163
Жоғарыда аталған жай сөйлем түрлерінің ішінде кейіпкердің түрлі
экспрессивті эмоцияларын, сезімін оқырманға жеткізуде, сол арқылы олардың
толыққанды образын жасауда лепті сөйлемдер ерекше орын алады.
Лепті сөйлем – адамның көңіл-күйін, әртүрлі эмоциялық сезімін білдіру
үшін жұмсалатын сөйлемдер. Лепті сөйлемнің мағынасы жай хабар болуымен
қатар, кісінің қуанышы, қорқынышы, таңырқауы, ызасы, аянышы, жалынышы,
күмәні, жиреніші сияқты ішкі сезімдерді білдіреді [6,132]
.
Қазақ тіл біліміндегі лепті сөйлем туралы пікірлерге тоқталсақ, тіл
ғылымының іргетасын қалаушы ғалым А.Байтұрсынұлы лепті сөйлемдерді:
«Адам көңілі-күйі,
жан-жайымен сөйлегенде, мәселен, жан ауырғанда, не
кенелгенде, таңданғанда, сұқтанғанда, кейігенде, есіркегенде, күйінгенде,
сүйінгенде, қорыққанда, қуанғанда айтылатын сөйлемдер», – дейді [7,156].
Ал Қ.Жұбанов: «Бір
нәрсеге таңдана, опына, біреуге өтіне, бұйыра,
ашулана, қуана сөйленген немесе хабар өте көтеріңкі я өте басылыңқы көңілмен
берілген сөйлемдерді леп сазды сөйлем» [1,141], – деп, лепті сөйлемдердің
қатарына тілек айту, бұйыру мақсатында айтылған
сөйлемдерді де қосып
қарастырады.
Профессор С.Аманжолов лепті сөйлемдерге «ерекше көңіл-күйіне, күшті
сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру, т.б.) айтылған ойды
білдіретін сөйлемдерді» [8,7] жатқызады. Сонымен қатар ғалым лепті
сөйлемдерде сұрау мәнді сөздердің араласып келетінін де айтады.
Р.Әмір «Жай сөйлем синтаксисі» атты еңбегінде сөйлемдердің болмыс
туралы пікірді хабарлап қана қоймай, болмысқа
қатысты эмоцияны да
білдіретінін айтып: «Сөйлеушінің эмоциясын қоса білдіретін сөйлемдерді лепті
сөйлем дейміз» [2,72], – деген анықтама береді.
Мысал келтіретін болсақ, «Осындай қиын-қыстау, алма-ғайып сәттерде
ең жақын адамдардың жанында болғанға не жетсін!». Бұл лепті сөйлемнен
сөйлеушінің өмірінің ауыр кезеңін басынан өткеріп жатқандығын, оның мұңаю,
күйіну сезімін байқаймыз. Сөйлем соңында келген
Достарыңызбен бөлісу: