бағытын негізге алған жіктеу кеңірек тараған. Бұл тұрғыдан мінез екі типке -
интраверттелген (тұйық, ӛзімен ӛзі болып жүретін ойшыл), экстраверттелген
(аңқылдақ, белсенді, ақжарқын адам) болып бӛлінеді. Бұл типтер де шындықты
бейнелендіреді, бірақ бұл жіктеулер де бір жақты.
Ақырында жеке адамның дербестік дәрежесіне орай типтерге бӛлу де бар.
Мұнда типтер
конформды
және
дербес
болып бӛлінеді. Мұның біріншісіне - басқа
біреудің ой-пікірімен санасқыш, жұрттың айтқанына тез иланып, кӛне қоятын,
айтқан сӛзді сынамай-ақ қабылдайтын, стресс жағдайларына бейімделе алмайтын
адамдар жатады. Екінші типке - ӛзіндік нанымы бар дербес пікір және нақтылы
шешімге келе алатын адамдар кіреді. Осы типтің ӛкілдері белсенді, қажырлы, қиын
жағдайларда асып-саспайтын, ӛз пікірін басқаларға тыңдата алатын, стрестік
жағдайларда еңсесі түспейтін кісілер болып табылады. Жоғарыда аталған
жіктеулердің барлығы да бір жақты, бұларда жеке адамның адамгершіліктік
қасиеттері ескерілмеген.
Достарыңызбен бөлісу: