Кіріспе дәріс «Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны



Pdf көрінісі
бет41/64
Дата18.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#118767
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   64
Байланысты:
Негіздері-лекциялар

Әдебиеттер
1.
Оспанов Е. Т. Академиялық жазылым: жоғары оқу орынд. студент. арн. оқу құралы - 
Алматы : Экономика, 2018 . - 120 бет. 
2.
Оспанов Е.Т.Академиялық жазылым: шағын эссе мен шағын зерттеу жұмыстарын жазу. А. 
2019. -164 б. 
3.
Короткина И. Академическое письмо. Учебно-методическое пособие для руководителей 
школ и специалистов образования. М., 2011 
4.
Кувшинская Ю.М., Зевахина Н.А., Ахапкина, Я. Э. Гордиенко Е. И. Академическое письмо. 
От исследования к тексту: учебник и практикум для академического бакалавриата /под ред. 
Ю.М.Кувшинской. - М.: Издательство Юрайт, 2019. - 284 с. - (Серия : Бакалавр. 
Академический курс). 
5.
Интернет –ресурстардың мәліметтер базасы
6.
1. Fundamental of Research Methodology and Data Collection.
7.
https://www.researchgate.net/publication/303381524_Fundamentals_of_research_methodology_a
nd_data_collection?enrichId=rgreq-202b7179fb6da1fc69be9820f888b36e-
XXX&enrichSource=Y292ZXJQYWdlOzMwMzM4MTUyNDtBUzozNjM4NDU4NTcxMDM4
NzNAMTQ2Mzc1OTAyMDk2MQ%3D%3D&el=1_x_3&_esc=publicationCoverPdf 
Дәріс. Ғылыми аргументация. Ғылыми аргументация негіздері. Ғылыми мәліметтерді 
өңдеу мен интерпретациялау. Аргументация түрлері. 
Ғылыми мәтіндер объектіні, құбылысты, білім жүйесін сипаттау мақсатында жазылады. 
Ғылыми мәтін - бұл ғылыми зерттеу нәтижесінің өзіне тән ерекшеліктері бар бір бөлігі. Ғылыми 
мәтінді жазу үрдісі екі кезеңнен тұрады: бірінші кезең - зерттеу, ал екінші кезең - дәлелдеу 
(нәтижелер мен қорытынды ұсыну). Негізгі кезеңі - зерттеу кезеңіне төмендегілер кіреді: 
- біріншіден, мәселені анықтау және тұжырымдау; зерттеудің түпкі мақсаты мен міндеттерін 
анықтау; зерттеу тақырыбын алдын ала тұжырымдау; 
- екіншіден, қажетті зерттеу тақырыбына сай қолжетімді әдебиеттерді саралау және талдау; 
негізгі түсініктер мен талқыланбаған проблемалық сұрақтарды анықтау, өзіндік зерттеу 
тақырыбын нақтылау; 
- үшіншіден, зерттеу тұжырымдамасын құру, нақты материалды сұрыптау, идея мен пікірді 
дәлелдеу, күрделі мәселелерді шешудің өзіндік жолдары, аргументтерге сын тұрғысынан қарау, 
жаңа мәселелерді анықтау, нәтижелерді қорытындылау. 
Осылайша, ғылыми жұмыстың зерттеу бөлімі пікірталастың негізгі кезеңдеріне немесе сыни 
талқылау кезеңдеріне сәйкес келеді: түрлі пікірлерді анықтау; көзқарасын білдіру; аргумент - 
өзіндік көзқарасты жақтау және қарама -қарсы пікірді сынау; нәтижелерді бағалау: 
келіспеушілік жойылды ма, көзқарастар қаншалықты дәлелді, т.б. анықтау. 
Аргументтерді келтіре отырып, зерттеуші, оның аргументациясы зерттеу тақырыбына сай 
ғылыми, яғни, ғылыми мақалаларда, монографияларда, ғылыми конференцияларда орын алған 
пікірталастың бір бөлігі екендігін ескергені жөн. Сәйкесінше, ол өзінің жеке көзқарасын 
негіздеп қана қоймай, сонымен қатар, аудиторияны, яғни, мәтін оқырмандарын сендіре де алуы 
қажет. Осыны ескере отырып, ол екінші кезеңге өтеді: аргумент ұсыну (презентация), яғни, 
жазбаша мәтінді құру. 
Сөйлеудің ғылыми стиліне қойылатын негізгі талаптар: айқындық, жүйелілік, қысқаша 
баяндау, дәлдік пен объективтілік. Ғылыми мәтінде авторды субъективті бағалаудан аулақ болу 
керек, 
мұндай 
мәтін 
шығарманың 
эмоциясыздығымен, 
көркемдік 
құралдардың 
жеткіліксіздігімен сипатталады (образдар, метафоралар, салыстырулар және т.б.). 


50 
Ғылыми мәтін құрастыру барысында мәтін құраудың арнайы әдістері мен құралдары 
қолданылады: нақты композициялық құрылым, бөліктердің логикалық үйлесімділігі, негізгі 
ережелер мен тұжырымдардың күшейтілген екпіні. 
Ғылым 
саласындағы жазбаша аргументтердің негізгі түрлері - монографиялар, 
диссертациялар және ғылыми мақалалар. Көлемді зерттеулерде, яғни диссертациялар мен 
монографияларды таныстыруда ұтымды презентация жасау, алдын-ала дайындалған егжей -
тегжейлі жоспарсыз жүзеге аспайды. Жоспардың негізгі құрылымдық элементтері: тақырып 
атауы, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. 
Монографиялар мен диссертацияларда негізгі материалды ұсыну барысында бөлімдерге, 
тарауларға, абзацтарға бөлу маңызды. Сонымен қатар, әрбір тараулар мен бөлімдердің өзара 
байланысы сақтала отырып, олардың әрқайсысы жұмыстың салыстырмалы түрде дербес 
бөліктері ретінде қарастырылады. Сондықтан кіріспе, негізгі бөлім мен қорытынды секілді 
тарауларды қамтиды. Мәтінді абзацтарға бөлуге ерекше назар аудару керек: абзацқа бөлу 
мәтіннің семантикалық бөліктер жүйесі ретінде қарастырылатындығының дәлелі. Мағыналық 
тұрғыдан маңызды элементтер абзац ішінде қызыл сызықпен, сызықша көмегімен және т.б. 
тәсілдер арқылы белгіленеді. 
Қорытындыда орындалған жұмыстың нәтижесі көрсетіледі, қорытынды жасалып, 
практикалық ұсыныстар жасалады. 
Ғылыми мәтіндерде, сондай –ақ, библиографиялық анықтамалар мен сілтемелерде 
дәйексөздің рөлі маңызды - ол мәтіндегі қосымша аргументтер қызметін атқарады. 
Дәйексөздерді қолдану мәтінді берілген тақырыпқа арналған еңбектердің көлемдірек ғылыми 
контекстіне енгізуге, жұмыстағы байланысты байқауға, сонымен қатар зерттеудің жаңашылдық 
деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. 
Ғылыми стильдің ерекшеліктерін көрсететін көрнекі құралдар - бұл материалды неғұрлым 
ықшам, әрі көркем формада ұсынуға көмектесетін кестелер, графиктер, фигуралар. 
Ғылыми аргументтеудің арнайы жанрлары - аннотация, рефераттар мен шолулар. Оларды 
қосалқы мәтіндер немесе мәтіннің үстіндегі мәтін деп атауға болады. Олар мақалалар, 
монографиялар, диссертациялар сияқты қолданыстағы түпнұсқа мәтіндер негізінде әзірленеді, 
яғни, оларды қысқаша сипаттау (аннотация), егжей-тегжейлі сипаттау мен талдау (реферат) 
немесе кез-келген мәтіннің немесе мәтіндер топтамасының маңыздылығын бағалау (пікір, 
рецензия) түрінде беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет