Конференция материалдары


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет54/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   127
Байланысты:
zhinak akhmet baitursynov konferentsiia1

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
Жанұзақ Т. Қазақ ономасиикасы. Атаулар сыры 3.-Алматы-:Дайк- 
пресс, 2007.-524-б 
2.
Ақмола облысының ономастикалық атауларының көрсеткіш 
анықтамалығы, 2009 
3.
Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының 
қорытындылары. Астана 2011. 1 том 
4.
Көкше өңірінің халық жауһарлары/ Б.Б. Жаһина, С.Н. Жәмбек, А. Ы 
Ысмағұлов, Р.Ж Қияқова,А.О Жұмагулова, Л.К Мусин, А.М 
Бекмагамбетова-«мир печати»» 
Ж. К. - Көкшетау, 2014.-275 б 
5.Жанұзақ Т. Жер-су атаулары (этимологиялық анықтамалық). -Алматы: 
«Өнер», 2011- 496 б. 
ӘӨЖ 81-114.4 
Жумагулова Өміргүл Ақанқызы, 
Каирбекова Ибагүл Сүлейменқызы, 
Мусин Лайс Қапезұлы. 
«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау универсиеті» КеАҚ, 
Көкшетау, Қазақстан 
j_omirgul_a@mail.ru
 
 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ГРАММАТИКАҒА 
ҚАТЫСТЫ КӨЗҚАРАСТАРЫ 
 
Аннотация: Мақалада А.Байтұрсыновтың функционалды грамматикаға негіз болған 
ғылыми тұжырымдары қарастырылады. Ғалымның тілтанымдық пікірлері сын есімге 
қатысты айтылған ойлары негізінде сараланады. Ғалым ойлары қазақ тілінің ұлттық 
корпусынан алынған күміс сөзінің тіркесімділігіне арналған тілдік деректер негізінде 
анықталды. Қазіргі қазақ тілінде күміс сөзінің тіркесуі арқылы жасалған қолданыстардың 
функционалдық мәні талданды. 
Тірек сөздер: сын есім, тіркесімділік, мағына, метафора, метонимия, жеке 
қолданыстағы метафора, функционалды грамматика, тек сыны



125 
Қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалым А.Байтұрсынұлының тілге 
қатысты айтқан: «Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың 
меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәрін 
жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама қадырынша жарайды» [1, 141] деген 
тұжырымы 
– 
тілді қазіргі лингвистикалық зерттеулерде басымдыққа ие болып 
отырған тілдің қызметін, сөйлеуді антропоцентристік бағытта қарастыру, тіл 
мен адамды өзара тығыз бірлікте алып қарастыратын тілдегі функционалды 
бағыттың алғашқы ғылыми негіздері. Осы тұрғыдан алғанда, тілдің 
функционалды сипаты қазақ тілтанымында ХХ ғасырдың басында тілші 
А.Байтұрсыновтың назарынан тыс қалмағанын байқатады.
Тіл 
бірліктерін 
функционалды 
аспектіде 
қарастыру 
тілдің 
коммуникативтік қызметі және тіл бірліктерінің семантикалық әлеуетін бірлікте 
саралауды көздейді. Бұл туралы А. Байтұрсынұлы «біз қазақ тіліндегі сөздің 
бәрін білгеніміз қазақ тілін қолдану болып табылмайды. Тілді қолдана білу деп 
айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала білуді айтамыз» деп түйіндейді. 
Бұл тұста да ғалымның тұжырымы сөйлеушінің коммуникативтік мақсатына 
сәйкес қолданылуы тұжырымдалады. Демек, тілдің функционалдық сипатына 
қатысты тұжырымдар тілдегі функционалды бағыттың негізін құрайды.
А.Байтұрсынұлы 1915 жылы жарық көрген «Тіл – құрал» еңбегінде сын 
есімді саралауда олардың семантикалық сипатын негізге алған. Қазақ тілінің 
грамматикасында «тұлғадан – мағынаға қарай» ұстанымын басшылыққа алатын 
дәстүрлі грамматикада сын есім сапалық және қатыстық болып бөлінетіні 
белгілі. Ал ғалым «мағынадан – тұлғаға қарай» ұстанымы бойынша сын 
есімдерді саралап көрсетіп, 
нәрселердің сынын көрсететін сөздерді сын есім деп 
анықтайды да сын есімді тек сыны және сыр сыны деп екіге бөлген. Тек сыны 
нәрсенің тегін көрсететінін айтып, 
ағаш аяқ, күміс қасық, алтын жүзік, қағаз 
ақша, жез құман, киіз қалпақ, мақта жіп 
сияқты тілдік деректер негізінде 
дәйектейді. 
Ал сыр сыны нәрсенің ішкі, тысқы сырын, реңін, түрін, түсін, тегін, 
тұлғасын, пішінін, жайын, күйін көрсететінін тілге тиек етіп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет