекетпен ойдағыдай айналысуына кӛмектесетін
психикалық қасиеттерді айтамыз. Қабілеттілік тек іс-әрекетте ғана кӛрінеді.
Қабылдауда, мысалы, бояу түстерінің болмашы айырмашылығын байқау, заттарды
бірден "кӛре білу", пропорционалды катынастарды түсіну (суретші жұмысында),
абсолюттік есіту (музыкамен айналысқанда), байқағыштық (іс-әрекеттің ӛте
кӛптеген түрлерінде) т. б. кӛрінеді. Кейбір қабілеттіліктер жадында жақсы
қалдырумен байланысты (мысалы, оқу материалын тез де берік игеруге қабілеттілік,
оны жеңіл және дәл қайта айтып беру). Адамның ойлау қызметінде (материалды
түсінуі, қиын есептерді шығару, ойының тереңдігі, сыншылдығы, тапқырлығы)
қабілеттілік айқын кӛрінеді. Қабілеттілік үшін, әсіресе жазушы, ӛнер тапқыш
еңбегінде қажетті, шығармашылық қиялдың үлкен маңызы бар.
Қабілеттілік білім, ептілік, дағды негізінде кӛрініп, дамығанмен олармен ғана
шектеліп қоймайды. Сондықтан баланың білімінің шамалылығын, оның қабілетінің
жоқтығынан деп қалмас үшін оқушылардың қабілеттілігін анықтауда ӛте сақ және
ұқыпты болу керек. Қандай да бір себептерден мектепте нашар оқыған, болашақта
ірі ғалым болып шыққандар жӛнінде кейде осындай қателіктер жіберілген. Осы
себептен де қабілеттілік туралы қабілетінң нашарлығы емес, білімінің аздығын
кӛрсететін кейбір қасиеттері негізінде ғана қорытынды шығару дұрыс болмас еді.
Достарыңызбен бөлісу: