1-жүргізуші: - Тәуелсіздіктің жемісі: Алғашқы
Президент Н.Ә.Назарбаев; Ұлттық бірлік; Мемлекеттік
нышан – Елтаңба, Әнұран, Ту; Ұлттық валюта – теңге;
Ата заң – Конституция; Қазақстанның Қарулы Күштері;
Елорда – Астана (Слайдтар, оқушылар сөздер жазылған
плакаттарды алып шығады).
Бірінші оқушы:
- Әр сызығы сырға толы өрнекті,
Бейнеленген бейбіт өмір, еңбекті.
Шаңырағынан алтын шапақ Күн өрген,
Тәуелсіздік – Елтаңбамыз көрнекті.
60
61
Хас тұлпардай бәйгедегі дүбірлі
Асқақтатар рухыңды да, үніңді.
Елдігің мен ерлігіңді паш еткен
Тәуелсіздік – Әнұраным бүгінгі!
Екінші оқушы:
- Ел тағдырын жаңа тапты таңдаған,
Бейбіт күннен шуақ алды кең далам.
Тәуелсіздік – аспан түстес Туымыз,
Күн астында қайсар қыран самғаған.
Орнаған Сарыарқаның кіндігінде,
Нұр ойнап жаңа Астана түндігінде,
Желбіре тәуелсіздік көк байрағы,
Күш-қуат – халқымыздың бірлігінде!
Бірінші оқушы:
- Казахстан, ты – моя Родина,
Ты надежда моя и отрада,
Тебя я люблю всей душой,
Ты все, что для счастья мне надо.
Я горда за бескрайность полей
За хлеба, за колосья пшеницы.
Я уверена, нет ничего красивей,
Чем пейзажи нашей столицы.
Екінші оқушы:
- Я восхищаюсь твоей красотой,
Когда весною цветы зацветают.
Казахстан, ни что не сравнимо с тобой,
Все казахстанцы об этом знают.
Я люблю тебя, Казахстан,
Потому что тебя нет краше.
И из всех замечательных стран
Для меня ты – лучший на свете.
2-жүргізуші:
- Нұрсұлтандай азаматым басқарған,
Қазақстан, көріне бер асқардан.
Әлем халқы ауызын ашып таңдансын
Мемлекетке күннен күнге жақсарған.
Тұлғасына көрген адам тамсанған,
Абылай атам осы күнді аңсаған.
Ұлылардың тілектері қабыл боп,
Тәуелсіз ел болдық деп жар салам.
Бірінші оқушы:
- Тәуелсіздік берді жалын, от маған,
Енді тоқтау, шегінер жол жоқ маған.
Келер күнге нық сеніммен қараймын
Елбасыммен бірге болып, топтанам.
Ашық болсын деп жүрміз аспанымыз
Біздің тату-тәтті ғой достарымыз.
Кірпіш болып қоғамға қаланайық,
Еліміздің болашағы, жастары – біз!
1-жүргізуші:
- Тәуелсіздік – қасиетті ұғым. Осы ұғымды қастерлей
білейік! Қанша ғасыр армандаған Тәуелсіздік туын
құлатпай, жоғары көтеріп ұстау – біз – жастардың
міндеті. Осы міндетті абыроймен атқарайық, жас достар!
Тәуелсіздігіміз баянды болсын! Еліміз күннен-күнге
құлпырып, жайнай берсін! Келе жатқан мереке бәрімізге
құтты болсын!
62
63
Гүлнар ҚАСЫМОВА,
Галина ҚОЖАНИЯЗОВА,
Қостанай қаласындағы
№17 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімдері.
ТӘуЕЛСІЗДІК – АҢСАҒАН
АРМАН, ҚОЛ ЖЕТКЕН МҰРАТ
Мақсаты: тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Тәуелсіздік
жолында құрбан болған қазақ халқының ерлігімен
таныстыру. Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі
жеткен жетістіктерімен таныстыру. Оқушыларды туған
жерін, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі
мол азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
оқушылардың
шығармашылық
жұмыстары, қанатты сөздер, компьютер, экран (слайд-
шоу).
1-жүргізуші: - Қазақстан Республикасы 1991 жылы
16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес
мемлекет болды. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген
елдерімен байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге
айналған. Біз өзіміздің Әнұранымызды, Туымызды,
Елтаңбамыз, Төл теңгемізді басқа елдерге мақтаныш
етеміз. Қазақстан Туымен – тұғырлы, Елтаңбасымен –
еңселі, Әнұранымен – айбатты.
2-жүргізуші:
- Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
Қуаныштан қалай кеуде кермесін,
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.
Ақ түйенің қарыны бүгін жарылды,
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.
Әнұран шырқалады.
Данил:
- Өзіңдікі елің де,
Өзіңдікі жерің де,
Өзіңді сезін бақытты
Тәуелсіздік төрінде!
Әзиза:
- Өзіңдікі Туың да,
От пен ауа, суың да.
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буын да.
Татьяна:
- Ел жоқ білем аңсамаған теңдікті,
Еркін жүріп көксемеген кеңдікті.
22 жыл тәуелсіздік алдық біз,
Жалғастырып баба жолын – елдікті.
Глеб:
- Әнұран бар ұрпаққа өсиет шашқандай,
Теңгеміз бар тайға таңба басқандай.
Көк байрағым көкте биік желбіреп,
Бірлікке шақырып бізді жатқандай.
Алина:
- Халқым айтқан: жер көтерер ер даңқын,
Елім айтқан: ер көтерер жер даңқын.
64
65
Халқын ойлар аман болғай Елбасы,
Мәңгі жаса, мәңгі жаса, өр халқым!
Ән: «Көк тудың желбірегені». Сөзін жазған: Алмас
Ахметбекұлы. Әнін жазған: Ермұрат Зейіпхан.
Мұғалім: - Тәуелсіз ел болу дегеніміз – кеудеңді
кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан ұрпаққа мұра
болып келе жатқан салт-дәстүріңді, әдет-ғұрпыңды
айқындап көрсететін, өзінің өзгелермен тең екендігін
сезіну және ана тіліңде емін-еркін сөйлеуің деп білемін.
ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Біздің алға қойған мақсатымыз:
өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен
қарайтын азамат болу.
Тәуелсіздік – мағынасы зор, тамыры терең ұғым.
Қазақстан тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін көру үшін
тарихқа көз жүгіртейік.
1-оқушы: - 1991 жылы Қазақстан Жоғарғы Кеңесі
16 желтоқсанда Қазақстан Республикасын Тәуелсіз
Республика деп жариялады.
2-оқушы: - 1991 жылы 10 қазанда қазақ халқының
тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
3-оқушы: - 1992 жылы маусым айында Қазақстан
Республикасының ел рәміздері: Туы, Әнұраны, Елтаңбасы
қабылданды.
4-оқушы: - 1993 жылы тұңғыш Конституция
қабылданды.
Қарашаның
15-күні
Қазақстан
Республикасының Ұлттық ақшасы – теңге айналымға
енді.
5-оқушы: - 1994 жылы Қазақстанның жаңа ордендері
мен медальдары дүниеге келді. Екінші қазақ ғарышкері
Талғат Мұсабаев Союз ТМ-6 ғарыш кемесімен көкке
самғады.
6-оқушы: - 1995 жылы тамыздың 30-да Референдумда
ұсынылған жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.
7-оқушы: - 1996 жылы 30 қаңтарда Қазақстан
Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы болды.
Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды.
8-оқушы: - 1997 жыл қуғын-сүргін құрбандарын
еске алу жылы болып жарияланды.
9-оқушы: - 1997 жыл ұрпақтар бірлігі мен
сабақтастығы жылы болып жарияланды, осы жылы Білім
Заңы қабылданды.
10-оқушы: - 1997 жыл Тіл туралы Заң қабылданды.
11-оқушы: - 1998 жыл Халық бірлігі мен Ұлттық тарих
жылы деп жарияланды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың Қазақстанның 2030 даму стратегиясы
жарияланды.
12-оқушы: - 1998 жылы 6 мамырда ел Астанасы
Ақмола қаласына көшті.
13-оқушы: - 1999 жылы 10 қаңтарда Президент
сайлауы нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 7
жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Президенті болып
қайта сайланды.
14-оқушы: - 2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы
болды.
15-оқушы: - 2001 жылы Тәуелсіз Қазақстан халқы
ғаламат ғасыр ХХІ ғасырды зор сеніммен қарсы алды.
16-оқушы: - 2002 жыл Денсаулық жылы болып
есептелінді.
17-оқушы: - 2003-2005 жылдар Ауыл жылдары
болып жарияланды.
18-оқушы: - 2006 жыл – Тәуелсіздікке 15 жыл,
Желтоқсан оқиғасына – 20 жыл.
66
67
19-оқушы: - 2007 жылы Әнұранның мәтіні өзгерді.
20-оқушы: - 2008 жылы Халық санағы болды.
Қазақстан халқының саны 16 000 000-ға жуық.
21-оқушы: - 2010 жылы желтоқсан айында Астана
қаласына Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастық
ұйымы шақырылды.
22-оқушы: - 2011 жылы 3 сәуірде кезектен тыс
Президенттік сайлау өтті. Халық қалауы Елбасы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды.
Адамбаев Әкежан. Ән: «Жаса,Қазақстан!».
1-жүргізуші: - Еліміздің Президенті Нұрсұлтан
атамыздың Тәуелсіздігіміздің келешегі жолында жүзеге
асырып жатқан жұмыстарын толық қолдаймыз.
2-жүргізуші: - Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ
Нұрсұлтан ата еліміздегі әрбір бала ХХІ ғасыр
көшбасшысына лайық болу керек.
1-жүргізуші:
- Хандардың қайталамай қателерін,
«Ұлт бол деген нығайтып қатарларын».
Мағжан мен Мұхтар, Жүсіпбектің,
Ұмытпа ешқашан да баталарын.
2-жүргізуші: - Абылай сынды ақылгөй ханы бар
қазақта қара қылды қақ жарған үш кемеңгер билері – Төле
би, Қазыбек би, Әйтеке билердің шешендік сөз үлгілеріне
құлақ салайық.
Көрініс: Төле.
Халықтың қамын ойлайтын күн туды. Алаштың басын
біріктіріп, ақылы мен айласын жүргізетін хан керек.
Барлығы: Хан керек, хан керек. Билікті кім айтады!
Әйтеке:
- Аға – қорған, іні – найза демей ме!
Арқамды қорғанға тіремеймін бе,
Найзамды ерсілі-қарсылы сілтемеймін бе!
Мен айтайын билікті.
Қазыбек:
- Ағасы асқақ інім,
Ағасы бардың жағасы бар емес пе?
Бұл дауды мен шешейін.
Жолды маған беріңдер.
Барлығы: Қазыбек айтсын! Айтсын!
Қазыбек: - Мен айтсам, халықтың қамын ойлайтын,
хан болуға ханның баласы Әбілмансұр лайық!
Төле:
- Атасызға ата бол!
Батасызға бата бол!
Арып ашқан ғаріптің
Жел жағына жота бол.
Панасызға пана бол,
Кек сақтамас дана бол.
Дос сүйсініп, қас сыйлар,
Асу бермес аға бол!
Әумин!
Барлығы: Уа, жарайсың! О, бәрекелді!
Әбілмансұр (Толағай): - Уа, жарандар, маған
билік берсеңдер, мен Сабалақ та, Әбілмансұр да емес –
Абылаймын. Мен арғы атамның атымен басқарамын.
Елім үшін, жерім үшін, алға!
Мұғалім: - Еліміздің тұғыры биік, Тәуелсіздігіміз
мәңгі болғай! Ең бастысы ХХІ ғасырдың көшбасшы-
сына лайық болайық!
Ән (хор): «Атамекен». Өлеңін жазған: Қ.Мырзалиев.
Музыкасын жазған: Е.Хасанғалиев.
68
69
Бір тақырыпқа – екі мақала
Динара ОРАЗБАЕВА,
Астана қаласындағы
Балалар үйіндегі
орта мектептің
қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
(9-сынып)
Сабақтың мақсаты: А.Байтұрсынұлының өмірі мен
шығармашылығын байланыстыра түсіндіру. Міндеттері:
білімділік – Ахметтің халқы үшін жасаған еңбектерінің
жоғары екендігін ұғындыру; дамытушылық –
оқушылардың қазақ тілін үйренуге, қазақша оқуға
деген ынтасы мен ықыласын арттыру, сөздiк қорын,
дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту; оқушылардың
шығармашылық қабілетін жетілдіру; тәрбиелік –
балаларды білімділікке, мәдениеттілікке, адамгершілікке
баулу, ұлттық сананы қалыптастыру. Көрнекіліктер:
интерактивтік тақта, А.Байтұрсынұлының портреті,
шығармалары. Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті,
тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Қызығушылықты ояту сатысы.
ІІ. Жаңа сабақ.
Сөздік жұмысы: өркениет, дамыту, ойшыл, данышпан,
күш-қайрат, ұйымдастырушы, құрастырушы.
Тыңдалым.
Қазақ халқының ғалымдары
Адамзатты өркениетке жеткізетін нәрсе – ғылым.
Ғылымды дамытатындар – ғалымдар. Ғалымдар – өз елін,
жерін, туған халқын сүйген ойшыл, данышпан адамдар.
Олар жазған ғылыми еңбектер, жаңалықтар қашан да
халқына, Отанына қызмет етеді. Қазақ халқында ерте
заманнан осы уақытқа дейін қаншама ғұлама ғалымдар
өзінің күш-қайратын, ақыл-ойын ғылымға арнаған. Қазақ
халқының әйгілі ғұламалары: Әбу Насыр әл Фараби,
Шоқан Уәлиханов, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев,
Ахмет Байтұрсынұлы.
Сұрақ-жауап.
Оқулықпен жұмыс. Ахмет Байтұрсынұлы.
Мәтінмен жұмыс. Оқу, аудару. Мәтіннің мазмұны
бойынша 5 сұрақ құрастыру.
Тапсырмаларды орындау.
3-слайд. Берілген сөздерге синоним сөздерді келтіріп
жазу.
Ел - ..., адам - ..., әйгілі - ..., тұңғыш - ..., мұғалім - ...,
еңбек - ..., талантты - ...
4-слайд. Көп нүктенің орынына тиісті сөздерді
қойып жазыңдар.
1.... ты ... ке жеткізетін нәрсе –
ғылым.
Өркениет, адамзат
2.... дар өз ...н, жерін, туған ...н
сүйген ойшыл, данышпан адамдар. Елі, халқы, ғалым
3....ды бітірген соң, Ақтөбе,
Қостанай және Қарқаралыда ...ға
сабақ береді.
Балалар, оқу
70
71
4.Ахмет Байтұрсынұлы – тіл
...нің ...сы, Қазақстан Ғылым ...н
...ларының ...і.
Бір,
академиясы, ата,
ұйымдастырушы,
білімі
5-слайд. Бір-біріне қатысы бар сөздерді септік
жалғаулары арқылы байланыстырыңдар.
Оқу құралдары
Орынбор
Балалар
Әдебиет
Орыс-қазақ мектебі
Торғай облысы
Оқу
Айналысады
Туған
Оқиды
Автор
Бітіреді
Сабақ береді
Келеді
6-9-слайдтар . Сандардың орынына тиісті сөздерді
қойып, сөйлемдерді дұрыс құраңдар.
1. Ахмет Байтұрсынұлы 1925-1929 жылдары
Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институтында 1 болды.
2. Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылық 2 өлең
жазудан бастаған.
3. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты
аударма 3 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрді.
4. Ахмет Байтұрсынұлы 4 ұлы түрлендіруші-
реформаторы, теоретигі әрі қазақ тілі білімі саласына
орасан зор еңбек сіңірген көрнекті ғалым болды.
10-13-слайдтар. Сөйлемдерді аударыңдар. Бір-
біріңмен сөйлесіңдер.
Қазақшаға аудар.
Жауабын тексер.
Где родился Ахмет
Байтурсынов?
Ахмет Байтұрсынұлы Торғай
облысындағы Сартүбек деген
жерде туған.
Қазақшаға аудар.
Жауабын тексер.
Ахмет Байтұрсынұлы қай
жерде дүниеге келген?
Ахмет Байтурсынов родился
в Тургайской области в селе
Сартубек.
б) оқытушыны.
ә) оқытушы;
а) оқытушыға;
1
б) жұмысқа.
ә) жұмысының;
а) жұмысын;
2
б) қазақ тілімен.
ә) қазақ тілін;
а) қазақ тілінің;
4
б) жинағы.
ә) жинағында;
а) жинақты;
3
72
73
Қазақшаға аудар.
Жауабын тексер.
Ахмет Байтурсынов жил в
1873-1937 годы.
Ахмет Байтұрсынұлы қай
жылдары өмір сүрген?
Қазақшаға аудар.
Жауабын тексер.
Ахмет Байтұрсынұлы 1873-
1937 жылдары өмір сүрген.
В какие годы жил Ахмет
Байтурсынов?
Қазақшаға аудар.
Жауабын тексер.
В каком городе он учился?
Ол Орынбор қаласында
оқыған.
Қазақшаға аудар.
Жауабын тексер.
Ол қай қалада оқыған?
Он учился в городе
Оренбурге.
Қазақшаға аудар.
Жауабын тексер.
Он впервые написал азбуку на
казахском языке.
Ол тұңғыш рет қай тілде
әліппе жазды?
Қазақшаға аудар.
Жауабын тексер.
Ол тұңғыш рет қазақ тілінде
әліппе жазды.
На каком языке он впервые
написал азбуку?
14-17-слайдтар. Ахмет Байтұрсынұлы туралы
айшықты ойлар.
1) Сәкен Сейфуллин «Еңбекші қазақ» газетіндегі
өз мақаласында былай деген екен: «А.Байтұрсынұлы
– қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың
арасынан шыққан, өз заманында патшаның арам қулықты
атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен
халықтың намысын жыртып, дауысын шығарған кісі. ...
Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары губернатор,
соттарға күшін сатып, тілмаш болып, арларын сатып,
ұлықтық істеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын
аямай, қызметтерін қылды...»
2) Мұхтар Әуезов:«Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң
түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік
ұраны – “Қырық мысал” , “Маса”, “Қазақ” газетінің 1916
жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-
білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ
та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі
біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды.»
3) Міржақып Дулатов: «…А.Байтұрсынұлының
өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны,
жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде
бірінші орын алады…»
4) Сәбит Мұқанов: «Қазақ тілі мен кітабын жазған,
қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргетасын
қалаған алғашқы адам – Ахмет ...»
Берілген кестені толтырыңдар.
Аты-жөні,
өмір сүрген жылдары Өмірдерек
Шығармалары
Бейнематериал көрсету.
18-слайд.
Ұлы
ұстаздан
жеткен
марапат.
А.Байтұрсынұлы атындағы орден мен медаль туралы
әңгімелеу.
А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы
туралы эссе жазу.
ІІІ. Бекіту кезеңі. 19-24-слайдтар (фотосуреттер).
ІV. Бағалау.
үйге тапсырма. А.Байтұрсынұлы туралы әңгімелеу,
оның бір өлеңін жаттау.
74
75
Әлия ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
№32 жалпы орта білім
беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
Батыс Қазақстан облысы,
Орал каласы.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
Мақсаты: 1) жаңа сөздерді, көнерген сөздердi
таныстыру, үйренген сөздерін ауызекі тілде қолдануға
машықтандыру. Ғалымның тіл білімінің дамуына
қосқан үлесін меңгерте отырып, А.Байтұрсынұлының
азаматтық тұлғасымен таныстыру; 2) оқу, ауызекi сөйлеу
дағдыларын, сөздiк қорын, логикалық ойлау, дұрыс сөйлеу
дағдыларын дамыту; 3) оқушыларды елінің тарихын
біліп,болашағына еңбек етулеріне шақыру.
Түрi: бiлiм дағдыларын қалыптастыру сабағы.
Әдiстерi: түсiнiп оқыту, талдау, топтастыру, «Синкуин»
әдісі, семантикалық картамен жеке жұмыс, топтық,
жұптық жұмыс түрлері. Көрнекiлiгi: интербелсенді
тақта, топшамалар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңi:
1. Амандасу.
2. Кезекшiмен сұхбат
ә) «Тілек айту» тренингісі.
Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім! – деп кемеңгер
ақын жырлағандай, бүгінгі қазақ тілі сабағына қандай
тілектерің бар (оқушылар өз тілектерін айтады).
II. Негiзгi бөлiм:
А) Сабақтың мақсатымен, барысымен танысу.
Ә)
ІІ. үй тапсырмасын тексеру
. Термин сөздер, кірме
сөздер....Ғылым, білім туралы мақал –мәтелдер. 3 қатар
мақал-мәтел айтып жарысады, мағынасын айтады.
Сұрақтар:
1. Термин сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.
2. Кірме сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.
3. Араб, парсы тілдерінен енген қандай сөздерді
білеміз? (адам, мектеп,әлем, әдебиет, мәдениет, пән,
тәрбие, т.б.)
4. Орыс тілінен енген сөздер? (болыс, сот, жәшік,
кереует, бөтелке, кәмпит, сөмке, тұрба).
Біз қандай модульді өтіп жатырмыз?
Қазақ тіл білімін зерттеген ғалымдар кімдер?
Ойқозғау: Қазақ тіл білімінің негізін салушы, қазақ
тілі емлесінің реформаторы, жаңашыл ағартушы?
- А.Байтұрсынұлы.
Қызығушылықты ояту: Оқушылар А.Байтұрсынұлы
туралы дайындап келген слайдтарын қорғайды,
рефераттарын тапсырады.
Мағынаны тану: Ахмет Байтұрсынұлының атын
қазақ баласының естімегені жоқ шығар. Оның әліпбиі
мен оқу құралдарын оқып, сол ғылыми еңбектерінің
арқасында қаншама адам сауатын ашты.
Ол Қазақстанның әр түрлі облыстарынан мектептер
ашып, ұстаздық жұмыспен айналысты, туған халқын
оқуға, өнер-білімге шақырды. Ахмет Байтұрсынұлы -
қазақ әліпбиінің тұңғыш реформаторы, осы жетілген жазу
үлгісімен еліне тұңғыш «Әліппесін», «Тіл құралын»,
76
77
«Әдебиет танытқышын» сыйлаған, қазақ филологиясы
мен өнертануының негізін салушы, таза қазақ емлесімен
шыққан тұңғыш «Қазақ» газетінің (1913-1918) тұрақты
редакторы.
Ол – ең алдымен, қазақ балаларының ана тілінде
сауатын ашып, әрі қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға
көп күш жұмсаған ағартушы қайраткер. Осы мақсатты
орындау үстінде ол қазақ тілін, оның дыбыстық жүйесі
мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап таныт-
қан зерттеуші әрі сол зерттеулерінің негізінде «Әліппе»
мен тұңғыш ана тілі оқулықтарын жазған автор.
Достарыңызбен бөлісу: |