Лекция Тақырыбы: Lesson Study қолдану Лекция жоспары: Lesson Study әдісі Lesson Study әдісінің тиімділігі Lesson Study жүргізу кезеңдері Лекция мақсаты



бет1/2
Дата18.10.2023
өлшемі24,09 Kb.
#118831
түріЛекция
  1   2

5 Лекция Тақырыбы: Lesson Study қолдану
Лекция жоспары:

  1. Lesson StudyLesson Study әдісі

  2. Lesson Study әдісінің тиімділігі

  3. Lesson Study жүргізу кезеңдері

Лекция мақсаты:
Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Studyді ұсыну. Практиканы жетілдіру құралы ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсету.
Lesson Study-мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілін 70 жыл бұрын қолданыла бастаған.
Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұүғалімдер тобы қатысады. Lesson Study цикілін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Studyөткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады.
Батыста Lesson Study амаерикалық зерттеушілер жапаон мұғалімдерінің жалпы педагогика саласында да, сондай-ақ АҚШ-тың оқушыларымен салыстырғанда жапон оқушыларының білім деңгейлері анағұрлым жоғары болуын қамтамасыз ететін белгілі бір пәнді оқыту саласында да білімдері жоғары екендігін дәлелдегеннен кейін осы ғасырда ғана танымал бола бастады ( Stigler and Hiebert, 1999; ТІМSS, 1999).
Қазіргі уақытта Шығыс Азияда Lesson Study Жапонимен қоса, Сингапурде, Гонконг пен Қытайда қолданады. Бұл тәсіл сонымен қатар батыс елдерде де, соның ішінде АҚШ-та, Ұлыбританияда, Швецияда және Канадада қолданылуда. Lesson Study бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданады.
Lesson Study өткізу барысында топта (немесе жұппен) жұмыс істейтін мұғалімдер:

  • Өздері күнделікті жинаған материялдары мен жүйелі бағалау деректерін оқушылардың даму мен оқу басымдықтарын белгілеу үшін қолданады.

  • Алдағы уақытта әзірленетін немесе жетілдіретін, белгіленген міндеттерге жауап беретін оқыту әдістемесін бірлесіп анықтайды.

  • Үш «бақылаудағы оқушыны» анықтайды, олар әрқайсысы сыныптағы белгілі бір топтың өкілі болуы қажет, мысалы, оқу үлгерімнің деңгейі жоғары, орта, төмен оқушылардан.

  • Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді.

  • Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып, Lesson Study өткізеді және оны қадағалайды. Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы қайталанып, жетілдірілуі мүмкін. Бақылауды барлық Lesson Study кезінде жүргізу мүмкін емес.

  • Бақылаудағы оқушылардың Lesson Study туралы ойларын білу үшін олармен сұхбаттасады.

  • Lesson Study-ді талқылайды.

  • Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен жетістіктерін, оқуда көрсететін нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін пайдалану мақсатында Lesson Study-ге талдау жүргізеді.

  • Мектеп мұғалімдеріне таныстырылым жасау немесе коучинг өткізу арқылы Lesson Study тәсілін қолдану нәтижелерін көпшілік қауымға ұсынады.

Осы аталған әрбір кезең бойынша толық ұсыныстар кітапшаның тиісті тарауларында көрсетілген, олар авторлардың англия мен шетелдердегі мектептер мен колледждерде Lesson Study тәсілінің қолданылуы жөніндегі білімдеріне негізделген.
Табысты мұғалімдер көбінесе сыныпта болып жатқанның біразына, кейде тіпті көпшілігіне мән бермейді. Бұл-кемшілік емес! Бұл-оларға табысты болуға көметескен үдерістердің нәтижесі.
Толығырақ тоқталайық. Сынып дегеніміз- кәсіпқойларға қызмет етуге тура келетін барынша күрделі жұмыс жағдайлары: шамамен бір сағатқа жуық уақыт ішінде сабақта жұмыс істеп отырған 30 және оданда көп оқушы үлкен көлемді ақпарат өндіреді. Бұл ақпараттың мұғалімге жетуінің жылдамдығы да үлкен, соның салдарынан сабақ, жапондықтар айтқандай, ағыны қатты өзен сияқты болып шығады. (Lewis, 1999).
Зерттеушілер мұғалімдердің ақпараттың осы ағынын және оның жылдамдығын қалай игеретінін бақылаған. Рэгг және басқалар (1996) анықтағандай, мұғалімдер бірінші үш жылда барлық қиындықтан өтіп, жақсы педагог болып қалыптасады, себебі өздері үшін проблема болып табылатын оқу жағдайын басқарудың жаңа тәсілін тапқанда олар бұл тәсілді осыған ұқсас жағдайларда үнемі қолдануға болатын белгілі бір оңтайлы нысанға айналдырып алады да, реті келгенде қолданып отырады. Осындай жағдайларда тәжірибелік білім мұғалімнің саналы түрде істеп тұрғанын растай алмайды, бұл болжамды (немесе жасырын) білім болып табылады, яғни біздің велосипед тебу туралы біліміміз смяқты: ондай білімнің бар екені қажет болғанда ғана білінеді, бірақ оны сөзбен жеткізу өте қиын.
Мәселен, тәжірибелік білімдірді егжей-тегжейіне дейін жазылып, басқаларға беріліп, кейіннен қайта орындалатын хирургтардан айырмашылығы, мұғалімнің тәжірибелік білім өзінде қалады, себебі ол тәжірибе кезінде қалыптасады, оның үстіне иесі әдетте оның бар екенін біле де бермейді. Мұғалімдер өз сыныбында автономды түрде «жеке маман» ретінде жұмыс істейтіндіктен, басқа мұғалімдерде әріптесінің «болжамды» білімін тәжірибеде көруге мүмкіндік бола бермейды. Ал мұғалімнің жұмысын басқа маман бақылаған кезде оның жұмысының нәтижелілігі бағаланатын болғандықтан, ол сол баға мен пікірдің үдесінен шығуға тырысып, өзінің «жасырын» білімдерін көрсетуге ұмтылмайды, яғни тәуекелге бармауды жөн көріп, «қауіпсіз» оқытуды көрсетеді.
Сансыз субьектілерге қарағанда адамдар көп көлемді ақпаратты «сүзгіден» өткаізу арқылы игереді. Мысалы, нақты «еститін» дыбыстардың ішінен біз олардың аздаған бөлігіне ғана мән береміз, өзімізді сырттан келетін ақпараттан қорғап, тек маңыздысына немесе оқыстарына ғана көңіл аударыпүйренгенбіз. Мұндай сүзгілеу тетіктері бізге өз мақсатымызға жету үшін қолдануды маңызды деп санайтын мәселелерге ғана көңіл аударуға мүмкіндік береді. Сыныпта да дәл смолай: қомақты сыртқы оқиғалар мен ақпаратты елемей, белгілі бір сәтте болған маңызды нәрселерді ғана ескереміз. Біз маңызды деп санаған ақпаратты лезде меңгеріп, бірден өзімізге ыңғайлы түрде сақтап аламыз, бұл күрделі әрі жылдам сабақ жағдайында біз басымдылық берген басқа маңызды нәрселерді өңдеу үшін жұмыс жадымызды бос ұстауға мүмкіндік береді.
Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседеі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған әріптестеріміздің көзімен де қарастыпамыз, соның нәтижесінде біз Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім ретәінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады.
Lesson Study тәсілін пайдаланатын көптеген адамдардың айтуынша, зеоттелетін жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез-құлықтарына назар аударып, сол арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз оқушыларымыздың әрбіреуін анағұрлым жақсы тани бастаймыз. Демек, мықты және нашар оқушылардың аралығында «орташа» сыныпты оқытуға қарағанда, Lesson Study мұғалімге өз жұмысын болмашы ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, барлығынан хабардар болып, өмір бойғы тәжірибесінде әрбір оқушының қажеттілігін ескеріп отыруға мүмкіндік береді,
Менің зерттеуім (Dudley 2011b) Lesson Study-дің рефлексивті , қайталамалы және бірлескен тәжірибесі күрделі оқу ақпаратын іріктей алатын тәжірибелі ұстазға екінші дәрежелі ақпаратты елеп тастап, тек қажеттісін ғана іріктеп алуға көмектесетіндігін көрсетіп отыр. Бұл оқу ақпаратының қадағаланатын оқуға тікелей қатысты бөлігін ғана басқаруды қамтамасыз етеді, басқа жағдайда ақпарттың дәл осы бөліктері қажетсіз болар еді. Lesson Study мұғалімдерге олардың өмір бойғы тәжірибесі тек жоғарыда аталған сүзгіні іске қосқанда ғана жетістікке жету мүмкін болады дейтіндігіне қарамастан, оларға осы сүзгіні өшіріп тастауға үйренуге көмектеседі.
Lesson Study тәсілі тиімді, себебі ол мұғалімдерге:

  • әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге:

  • мұғалімнің пікірі бойынша баларды оқыту барыында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге;

  • оқытуды нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге;

  • Lesson Study-ді басты мақсаты білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын мұғаліммдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асыруға;

  • Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға көмектеседі.

Ұсынылатиын іс-әрекеттер
Мектепте жаңа кәсіби оқыту әдісін енгізу ұнайтын бір топ мұғалімді іріктеп алыңыз (үш адам болғаны қолайлы болмақ). Бұл топтың құрамында басшылық өкілі мен бай тәжірибесі бар мұғалім қатысса, Lesson Study тиімді болады.
Күтілетін нәтижелерді анықтап, топ мүшелерінде өздерін сырттан қатаң бақылауға алыңғандай сезім тудырмай, кідірместен «тәуекелге бел бууға» мүмкіндік беретін негізгі ережелерді белгілеу мақсатында мәжіліс өткізіңіңз. Lesson Study барысында топтың барлық мүшелерінің кәсіби білім алушы ретінде мәртебесі тең болады.
Белгілі бір мектептің, сыныптың немесе белгілі бір жас мөлшеріндегі топтың қажеттіліктері негізінде қаралатын мәселені белгілеп алыңыз, мысалы: топтық жұмыс арқылы оқыту үшін пікірталасты қолдану Түсініктемелер «Бұл сыныпта болып жатқан нәрселерге басқаша қарауыма мүмкіндік береді».
Сабақтарды жоспарлауда, бақылауда және талдауда Lesson Study-дің жалпы нысандарын пайдаланамыз.
Бірінші Lesson Study-ді жоспарлау үшін мұғалімдерге арнайы уақыт бөліңіз (кем дегенде 1 сағат).
Lesson Study кезінде олардың уақытын бағалаңыз және Lesson Study аяқталғаннан кейін бірден немес көп уақыт өткізбей талқылау жүргізуді қаматамасыз етіңіз.
Жұмыс барысына белсенді түрде қызығушылық танытыңыз.
Lesson Study-ді жүргшізетін топқа өз нәтижелерін әріптестеріне көрсетулері үшін арнай мүмкіндік ұсыныңыз (педагогикалық кеңес, коучинг және т.б).
Топтың бұл мүшелерін келесі Lesson Study-ді өткізу үшін жаңа топты ұйымдастыруда педагогикалық ұжымның көшбасшылары ретінде пайдаланыңыз.
Lesson Study-де күтілетін нәтиже:

  • Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерыін мұқият зерттейді.

  • Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып, Lesson Study өткізеді және оны қадағалайды. Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы қайталанып, жетілдірілуі мүмкін. Бақылауды барлық Lesson Study кезінде жүргізуге міндетті емес.

  • Бақылаудағы оқушылардың Lesson Study туралы ойларын білу үшін олармен сұхбаттасады.

  • Lesson Study-ді талқылайды.

  • Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен жетістіктерін, оқуда көрсететін нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін пайдалану мақсатында Lesson Study-ге талдау жүргізеді.

Lesson Study-ді қолданудағы кеңес:

  • Белгілі бір мектептің, сыныптың немесе белгілі бір жас мөлшеріндегі топтың қажеттіліктері негізінде қаралатын мәселені белгілеп алыңыз, мысалы: топтық жұмыс арқылы оқыту үшін пікірталасты қолдану қағидаттары.

  • Сабақтарды жоспарлауда, бақылауда және талдауда Lesson Study-дің жалпы нысандарын пайдаланыңыз.

  • Бірінші Lesson Study-ді жоспарлау үшін мұғалімдерге арнайы уақыт бөліңіз (кем дегенде бір сағат).

Lesson Study-дің аяқталауы:

  • Lesson Study кезінде олардың уакқытын бағалаңыз және Lesson Study аяқталғаннан кейін бірден немесе көп уақыт өткізбей талқылау жүргізуді қамтамасыз етіңіз. Жұмыс барысында белсенді түрде қызығушылық танытыңыз.

  • Lesson Study-ді жүргізетін топқа өз нәтижелерін әріптестеріне көрсетулері үшін арнайы мүмкіндік ұсыныңыз (педагогикалық кеңес, коучинг және т.б).

  • Топтың бұл мүшелерін келесі Lesson Study-ді өткізу үшін жаңа топты ұйымдастыруда педагогикалық ұжымның көшбасшылары ретінде пайдаланыңыз.

Қорыта айтқанда, қай кезде де мұғалім білім мекемелерінде негізгі тұлға болып қала береді, себебі оқушыға білімді өз бетімен үйренуі үшін жетекшілік қызметін атқарады. Мұғалім тек қана өз шәкірттеріне ғана емес, жан-жақты, білімді, заман ағымына сай жаңашыл ұстаз болса, өз идеяларымен, ой-мақсаттарымен өз әріптестері үшін соңынан ілестірер көшбасшыларына айналады. Lesson Study-оқушыларға саналы білім берудің көздеген бір мақсатқа жұмсалған ұстаздар шеберханасы десек те артық етпейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет