ДӘРІС 7
ТОПЫРАҚТЫҢ СУ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН СУ ҚҰБЫЛЫМЫ (РЕЖИМІ, ТӘРТІБІ).
Дәрістің мақсаты:
топырақтың су қасиеттерімен және
құблымен танысу және оны
реттеу жолдарын анықтау
Кілтті сөздер:
дисперсті жүйе, гигроскопиялық, гравитациялық ылғал, транспираця
коэффициенті, су сиымы
Сұрақтар:
1. Су күйі және қасиеттері
3. Судың топырақтағы құбылымы (режимі) және оны реттеу.
Су күйі.
Топырақ көп фазалы (бөлекті) және дисперсті (бытыранды) жүйе
болғандықтан, оған суды сіңіріп және ұстап түру қасиет тән.
Қай кезде болмасын, онда
белгілі бір мөлшерде және күйде су болады. Құрғақ топырақты 105
0
С те кептіріп,
процентпен анықталған су мөлшерін ылғалдылық дейді, оның қорын м
3
/га
және мм-мен
белгілейді.
Топыраққа су атмосфералық жауын-шашын, ыза суы, ауа буының қоюлану
(конденсация) және қолдан беру (суару) жолдарымен келеді. Топырақтағы су-өсімдіктер
мен жандылар тіршілігінің негізі. Өсімдіктер органикалық заттар түзуге суды әр мөлшерде
қажет етеді. Бір мөлшердегі органикалық зат түзуге керек су
көлемін транспирация
(ңжіпсуң) коэффициенті (ТК) деп атайды. Безенчук тәжірибе стансасының бақылаулары
бойынша ауылшаруашылық дақылдарының ТК мынандай: бидайдікі - 406, сулынікі - 430,
тарынікі - 266, арпанікі - 382, жүгерінікі - 238 және жоңышқанікі - 586 тең, яғни өсімдіктер
1 г құрғақ органикалық зат құрау үшін 200-ден 600 г-ға дейін су жұмсайды.
Транспирациялық коэффициент көп жағдайларға, яғни дақылдардың сортына, топырақтың
өңдеу тәсілдеріне, су режиміне байланысты өзгереді. Сондықтан,
қолайлы су режімін
қалыптастыру - агротехниканың басты мақсаты.
Өсімдіктерді сумен қандыру, тек топыраққа сіңген судың көлемімен өлшенбейді, ол
топырақтың су құбылымына: су сіңірілуіне,
өткізгіштігіне, суды ұстап қалуына, оны
сақтауына және өсімдікті дер кезінде сумен қамтамасыз етуіне байланысты. Сондықтан бір
климат жағдайында, біркелкі жыртылған, беті тегіс танап
топырақтарындағы су мөлшері
әртүрлі болуы мүмкін. Бір дәрежеде ылғалданған топырақтағы тиімді судың мөлшері оның
механикалық құрамына, қарашірінді мөлшеріне және басқа қасиеттерге байланысты
өзгереді. Сондықтан, топырақтағы судың құбылымы тек
жауын суының мөлшеріне емес,
көп жағдайда, ондағы су күйіне байланысты. Өсімдікгерге қажет топырақтағы судың
мөлшерін, ондағы су қарым-қатынасын және күйін білу керек. А. Лебедев, С, Долгов және
А. Роденің зерттеулерінше су топыраққа үш-қатты (мұз), сұйық және бу күйінде болады.
Олардың топырақпен байланысы бірдей емес.