29
зерттеген Т.Жанұзақовты [1], этнонимдерді зерттеген Ә.Қайдар, С.Аманжолов,
А.Әбдірахманов, Т.Жанұзақов т.б. атауымызға болады [2-5]. Ру-тайпалардың
атауларын азды-көпті зерттеген орыс ғалымдарының ішінде Н.Аристов,
В.Бартольд, С.Кляшторный [6-8] т.б. еңбектерін мысалға келтіруге болады.
Ұлттық топонимикалық мұраның ғасырлар бойы жасалған рухани-тілдік
құндылықтар жүйесі ретіндегі зияткерлік әлеуетін айқындау болашақ ұрпақ үшін
маңызды қадам. Қазақстан жеріндегі түркілік топонимдердің рухани- тілдік,
геоэкологиялық құндылықтар жүйесі қазіргі қазақ қоғамын қауіпсіз ететін күш
пен идеологиялық тетіктердің бірі екенін анықтау – уақыт талабы. Осы
себептерден түркі топонимдері зерттеу нысаны
ретінде барынша жан- жақты
қарастырылған.
Көне түркі кезеңнен бастап, орта ғасыр, қазіргі Қазақстан жерінде
қалыптасқан топонимдер зерделеніп, жер бедері, идеология, өзгеруіне қарай
тарих қойнауынан шындықты шығару арқылы қазіргі Қазақстан жер бедері
ерекшелігін анықтау маңызды болып отыр.Топонимдердің ғасырлар бойы
қалыптасып, өзгеріп, толығып отыруындағы халықтың танымдық көзқарасы
зерделеп, қазіргі қазақ халқының топонимикалық ғалам бейнесінің тілдік
ерекшеліктерін зерттеу қазіргі геосаяси жағдайда қалыптасқан мәселелердің
жауабын анықтайды. Көп жағдайларда географиялық атаулардың мәселелерi
iшкi мемлекеттiк ұлттық мүдденiң шегiнен шығады да халықаралық мәнге ие
болады. Адрестiк және ғылыми-ақпараттық атқарымдарға қоса, географиялық
атаулар
егемендiктi
бекiтудiң,
мемлекеттiң
ұлттық
басымдығының
құралдарының бiрi, мемлекеттiң жаңғыруының айнасы болып табылады.
Ұлттық топонимияның түркілік қабатын зерттеген ғалымдардан
Ғ.Қоңқашбаев, Е.Қойшыбаев, Т.Жанұзақов, Ұ.Ержанова, Б.Бияров [9-13] т.б.
еңбектерін атауға болады.
Түркі онимдерін о
баста жинастырып, зерттеп, осы күнге жеткізген
М.Қашқари ХІ ғасырда грамматикалық сипатта жазылған «Диуани лұғат-ит-
түрк» тарихи- салыстырмалы әдісті негізге алған, осы еңбегінде түрлі этнонимді
атап, олардың географиялық мекенін, тіліндегі фонетикалық ерекшеліктерін
көрсетеді. ХІ ғасырда өмір сүрген филолог-түркітанушы М.Қашқаридың мұрасы
түркітану ғылымының, соның ішінде түркі
ономастикасының бастауы, қайнар
көзі саналады [14].
Жалқы есімдерді зерттеуде үлкен мұра қалдырған, қазақилығымызды,
тілімізді, ең бастысы, өзіміздің кім екенімізді анықтауда, тілімізді, ділімізді
сақтау бағытында А.Байтұрсынұлының еңбегі зор.
Мұны бірнеше бағыттағы
жүргізілген зерттеулерінен аңғарамыз:
-
ғалым жазу дағдысы туралы ой-пікірімен бөлісе отырып, «дыбыс жүйелі
емлесі жоқ жазудан» аңғаруға болатындығын айта келе, жалқы есімнің
жазылуынан мысал келтіреді, мәселен: “ ﺪﻤﻌﻤ” – Махмуд;
-
араб графикасы мен латын графикасы негізінде жазылу артықшылығы мен
кемшін тұстарын анықтай отырып, араб графикасын пайдаланудағы кемшіліктің
жойылғанын айта кетеді, яғни «кемшiлiгi – жалғау қосылғанда сөз сүгiретiнiң
пiшiнi өзгерiлуi» туралы мысалды
қазақ
этнонимі негізінде сөз
30
еткен, мәселен, «қазақ» сөзіне жалғау қоссақ,
қ
әріптің пішіні «қазағдың» өзгеруі;
-
емле жасаушылардың жобасының ерекшелігін көрсете отырып, «үйлес
болғандықтан, бiрiнiң орнына бiрi айтылу мүмкiндiктен болатын
дүдәмәлдiктерге» Қорғамбай- Қорғанбай, Арғымбай-Арғынбай, Тасқымбай-
Тасқынбай, Тұрғамбай – Тұрғанбай сияқты мысалдарды келтіре отырып, соңғы
нұсқасы дұрыс екендігін түбір негіз арқылы дәлелдеген;
-
күрделі жалқы
есімдердің жазылуын да талдап, «есімшелі қосынды
сөздер де қосынды сөздерше қосарлықпен жазылатынын» мысалдармен
дәйектеген: Қойбағар, Таймiнер, Жылқыайдар, Қойайдар, Таусоғар, Көпжасар,
Италмас;
-
«
Достарыңызбен бөлісу: