Дәрістің мақсаты: топырақтың су қасиеттерімен және құблымен танысу және оны реттеу жолдарын анықтау Кілтті сөздер



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата18.10.2023
өлшемі171,48 Kb.
#118934
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
лекция 7

Еркін (сұйық) су
- топырақ түйіртпектері ішіндегі және араларындағы кеңістіктерді 
жайлайды. Бірінші орындағылары кылтүтікшелік, ал екіншілері бос кеңістіктегі 
гравитациялық (тартымды) суға жатады. Қыл түтікшелік ылғал топырақтың жіңішке 
қуыстарында сұйықтамшы күйінде жиналады. Мұндай сулар топырақта мениск (жиектік 
тарту) күші мен ер бағытта, көбінесе жоғары немесе төмен қарай жылжиды. Олар тар 
қылтүтікшелік тірелген және тар түтікшелік ілінген болып екіге бөлінеді. Қылтүтікшелік 
тірелген су ыза деңгейінен көтеріледі. Ол тарайтын топырақ қабатын қылтүтікшелік деңгей 
деп атайды (капилярная кайма). Қыл түтікшелік тірелген су тараған қабат қалындығы 
топырақтың су көтеру қабілетіне байланысты болса, ілінген сумен қамтамасыз етуде 
аталған сулардың маңызы өте зор. Олардың ең тиімді түрлері жауын-шашын, суару және 
ыза суларымен қанады. Топырақ беті бүркелмесе, еркін сулар қылтүтікшелер арқылы 
буланып кетеді, сондықтан бұл құбылысты тиісті топырақ өңдеу тәсілдерімен тежеу керек.
Гравитациялық ылғал
– барлық қылтүтікшелері суға толған топырақ, ал одан әрі 
ылғалданған жағдайда түйіртпектер аралығына толған су. Ол топырақта салмақтың күшпен 
еркін, жоғарыдан төмен қозғалатын болғандықтан, гравитацтялық деп аталады. Төмен 
қарай аққан су топырақтың астыңғы қабаттарын ылғалдандырып, ыза деңгейіне жетуі 
мүмкін. Бұл су өсімдіктерге тиімді, бірақ топырақтағы барлық қуыстарды толтырып, ауаны 
ығыстырады да, анаэробты жағдай туғызады.
Сулық қасиеттер
. Негізгі су қасиеттеріне топырақтың суөткізу, суұстау, су сыйымы 
және сукөтеру қабілеті жағады. 
Сусиымына
топырақтың суды сіңіріп, ұстап түру қабілеті жатады. Оның толық, 
далалық, қылтүтікшелік және гигроскопиялық түрлері бар. 
Толық сусыйымы (ТСС) деп, топырақтың барлық қуыстары гравитациялық суға толған 
кездегі ылғалдылықты айтады. Мұндай жағдайда топырақтың ауа алмастыру қабілеті 
(аэрация) бәсендеп, өсімдік тамырлары түншығады. 
Далалық (кіші) сусыйымы (ДСС) деп, топырақтың гравитация суы төмен ағып 
кеткеннен кейінгі ұсталған (ілінген) судан құралған ылғалдылығын айтады Оның мөлшері 
топырақтың механикалық, минералдық және химиялық құрамына, көлемдік тығыздығына 
байланысты. Далалық, су сыйымдылықтың құм топырақтардағы мөлшері 3-5, 
құмбалшықты және балшықты топырақтарда 18-23 процентке тең, оның ең жоғары 
мөлшері (35 
%) 
берік түйіртпекті құмбалшықты қара топырақтарда болады. 
Қылтүтікшелік сусыйымы (ҚСС) деп, топырақ қылтүтіктерінің ыза суына қанып, су 
ұстап түру қабілетін айтады. Ол топырақтың механикалық құрамына және кескін 
қалындығына байланысты: құмдар мен түйіртпекті топырақтарда аз, топырақтарда жоғары 
болады. 
Сукөтеру
деп, топырақтың қылтүтіктері арқылы ыза деңгейінен мениск күшімен 


сукөтеру қабілетін айтады. Судың топырақта көтерілу жылдамдығы мен биіктігін 
қылтүтікшелер диаметрі анықтайды, яғни қылтүтіктер диаметрі жіңішкерген сайын, 
олардың су көтеру қабілеті артады. Бұ құбылыс керісінше де білінеді. Мысалы, 
қылтүтікшелер мен су көтерілу құм топырақта 30-60 см болса, лёсті құмбалшықта 3-4 м-ге 
тең, ал балшықта 6-7 м-ге жетеді. Шаңды бытыранды топырақта, түйіртпекті топыраққа 
қарағанда, қылтүтікшелілік су көтеру қабілет жақсы жетілген.
Сусіңіру - 
топырақтың жоғары қабаттан төмен қарай су өткізу қабілеті. Су топыраққа 
үш ретті құбылыспен сіңеді: сіңу, ылғаддану, өту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет