Конференция материалдары


АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: ЖҰРТ БҮГІНШІЛ, МЕНІКІ ЕРТЕҢ



Pdf көрінісі
бет30/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   127
Байланысты:
zhinak akhmet baitursynov konferentsiia1

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: ЖҰРТ БҮГІНШІЛ, МЕНІКІ ЕРТЕҢ 
ҮШІН... 
 
Аннотация: Мақалада Қазақстандағы білім беру жүйесі сөз болады. Ұлт көсемі 
Ахмет Байтұрсынұлы идеяларының бүгінгі білім беру жүйесімен байланысы, өзектілігі 
баяндалады. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ мектебі үшін ұстаздың, сауатты оқу 
құралының, бағдарламаның қажеттілігі туралы ойы «Мектеп керектері» мақаласы негізінде 
талқыланады. Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңалықтар Ахмет Байтұрсынұлының 
идеясынан бастау алатындығы дәлелденеді. 
Тірек сөздер: шығармашыл тұлға, жаңартылған білім мазмұны, дидактикалық 
принцип, тіл дамыту 
 
Ұлт көсемі, ұлы ағартушы А.Байтұрсынұлы – мемлекет ісіндегі сан түрлі 
кемшіліктің бәрі тек оқумен ғана түзелетінін өмірінің соңына дейін қазақ 
ұлтының санасына сіңіруді мақсат тұтқан тұлға. 
Келешек – білім мен ғылымға ғана тәуелді. Уақыт көші өнер-білімі бар 
жұртты жаһандық аренаға шығарады, басқа жұрттан көш ілгері оздырады. Ал 
оқу-ғылымсыз, өнерсіз жұрт тозады. 
Біз білеміз, сондықтан да Ахмет Байтұрсынұлы бірінші қазақ ұлтын 
сауаттандыру мәселесін қолға алған. 
Осы орайда «Қазақ» газетінің №62 санында жарық көрген «Мектеп 
керектері» деп аталатын мақаласында «Мұғалім қандай болса, мектебі сондай. 
Бір білікті мұғалім бар мектептен мың білімді түлек ұшпақ. Солай болғандықтан, 
ең әуелі, мектеп ісіне қажетті – педагогика мен методикадан хабары бар мұғалім. 
Екінші, оқыту ісіне керек құралдар қолайлы, әрі жұрт тегіс 


38 
сыйлайтын қадірі болуы қажет. Үшінші, ең қажет дүние – бағдарлама. Оқыту 
ойдағыдай іске асуы үшін, оның үлгісі, мерзімді өлшемі болуы қажет», – дейді 
[1]. 
Көріп отырғанымыздай, ғалымның ойынша, біріншіден, жаны жаңалыққа 
құмар, ғылым құндылығын жете түсінетін, өз пәні мен оны оқыту әдістемесін 
терең білетін, оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын дамыта алу 
мотивациясы жетілген, шығармашыл маман болуы тиіс. 
Осы орайда, жаның өзгерісті қаласа, осы өзгерістің біріншісі өзін болғын 
дегенді айтады. Қазіргі заман талабы да – осы. 
Ал «Баяншы» қазақ мұғалімдері үшін деп аталатын еңбегінде оқыту 
құралдарына қатысты: «Үйрену һәм үйрету ең басында қиын. Балалар оқудың 
басында қиналмаса, оқудан тауы шағылмай, көңілі қайтып, мұқалмайды. Оқуға 
ықыластанып, оқыған сайын қызығады. Үйретушінің де жігері құм болмайды, ісі 
ілгері оңай жылжыған сайын көңілденіп, оқытуға жаһады зорайып, 
шабыттанады. Сондықтан әліппе кітабы оңай болып, оқытқанда балаларды 
неғұрлым аз қинаса, соғұрлым жақсы болмақшы», – дейді [2, 323-324]. 
Осы орайда ағартушы «Әліппе» оқулығын құрастыруда жүйелілік, 
түсініктілік, өмірмен байланыстылық сияқты дидактикалық принциптерді негізге 
алады. Ғалым ақпараттың белгілі бір жүйемен, ретпен беріліп, күнделікті 
өмірмен байланысты болған жағдайда ғана оң нәтижеге жетуге болатынын 
ұғындырады. Солай десек те, автор адамның өзінде кәмілдік болмаған соң, ісінде 
де кәмілдік болмайды. Сондықтан он төрт жыл бала оқытып, аңғарған, сезген, 
білген көргендігім болса да, әліппе мінсіз болады демеймін. Ұнамсыз мінді жерін 
аңғарған адамдар көрсетсе, көп-көп алғыс айтамын деген екен. 
Ал «Тіл жұмсар» деп аталатын еңбегінде осы ойын ары қарай дамытады, 
тереңдетеді. 
Ағартушы: «Тіл – құрал», – дейді. Құрал болғанда толып жатқан бөлшектері 
бар. Ол бөлшектері түрлі жағымен қиысатын толып жатқан қырлы тетіктері 
есепсіз көп. Бір үлкен машина сияқты құрал. 
Қандай құрал болса да, оны жұмсаушы екі түрлі болмақ. Біреуі – құралдың 
ішкі-тысқы бөлшектерінің бәрін біліп, олар қалай бір-біріне үйлесіп, 
үйлескенінен шығатын тетіктер бір-біріне қалай жалғасып, қалай қызмет 
ететіндігін біліп отырып жұмсаушы. Екіншісі – олардың бірін білмей-ақ 
құралдың жұмсауға керегі бар тысқы бөлшектері мен тетіктерін көріп, жұмсау 
әдісін үйреніп алып жұмсаушы дегенді айтады [3, 336]. 
Ғалымның ойынша, жалпы жұрттың құрал тұтынуы екінші жолды болады. 
Бұл күнде бала үйретудің табиғи жолы – тәжірибе арқылы білім алатын осы 
айтылған соңғы жол деп танылады. Мектеп – білімді түптеп білдіріп, мамандар 
шығаратын мектеп емес. Жалпы тұрмысқа жұмсалатын жалпақ түрдегі білім 
беретін мектеп. Сондықтан үйрету жүзіндегі қазіргі жаңалықтың негізі – үйрету, 
әсіресе бастауыш мектептерде үйрету, тәжірибе жолымен үйрету. Бүгінгі білім 
беру жүйесінің басты идеясы да – осы. 
Әрі ағартушының ұстанымы бойынша, бала білімді тәжірибе арқылы 
өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігінің керек 


39 
орны өздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолы қысқару үшін, ол жолдан 
балалар қиналмай оңай өту үшін, керек білімін кешікпей кезінде алып отыру 
үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру керек. 
Осы ойға дәлел ретінде британ ғалымы А.Фрейденің «Өмірмен оқып үйрену 
керек» [4, 47], орыс педагогы К.Д.Ушинскийдің «Баланы өмір бойы жай үйрету 
қате, оны өмір бойы оқуға үйрету дұрыс», – деген көзқарастарын келтіруге 
болады [5, 36]. 
Себебі білім – өмірде өз орнын табатын дағды. Не үйренсек те, не білсек те 
өмірмен мызғымас байланыста болғаны жөн. Бұл ой қазіргі кезеңдегі өмір бойы 
оқу, үйрену тұжырымымен үндеседі. 
Байқаймыз, ағартушының оқытуға, оқу құралына қатысты ойлары қазіргі 
білім беру жүйесінде басшылыққа алынып отырған жаңартылған білім беру 
мазмұнының мақсатына сай келеді. Ұлы тұлға ұрпақ келешегінің білімде 
екендігін терең түсінген. Осыған орай, оқытудың өміршең жолын қарастырған. 
«Қай әдіс жақсы» деп аталатын мақаласында: «Жалғыз әліп-би үйретудің 
өзінде толып жатқан әдіс бар. Сол әдістерді әр әдісқой өзінше өзгертіп қолданған 
түрлерін сөз қылсақ, әдіс түрлерін айтып түгесе алмас едік. Бүтін Еуропа 
әдісқойларының тұтынған әдістерін түгендемек түгіл, жалғыз орыстың ғана 
әдісқойларын алып сөз қылар болсақ, оның өзі әлденеше сан журнал бетін 
аларлық сөз болар еді», – дейді [6, 357]. 
Зерттеу барысында ғалымның Франция, Германия, Америка сияқты 
елдерден тиімді деген оқыту әдістерін әкелгенін байқауға болады. Мәселен, 
неміс ғалымы Гедикенің «жалқылау» әдісін, американдық ғалым Жакотоның 
«жалпылау» әдісін оқыту жүйесіне енгізеді. Әрі бұл әдістерді жалқылау, 
жалқылауды жалпылау әдісі (анализ-синтез) деп атайды. Жалқылау әдіс – 
жалпылау әдіске қарсы жөніндегі әдіс. Жалпылаудың асылы ұсақтан ірілету 
болса, жалқылаудың асылы – іріден ұсақтату деп атқаратын қызметін, белгілі 
объектіні, ғылыми пәнді, онда жүйеленген тақырыптарды қасиетіне қарай жан- 
жақты ашудағы рөлін көрсетеді. Сонымен қатар, осы аталған әдістерді қай 
жағдайда қолданған тиімді, қай жағдайда тиімсіз екендігін дәлелдейді. Алайда, 
мына әдіс жақсы, мына әдіс жаман деп кесіп айтуға болмайды дегенді де айтады. 
Бұған дәлел ретінде Лев Толстойдың мына пікірін келтіреді: «Жақсы дерлік те, 
жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі – бір ғана әдісті болу, 
шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу, керек орында жоқ әдісті табу да қолынан 
келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш қолғабыс 
нәрсе есебінде қолдану керек». 
Себебі ағартушының өз сөзімен айтар болсақ, әдіс – керекшіліктен шығатын 
нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына 
қарай. 
Негізінен, ғалым қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық мәселелерін 
айқындауда төмендегі мәселелерді көтерген. 

Оқыту әдістерінің маңыздылығына тоқталып, олардың шығу 
тарихын, әрқайсысының ұтымды жағын қарастырып, олар туралы алғаш пікір 
айтқан. 


40 

Тұңғыш рет үлестірмелі материалдарды қолданудың жолын 
көрсетіп, оны оқулық бетінде жариялаған. 
Әдістің бұл түрі күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай, ізденімпаз, озат 
мұғалімдердің тәжірибесінде қолданылып жүр. 

Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынұлы көрнекілік әдісіне де ерекше 
мән береді. Әрі оны жасауға қойылатын оқушы назарын ауытқытпау, 
жалықтырмау, оқушыны қызықтырып отыру, жазуға тез үйрету, оқушының 
сауатын ашуды жеңілдету, тездету сияқты маңызды негізгі талаптарды 
көрсеткен. 

Тіл дамыту жұмыстарын жүргізуде жеңілден ауырға қарай 
принципін басшылыққа алған. Мұнан ғалымның дидактиканың заңдарын терең 
біліп, оны оқулықта шебер қолданғанынан байқаймыз. 
Мысалы, біріншіден, ол үлестірмелі карточканың мақсатынан көрінеді. 1- 
карточка ойын түрінде беріліп, сөзді шырпымен жазу ұсынылады; 2-карточкада 
жазуға жаттығу, санақ үшін ұпай ойыны беріледі, 3-карточкада сөйлем 
құрастырып, сөздерді алмастырып қосып, алты сөзден оннан аса сөйлем 
құрастыру мақсат етіп қойылады. 
Бұдан біз ағартушының тіл дамыту жолында жеке сөздермен таныстыру 
принципін ұстанғанын, осыдан барып жекелеген тақырыптар арқылы 
оқушылардың сөздік қорын байытуды мақсат еткенін байқаймыз [7, 10]. 
Екіншіден, А.Байтұрсынұлы бала тілін дамытуға аса қажетті материалдар: 
жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, жұмбақтарды береді де, осыдан кейін сюжетті 
мәтінге көшеді. 
Жаңылтпашты жаттап, мақал-мәтелдің мазмұнын ашып, жұмбақтың 
шешуін таба білген балаға одан кейін берілген өтірік өлең, сюжеті қысқа 
мәтіндердің мазмұнын түсіну қиындық келтірмесі сөзсіз. 
Үшіншіден, ғалымның бала тілін дамытуда қолданған әдістерінің бірі – сөз 
ұқсастығын пайдалану, яғни дыбыстардың алмасуынан сөз мағынасының 
өзгеретінін таныту, мысалы, ол, олар, орлар, шаш, шаша, шашақ, керек, кезек, 
елік, есек, зор, Ораз, op, ора, т.б. 
Бұл жерде қайталау әдісінің материалды есте сақтауда маңызының зор 
екенін, сөздерді ұмытпай есте сақтауы, жеке қолданыста, сөйлемде, жаттығу 
кездерінде қолдана білулері үшін ең керек әдіс екенін байқаймыз. 
Әpi оқушы дыбыс алмасқан сайын сөз мағынасының өзгеретінін, сонымен 
қатар, кез келген дыбыс тіркесі сөз жасамайтынын, оның өзінің заңдылығы бар 
екендігін берік есте сақтайды. 
Сонымен қатар, ғалымның балаға сөз өнерін тіл заңдылықтары мен әдебиет 
заңдылықтарын қатар, бірлікте үйрету керек деген пікірі өте құнды. Себебі, тіл 
дамыту мәселесін тек қана лексика-грамматикалық зандылықтарды үйретіп қана 
емес, сөзді қызмет ету аясында көрсету барысында ғана шешуге болатындығы 
белгілі. Ғалымның сөзімен айтқанда: «Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын 
аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түйгенін түйгенінше айтуға 
жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама қадырынша 
жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын» [7,11]. 


41 
А.Байтұрсынұлы оқу құралдарында тілдік материалдарды оқушылардың 
эмприкалық, теориялық, шығармашылық ойлауын қалыптастыру мақсатында 
жүйелейді. Себебі теориялық ойлау мен шығармашылық ойлау – ең жоғарғы 
ойлау сатысы. Ол эмприкалық ойлаудың негізінде қалыптасады. 
Баланың шығармашылық қасиеті кішкентайынан көріне бастайды. Себебі 
шығармашылық – бала дамуының қалыпты жағдайы. Шығармашылықпен 
тұрақты және саналы айналысатын және өз мүмкіндігін жүзеге асыра алатын 
адам өмір талабына, өзгермелі еңбек шартына, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі 
жетілдіруге бейімделеді. Шығармашыл адам жаңашыл, ізденімпаз болады, өмірі 
қызық, мақсаттарын жүзеге асыру барысында өз жолын өзі ашып, кедергілерді 
жеңе алады, үздіксіз алға жылжып отырады. Сонымен, шығармашыл тұлға болу 
дегеніміз – дүниені тану және жаңарту арқылы тұлғаның болмысқа деген өз 
көзқарасын айқындауы. 
«Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «ойлап табу» дегенге саяды. 
Демек, «жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу» деп түсіну 
керек. Философиялық сөздікте: «Шығармашылық – қайталанбайтын, тарихи 
қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», – деп 
түсіндіріледі. Психолог Л.Выготский шығармашылық деп жаңадан ашатын 
әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтердің бірі – 
Я.Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, 
әсіресе, интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық 
деңгейге көтереді. Бұл пікір бүгінгі педагогиканың талаптарына сәйкес 
келетіндіктен, көңілге қонымды. 
Қоғам талабына сай білім беру жүйесінде үздіксіз өзгерістер мен 
жаңалықтардың болуы шарт. Осы мақсатта Қазақстанның білім беру жүйесі 
жаңартылған білім беру мазмұнына көшті. Мақсаты – оқушылардың салалық 
сауаттылығын дамыту арқылы, нақты қызмет түрлеріне бейімдеу. Әрі ол орта 
білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады. Бұл 
дәстүрлі мектеп моделінен рациональды модельге, әрі қарай феноменальді 
модельге ілгері аттау дегенді білдіреді. 
Жаңартылған білім мазмұнының жаңалығы ретінде Блум таксономиясы 
бойынша оқу мақсатының иерархиясы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет