Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1.
Ахмет Байтұрсынов. Ақ жол. А.,1991
2.
Ахмет Байтұрсынов. Шығармалары.А.,1989
3.
Қазақ әдебиетінің тарихы. 6 том.А.,2006
4.
Ахмет Байтұрсынұлы. Энциклопедия.А.,2017
5.
ҚабдоловЗ.Таңдамалы шығармалар. 2 том. А.,2003
І СЕКЦИЯ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ҚАЛЫПТАСТЫРҒАН ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ӘДЕБИ ҮРДІС ӘОЖ 85.01 (5 Қ)
Бөкен Гүлназ Сайлаубайқызы
«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ., Көкшетау, Қазақстан
asya_2309@mail.ru МҰХТАР МАҒАУИН МЕН ЯНН МАРТЕЛ РОМАНДАРЫНЫҢ ҮНДЕСТІГІ Аннотация: Мақалада М.Мағауиннің «Шақан-Шері» романы мен Я.Мартелдің «Жизнь Пи» шығармасы салыстырылады әрі салғастырылады. Екі шығармадағы авторлық шеберлік мәселесі, сюжет және образ жасаудағы өзара ұқсастықтар мен айырмашылықтар, қаһармандар іс-әрекеттеріндегі және ішкі жандүниелеріндегі арпалыстар үндестігі зерделенеді. Тірек сөздер: роман, үндестік, табиғат, адам тағдыры, жалғыздық Табиғат қасіреті – адам қасіретімен тең дәрежеде болуы тиіс. Мұхтар
ағамыз романда әлсіреген, тозған табиғат күйін адамның қаңқа сүйектерімен
теңеу арқылы осы ойға оқырманды тереңірек бойлағысы келетіндей: «Жер-Ана
өз перзенттерінен біржола жеріп, бар тілек Көк-Атада ғана қалғаны айқын
аңғарылады. Бір заманда, бәлкім, су деңгейі астыда, арқан бойы төменде ғана
тұрғанда қақ ортаға бірнеше тұп қатын сексеуіл біткен екен,
50
жер астындағы су біржола қашқан соң ол да аптапқа шыдамай, тұқым-тұяғымен
омырыла құлапты, қожыр-қожыр қара томар, жуан, бозғыл күрең, иірмек діңдер
жансыз ағаш емес, жапырыла жығылған адам –