132
Қазіргі қазақ тіліндегі күміс сөзі – тіркесімділік қабілеті және мағыналық
әлеуеті өте жоғары лексикалық бірлік.
Күміс сөзі тұрмыстық заттар, ат әбзелдері, ыдыс-аяқ атаулары мен әшекей
бұйымдардың атауларымен тіркесіп, күмістен жасалған деген мәнді білдіреді.
Күміс сөзі бұлақ, өзен, дария, көл сөздерімен тіркесіп, мөлдір тұнық, таза
дегенді білдіреді.
Күлкі, үн сөздерімен тіркесіп, ақ жарқын, көңілді деген мағынада
жұмсалады.
Күміс алқа екі түрлі мағынада жұмсалады, бірінде күмістен жасалған
әшекей бұйым, екіншісі – мемлекеттік марапат атауы. Күміс сөзі поэтикалық
қолданыста троп қызметінде жұмсалып, әр түрлі мәнге ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: