Кіріспе дәріс «Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны



Pdf көрінісі
бет27/64
Дата18.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#118767
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   64
Байланысты:
Негіздері-лекциялар

Өздік жұмыстарға қосымша дәріс. 
Жазудың адамзат мәдениетіндегі орны
Жазудың адамзат баласы тарихында алатын орны ерекше. Ол — біздің даму тарихымыздағы 
мәдениеттің ең жоғарғы көрсеткіші. Жазу адамдар арасындағы тілдік коммуникацияны қамтамасыз 
етеді. Жазу арқылы жақыннан тұрып та, алыстан тұрып та қарым-қатынас жасай беруге болады. 
Мақалада адамзат баласы тарихындағы алғашқы жазудың пайда болуы, болжаммен қалай 
шыққандығы, қалыптасуы мен даму тарихы, жазудың бізге белгілі түрлері, қоғамдық қызметі сөз 
болады. Әрбір жазудың — пиктографиялық, идеографиялық, буын және әріп жазуының қоғамдық 
қажеттілікті өтеудегі орны, бір жазудан екінші жазуға өту сатысы, бір-бірінен артықшылығы мен 
кемшілігі көрсетілген. Шамамен жазудың пайда болу мерзімі, қандай негізде шыққандығының 
себептері, яғни пайда болуына әсер еткен факторлар, оны алғаш қолданушылар, алғашқы жазудың 
формасы, оның уақыт өте келе эволюциялық жолмен жетілуі, бүгінгі күндегі қолданыста бар жазу 
түрлері мен белгілері сияқты мәселелер мақалада жан-жақты баяндалған. Жазудың (әріп жазуының) 
шығуына себеп болған алфавит мәселесі, финикий жазуындағы алғаш дыбыстар, түрлері, оның 
жетілуі, батыс және шығыс елдері алфавитінің шығуына себеп болған грек және арамей жазуы
жазуды зерттеу ілімі — графика мәселесí, орфография, транскрипция мен транслитерация 
мәселелерí де қарастырылған. 

Қарым қатынас жасаудың әлемде кең тараған түрі — жазу. Ол арқылы өз ойымызды түрлі 


белгілер арқылы таңбалап жеткіземіз. Адамның көру қабілеті арқылы қабылданып, ұзақ уақыт еске 
сақталады, ақпарат ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Сондықтан жазу — адамзат мәдениетí 
дамуының ең биік көрсеткіші. Жазудың қоғамдық мәнí, тілдің дамуына әсерí жайлы ғалым 
Қ.Күдеринова былай дейді: «Жазу — тілді жаңғыртудың, бекітудің құралы. Жүйесі мен құрылымы 
бар тілдік таңба жазуға түсіп, денотаттық тұрпатқа ие болғаннан кейін мәңгілік құндылыққа 
айналды. Өйткені жазу ауызша сөзді таңбалап қана қоймайды, адамның тіл туралы түсінігін 
кеңейтеді, тереңдетеді. Тілдің инвариантты, абстракті, күрделі құрылымдық деңгейге жетуіне әсер 
етеді. Соған сәйкес тілдегі синтаксистік құрылымдар, күрделі фразалық тұгастықтар жазудың 
негізінде пайда болды. Тілдің (әдеби тілдің) стильдік тармақтары сараланды, стиль нормаларының 
қалыптасуына әсер етті. Сөйтіп, жазу сөйлеуде елене бермейтін тілдің барлық қалтарыстарын 


31 
нақтылаудың негізінде тілдің сұрыпталып, нормаланған, електен өткен құрылымын ғана таңбалап, 
жазу нормасына сай сөйлемдер мен мәтíндердí тілдік жүйеге жатқызды» [1]. Жазу арқылы адамдар 
жақыннан да, алыста тұрып та еш қиындықсыз қарым-қатынасқа түсе береді. Адамзат баласының 
тілі ең әуелде ауызша түрде пайда болғандығын білеміз. Одан кейін заттар арқылы хабар берген. 
Мәселен, кеткен бағытын көрсету үшін ағаш бұталарын жолға тастау, аңға кеткендігін көрсету үшін 
садақтың оғын ағашқа қадап кету т.б., яғни ойды зат арқылы білдіріп отырған. Ой-санасы жетіліп, 
ауызекі тілде қарым-қатынас жасаудың тиімсіз бола бастаған тұсында жазу пайда болды. Алғашқы 
жазудың формасы қазіргі жазудағыдай емес, өте қарапайым әрǐ жабайы болды. 
Алғашқы жазудың құралдары саз-балшық, тас, ағаш қабықтары, ағаш көмірі, тері, мал сүйектері 
сияқты заттар болды. Біздің заманымызға тек осылардың тасқа қашалып сақталған кейбір түрлері 
ғана жеткен. 
Жазудың пайда болуына әсер еткен негізгі себептер мыналар: 

Күнделікті өмірде ауызша қарым-қатынас жасау тиімсіз бола бастады. Себебі ауызша 
жақыннан тұрып қана сөйлесе аласың, алыста тұрып қарым-қатынас жасау мүмкін болмады; 

Ақпаратты сақтап отыру қажеттілігі туындады. Қасыңда жоқ адамдарға белгілі бір хабарды, 
ақпаратты жеткізіп отыру қажет болды, мәселен, мен аңға кеттім немесе орманға кеттім 
деген сияқты. 

Адам эволюциясымен байланысты. Ақыл-ойы мен санасының өсуі шығармашылықтың 
пайда болуына әкеп соқты. Алғашқы жазудың түрі — пиктограмма әрі жазу, әрі сурет өнері 
ретінде синкретикалық байланыста болды. Бір-бірінен жазудың келесі түрлері пайда 
болғанда ажыратыла бастады. 
Адамзат баласы тарихында бізге белгілі жазудың 4 түрі бар: пиктографиялық жазу, идеографиялық 
жазу, буын жазуы және әріп жазуы. Енді осыларға жеке-жеке тоқталайық. 
1. Пиктографиялық жазу. Мұны кейде сурет жазуы деп те атайды. Латын тілінде «pictus» — боялған, 
сурет, grapho — жазамын» деген мағынаны білдіреді. Адамзат баласының тарихындағы ең алғашқы 
жазудың түрі. Шамамен пайда болу уақыты — неолит дәуірі. Ең алғаш полисинкретикалық тілдер 
(Америка үндістері, прокездер, ацтектер т.б.) қолданған. Бұл жазудың негізгі таңбалары 
пиктограммалар деп аталды. Пиктограмма — ол көбінесе нысанның, заттың немесе құбылыстың 
аса танымал белгілерін сызба түрінде көрсететін белгі. Мысалы Ерлер мен әйелдер бейнесінің 
сызбасы (Испания және Оңтүстік Франция үңгірлерінен табылған) Пиктографиялық жазу әуел баста 
сурет өнері ретінде пайда болып, қосымша коммуникацияның құралы ретінде де жұмсалды, яғни 
уақыт өте келе сурет өнерінен шартты түрде жиі қолданылуымен, белгілі бір мағынаға ие болуымен 
ажыратылды. Адамдар садақтың суретін салу ретінде әрі садақты, әрі аңға шығу деген ойды 
білдірген Пиктографиялық жазудың артықшылығы: қазіргі жазудың негізгі қайнар көзі болды; 
әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар қабылдай алды. 
Кемшілігі: 1) жазудың ең алғашқы әрі жабайы түрі болғандықтан алғашқы ойды барлық адам бірдей 
түсіне алмады (ағаштың суреті ағаш па, жоқ әлде мен орманға кеттім бе т.с.с. түсініксіз болды); 2) 
ойды бөлшектеп бере алмады (жанды дегенді адамның не жануардың, затты садақтың немесе 
қайықтың суретімен беру); 3) дыбысқа негізделмеді (сурет болғаннан кейін); 4) сурет өнерінен 
ажыратылмады (әуел баста әрі сурет, әрі жазу қызметін атқарды). 
Қазіргі кезде өмірімізде пиктографиялық жазу қолданылмайды, бірақ белгілерін күнделікті өмірде 
кездестіреміз. Олар: жолда жүру ережелері, әртүрлі шартты белгілер т.б. 
Пиктографиялық жазу сол уақыттағы адамдардың қажеттілігін өтей алмай, дамудың келесі 
сатысына өтті. Ол идеографиялық жазу болды. 
2. Идеографиялық жазу. Грек тілінде «idea — ой, бейне, grapho — жазу» деген мағынаны білдіреді. 
Негізгі таңбалары — идеограммалар. Кейде мұны логографиялық жазу (лат. logos — сөз, gramma 
— жазу таңбасы, сурет, әріп) деп те атайды, таңбалары — логограммалар. Бұл жазу пиктографиялық 
жазудың жетілген түрі болды. Пайда болу уақыты — мемлекеттің пайда болу, яғни құл иелену 
дәуірі, б.з.д. үш мың жылдықтың басы. 
Алдыңғы жазудан басты ерекшелігі пиктограмма тұтас бір ойды, сөйлемді білдірсе, идеограммалар 
жекелеген сөзді немесе белгілі бір морфемаларды білдірді, бірақ дыбысқа негізделмеді. Мысалы, 
пиктографиялық жазуда «садақ» таңбасы «аң аулау немесе соғысу» деген ойды берсе
идеографиялық жазуда бұл сөз «садақ» деген мағынаны ғана білдірді, яғни әрбір идеограмма бір 
сөзді немесе морфеманы таңбалады. Бұл жазуды ең әуелі ежелгі египеттіктер мен шумерлер 
қолданған, кейін қытайлықтар дамытты. Бұл жазудағы әрбір идеограмма айналадағы заттар мен 


32 
құбылыстардың белгілеріне ұқсата отырып таңбалаумен ерекшеленді. Идеографиялық жазудың 
негізінде иероглифтер пайда болды. Алғашқыда заттың не құбылыстың кескінін білдірген белгілер 
кейін соның шартты таңбасына айналды. Олар алғашында бірдей таңбаланғанымен, әртүрлі тілдер 
мен диалектілерде басқаша дыбысталды. Мәселен, 1, 2, 3 сандары немесе +, — таңбалары бірдей 
қабылданғанымен, әр тілде түрліше дыбысталатыны сияқты. Қазіргі қытай жазуы алғашқы 
сипатынан көп ерекшеленеді, мұнда осы жазудың жетілген түрі морфема-логографиялық жазу 
қолданылады. Мұны кейде морфемограммалар деп атайды. Яғни таңбалар тұтас сөзді емес, сөздің 
құрамындағы жеке морфемаларды белгілейді [2; 555]. Мысалы, бір буынды сөздер көп буынды 
сөздердің морфемаларына айналған. Қытай жазуы иероглифтер мен қосымша мағынаны және 
дыбыстық белгілерді білдіретін таңбалардан тұрады. Яғни бұлар идеографиялық иероглифтер және 
фонетикалық иероглифтер болып бөлінеді. Біріншісі синонимдерді белгілеу үшін қолданылса, 
екіншісі омонимдерді белгілеу үшін жұмсалады. Бұл екі түрі де сөздердің мағынасын дәлме-дәл 
беру үшін тіркесіп келе береді 
Идеографиялық жазудың артықшылықтары: бір сөзбен бір ұғымды берді, нақты бір мағынаны 
беруді көздеді; сонымен қатар морфемаларды да таңбалауға тырысты. 
Кемшілігі, сөздерді дыбыстарға бөліп ажыратып бере алмады; оқуда, түсінуде қиындықтар 
тудырды. 
Бұл жазу көбіне ақпаратты дыбысқа негіздей отырып дәлме-дәл беруде қиындықтар тудырды да, 
кейін буын және дыбыстық жазудың пайда болуына әкелді. 
3. Буын жазуы. Аты айтып тұрғандай, буын жазуында таңба әрбір буынды белгілейді. Бұл жазуды 
кейде силлабикалық (грек тілінен аударғанда «буын» дегенді білдіреді) жазу деп те атайды. Буын 
жазуында дауысты және дауыссыз дыбыстар тіркесіп келеді. Пайда болу мерзімі — б.з.д. үш мың 
жылдықтың бас кезеңі. Бұған ертедегі шумер, ассирия-вавилон, жапон, корей, үнді, араб жазулары 
жатады. 
Буын таңбалары әуелде бір буынды сөздерді белгілеген идеограммалардан жасалған. Буын жазуын 
таңбаларының фонетикалық мағынасы жағынан үш түрге бөліп қарауға болады: 

ассиро-вавилон, элам, урарт, сына, майя, дыбыстық корей жазуы. Жазудың бұл жүйелерінде 
таңбалар кез келген буынды, буынның мына түрлерін белгілейтін болған А (дауысты) + С 
(дауыссыз), С+А, С+А+С; майя жазуында сөз соңындағы дауыссыздарды да белгілеген; 

крит-микен, кипр, Эфиопия және жапон буын жазулары. Мұнда таңбалар тек дара 
дауыстыларды және дауыссыздардың тіркесі мен белгілі бір дауыстының қосындысын 
белгілейді; 

үнді жазуының әртүрлі жүйелері (кхарошти, брахми, т.б.). Бұларда таңбалар жеке-дара 
дауыстыларды («а»), дауыссыз бен дауыстының қосындысын («ка») белгілейді. Жазудың 
буын жүйесі шығу тегі жағынан да үш топқа бөлінеді: а) логографиялық жазудың даму 
барысында жасалған крит, майя, кипр буын жазулары; ә) Эфиопия, үнді (брахми, кхарошти, 
т.б.) буын жазулары; б) жапон буын жазуы мен лигатуралы-дыбыстық жазу жүйесі (корейлік 
кунмун). Буын жазуы оқытуға, үйренуге, қолдануға ыңғайлы болды. Себебі таңбалардың 
саны аз, ықшам еді (35–40-тан бастап 200-ге дейін жетеді). Буын жазуы сөзді, тілді, әсíресе, 
оның фонетикалық дыбысталуын (фонетикалық транскрипцияға жақын) дәл көрсетуге әрí 
сөздің грамматикалық формаларын беруге қолайлы [2; 561]. 
Қазіргі уақытта бұл жазу түрі бенгал, кхмер, гуджарати, деванагари, телугу, Эфиопия жазуларында 
қолданылады. Сонымен қатар, ритуалдық және діни мақсаттарда қолданылатындары да бар: 
ранджана, сиддхам, тагаль, грантха, батак т.б. жазулары. 
Әріп жазуы. Адамзат баласының тарихындағы ең қолайлы жазу әрíп жазуы болды. Себебі әрбíр сөз 
дыбыстық жағын дәл бере алатын әрíптерден құралды және грамматикалық формаларды дәл беруде 
өте икемді болды. Мысалы, «қазақ» (qazaq) дейтін болсақ, қ+а+з+а+қ. Бұл әрíптер бір немесе 
бірнеше фонеманы білдірді. Тілде олардың көбінің саны небәрí 20–45-тен аспайды. Бұл адамзат 
мәдениетíндегí жазудың ең жетілген түрі болып есептеледі. Шамамен таза дауыссыз дыбыстық 
жазудың пайда болу мерзімі — б.з.д. екі мың жылдықтың орта кезеңі, ал дауысты дыбыстық 
жазудың пайда болу уақыты — б.з.д. бір мың жылдықтың бас кезеңі. Ең алғашқы әрíп жазуы — 
финикий жазуы. Мұнда 22 таңба болған. Әрқайсысы жеке дыбысты таңбалаған. 
Бұл жазу оңнан солға жазылды. Пайда болған уақытын ғалымдар б.з.д. XV ғ. дейді. Алайда осы 
жазумен жазылған кейбір ежелгі ескерткіштердің уақыты б.з.д. XVIII ғ. меңзейді. Ерекшелігі бұл 


33 
жазу әуел баста таза дауыссыз дыбыстардан тұрды. Бұған семит тобына жататын тілдердің жазуы 
жатады: қазір қолданылмайтын финикий, ең көне еврей жазуы, арамей, оңтүстік араб жазуы т.б. 
Әріп жазуында дауысты дыбыстардың пайда болуы б.з.д. ІХ ғ. грек алфавитінен басталады. Грек 
әліпбиі финикийдің негізінде пайда болды. Бұл кезеңде жазу солдан оңға көшті. Шығыс елдерінің 
әліпбиі арамейден, ал батыс елдерінікі грек жазуынан бастау алады. Арамей жазуынан семит 
тілдері, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің, еврей әліпбиі, еирия, моңғол, араб, орхон-
енисей, армян, грузин жазулары, грек жазуынан латын, кириллица жазулары, келіп шыққан. Бүгінгі 
уақытта әлемнің 90 пайыздан астамы осы әрîп жазуын қолданады. 
Енді жазуға қатысты кейбір ұғымдарға қысқаша түсініктеме бере кетейік. 
Әліпби
(алфавит — гр.т. alphabetos деген алғашқы әріптерîнен алынған) — жазу жүйесіндегі 
таңбалардың стандартты жиынтығы; әлîпбиде қабылданған әрштердщ реті. Біз жоғарыда ең 
алғашқыда тек дауыссыз дыбыстардың болғандығын айттық. Уақыт өте келе дауыссыз 
дыбыстардың негізінде дауысты дыбыстар пайда болып, қажеттілікке байланысты әрîптермен 
шартты түрде таңбалана бастады. Әрбîр әлîпби жүйесіндегі әрштердщ өзіндік атаулары бар. Ол 
түрлі тілде түрліше дыбысталады. Әрштердщ әлîпбиде бірдей болуы тілдердің туыстық белгілеріне 
байланысты сақталады. Тіл білімінде әлшбидщ пайда болуына, шығуына қатысты бірнеше болжам 
теория бар: египет теориясы, крит теориясы, синай теориясы, еврей-эллинистикалық теория т.б. 
Графика
(гр. т. grapho — жазу) — тіл білімінде жазуды зерттейтін ілім. Графика жазудың түрлерін, 
оның тарихын, қалыптасуы мен даму барысын қарастырады. Ол палеография, эпиграфика, 
каллиграфия деген ұғымдармен түсіндіріледі. Палеография ежелгі ескерткіштердегі жазу мәселесîн 
қарастырады. Жазба мәтîндердщ әрîптîк белгілерін, уақытын, мерзімін, дұрыс жазылу тәртîбîн 
(сөздердің бірге/бөлек жазылуы, жазбада қысқарған сөздердің дұрыс оқылуы), жазба материалын, 
бояуын зерттейді. Эпиграфия қатты материалдардағы (тас, керамика, металл т.б.) жазулардың 
мазмұны мен формаларын зерттесе, каллиграфия әдемî жазу өнері дегенді білдіреді, яғни әрбîр 
әрîпке рең беру, өзгеше қылып жазу деген сияқты мәселелермен айналысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет