Конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет80/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   127
Көк ала түтін. 
Айнала көрінбей кететін көп түтін болғанда айтылатын сөз. 
2.
Көк түтін. 
Будақтаған, қара қошқыл түтін. 3.
Түтін басы. 
Әр үй сайын. 4.
Түтін 
салды. 
Етті сүрлеу, ыстау үшін от жағып, түтін қойды. 5.
Түтін салық. 
ХХ ғ. 
басына дейін әрбір жеке үй басына салынатын салық. 6.
Түтін түтетті. 
Өз алдына 
үй болды, отбасын құрды. 7.
Түтіні бір жерден шықты. 
а) Бірікті, тату болды. ә) 
Үйленді, қосылды. 8.
Түтінін түзу [тура] шығарды. 
Отбасы ұйыды, берекелі, 
тату-тәтті тұрмыс кешті. 9.
Түтінін үзбей оқ атқан. 
Мерген, жауынгер. 10.
Түтіні 
түзу. 
Тілегі дұрыс, кеңпейілді, ақкөңіл, берекелі, тату-тәтті отбасы. 
Ж.Мусиннің «Туған үйдің түтіні» романында 
«түтін» 
концептісі мына 
үзінділерде кездеседі: 
«Бәтіш апай сол дарияда суға батпай, үміт қайығымен жүзіп келеді. 
Өзі сыйынған қара шаңырағының түтінін сейілтпейді. Жалғызымның долына 
деп тырмысып-тырбанып жүріп жалпыға да қызмет ететінін онша сезбейді 
де...» 
(40-41 бет). 
«Жұдырықтай жүрегім жарылып кетті ме деп едім. Ағамның түсі 
бұзылып, қоңыр өңі қара түтін болып түтігіп кетті» 
(66-бет). 
«...Анаңның ақ сүтін ақтағың келсе, адам бол. Шешеңнің сары майдай 
сақтаған шаңырағына ие болып, биікке көтер, ақтық демі бітіп, көзі 
жұмылғанша отын өшірмей, сөндірмей кеткен отын маздатып, туған үйінің 
түтінін түтет. Бір сен деп тұрмыстағы қыздарының біреуінің қолына 
бардыма? Жалынса да ешқайсына барған жоқ. Ақыры, олар да ат құйрығын үзіп 
кетті. Бәрін де мына сенің жолыңа құрбан етті. Естимісің, сен!» (66-67 бет). 
Қорыта келгенде, тіл тек ойды білдірудің құралы немесе оның тікелей 
құрылысы ғана емес, тіл 
– 
алдымен сол ойды әр ұлттың өзіндік танымына ғана 
тән, мыңдаған жылдар бойына дарытқан дүниетанымдық негізде құраушы құрал 
деген тұжырым жасаймыз. Адам санасындағы ғалам бейнесі табиғаты жағынан 
әр алуан болып келетін концептілердің көмегімен көрініс тауып, олар сөз арқылы 
таңбаланып беріледі 


161 
Адамзаттың айналадағы шынайы өмірді тануы, ақиқатқа деген көзқарасы, 
қабылдауы тіл арқылы бейнеленеді. Тілдегі адам факторын тереңінен зерттеу 
нәтижелері санадағы ақиқат дүниенің бейнесін, оның ішінде дүниенің тілдік 
бейнесін анықтауға әкеледі. Тіл қойнауында дүниенің тілдік бейнесі жасалады. 
Сонымен қатар, тіл арқылы жеке тұлғаның тәжірибелі білімі ұжымға тарайды. 
Тіл иесінің ой-өрісіне, концептілік әлеміне байланысты дүниенің танымдық 
бөлшектері тілде өзінше көрініс табады, ал тіл иесі танымдық ойын өз тілінде 
сақталған дүние бейнесіне сәйкес танытуға тырысады. Тілші-ғалым 
А.Байтұрсынұлының еңбектерін зерттеу барысында, танымдық немесе 
когнитивті лингвистика мәселелері ғалымдар назарына аталмыш терминнің 
пайда болуынан әлдеқайда ертерек іліккенін анықтадық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет