Әдебиеттер:
1.
Оспанов Е. Т. Академиялық жазылым: жоғары оқу орынд. студент. арн. оқу құралы -
Алматы : Экономика, 2018 . - 120 бет.
2.
Оспанов Е.Т.Академиялық жазылым: шағын эссе мен шағын зерттеу жұмыстарын жазу. А.
2019. -164 б.
3.
Короткина И. Академическое письмо. Учебно-методическое пособие для руководителей
школ и специалистов образования. М., 2011
4.
Кувшинская Ю.М., Зевахина Н.А., Ахапкина, Я. Э. Гордиенко Е. И. Академическое письмо.
От исследования к тексту: учебник и практикум для академического бакалавриата /под ред.
Ю.М.Кувшинской. - М.: Издательство Юрайт, 2019. - 284 с. - (Серия : Бакалавр.
Академический курс).
5.
Интернет –ресурстардың мәліметтер базасы
6.
1. Fundamental of Research Methodology and Data Collection.
7.
https://www.researchgate.net/publication/303381524_Fundamentals_of_research_methodology_a
nd_data_collection?enrichId=rgreq-202b7179fb6da1fc69be9820f888b36e-
XXX&enrichSource=Y292ZXJQYWdlOzMwMzM4MTUyNDtBUzozNjM4NDU4NTcxMDM4
NzNAMTQ2Mzc1OTAyMDk2MQ%3D%3D&el=1_x_3&_esc=publicationCoverPdf
58
Дәріс. Интернет және әлеуметтік желілердегі ақпараттар
Қазіргі кезде жаһандану мәселесіне ерекше назар аударылуда. Әлеуметтік-гуманитарлық
білім жаһандану үрдісінің жағымды және жағымсыз жақтарын зерделеп, методологиялық және
танымдық, аксиологиялық тұрғыдан ой қорытуда. Жаһандану үрдісінің экономикалық, саяси,
әлеуметтік, ақпараттық, мәдени астарлары терең зерделенуде. Бұндай қарқынды және жүйелі
зерттеулер әсіресе ХХІ ғасырда кеңінен етек алып отырғанын атап өткен жөн.
Жаһандану, кейбір ғалымдардың айтуынша, әлемдік сипатта дамып, бүкіл адамзат
қоғамында түбегейлі бұрын-сонды болмаған өзгерістер мен жаңғырулар әкелуде.
Жаһанданудың басты типтік және сапалық көрсеткіштеріне транстерриториялық сипаттағы
экономикалық-шаруашылық, сауда- қаражаттық, мәдени, ақпараттық байланыстармен өзара
әрекеттердің интенсивті түрде дамуын, қаржы-экономикалық нарығының пайда болуы мен
тауар, капитал, жұмыс күшінің интернационалдық сипат алуын, трансұлттық
корпорациялардың пайда болуын жатқызуда.
Сонымен қатар қазіргі қоғамдық даму тенденциясына сай келетін белгілі бір сипаттағы
идеологиялық ұстаным, нарықтық экономика, демократиялық сипаттағы әлеуметтік-саяси
жүйе, дүниетанымдық плюрализм, конституциялық тұрғыда бекітілген адам құқын қамтамасыз
ететін институциялық тетіктер, мемлекетаралық және мемлекеттен жоғары тұратын саяси және
құқықтық институттар құруды жаһандану үдірісінің басты көрсеткіштері ретінде қарастыруда.
Жаһанданудың экономикалық, саяси көрсеткіштерімен қатар, мәдени көрсеткіштеріне де
ерекше назар аударылуда. Кейбір ғалымдардың пікірінше, жаһанданудың мәдени бөлімі
жоғарыда аталған көрсеткіштердің негізгісі және «локомотиві», басқа салаларды анықтаушы
күш ретінде танылуда. Ю.М.Лотман бойынша, «мәдениет — биосфера тәрізді құрлымдықтың
генераторы, осынсымен ол адамдар айналасында әлеуметтік саланы құрайды, өмір сүруге
жағдай туғызады, бірақ ол органикалық емес, қоғамдық». Шындап қарасақ, жаһанданудың
негізінде белгілі бір сипаттағы құндылықтар, мәдени ұстанымдардың жатқаны белгілі.
Жаһанданудың сценарийі американдық үлгіде жүруде. Ол жаһанданудың базисі, доминанты
ретінде, оның салдарынан бұрын басты себебіне, детерминанттық күшіне айналып үлгірген.
Батыстық мәдениет негізінде пайда болғанмен, ол мәдениеттің мәні мен формасы жағынан
американдық болып қалуда. Осындай жағдайда жаһанданудың әр түрлі баламалық тұрғыдан
тарихи- мәдени негіздері болуы керек, жаһандану жергілікті, аймақтық мәдениеттің ерекшелігін
ескеру негізінде даму керек деген де ойлар жиі айтылуда. Мәселен, Қытай, Рессей, Иран, Үнді,
Түркия елдері жаһандану үрдісінің негізінде жергілікті аймақтардың мәдениеті мен
тұрмыс-салтыныңерекшелігі жату қажеттігін көрсете отырып, баламалық негіздегі
жаһанданудың тұжырымдарын жасауда.
Бұдан шығар қорытынды, американдық мәдениетіне негізделген жаһанданудың
әмбебаптық үлгісі ешкімді қанағаттандырмайтындығы және оған деген қарсылықтың күннен
күнге үдей түсуі.
Американдық үлгідегі жаһандану, әлемдік қаржы жүйесін дағдарысқа тіреді. Қаржылық
олигархия, банкі-қаржылық капиталы әлемдік нарықты, құнды қағаздарды, инвестициялық
ахуалды өз қолдарына қарата отырып, жаһанданудың монетарлық либерализмге негізделген
идеологиясы мен мәдениетін, қала берді өмір сүру стандартын ұсынуда.
Кейбір дерек көздері бойынша, «трансұлттық компаниялар әлемдік ішкі өнімнің 75 % өз
бақылауында ұстауда. Олардың ақшасы бүкіл мемлекеттің орталық банкілеріндегі ақшасын
қосып есептегенде 5–6 есе көп. Трансұлттық компаниялар әлемдік өнеркәсіптік өндірістің 1/3-
тен ½ дейінгісін бақылауда». Осындай алпауыттық экономикалық саясат ұлттық экономиканың
тәуелділігін арттырап қана қоймай, жергілікті мемлекеттердің де экономикалық еркіндігін
шектеп нарық экономикасына жат әділетсіз, біржақты өнім айырбасын туғызуда. Бұл жағдайда
бәсекелестік туралы айтудың өзі де артық.
Біржақты экономикалық, қаржылық тұрғыдағы өктемдік американдық және еуропалық
мәдениеттің жергілікті мәдениеттен артықшылығын көрсету ұстанымдарын тудыруда. Мұндай
сыңаржақты көзқарастың негізінде «еуропакіндіктік» қағида жатқаны белгілі. Осы тұрғыдан
қарар болсақ, лидер болуға ұмтылған қандай да болмасын ұлт экономикалық, ақпараттық,
технологиялық үстемдігін пайдалана отырып, өз құндылықтарын, көзқарастық ұстанымдарын,
мінез-құлықтық үлгісін басқаға таңатыны белгілі. Тіпті керек десеңіз, стратегиялық тұрғыдан
мәдениет экономикалық үстемдік жүргізудің басты құралы ретінде пайдаланылады.
59
Мәдениет жаһандануын екі феноменмен байланыстырады. Біріншісі Жер шары
халықтарының басым көпшілігі арасындағы батыстық индивидуалистік құндылықтардың
таралуын сипаттайды. Бұл құндылықтар адамның индивидуалды құқығын мойындайтын және
адам құқығын халықаралық деңгейде қорғауға тырысатын әлеуметтік институттармен
насихатталады. Екінші тенденция ретінде бүкіл әлемдегі батыстық «ойын ережесін» еншілеуді
атауға болады. Бюрократты ұйым мен рационализм, материалистік көзқарас, экономикалық
тиімділік пен саяси демократия құндылығы барлық әлемде европалық Ағартушылық кезеңінен
бері таралуда. Сонымен қатар, әлемдегі мәдени консенсустың ерекше ролін мойындауға тура
келеді. Әлемдік жүйе әрқашан бар және көп мәдениетті болса да, батыстық құндылықтар
әсерінің өсуіне көз жұма қарауға болмайды. Әлемнің басқа бөліктерінде таралған бұл
құндылықтар: рационалдық, индивидуализм, теңдік, тиімділік. Мәдениет жаһандануы үрдісі
экономикалық және мәдениеттанулық пәндер арасында тығыз қарым-қатынас құрады.
Соңғысының маңыздылығы сондай, тіпті, мәдениет экономизациясы мен экономика
мәдениленуі жайлы сөз қозғауға болады. Толық әсерлесу қоғамдық өндіріс неғұрлым
интелектуалдық, мәдени және рухани игіліктер мен қызмет немесе «рәміздер» өндірісіне
бағытталуымен анықталады, ал мәдениет аясында сауда мен бақталастық («көпшілік –
мәдениет») заңдары көптеп аңғарылады. Мәдени жаһандану аумағындағы мәнді мәселелер
бұрыннан бар, тарихи қалыптасқан ұлттық-діни дәстүрлермен және жеткіліксіз түрде дамыған
саяси жаһанданумен байланысты.
Қазіргі заман жағдайында тілі ретінде ағылшын тілі қызмет ететін, ұлттық мәдениеттен
жаһандық мәдениетке ауысу жүріп жатыр. Американдық доллар барлық әлемде қолданылады,
батыстық көпшілік мәдениет біздің өмірімізге айтарлықтай еніп келеді. Жаһандану ұлттық
тілдер мәртебесінің төмендеуіне, мәдениет аралық өзара байланыстың жалғыз құралы ретінде
ағылшын тілін бекітуге әкелуде. Алайда, бұл тілдің жер шарындағы 380 млн. тұрғынның ғана
туған тілі екені белгілі. Қазіргі кезде кітап, газет пен журналдардың көп бөлігі ағылшын тілінде
басылып шығарылады. Ғаламторға орналастырылған мәліметтердің 80% көбі ағылшын тілдес
мәтінде. Тәжірибе басқа тілдердің, соның ішінде БҰҰ ресми тілдері болып табылатын тілдердің
біртіндеп өз мағынасын жоғалтып бара жатқанын көрсетуде. Бұл тілдердің таралу аймағы
біртіндеп тарылуда, бұл тілде сөйлейтіндер саны азайуда, белсенді қолданылатын сөздік қоры
күннен-күнге қорынан айрылуда, ауыз екі тіл мен жазбаша мәтіндер шет тілден енген, көп
жағдайда, өз тіліміздің сөз мәдениеті тұрғысынан мағынасыз, кірме сөздермен толығуда.
Жаһандану үрдісі үлкен сынға ие және де бұл сынды тек жаһандануға қарсы пікірдегі
адамдар ғана емес, саяси қайраткерлердің бірқатары, сондай-ақ экономистер мен оқымыстылар
да білдіріп жатады. Мысал ретінде жаһандануға қарсы өткір сындарға толы бірқатар кітаптар
жазған, әйгілі экономист Джозеф Стиглицты келтіруге болады. Стиглиц көптеген деректер мен
мысалдар келтіре отырып, оның өндірісті құртатынын, жұмыссыздық пен кедейшіліктің өсуіне
ықпал ететінін, ғылыми-техникалық прогрессті тежейтінін және әлемдегі экологиялық
апаттарды шиеленістіретінін дәлелдейді. Бірқатар авторлар жаһанданудың бала туу деңгейінің
төмендеуіне әсер ететінін көрсетеді. Ал өзгелері болса, жаһандану АҚШ-та өзінің геосаяси
қарсыластарын әлсірету және құрту құралы ретінде қолданылатынын тұжырымдайды. Және
осындай пікірлер өте көп.
Жаһандану жақтастары қазіргі кезеңдегі үрдістер мен олармен байланысты жағымсыз
құбылыстар өзіндік сипатқа ие және оларды басқару мүмкін емес деген пікірді алға тартады. Ал
жаһандану сыншылары керісінше, ірі мемлекеттер жағымсыз құбылыстардың соңын
айтарлықтай азайтуға мүмкіндіктері бар деген сенімде.
Facebook ([ˈfeɪsˌbʊk], қаз. Фейсбук) — әлемдегі ең ірі әрі ең танымал әлеуметтік желі.
2004 жылы Марк Цукерберг өзінің серіктестері Эдуардо Саверин, Дастин Московиц және
Крис Хьюзбен біріге отырып Facebook-тың негізін қалаған. Марк Цукерберг 23 жасында өзінің
сайтының арқасында әлемдегі ең жас миллиардер болды.
Сайттың алғашқы аты TheFacebook деп аталды және ол тек Гарвард университетiнiң
студенттерiне ғана қол жетімді болды, кейінірек Бостонның басқа университеттерінің
студенттеріне де жол ашылды, ал содан соң .edu доменіндегі электрондық мекенжайы бар АҚШ-
тың кез келген оқу орнындағы студенттер де тіркеле алатын болды. 2006 жылдың қыркүйек
айынан бастап 13 жастан асқан электрондық поштасы бар ғаламтор пайдаланушыларына қол
жетімді болды. 2013 жылдың наурыз айындағы мәлімет бойынша Facebook-ты пайдаланушылар
саны 1,11 миллиардты құрайды, олардың көбісі мобильді құрылғыдардың көмегімен кіреді.
Facebook-тың 2009 жылғы қаржы айналымы 700 млн АҚШ доллларын құрады.Қазіргі таңда,
60
Facebook-тің қазақ тілді толық нұсқасы бар. Facebook интерфейсін қазақ тіліне аударуға
атсалысуға мүмкіндік берілді. Аудармашылар қазақ тілді нұсқасын жасауға атсалысты.
Пайдаланушылар қазақ тілді нұсқасын пайдалана алады.
2011 жылдың қараша айына дейінгі көрсеткіш бойынша, SocialBakers атты facebook
әлеуметтік
желісіне
сараптама
жасайтын
ұйымның
хабарлауынша
(http://www.socialbakers.com/facebook-statistics/kazakhstan
(ағыл.)) Қазақстан facebook
әлеуметтік желісін қолданатын елдердің ішінде 100 орынға көтерілді. Соңғы мәліметтер
бойынша Қазақстанда 340 660 адам аталған әлеуметтік желінің қызметін қолданады.
2011 жылдың 6 айында 51 480 қазақстандық facebook әлеуметтік желісіне қосылған.
Әлеуметтік желіні Қазақстанда еркектерге (47%) қарағанда әйелдер (53%) көбірек қолданады.
Қазіргі кезде Facebook-ке тіркелгенде басқа әлеуметтік желілерден достарыңды шақыру
қызметі қосылған. Осы қызмет Facebook-те қазақстандық интернет қолданушылар көбеюіне
септесіп отыр. Қазақстанда 18-24 жас аралығындағы азаматтар facebook желісін
қолданатындардың ең үлкен тобын құрайды. Қазақстан Орталық Азия елдері ішінде бірінші
орынды алып отыр. Соңғы айларда facebook қолданушылар санының көбеюін Mail.Ru
акцияларының Лондон Қор биржасында сатылуымен байланыстырушылар бар. Facebook иелері
ресейлік ақпараттық-ойын сауықтық порталдың минориталды акциясын сатып алған.
Қазақстандық қолданушылардың 52%-ы кем дегенде Youtube-тың бір каналына жазылған.
Youtube-тағы ең танымал тауарлар: косметика (17 пайыз) және мобильді телефон (23 пайыз).
Он сегіз жасқа дейінгі қолданушылардың 80%-ы Youtube-ты қолданады.
Қолданушылардың 37%-ы теледидар қарап отырғанда интернетке шығады.
Көбінде теледидар мен Youtube видеоларын кешке көреді.
Сатып алушылардың көпшілігі тауарды сатып алардан бұрын Youtube видеоларынан ақпарат
көреді.
Youtube видеоларының 43%-ы мобильді құрылғылар арқылы көреді.
Youtube-тағы топ тақырыптар:
Сән және сұлулық
Тинейджерлерге арналған ойын сауық
Анимация
Гейминг және авто
Кино және теледидар
Музыка
Жастар арасында Instagram ең белсенді қолданатын әлеуметтік желі, деп хабарлайды
Baqmedia.kz
Осы желідегі танымал тұғалардың статистикасына назар аударсақ. Әлем бойынша №1
жазылушысы көп адам – Кринштиану Роналду. Оның 241 млн жазылушысы бар.
2. Ариана Гранде – 205 млн
3. Дуэйн (Rock) Джонсон- 202 млн
4. Кайли Дженнер – 199 млн
5. Selena Gomez – 195 млн
Енді Қазақстандық Instagram статистикасын бір қарап өтсек. Жаңа статистика бойынша
инстаграм блоггерлері әншілерді басып озып кеткен.
Танымалдардың көш басында ерлі-зайыпты Жанабыловтар отбасы тұр.
1. Zhanabylov_e Yerbolat Zhanabylov – 6.6 млн
2. @Elt6i – Elmira Tolegenova -5.9 млн (Ерболат екеуі ерлі-зайыптылар)
3. @erke_esmahan мен @super.mamasita Алия Байтугаева – 5,5 млн
4. @sekavines – 5.4 млн және @kair_n – 5,4 млн
5. @asha_matai – 4,4 млн
6. @bayanmaxatkyzy – 4,3 млн
7. @sadvakasovamadina – @gggboxing – 3.9 млн
8. @aidanamedenova_officialpage – 3,7 млн
9. @karakat_a – @saken_maigaziyev – 3,6 млн
10. @toregalitoreali – 3,5 млн
11. @kudaibergenov.dimash – 3,4 млн
12. @zhazira_bairbekova – 3,2 млн
13. @territima мен @m_besbaev -3.1 млн
14. @aidyn_nury – 3 млн
|