161
Адамзаттың айналадағы шынайы өмірді тануы, ақиқатқа деген көзқарасы,
қабылдауы тіл арқылы бейнеленеді. Тілдегі адам факторын тереңінен зерттеу
нәтижелері санадағы ақиқат дүниенің бейнесін, оның ішінде дүниенің тілдік
бейнесін анықтауға әкеледі. Тіл қойнауында дүниенің тілдік бейнесі жасалады.
Сонымен қатар, тіл арқылы жеке тұлғаның тәжірибелі білімі ұжымға тарайды.
Тіл иесінің ой-өрісіне, концептілік әлеміне байланысты дүниенің танымдық
бөлшектері тілде өзінше көрініс табады, ал тіл иесі танымдық ойын өз тілінде
сақталған дүние бейнесіне сәйкес танытуға тырысады. Тілші-ғалым
А.Байтұрсынұлының еңбектерін зерттеу барысында, танымдық немесе
когнитивті лингвистика мәселелері ғалымдар назарына аталмыш терминнің
пайда болуынан әлдеқайда ертерек іліккенін анықтадық.
Достарыңызбен бөлісу: