Конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет28/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   127
Байланысты:
zhinak akhmet baitursynov konferentsiia1

ұн 
(
үн, ун
) – жинақтық, көптік мәнді білдіретін 
түрік-монғол тілдеріндегі көптік жалғау көрсеткіші) т.б. Сонау көне түркі 
заманынан қазірге дейін топонимдер арқылы бізге жеткен бұл 


33 
географиялық терминдер біздің тілдік байлығымыз. Бұлардың мән-мағынасы 
қазір көмескіленген, түсініксіз, яғни өзінің ақпараттық қызметін атқарып тұрған 
жоқ. Мұндай атаулардың мағынасын ашып көрсету – ұрпаққа берген құны 
жоғары дүние, себебі атаудың өзінде жер бедері, сулы өңір екендігі туралы 
ақпарат айқайлап тұр. Қазақ жерінде мұндай топонимдер жетіп артылады. 
Оним құрамындағы қосымшалардың өзіндік рөлі бар. Олар арқылы біз 
көптеген ақпарат аламыз, сонымен бірге қай қосымша түркі тілдерінің қайсысына 
тиесілі екендігін де айқындай аламыз. Олардың ерекше мағыналық реңк 
негізінде сөздерді морфологиялық тұрғысынан да талдай аламыз. Топоним 
құрамындағы қай қосымша қандай мағыналық реңк тудартынын, қай тілден 
енгенін төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады. 
Кесте – 3 Топонимдер құрамындағы қосымшалар 
қосымша 
Мағынасы 
Тіл 
топоним 
алтай 
көне түркі 
-ті 
көптік мәнде 
-ты/ -ті 
Белеуті 
Бұлдырты 
-ді 
көптік мәнде 
-ды/-ді 
Зеренді 
Егінді 
-үн 
көптік мәнде 
-ұн (үн, ун) 
Дүбін 
-ек 
топоним жасаушы 
-ек 
Елек 
- шен 
сөздерді біріктіруші 
қосымша 
-шен 
Елшінбүйрек 
ық (қ) 
көптік мәнде 
-ық (қ) 
Жайық 
-й 
құрметтеу, мәнді көне 
қосымша 
-й 
Жеменей 
–ты 
сын есім тудырушы 
–ты 
Қалдығайты 
-нақ 
зат есім тудырушы 
-нақ 
Қарнақ 

-па 
етістік тудырушы 
-па 
Ұшпа 

- ан 
зат есім тудырушы 
-ан 
Ұштаған 
Топоним тудыруда көне түркі тілінде қолданылып келе жатқан –ті/-ді/-ты/- 
ды/-үн/ ық (қ) сияқты реликтік қосымшалармен қатар зат есім, сын есім, етістік 
тудырушы өнімді жұрнақтар (–ты; -нақ; -па; - ан) қолданылғаны мысалдардан 
белгілі. Сонымен бірге топоним тудырушы, сөзбен сөзді біріктіруші, тіптен, 
сыйлау мәндегі қосымшалар да топоним құрамында кездеседі. Мәселен: -ек; - 
шен; -й т.б. 


34 
Диаграмма – 1 Түркі онимдерінің зерттелуі 
Диаграммадан байқап тұрғанымыздай оним түрлерінің зерттелуі әртүрлі. 
Зерттеулердің басым көпшілігі антропонимге тиесілі – 42

; топоним - 41


космоним - 7

; этноним - 5

; теоним – 5

. Антропонимдерді зерттеудің 
басымдылыққа ие болу себебі анық, әр тұлға өзін танып білуде ең алдымен Менің 
есімімді неге осылай қойды екен? Ол нені білдіреді? Ол қай тілден енген? деген 
сауалдардың жауабын іздейді, осыдан барып уәж, атаудың шығу төркіні ерекше 
мәнге ие болады. Сонымен бірге адамзат өзін қоршаған ортаны қабылдау арқылы 
өз табиғатын анықтаған, сол таным-түсінігі негізінде қоршаған ортаға атау 
таққан. Адамның өзі арқылы қоршаған орта туралы салыстырмалы түрде таным-
түсінігі қалыптасқан. Мәселен, 
Келіншек тауы

Көксор көлі, Иса төбесі, 
Түркістан қаласы, Есекқырған, Сүмбіле т.б. 
Бұл атаулардың барлығы – адамзат 
өзін тану процесіндегі түйсіктен туындаған дүниелер. 
Кесте – 4 Түркі онимдерінің зерттелу аспектісі 
оним түрі 
зерттелу аспектісі 
прагматикалық және 
синтагматикалық 
когнитивтік 
антропоним 
1
«
Назывные» антропонимы 
казахского 
языка 
в 
этнолингвистическом освещении. 
Автореф. дис...канд. филод наук. - 
Алматы, 1995. 
2 Қ.А.Иасауидің «Диуани 
хикмет» 
шығармасындағы 
антропонимдер// 
Түркология, 
2008, № 1-2 
топоним 
1
Шығыс 
Қазақстанның 
Оңтүстік аймақтары 
топономдерінің лингвистикалық 
және 
этномәдени 
негіздері. 
Филолог, 
ғылымд. 
кандидаты 
диссер. авторефераты. - Алматы, 
2001. 
2
М.Әуезовтің «Абай жолы» 
эпопеясындағы 
топонимдердің 
қолданылу аясы // Қазақ 
1
Топонимиялық 
деректердегі аңыз бен ақиқат // 
Қазақ 
ономастикасының 
мәселелері. –Алматы: Ғылым, 1986. 
–136 б. 
2
Қазақ топонимиясының 
лингвокогнитивтік 
және 
этномәдени негіздері. –Алматы, 
2009. –Б. 29. 


35 
ономастикасының мәселелері. – 
Алматы: Ғылым, 1986. –136 б. 
этноним 

«Қырымның 
қырық 
батыры» 
эпопеясындағы 
топонимдер мен этнонимдер // 
Қазақ ономастикасының өзекті 
мәселелері. –Астана, 2004. –224 б. 
космоним 
1 Қазақ 
тіліндегі кейбір 
халықтық 
космонимдердің 
этнолингвистикалық 
табиғаты//Хабаршы тіл, әдебиет 
сер. № 5, 1992. З-ІЗ-бб. 
теоним 
1 Культ Тенгри как основа 
государственной 
идеологии 
Древнетюркского 
каганата 
// 
Восток. –М., 2006. –С. 122. 

Жаратушы 
ұғымының 
лингвоконцептологиялық 
көрінісі// Ономастикалық хабаршы 
№ 2, 2009ж 
Қазіргі қазақ тіл білімінде онимдерді, әсіресе, антропонимдерді когнитивтік 
тұрғыдан зерттеу ақсап тұрғаны анық. Сонымен бірге еліміздің латын графикалы 
әліпбиіне көшуіне байланысты топонимдерді, антропонимдерді рәсімдеу 
мәселелері де зерттеуді қажет етеді. Сондай-ақ, прагматика тұрғысынан қала іші 
нысандары атауларын да барынша зерттеу де – өзекті мәселелердің бірі. 
Кесте – 5 Қазақстанның кейбір астионимдерінің өзгеру динамикасы 
Қазіргі кездегі 
атауы 
Кеңес өкіметі кезіндегі 
атауы 
ХV-ХХ ғғ. атауы 
Орта ғасыр 
кезеңіндегі атауы 
(Х-ХV ғғ) 
Алматы 
Алмата, 
Алма-Ата, 
Верный 
Верный, Алмалық Алмалық/Алматы 
Астана 
Ақмола, Целинорад 
Ақмола 
Қараөткел 
Орал 
Уральск 
Жайық/Шакафни 
Тараз 
Жамбыл, 
Әулие-Ата, 
Мирзоян 
Тараз 
Талас/ 
Шымкент 
Шымкент 
Черняев 
Шымкент 
Қостанай 
Қостанай 
Ордабай / 
Николаевск 
Атырау 
Гурьев 
Атырау 
Қызылорда 
Ақмешіт/Қызылорда 
Ақмешіт/Перовск Қамысқала 
Қаратау 
Қаратау 
Шолақтау 

Талдықорған 
Талды-Қорған 
Гавриловка 
Талдықорған 

Түркістан 
Түркістан 
Иасы 
Шауғар 

Кентау 
Кентау/ Ащысай 
Мырғалымсай 


36 
Атаудың барлық жүйесі – бұл қатып қалған әлем бейнесі емес, өз бастауы 
бар, ұзақ ғасырлар бойы адам өмір сүріп жатқанға дейін жалғасын табатын, 
тоқтаусыз үдеріс. Атаудың қалыптасуы – адамзат тарихындағы маңызды қадам, 
себебі атаулар өмір бойы әр адамның қоғаммен тығыз байланысты жеке тұлға 
болу құқын бекітті. Мұның дәлелін біз жоғарыда келтірілген кестеден 
байқаймыз. Қазақстан қалалары атауының уақыт, идеология талабына сай 
өзгеруі – әлемде кездесетін құбылыс. 
Сонымен, түркі ғалымдардың қалдырған мұрасы біздің байлығымыз, 
олардың тілдің ең басты да өзекті мәселелерін қарастырғандары – 
көрегендіктерінің белгісі. М.Қашқари, А.Байтұрсынұлы, Қ.ЖЖұбанов, 
С.Аманжолов, Ғ.Қоңқашбаев, Е.Қойшыбаев, А.Әбдірахманов, Т.Жанұзақов 
сынды тұлғаларымыз ұлттық ономастиканың іргесін қалаған. Олардың еңбегін 
жалғастырып, жаңа ақпарат беру – басты мақсатымыз әрі міндетіміз. Түркі 
қабатын құрайтын қазақ топонимдері тек қазақ халқының мұрасы емес, түркі 
халықтары үшін ортақ. Сондықтан да топонимдерді салғастыра зерттеп, ортақ, 
әмбебап ерекшеліктерін айқындау тарихымыздан, тұрмыс-тіршілігімізден, 
мәдениетімізден мол ақпарат беретіні сөзсіз. Ең бастысы – топонимдердің негізгі 
қызметін атқарудағы рөлін айқындау жер тұтастығын айшықтаудағы маңызды 
мәселе екенін сөзсіз аңғартады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет