8
Lesson Study бірінші түрінде барлық мұғалімдер бірге жұмыс істеп, бірыңғай
зерттеу тақырыбын таңдайды.
Олар бірге ақпарат жинап, Lesson Study-ді соның
негізінде өткізеді. Жыл аяғында олар зерттеу туралы есепті басып шығарады. Lesson
Study-дың бұл түрінде әрбір мұғалім Lesson Study-ды өзі үшін емес, бірыңғай
тақырып үшін өткізеді. Жыл бойы өткізілген әрбір Lesson Study мектептегі Lesson
Study үдерісі бөлшектерінен тұрады. Бұл жағдайда, сабақ жоспарын талқылау әсіресе
маңызды. Әрбір Lesson Study мектептің зерттеу тақырыбына байланысты болуы ке-
рек. Әрбір Lesson Study циклын өткізгеннен кейін мұғалімдер зерттеу нәтижелерін
бірыңғай тақырыпқа байланыстыруға тырысады.
Lesson study тақырыбы:
• Студенттер арасында пікірталас тудыруы тиіс
• Студенттердің
сыни ойлауын дамытуы тиіс
• Топтық не жұптық жұмысты қолдануы тиіс
• ICT аспаптарын қолдануы тиіс
• Оқу
дағдыларын дамытуы тиіс
• Өзін-өзі таныту дағдыларын дамытуы тиіс
• Сандар мен көлем түсініктерін белгілі бір объектілерді қолдану арқылы
тереңдету
Жапонияда көптеген мектептер Lesson study-дың осындай түрін өткізеді.
Менің жұмысым Lesson study-дың осындай түрінің тиімділігін көрсетеді. Бірақ бұл
Lesson study үлкен тәжірибенің болуын талап етеді, сондықтан мен Қазақстандық
мұғалімдерге бұл Lesson study-ді ұсыну ертерек деп ойлаймын.
Lesson study-дың екінші түрінде мұғалім өз еркімен Lesson study-ды өткізеді. Мұға-
лім өзінің зерттеу тақырыбын таңдап, өзінің оқыту әдісін дамытуға тырысады. Ол
өзінің сабақ жоспарын зерттеу тақырыбына байланысты жазып, зерттеу сабағын өзі
жүргізеді. Ол сабақты бірнеше мұғалімдер тобы бақылайды. Бақылаушылар сабақты
талқылап, оның нәтижесінде мұғалім сабақ жоспарын қайта жазып, екінші зерттеу
сабағын ашады. Мұғалім Lesson study циклы барысында кері байланыс алып, өзінің
оқыту дағдыларын дамытады. Ұлыбритания мен АҚШ-та
өткізілетін Lesson study
осындай түрге ұқсас.
9
Мысалы, Ұлыбритания ғалымы Dadley (2011) Lesson Study-ды мұғалімді да-
мытатын үдеріс ретінде сипаттайды. Ол сыныптағы түрлі оқушылардың топтары-
на жататын белгілі оқушылардан ақпарат жинау процесін аса маңызды деп табатын.
Бақылаушылар оқушыларға сұрақ қою арқылы олардың оқу жолдарын және сабақ
тиімділігін анықтайтын.
АҚШ-ның ғалымы Lewis (2002) Lesson Study үдерісін басқару циклі ретінде
сипаттайды.
1. Lesson Study-дың тобын құру
2. Студенттерге оқу және ұзақ мерзімді даму мақсаттарын қою
3. Зерттеу сабағы үшін
бірігіп жоспар жасау
4. Бір топ мүшесі сабақты жүргізіп, қалғандары студенттердің оқуы жөнінде
мәлімет жинайды
10
5. Сабақ кезінде жиналған мәліметті талқылап, оны сабақты жақсарту үшін
қолдану және жалпы нұсқаулықтарды жинақтау
6. Тексерілген сабақты қайта басқа сыныпта өткізу
Lesson Study-дың бұл түрі мұғалімнің оқыту дағдыларын дамытады.
Ғалымдардың екеуі де Lesson Study үдерісін мектептегі волонтер мұғалімдер тобы-
мен байланыстырып сипаттайды. Жапониядағы Lesson Study мен Ұлыбритания не-
месе АҚШ Lesson Study арасыда үлкен айырмашылық бар. Жапонияда Lesson Study
барлық мұғалімдермен өткізілсе, Ұлыбритания мен АҚШ-да Lesson Study тек волон-
тер мұғалімдермен ғана өткізіледі.
Lesson Study-дың үшінші түрінде барлық мұғалімдер зерттеу сабағын өткізіп,
соымен қатар әріптестерінің зерттеу сабағын бақылайды.
Сабақты бақылаған кез-
де, мұғалімдер жақсы әдіс-тәсілдермен бөлісіп, өздерінің оқыту және бақылау
дағдыларын дамыта алады. Lesson Study-дың бұл түрінде мұғалімдер өздерінің зерт-
теу тақырыбын таңдай алады, бірақ бірыңғай тақырыпты беру оларға көбірек пайда
келтіреді. Lesson Study-дың бұл түрінде әрбір мұғалім жылына бір зерттеу сабағын
өткізіп, бірақ бақылау процесіне көбірек назар аударады.
Жақсы бақылау дағдылары бар мұғалім студенттерді де жақсы бақылай алады.
Әдетте, мұғалімдер сабақты бақылаған кезде, студенттерді емес, мұғалімге көбірек
назар аударады. Мұғалімдер өздерінің бақылау дағдыларын дамытуда студенттерді
көбірек назар аударуға үйретуі керек.
Сыныпта әртүрлі студенттер бар. Олар талантты, дарынды,
сонымен қатар
сабақты нашар оқитын болуы мүмкін. Мұғалім оқушылардың бәрін оқытуға дайын
болуы керек. Оны жүзеге асыру үшін мұғалім оқушылардың сабақты қалай оқып,
ұғатынын бақылау керек.
Lesson study мұғалімдерге өздерінің ұғымдары мен түсініктерін тексерту-
ге ынталандырады, мұғалімдер арасында диалогты туындатады,
әріптестік және
кәсіби даму мәдениетін дамытып, мұғалімдердің назарын оқушылар қажеттілігіне
аудартады. Сонымен қатар, мұғалімдер оқы жоспары жөнінде тереңірек түсінік
алады.