Мектебінде



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата06.04.2017
өлшемі1,04 Mb.
#11088
1   2   3   4   5   6   7   8

Өрікбай АРЫНОВ,

Қарағанды  қаласындағы

№32 жалпы орта білім 

беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

АТА АҚЫЛЫ

(6-сынып)

Сабақтың мақсаты: қазақ  халқының асыл мұрасы – 

мақал-мәтелдер  туралы  білімдерін  кеңейту.  Міндеттері: 



білімділік  –  оқушылардың    танымдық    қабілеттерін 

жетілдіре  отырып,  сұхбат    мазмұнын    толық    білуге,  

грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындауға,  өз ойын 

тұжырымдап  жеткізе  білуге    үйрету;  дамытушылық  – 

ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру,   қызығушылығын 

ояту,  ойын  еркін  жеткізуге  баулу,  тіл  мен  әдеби  таным 

негіздерін білуіне ықпал етуге жағдай жасау; тәрбиелік 

  жаман  қасиеттерден  жирендіру,    үлкендерді  сыйлауға, 

олардың ақылдарына құлақ  асуға   тәрбиелеуге мүмкіндік 

туғызу.

Түрі:  жаңа  сабақ.  Әдіс-тәсілі:    топтастыру,  сұрақ-

жауап,  мәнерлеп  оқу,  аудару,  іздендіру.  Пәнаралық  



байланыс:    қазақ  тілі,  орыс  тілі,  әдебиет.  Көрнекілігі: 

суреттер, кесте, тұсаукесер рәсімі.



Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгелдеу; көңіл-

күйлерін сұрау; назарларын  сабаққа  аудару.



ІІ. үй тапсырмасын тексеру. Мақал-мәтелдер туралы 

білімдерін тексеру.



44

45

Сұрақтар /Кластер түрінде/:



1.  Мақал-мәтелдер  әдебиеттің  қай  түріне  жатады?                      

/ Мақал-мәтелдер қазақ халық ауыз әдебиетіне жатады/.

2. Мақал-мәтелдер – бізге кімнен қалған мұра? /Мақал-

мәтелдер – бізге ата-бабамыздан қалған мұра./

3. Оның авторы кім?   / Оның авторы – халық/.

4.  Мақал-мәтелдер  қандай  мағына  беретін  сөздер?                     

/  Мақал-мәтелдер  –  көлемі  қысқа  және  терең  ой,  көп     

мағына беретін сөздер/. 

5. Мақал-мәтелдердің тақырыптары қандай? /Мақал – 

мәтелдердің тақырыптары әр алуан/.

6. Басты тақырыптары?   / Басты тақырыптары: Отан, 

туған  жер,  туған  ел,    батырлық,  ерлік,  еңбек,  бірлік, 

достық, төрт түлік мал, өнер, білім, ғылым/.

7. Мақал – мәтелдердің кейбіреулері қай мағыналарда 

қолданылады?  /Мақал-мәтелдердің  кейбіреуі  тура 

мағынада қолданылады, ал кейбіреуі ауыспалы мағынада 

қолданылады.  Мысалы:  тура  мағынадағы  мақал-мәтел;                 

/Жері байдың елі – бай.  Жүз теңгең болғанша, жүз досың 

болсын/. Ауыспалы мағынадағы мақал-мәтел; /Асылдың 

бірі – адалдық. Еңбектің наны тәтті/.

8. Қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?         

9.  Мақал-мәтелдер  бізді  неге  үйретеді?  /Мақал-

мәтелдер бізді  жақсыдан үйренуге,  жаманнан жиренуге 

үйретеді/.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақтың  тақырыбымен,  мақсатымен,  барысымен 

таныстыру. 

Тақырып бойынша берілген жаңа сөздермен таныстыру. 

/Кластер түрінде/:

Ақыл – совет;                                 

білмеген едім – не знал;

ақымақ – глупый;                            

үлгі-өнеге – пример;

демек – значит;                               

естен шығарма – не забывай;

берілген – дано;                             

қасиет – свойство, качество.

Жаңа  сөздермен  сөз  тіркестерін  құрау.  Мысалы:  

Анамның ақылы. Ақымақ адам. Шығарма берілген. Үлгі-

өнеге алу. Сен естен шығарма.



Сұхбатты оқы, аудар.

Ата, «Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір» деген мақал 

бар ма?


- Иә, бар.

- Сонда бұл мақалдың мағынасы не?

- Аз сөйлеу – ақылды адамның ісі, көп сөйлеу – ақымақ 

адамның ісі.

- Ата, көп сөйлеген адам қалай ақымақ болады?

-  Балам,  көп  сөйлеген  адамның  көп  қатесі  болады. 

Адамның он қатесінің тоғызы тілінен келеді.

- Демек, ақылды адам болу үшін аз сөйлеу керек пе?

-  Әрине,  балам.  Адамға  не  үшін  екі  құлақ,  бір  ауыз 

берілгенін білесің бе?

- Жоқ, білмеймін.

-  Екі  құлақ  бергені  –  көп  тыңдасын  дегені,  бір  ауыз 

бергені  –  аз  сөйлесін  дегені.  Адамның  сөйлегенінен 

тыңдағаны көп болу керек.

-  Рақмет,  ата.  Бұл  мақалдың  мұндай  мағыналарды 

білдіретінін білмеген едім.

-  Балам,  ойланған  адамға  мақалдардың  беретін  үлгі-

өнегесі өте көп. Мұны естен шығарма.



Сұхбат бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

46

47

Көп сөйлеу ақылды адамның ісі ме? / Жоқ, көп сөйлеу 



– ақылды адамның ісі емес/.

Ақымақ адамдар көп сөйлей ме? /Иә, ақымақ адамдар 

көп сөйлейді/.

Адамға  аз  тыңдау  үшін  екі  құлақ  берілген  бе?  /Жоқ, 

адамға екі құлақ көп тыңдау үшін берілген/.

Адамның көп қатесі тілінен келе ме? /Иә, адамның көп 

қатесі тілінен келеді/.

Бұл  сұхбатта  қандай  мақал  туралы  айтылады?  /Бұл 

сұхбатта «Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір» деген мақал 

туралы айтылған/.

Көп тыңдау үшін екі құлақ берілген бе? /Иә, адамға екі 

құлақ көп тыңдау үшін берілген/.

Адам  қай  кезде  көп  қателеседі?  /Адам  көп  сөйлеген 

кезде қателеседі/.

Мақалдан қандай үлгі-өнеге алуға болады? / Үлкендерді 

тыңдау керек, аз сөйлеп, көп тыңдау керек/.

Атасы баласына қандай үлгі-өсиет айтты? / «Ойланған 

адамға мақалдардың беретін үлгі-өнегесі өте көп. Мұны 

естен шығарма» деді атасы/.

Сұрақ:  Қазақ  тілінде  сөз  мағынасы  қандай  болады? 

Жауап: Тілдегі әрбір сөздің мағынасы бар. Сөз мағынасы 

тура және ауыспалы болады.



*Тапсырма  (дәптермен  жұмыс).Тура  және  ауыспалы 

мағыналы  сөздерге  мысал  келтіріңдер.  Мысалы:    тура 

мағына – ақ көйлек; қара қас; суық жел; ауыспалы мағына 

–  ақ  жүрек  (таза,  адал),қара  шаңырақ  (үлкен  үй),  суық 

хабар (жағымсыз хабар, жаңалық).

*Тапсырма  (дәптермен  жұмыс).  Мына  берілген 

сөздердің антонимін табыңдар. Сұрақ: Антоним дегеніміз 

не?  Жауап:  /  Антоним  дегеніміз  мағынасы  бір-біріне 

қарама-қарсы сөздер/. Мысалы:  ақымақ – ақылды, қате 

– дұрыс, аз – көп, қысқа – ұзын, тура – ауыспалы, жаман 

– жақсы.


*Тапсырма  (дәптермен  жұмыс).  Мына  сөздерді 

қолданып  сөйлем  құраңдар.  Берілген  сөздер:  жақсы, 

ақылды, ұзын, көп. 

Морфологиялық  талдау.  Ақылды  –  сын  есім,  сұрағы 

–  қандай?  құрамына  қарай  –  дара,  тұлғасына  қарай  – 

туынды,  түбірі – ақыл, ды – зат есімнен сын есім жасайтын  

жұрнақ.

*Тапсырма  (ауызша).  «Ақыл»  сөзіне  фонетикалық 

талдау жаса.

Мысалы: Ақыл – жуан сөз, төрт әріп, төрт дыбыс, екі 

дауысты, екі дауыссыз, екі буын (а – ашық буын; қыл – 

бітеу буын).

А – дауысты, жуан, ашық, езулік дыбыс;

қ – дауыссыз, қатаң дыбыс;

ы – дауысты, жуан, қысаң,  езулік дыбыс;

л – дауыссыз, үнді дыбыс.

*Тапсырма  (дәптермен  жұмыс).  «Ақылым»  сөзін  

септе.


ІV. Сабақты  қорыту,бекіту.

1. - Бүгінгі сабағымды мен қазақтың Ұлы әрі біртуар 

ақыны  Абай  атамыздың    «Ғылым  таппай  мақтанба» 

өлеңімен бекіткім келіп отыр.

2. Топпен жұмыс / Миға шабуыл/. 

-  Өлеңнен  Абай  атамыз  айтқан  бес  жақсы  нәрсе  мен 

бес жаман нәрсені табыңдар. Оларды неге  теңер едіңдер? 

/Плакаттардағы суретке қарап өз ойларыңды жеткізіңдер/.



V.  Бағалау:Түрлі-түсті  стикерлерге  бүгінгі  сабақ 

туралы пікірлеріңді жазыңдар.         



VІ. үйге тапсырма:  Тура және ауыспалы мағынадағы 

сөздерге 6 мысал келтіру, мақал-мәтелдер жаттау.



48

49

Анаргүл МАРАТҚЫЗЫ,



№10 кәсіптік лицейдің  

қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

Батыс Қазақстан облысы,

Ақжайық ауданы,

«Тайпақ» ауылы.



ҚАЗІРГІ ШЕШЕНДІКТІҢ               

ТүРЛЕРІ

(11-сынып)

Мақсаты: 

оқушыларды 

қазіргі 

шешендіктің 

түрлерімен таныстыру арқылы олардың сөйлеу дағдысын 

қалыптастыру.



Міндеттері:  тәрбиелік  –  сөз  нормасын  сақтауға, 

мәдениетті  сөйлей  білуге  тәрбиелеу;  дамытушылық  – 

оқушылардың сөздік қорын дамыту.

Түрі:  аралас  сабақ  («Алтын  қақпа»  ойынының 

бағытымен  өткізіледі).  Әдісі:  сұрақ-жауап,  баяндау, 

түсіндіру,  топтау.  Көрнекілігі:  жаңа  технологияның 

элементтері арқылы жасақталған  танымдық қабілеттерін 

арттыру  бағытындағы  жаттығулар.  Оқулықтар,жаңа 

сабаққа байланысты материалдар.

Сабақтың барысы: 

I. Ұйымдастыру бөлімі.

II. Үй тапсырмасы (Үй тапсырмасын бекіту).

III. Жаңа сабақ. 

IV. Қорытынды.

V. Бекіту.



«Тас  қақпаны»  ашу  үшін  үй  тапсырмасын 

орындаймыз.

Үй тапсырмасы:

1. Шешендік өнер туралы түсінік.

2. Ұлттық шешендік өнер.

3. Шешендік сөздерден мысалдар айту.



Жаңа тақырып  (1-слайд):

Қазіргі шешендіктің түрлері

             

 

2-слайд  (оқулықпен жұмыс).



Ақпаратпен  толықтыр.  «Күміс  қақпаны»  ашу               

үшін тапсырма орындаймыз.

 



  Білім-ғылым мазмұнды шешендік: дәріс, ғылыми 



баяндама, ғылыми мақала, т.б. 

 

 



  Әлеуметтік-саяси шешендік: саяси шолу, әскери-

патриоттық сөздер, конференция баяндамалары, 

т.б. 


 

 



  Әлеуметтік тұрмыстық мазмұнды шешендік: бата, 

тілек, аза сөздер, мақала, баяндама, очерк,  т.б. 

 

 



  Сот ісі шешендігі: айыптаушының сөзі, 

қорғаушының сөзі, қорғанушы мен айыпкердің 

сөзі. 

 

 



  Діни мазмұнды шешендік: діни уағыз, иман, құран 

сүрелері. 

 


50

51

1.  _____  сипаттағы  шешендік  мынадай  түрлерге 



бөлінеді:  1)  Дәріс,  2)  Ғылыми  баяндама,  3)  Ғылыми 

хабарлама, 4) Ғылыми шолу, 5) Ғылыми-көпшілік.

2. Әскери-патриоттық тақырыптағы шешендік ___ ___ 

сарбаздардың рухын сергіту үшін қолданылған

3.  Әлеуметтік-тұрмыстық  мазмұнды  шешендік 

сөздерге  көрнекті  қоғам  қайраткерлерінің,  ____, 

____,  ғалымдардың,  басқа  да  айтулы  тұлғалардың 

мерейтойларында айтылатын сөздер жатады.

4.___ ___ шешендікке діни уағыздар,діни мейрамдарда, 

_____  ____  айтылатын  тілек  сөздер,  құран  сүрелері 

жатады.

5.  Сотта  қолданылатын  шешендік  сөздерге  ____  мен  



___ , ____  мен  ____ сөздері жатады.

3-слайд  (топпен жұмыс).

Оқушыларды  бес  топқа  бөлеміз.  Әрбір  топ  бірлесе 

отырып, экраннан ұяшық таңдау арқылы шешендіктің бес 

түріне мысалдар жазады. 

27-жаттығу. «Жалаңтөс баһадүр – Тұран өркениетінің 

ұлы  перзенті»  мәтінін  оқып,  қай  шешендіктің  түріне 

жататынын  ауызша айту.

4-слайд  (алған білімдерін тексеру).

«Алтын  қақпаны»  ашу  үшін  тест  тапсырмасын 

орындаймыз.



Тест сұрақтары:

1. Қазақ шешендік өнері неше кезеңнен тұрады?

А) 4;         Ә) 6;          Б) 5.

2.  «Шешеннің    ең  ұлы  қасиеті  –  қажет  нәрсені  ғана 

айту ғана емес, сонымен бірге қажеті жоқ нәрсені айтпау» 

деген кімнің сөзі?

А) Цицерон;        Ә) Бэкон;      Б) Платон.

3.  Қазақ  шешендік  өнерінің  бірінші  кезеңі  қай                          

ғасыр аралығында болған?

А) XX;              Ә) XI-XII;              Б)XV-XI.

4. Хан жағынан елдік мәселелерді кеңесіп, ақылдасып 

отыратын билер кеңесі құрылған.Оны қалай деп атаған?

А) «Жеті санат»;   

Ә) «Жеті жарғы»; 

Б) «Ханабад».

5.1783-1797  жылдардағы  ұлт-азаттық  көтерілістің  ту 

ұстаушысы кім болды?

А) Досбол Қорлыбай; 

Ә) Балаби Есенәлі; 

Б) Сырым Датұлы.

6.  Білімдік-ғылымдық  сипаттағы  шешендік  неше              

топқа бөлінеді?

А) 5;              Ә)4;                Б) 3.

7.  Өнер  адамдарының  ...  сөздері  шешендіктің  қай 

түріне жатады?

А) Діни мазмұнды; 

Ә) Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнды; 

Б) Сотта қолданылатын.

8.  Дәріс,  ғылыми  баяндама,  ғылыми  шолу,  мақала 

шешендіктің қай түріне жатады?

А) Білім-ғылым мазмұнды;

Ә) Әлеуметтік -саяси мазмұнды;

Б) Сот ісі шешендігі.

Бекіту:  сабаққа  белсене  қатысқан  оқушыларды  

бағалау.


52

53

Қазақстан Тәуелсіздігі - қасиетті туымыз



Айман СҰЛТАНОВА,

№3 орта мектептің 

мұғалімі.

Солтүстік Қазақстан облысы,

Тайынша ауданы,

Тайынша қаласы.



ҰЛТ БҰҒАуДЫ БҰЗҒАН КүН

Мақсаты:  оқушыларды  елін,  жерін  құрметтеуге, 

Отанын  сүюге,  қазақстандық  патриотизмді  бойларына 

дарытуға, сөздік қорын байытып, тіл байлығын арттыруға, 

ел  тарихын  дәріптеуге,  танымдық  қызығушылығын 

арттыруға тәрбиелеу.

Көрнекілік:  тәуелсіздік  туралы  нақыл  сөздер, 

слайдтар.



Сабақ барысы.

Зал безендірілген, күй ойнап тұр.



1-жүргізуші:  -  Армысыңдар,  құрметті  оқушылар, 

ұстаздар,  қонақтар!  Бүгінгі  кешімізді  еліміздің 

Тәуелсіздігіне  22  жыл  толу  мерейтойына  арнаймыз. 

Халқымыз  сан  ғасырлар  тәуелсіздікті  аңсап,  армандап 

өткен.  Бүгінгі  кеш  Тәуелсіздік  жолында  құрбан  болған 

ата-бабаларымыздың рухына арналады.

Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін, 

Қайта тудым, өмірге қайта келдім. 

Мен мың да бір тірілдім, мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім.



2-жүргізуші:

- Отаным, аялаған алтын бесік,

  Тұрасың нұрлы өмірге ашып есік.

  Еңбектің өрісі кең, шалқып өсіп,

  Күміс күй күмбірлейді, әуен есіп.

  Ойымда мұқтаждық жоқ менде ешбір 

  Тәуелді сыртқы жұртқа пенде емеспін. 

  Жерұйық – баға жетпес алтын ордам,        

  Өзіңді бар ғаламға теңгермеспін.

1-жүргізуші: - Биыл Тәуелсіздікке 22 жыл толып отыр. 

Бұл көп те, аз да мерзім емес. Бірақ бұл жылдардың әрбір 

сағаты, әрбір күні тарихтан өз орынын алды. Қазақ халқы 

бұрынғы саясаттан, кұқықтық өмірден бас тартып, жаңа 

қоғамдық  жүйеге  енді.  Тәуелсіздік  –  ата-бабамыздың 

аңсаған  арманы  еді.  Сан  ғасырлар  бойы  «Найзаның 

ұшымен,  білектің  күшімен»  ұлан-байтақ  жерін  ата-

бабаларымыз қорғап келді.



2-жүргізуші: - Тарихқа үңілсек, ұлан-ғайыр жерімізде 

кешегі  Қазақ  хандығынан  бастап  шерлі  Желтоқсанға 

дейін  қаншама  қырғындар  болды.  Елін,  жерін  корғаған 

қаншама хандар мен батырлар бейбіт өмірді, тәуелсіз ел 

болуды армандап өтті. Бостандық үшін күрескен белгілі 

адамдарды: Сырым, Махамбет, Исатай, Кенесары, Абылай 

хан,  Әлихан,  Мұстафаның  ерліктерін  кім  ұмытар?!  

(слайдтар).



               Бірінші оқушы:

- Аңсағаны – азат таңның іреңі,

  Арнағаны – елге аппақ тілегі.

  «Алашым!» деп тулап соққан әрдайым

  Тәуелсіздік – бабалардың жүрегі.


54

55

  Сырын алып бейбіт жұрттың әуелі



  Тап бергенде өлкемізге жау елі

  Ақтабан боп, шұбырған ел сыңсыған

  Тәуелсіздік – «Елім-айдың» әуені.

               Екінші оқушы:

- Арайланып атса екен деп таңдары,

  Алауланып жанса екен деп ел шамы,

  Басын қоспақ болған кеше Үш Жүздің

  Тәуелсіздік – Абылай хан арманы.

  Сыр қозғайын және де бір тыңдағын,

  Атойынан дүр сілкінген құм Нарын.

  Әрбір сөзі жау түсірген жебе боп

  Тәуелсіздік – Махамбеттің жырлары.

               Бірінші оқушы:

Талай жауыз момын елді биледі, 

  Табанға сап, тері қылып иледі. 

  Дабыл қағып, азаттыққа шақырған 

  Тәуелсіздік – Құрманғазы күйлері. 

  Бір-бір Құдай санап бейне өздерін, 

  Түсінбеген елдің надан, ездері. 

  Іші – алтын, сырты – күміс, өзі – дүр,

  Тәуелсіздік – ұлы Абайдың сөздері.



              Екінші оқушы:

- Алашына әпермек боп есені,

  Ахметтей бастап елді көсемі,

  Бірі қалмай құрбан болған ел үшін 

  Тәуелсіздік – «Алашорда» кешегі. 

  Естіген жан есі кетіп тыңдаған, 

  Ардақтысы болған жанның мыңдаған.

  Тәуелсіздік – Мағжан ақын өлеңі 

  Азаттықты арман етіп жырлаған. 

  «Қазақ ұлты баска ұлттан кем бе еді, 

  Ұлтты қорлау осылайша жөн бе еді?» 

  Деп намыспен бой көтерген алаңда

   Тәуелсіздік – «Желтоқсанның» ерлері.

1-жүргізуші:

- Жалғанның жартысындай қазақ елі,

  Алғандай көздің жауын сұлу жері. 

  Ақ пейіл, дархан көңіл халқымыз бар, 

  Болғанда бірі – батыр, бірі – сері. 

  Әз бабам азаттықты аңсап өткен, 

  Ел үшін саңлағы шаһид кеткен. 

  Солардың құдіреті, ой-арманы

  Таңы боп тәуелсіздік бізге жеткен.

2-жүргізуші:

- Атыңнан айналайын Ордабасы, 

  Жиналған қазақтың Үш ер данасы. 

  Егер де олар солай жиналмаса, 

  Елдің де қалар еді жерде басы. 

  Осы жер – намыс туын көтерген жер, 

  Елім деп ер өзегі өртенген жер. 

  Бас қосып үш арыстан осы жерде,

  Жоңғарға жолбарыстар жөңкілген жер. 

Көрініс: «үш бидің кездесуі».


56

57

1-жүргізуші:  -  Қаратаудың  баурайында  қалың  қазақ            

бас қосты. Елдің елдігін, ердің ерлігін соңғы рет сынайтын 

күн  туды.  Жауға  соққы  беріп,  жалпы  жұртты  аман 

алып  қалу  үшін  данышпан  билеріміз  батырларымызды 

батылдыққа, елді бірлікке шақырды (Ортаға үш би, қазақ 

батырлары, хандары шығады).

Төле би:

- Уа, халайық! Аттың күші – атқарған тірлігінде

  Ағайынның күші – топтасқан бірлігінде

 Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу  түгел  болса,  төбедегі  келеді,-  дегендей, 

жоңғарларға  қарсы  бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол 

шығарып, бірге аттанатын уақыт жетті. Ол үшін барлық 

қазақ жасағын басқаруға бас сардар етіп Кіші жүз ханы 

Әбілхайырды бекітейік. Бұған қалай қарайсыңдар?

Қазыбек би:

Дұрыс айтасың, төбе биім,

  Өркенің өссін десең, кекшіл болма, 

  Кесапаты тиер еліңе.

  Елім өссін десең, өршіл болма,

  Өскеніңді өшіресің.

Әйтеке би:

- Жөн сөз. Бірі – өрге, бірі – белге, бірі – ойпаң жерге 

тартса,  күніміз  –  түн,  түніміз  –  түнек  болмай  ма?  Жоқ, 

ондай тірліктен, топтасып жүрген бірлік артық!

Әумин!

2-жүргізуші:  -  Осылайша,  Үш  Жүз  Кіші  жүз  ханы 

Әбілхайырды бас сардар етіп бекітіп, жоңғарларға қарсы 

бірігіп күресуге бел буды.

1-жүргізуші:

- Әуезді десең тілдері,

  Тыңдаған сөзін Үш Бидің

Жаныңа дауа, кіл дәрі

Рухтанып  содан  күш  жиды,–  деп  қазақ  халқы  жаңа 

күшпен,  болашаққа  сеніммен  қарады.  Содан  кейін  де 

қазақ халқының тарихында көптеген қақтығыстар болды. 

Әр кезде де халықтың ойынан тәуелсіздік ұраны, дербес 

мемлекет болу арманы шықпады. Сол арманға халқымыз 

1991 жылы жетті.



2-жүргізуші:  -  1986  жылы  16-17  желтоқсанда 

тәуелсіздік аңсаған қазақ жастары Алматы қаласындағы 

Брежнев  алаңына  шықты.  Солақай  саясатқа  қарсы 

шыққан  қазақ  жастарын  мұздай  қаруланған  солдаттар 

қарсы  алды.  Бұл  күндері  ұлттық  көтеріліске  10  мыңдай 

адам  қатысты.  Оларды  басу  үшін  Ресейден  70  мың 

солдат  әкелінді.  Желтоқсанның  ақ  қары  қызыл  қанға 

боялды.  Сонда  ерлік  көрсеткен  қазақ  жастары:  Қайрат 

Рыскұлбековты,  Ербол  Сыпатаевты,  Ләззат  Асанованы, 

Сәбира Мұхамеджанованы ешбір қазақ азаматы ұмытуы 

мүмкін емес (слайдтар).

Көрініс. 

Тергеуші: - Рысқұлбеков, ақтық сөзіңді айт! Савицкий-

ді сен өлтірдің бе?



Қайрат: - Жоқ, мен ешкімді де өлтірген жоқпын.

Тергеуші:  -  Үкім:  Қайрат  Рысқұлбеков  «қылмысты» 

деп табылып, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы 

Қылмыстық кодексінің 173-бабының 1-тармағы бойынша 

өлім жазасына – атуға кесілсін!



Қайрат:

- Қайрат деген атым бар,

  Қазақ деген затым бар,


58

59

  Қасқалдақтай қаным бар,



  Бозторғайдай жаным бар,

  Еркек тоқты – құрбандық,

  Атам десең, атыңдар!

              Бірінші оқушы: 

- Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,

  Бізге мұны ешкім аяп бермеді.

  Тәуелсіздік – Қайрат, Ләззат, Ерболдың

  Тас көшеде тас-талқан болып өлгені.

  Шала-жансар қар астына көмгені

  Тәуелсіздік – ата-баба арманы.

  Қандай елмін бүгін, міне, көр мені,

  Алаулайды, мүмкін емес сөнбегі. 

1-жүргізуші:  -  Сонымен,  талай  ғасырлар  армандаған 

тәуелсіздікке  қазақ  халқы  1991  жылы  16  желтоқсанда 

қолы  жетті.  Содан  бергі  22  жыл  ішінде  Қазақстан 

Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаев  қазақ  жерінде  тұрып  жатқан  130-дан  астам 

ұлт өкілдерін татулық пен бірлік идеясында берік ұстап 

келеді. 

2-жүргізуші:

Қабыл болып аңсаған ел тілегі,

  Көңілдерден айықты шер түнегі. 

  Азаттықтың шыңына нұрлы жолмен 

  Бастап шықты халқының ер түлегі. 

  Кеңейіпті әлемдік өрісің де, 

  Әділеттің ізі бар әр ісінде.

  Өз Отаны санайды барлық ұлтың,

  Орыс, неміс, полягың, кәрісің де.



                Екінші оқушы:

- Вновь, словно феникс, воскресаешь

  От унижений, тяжких ран. 

  С колен встаешь и процветаешь

 Мой многоликий Казахстан. 

 Из разных собранных народов 

 Теперь единый твой народ 

 Прошел, как мог, по всем невзгодам

 Прожил, страдая каждый год. 

 Не счесть ушедших испытаний, 

 Не прошлым – будущим живем. 

 Да будем помнить о страданьях, 

 Но песни новому поем.

 Мы, твои дети, свято верим, 

 Что гордый казахстанский стяг.

 Достойно представляет миру

 И славит общий шанырак.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет