2 Судың топырақтағы құбылымы (режимі) және оны реттеу. Топырақтағы су
құбылымын да білу керек, ондағы су қорының кірісі мен шығысын су балансы, кірісі мен
шығысының тепе-теңдігі дейді.
Топырақтың су балансы Судың кірісі
Судың шығысы
Жауын суы.
Құрлық бетімен ағып келген су.
Құрлық астымен ағып келген су.
Қар суы.
Будан жиналған (конденсация-ланған) су.
Өсімдік денесіне және зттарға ұсталған су.
Құрлық үстімен ағып кеткен су.
Құрлық астымен ағып кеткен су.
Жел ұшырған қар.
Өсімдік тамырлары сорып, жапырақтары арқылы
транспи-ранцияланған (өнімге кеткен) су.
Жалпы су балансын мына формула арқылы шығарады (мм):
Ыо + Ыж + Ыжа + Ык + Ыб + Ыжт = Бс + Бт + Бтг + Жб + Тс + Ты, мұнда:
Ыо - бақылау алдыңда топырақтағы ылғал қоры;
ЬІж - бақылау кезіндегі жауын суының мөлшері;
Ыжа - ызадан кетерілген ылғал;
Ык - су буынан конденсацияланып жиналған ылғал;
Ыб - құрлық бетімен келіп жиналған ылғал;
Ыжт - грунт және топырақ ішімен бүйірден ағып келіп жиналған ылғал;
Тс - бақылау кезіндегі топырақ бетінен буланып кететін су мөлшері, физикалық булану;
Бт - транспирациялық ылғал шығыны (десукция);
Бтг - топырақ кескінінен өтіп грунтқа сіңетін су мөлшері;
Жб - құрлық бетімен ағып кететін су мөлшері;
Тс - топырақ пен грунт ішінде бүйірден ағып кететін су;
Ты - бақылау соңында топырақта қалған ылғал қоры.
Формуланың сол жағында - судың кіріс, ал оң жағында шығыс баптары келтірілген.
Әр қабаттағы (0-20, 0-50, 0-10 см) ылғал қоры жеке есептеледі, себебі топырақ
кескінінде ылғалдылық пен тығыздық бірдей емес. Әр тектік ылғал қоры (м
3
/га) мына
формуламен есептеледі:
С к = а.dv.Н, мұнда: С
к
- тиісті қалындықтағы судың қоры, м
3
/га;
а - анықтау кезіндегі топырақтың далалық ылғалдылығы, %;
dv - топырақтың тығыздығы, г/см
3
;
Н - қабат қалындығы, см; м
3
/га мен есептелген су қорын, миллиметрге айналдыру
үшін 0,1 коэффициентін қолданады, себебі 1 мм су қабаты 1 гектарда 10 м
3
су қорына тең.
Су балансы әр топырақ-климаттық аймақтар мен оқшау өңірде бірдей емес. Оның
негізгі баптарының өзара карым-қатынасы өзгеруіне байланысты топырақта бірнеше сулық
құбылым типтері қалыптасады. Су құбылым типтерін анықтау үшін Г. Высоцкий
ылғалдану коэффициентін ұсынған (К
ылг
):
Б Ж K ылг =
;
мұнда,
Ж - орташа көпжылдық жауын-шашын мөлшері, мм;
Б - су бетінен орташа көпжылдық булану мөлшері, мм.
Топырақтарда