Кіріспе дәріс «Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны


Аңдатпаны жазуға арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет52/64
Дата18.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#118767
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   64
Байланысты:
Негіздері-лекциялар

Аңдатпаны жазуға арналған нұсқаулық: 
1.
Есте сақтау керек бірінші нәрсе: аңдатпа - бұл қайталама емес, баспа жұмысының қысқаша 
сипаттамасы. Кез-келген аңдатпаның басты мақсаты - әлеуетті оқырманға мақаланың 
мазмұны туралы түсінік беру. Аңдатпада осы жұмыста не жазылғаны және оның оқырманды 
қалай қызықтыруы мүмкін екендігі нақты түсіндірілуі керек. 
2.
Аңдатпа жаза бастағанда, оған негізгі мақала мәтінінің үзіндісін жазуға тырыспаңыз. Сіздің 
міндетіңіз - оның мәнін қысқаша және нақты баяндау. Аңдатпа көлемді болмауы керек екенін 
ұмытпаңыз. 
3.
Аңдатпаны төрт әмбебап сұрақ негізінде дайындаған дұрыс: «Кім?», «Не?», «Не туралы?», 
«Кім үшін?». Яғни, аңдатпада авторы кім, оның кәсіби біліктілігінің деңгейі қандай, мақала 
не туралы, оның ішкі мазмұны қандай, кімге қызықты немесе пайдалы болуы екендігі туралы 
түсіндіруіңіз керек. Ғылыми мақаланың аңдатпасында осы жұмыста көрсетілген негізгі ойды 
сипаттғаныңыз жөн. 
4.
Есіңізде болсын, ғылыми мақаланың аңдатпасында жұмыста пайдаланылған дереккөздер 
туралы, мақаламен жұмыс істеу процесін сипаттау немесе жеке бөлімшелердің мазмұнын 
баяндау қажет емес. Аңдатпа – мақала (баяндама) туралы жалпы әсер қалдыруға мүмкіндік 
беретін сипаттама. Тиісінше, аңдатпа объективті болуы керек және тек фактілерді қамтуы 
керек. 
5.
Аңдатпа жазу барысында жазу мәнеріне мұқият назар аударыңыз. Ұзақ әрі күрделі 
сөйлемдерді қолданбауға тырысыңыз. Сіздің ойларыңыз мүмкіндігінше қысқа әрі нұсқа 
жазылғаны абзал, өйткені бұл оқығанды тез түсінуге мүмкіндік береді. Ғылыми мақалалар 
ешқашан бірінші жақта жазылмайтындығын ескеріңіз, сондықтан аңдатпада «осы мақалада 
мен ...» сияқты тіркестер болмауы керек. 
Ғылыми мақалаға арналған аңдатпаны жазуға көмектесетін сөз тіркестері:
Бұл мақалада ... мәселесі қарастырылады. 
... ойына негізделеді. 
... нысан ретінде қарастырылады. 
Мақалада ... тақырыбы қозғалады. 
... салыстыруы келтірілген. 
Мақала ... жан-жақты зерттеуге арналған. 
Мақала ... құбылысына арналған. 
Мақалада ... мәселелері ашылады. 


63 
... ерекше назар аударылады. 
Мақалада ... талданады. 
Автор ... деп қорытынды жасайды. 
Автор ... ерекше назар аударады. 
Мақалада ... ерекшеліктері анықталған. 
Зерттеу негізінде ... белгіленген. 
Мақала қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылатын ... арналған. 
Автор ... ұсынады. 
Зерттеудің негізгі мазмұны ... талдауын құрайды. 
Мұндай көзқарас ... саласы мамандары үшін қызықты болады. 
Маңызды назар ... аударылады. 
Қорытындылай келе ... 
Мақала ... сипаттамалық ерекшеліктерін зерттейді. 
Мақалада ... негізгі қадамдары қарастырылған. 
Мақалада ... процестері көрсетіледі. 
Мақалада ... зерттеудің кейбір нәтижелері жинақталған. 
... ойы дәлелденді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет