Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет14/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
32
дүниеге көзқарас тұрғысынан бағалау құбылысы жататын болжау схема-
сын, моделін белсенді түрде пайдаланады. 
Гуманитарлық ізденістің жетекші әдістері – герменевтиканың пәні бо-
лып табылатын әртүрлі деңгейдегі мәтіндердің мағынасын және тиістілігін 
зерт тейтін түсінік, интерпретация. Гуманитарлық білімнің таным са па-
сының өлшемі – адамның мүмкіндігін өзгерту және жаңғырту. 
Бұл әдіснаманың ерекшелігін И.В. Шалыгина: «Дидактикалық зерт-
теу лердің гуманитарлық әдіснамасы дүниенің моделі мен оның авторлары 
айқындаған түсінікке, интерпретация мен педагогикалық модельдерді, тео-
рияларды, мәтіндердің тұтастығындай педагогикалық өзара әсерді бағалауға 
бағдарланған. Гуманитарлық педагогиканың негізгі категориялары: диа-
лог, белгі, интерпретация, дүниенің моделі, мағына, тұлғаның мағыналы ой 
аймағы, мәтін, хронотоп, авторлық, оқу үдерісіне қатысушылардың субъ-
ек тивтілігі, рефлексивтілік, білім тарихы, білім кеңістігі, білімдік оқиға-
жағ дай, білім траекториясы. Жаңа категорияларды енгізу дидактика тілін 
байытып қана қоймайды, сонымен қатар гуманитарлық сипатқа ие жаңа 
зерттеу мәселесін қоюға жағдай жасайды; бұл тіл білім берудегі тұлғалық-
бағдарлы, мәдени көзқарасты дәл сипаттауға мүмкіндік береді», – деп 
нақтылайды.
Қазіргі заманғы дидактиканы талдау әртүрлі бағыттағы әдіснамаларды 
са лыстыра отырып, тепе-тең қолдану қажеттігін дәлелдейді. Дәстүрлі 
зерттеулерді, ғылыми құрылымдағы инженерлік-технологиялық тәсілдерді, 
мәдени құндылықтарды қолдануды белсендіретін гуманитарлық әдістің 
әлеуетіне сүйенуді бір мезгілде дамыту мүмкіндігі бар. Білім берудің ал-
дында тұрған әлеуметтік бағыттағы міндеттерді орындау білім берудің 
құзыреттілік секілді стратегиясының қажет екенін дәлелдейді. Оның мәні 
– білім беруге басымдық беруден білімді тез және әртарапты меңгеруді, 
практикалық мәселелерді шешуде тез шешім қабылдап, игеруге ықпал 
ететін, сыни ойлау мен әдістерді таңдаудың оңтайлы түрлерін қолдану 
құралы болып табылатын құзырет пен құзыреттілікті қалыптастыруға 
басымдық беруге көшіру.
Үнемі кеңейіп отыратын ғылыми танымның логикасына сәйкес ғылыми 
зерттеулердің сапасын арттыратын, педагогикалық ақиқатқа оң ықпал 
ететін жаңа тәсілдер мен шешімдер пайда болып отыруы қажет.
Педагогика ғылымы және оның құрамдас бөлігі – дидактика адамның 
қалыптасуына, тәрбие үдерісіне өмір бойы сауатты да тиімді қолдауды қам-
тамасыз етіп отырады. Қазіргі білім беру жүйесі және педагогикалық қыз-
меттің қалыптасуының ғылыми базасы ретіндегі жаңа педагогикалық бі-
лімнің пайда болуы оның тәрбие мен білім беру саласында құндылықты-ма-
ғы налы сипат беретін философиялық негізіне назар аударуға мәжбүрлейді.
Қазіргі заманғы педагогикалық ізденістің стратегиялық бағдарын ай-
қын дайтын бірнеше әдіснамалық танымдарды атайық:


33
1.1. Ғылым және ғылыми-педагогикалық зерттеу
– ақпаратты дүниені танудың кеңістіктің базалық категорияларымен 
қатар маңызды құрауыш ретінде мойындау;
– уақыт пен материяны – берілу, өңдеу, өркениетті үдеріске ену 
жылдамдығы прогресс түсінігімен сәйкес келетін – энергия;
– тарихта алғаш рет ақыл-ой құралы болып табылатын, кәсіби қыз-
меттің қайта құрылуына ықпалды, адамзаттың тез қарқынды дамуына жағ-
дай жасайтын компьютерлердің әсері;
– адамдардың табиғатпен өзара ықпалдастығының, адам баласы био-
сфераның анықтаушы факторы, ноосфера стадиясының жеткен кезеңі бол-
ған кездегі ерекше сипатына сілтенген. Антропогендік ық палдың қор ша ған 
ортаға әсерінің күшеюі, бүкіл әлемге жасалып отыр ған тех но логия лық қы-
сым сауатты шешімін табуды қажет ететін ірі дағдарыс тардың: эко ло гия-
лық, демографиялық, саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени кезеңінің бас тал-
ғанын білдіреді;
– адамзат баласының ішкі ресурстар мен ақпараттық жүйе ре тін де 
сақталған, рефлексия мен білім беру саласындағы субъектінің шы ғар ма-
шылығын тірек ететін, өзін-өзі дамыту категориясына бағытталған ұжым-
дық ақыл-ой – гипертекске, плюрализм принциптері мен диалогты және по-
лилогты қолдануға зейін қоюы айқындалып отыр; 
– тұлғаның өзін-өзі айқындап және жүзеге асыру бағдарындағы си ер- 
гетика сияқты күрделі жүйенің идеясын өз бетінше ұйымдастыру тео рия-
сының идеясын нығайту;
– өткен дәуірдің эволюциялық және революциялық өзгерістерінен 
өзгеше қайта өрлеу жеке-арнайы берілген жылдамдығын қамтамасыз ететін 
өркениет дамуының инновациялық сипатына назар аударылады, соның ар-
қасында жаңалық қызықты, қоғамның талабына, қажетіне сай болады;
– сөзсіз алдын ала жорамалдауға емес, уақытында шешім қабылдау 
мақсатын қоя отырып жобалауға екпін түсірілді.
Аталған көзқарастар педагогикалық ғылымды білімгерлерді ғылыми 
жобалар жасап, өзінің білімі мен тәжірибесін саналы меңгеруге және олар-
ды бағалау мен жетілдіруге жеке күш салуға икемді етіп тәрбиелеуді мақсат 
тұтуға бағыттайды. Сөйтіп, бұл автордың инновациялық құндылықтармен, 
зерттеушілік білік-дағдыларымен қаруланған жеке көзқарасы мен әрекеті 
негізінде жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет