күмістен жасалған деген метонимиялық мағына барлық күмістен жасалған
заттарға қатысты жұмсалады.
Күміс сөзі метафоралық қолданыста жұмсалады:
– Келе жатыр күміс шолпы, теңгедейін, Өңірі жасыл орман көлге бейім (Мұқағали Мақатаев
«Алтай – Атырау»). Бір қарағанда, бұл мысалда күміс шолпы – бүтіннің орнына
бөлшек қолданып, әйел мағынасында жұмсалғандай, алайда мәнмәтінге зер
салсақ, Алтай мен Атырау өңіріндегі күміс шолпыдай сылдыраған, таза, мөлдір
өзен мағынасы ашылады. Бұл күміс сөзінің мағыналық және тіркесімділік
әлеуетін тағы бір қырынан айғақтайды.
Күлкің де күміс қасық сыңғырындай ( Сәкен Иманасов «Қымызханадағы
келіншек»).
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: Күміс күлкі. Құлаққа жағымды, ақ
жарқын күлкі, – деп көрсетілген [6, 310]. Күміс күлкі тіркесі кей қолданыста,
мамыражайлық, көңіл шаттығы мағынасында қолданылады. Мысалы, –
Күміс күлкі ме десем, күн жыры екен, айдын екен Айдан Күміс күлкі ақ сүт десем (Есенбай Дүйсенбайұлы «Мамыражай»).
Мамыражайлық, көңіл шаттығы мағынасы: –
Кесе толы шарабыңда Күміс сыңғыркүйкеп тұр ғой (Әбіш
Кекілбаев «Жаз, түн ортасы, ауыл, есектер»). Өлең жолдарда күміс сыңғыр
шарапқа қатысты айтылып, көңіл шаттығын тудыратыны тұспалданып берілген.
Кілттің сыңғыр-сыңғыр ашылуы күміс қоңыраудай тіркесі арқылы
беріледі: –
Ән болып әсем ағылар бұралған кілттің сыңғыры, Қағылып күміс қоңыраудай Алысқа кетер күмбірі (Әбділда Тәжібаев «Сарыарқа»).
Күміс сөзі үн сөзімен тіркесіп, поэтикалық қолданыста сыңғырлап аққан
бұлақ мағынасында жұмсалады:
Қош бол енді, күміс үн таспа бұлақ, кәусарыңнан шөл бассын басқа құрақ (Есенғали Раушанов «Мен осынау
жүрегіммен, жаныммен»). –
Әлдилейді тербетіп сылдыр сұлу күміс үн (ГалжауҺар Сейітжан «Табиғат менің сырласым»).
Қазіргі қазақ тілінде күміс сөзі көл, бұлақ, өзен, дария сөздерімен тіркесіп:
мөлдір, тұнық [
6,309
], мөлдір, тұнық, жарқыраған, көзге шағылысқан, жылтыр
деген мағынады жұмсалады [
7,484
]. Мысалы, –
Күлмейді күміс бұлақ, Күндегі мінезі жоқ жасып ақты (Әбіш Кекілбаев «Әке»). Бұл мысалда бұлақтың
тазалығы, мөлдірлігімен қоса сылтырап ағып жатқандығы да байқалады. Мөлдір,
тұнық, жарқыраған, көзге шағылысқан, жылтыр деген мағына күміс көл деген
қолданыста жұмсалады: –
Жүзеді алтын балықтар Толқыған күміс көлінде; балқыған ғажап таулар бар, Құздары толы темірге (Әбділда Тәжібаев
«Сарыарқа»). –
Екпінінен батырдың Жер дірілдеп ыңыранды, Күміс дария шайқалды, Көмір таулар қозғалды (Әбділда Тәжібаев
«Сарыарқа»).
130
Күміс сөзі ғалам сөзімен тіркесіп, қымбат мағыналық бөлшегі негізінде
ауыспалы мағынада жұмсалады. Метафораланған күміс сөзі қараңғылықта
қалған жарық дүниеге зар зағип жандардың қалпы айтылады: –
Көше бойлап, көктеммен тыныстаған, Зағип кемпір келді гүл ұстаған, Көзіндегі қап-қара әйнегіне, шағылысып қояды күміс ғалам (Ұлықбек Есдаулетов «9-мамыр»).
Күміс сөзі жарқыраған мәнде, күннің кірпігі сол жарық дүниеге кедергі ретінде
жұмсалады: –
Қараңғылық қымтап алып бір күні Жұмылып қап күміс күннің