Мектебінде



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата06.04.2017
өлшемі1,04 Mb.
#11088
1   2   3   4   5   6   7   8

Әскери адам: - Первая рота! Слушайте мою команду! 

Производится операция «Құйын», Немедленно разогнать 

экстремистов и хулиганов! Первая рота за мной!

(Сырттан  қаруланған  әскери  адамдар  баса-көктеп 

кіріп,  алаңдағы  жастарды  ұрып-соға  бастайды).  Шеруді 

қуғындау  кезінде  қаралы  музыка  –  «Елім-ай»  баяу 

ойналып,  интерактивті  тақтадан  еліміздің  Сталиндік 

репрессияға ұшыраған А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаевтан 

бастап  1986  жылғы  16  желтоқсан  оқиғасына  дейінгі 

көріністер көрсетіліп тұрады. 



Жүргізуші: - 1986 жылғы Алматы оқиғасы ауыл үйдің 

әңгімесі емес, дүмпуі алты құрлықты аралап кеткен, жеңіп 

алған  демократиясымен  салыстырғанда  құрбандығы 

он  есе,  бәлкім,  жүз  есе  қымбатқа  түскен,  қымбаттығы 

себепті бүтін бір ұлыстың жанына салған жарақаты ауық-

ауық алдынан шығып, ақырғы бір ышқынысқа келгенде 

Тайбурылдың  қырық  үш  кемдігіндей  кетілтіп  кеткенін 

сездіре  беретін  ғаламат  оқиғаның  бірі  болды.  Сол  бір 

ызғары ерте түскен қыс күндерінде, тоқырау тажалының 

табанында  аяусыз  тапталған    ар-намыстың  ышқынған 

дауысы  құлағымызда  әлі  де  шыңылдап  тұрғандай.  Сол 

дауыстардың арасынан он екіде бір гүлі ашылмай кеткен 

қызғалдағымыз,  Сәбира,  сенің  де  нәзік  үнің  талып 

естіледі. 16-желтоқсан. Бұл – ерлік пен өрлік, қайғы мен 

қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қасіретті күн еді. 

Бұл – қасіретті күн Қайрат, Қайыргелді, Түгелбай, Сәбира, 

Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың 

қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік күні еді. 

Жатақхана  бөлмесі.  Бөлмеде  Сәбираның  шешесі 

ауылдан келіп отыр. Сырттан Сәбира кіреді:

-  Апа,  амансыз  ба?!  Денсаулығыңыз  қалай?  Халіңіз 

қалай? (құшақтап, бетінен сүйеді).

Шешесі:- Аманмын, қарағым! Өзің қалайсың? (қызын 

құшақтап жылайды). Оқуыңнан бір қағаз алдым, шақырып 

жатыр деген соң келіп қалдым.

Сырттан бір бала кіріп:-Сіздерді жиналысқа шақырып 

жатыр, - дейді.

Сол  кезде  Сәбира  шешесіне  жалт  қарап:  -  Мені 

10-сыныпқа қабылдай ма? 

Шешесі:  -  Иә,  қызым,  қабылдайды.  Жүр  жиналысқа 

барайық.


Жиналыс  өтіп  жатқан  бөлме,  мұғалімдер,  ата-аналар 

отыр.


Мұғалім:  -  Сәбира,  барлық  қыздар  үшін  өзім  жауап 

беремін  деп  едің  ғой.  Соны  мына  кісілерге  қайталап 

айтшы.

Сәбира: - Алаңға мен бастап апарған жоқпын. Әркім 

өз еркімен барған.



Мұғалім:  -  Ә,  солай  ма,  басқаша  сайрап  қалдың  ба? 

Бастаған сенсің, се – е – енсің!



Сәбира:  -  Ме  –  е  –  ен,  мен  бе?!  Мұны  қалай  айтып 

тұрсыз?! Мүмкін емес! (жылап жібереді).



Шешесі: - Не деп тұрсыз, менің сүт кенжем өзімнен де 

ауыр сөз естіп көрген жоқ. 



Мұғалім:  -  Иә,  солай  ма?!  Енді  бұлардың  мәселесін 

директор  шешеді.  (сыртқа  шығып  кетеді,  артынан 

Сәбираның  жүгіріп  шығып  кеткенін  ешкім  байқамай 

қалады).


Жатақхана  бөлмесі.  Бөлмеде  Сәбираның  құрбысы 

отыр. Жылаған қалпы Сәбира жүгіріп келеді.



Құрбысы: - Не болды, Сәбира?

114

115


Сәбира: - Ештеңе де болған жоқ.

Құрбысы: - Апаң қайда? Не болды, айтсаңшы?

Сәбира: - Өзім де соны қарағалы тұрмын. 

Ол  терезеге  секіріп  шығады.  Ащы  шыңғырған  дауыс 

шығады.

Құрбысы: - Қыздар, қыздар, Сәбира секіріп кетті, - деп 

сыртқа жүгіріп шығады.

Жиналыс  болып  жатқан  бөлме.  Бөлмеге  хабарлаушы 

бала жүгіріп кіріп: 

- Апай, апай, Сәбира бесінші қабаттан секіріп құлап, 

өліп қалды,- дейді.



Шешесі: - Қызым-ау, сүт кенжем-ау, бұл не істегенің? 

Не жазығың бар еді?!... Өлтірді ғой ... өлтірді! 

Біраздан  соң  орынынан  тұрып,  Сәбираға  арнаған 

жоқтауын айтады.

Айналайын Сәбирам,

Адал жанға ары – иман.

Не айтсам екен халқыңа,

Даласындай далиған.

Төгілді ме қан бекер,

Қиылды ма жан бекер?!

Қазаққа да еркіндік 

Тиетін күн бар ма екен?!

Өтеміз бе, қарағым,

Еркіндікке жарымай,

Өжет едің, өткір ең,

Жалтақтығың жоқ, білем,

Өзің салған ақ жолда

Жайқалар ма көк түмен?!

Өжет едің, өткір ең,

Жалтақтығың жоқ, білем,

Қыршын кеткен сен үшін 

Кек алар ма көк түмен?!



Классный час

Шолпан ТАБЫНБАЕВА,

учитель гимназии № 79.

г.Алматы.



КуЛЬТуРА И БЫТ КАЗАХСКОГО 

НАРОДА

(Продолжение. Начало в №10, 2012 г.)

Новоселам  говорят:  «Қоныс  құтты  болсын!»  («С 

новосельем!»).

У путника не спрашивают: «Қайда барасыз?» («Куда 

направляетесь?»),  следует  говорить:  «Жол  болсын!» 

(«Счастливого  пути!»),  «Жолдасың  Қыдыр  болсын!» 

(«Пусть сопровождает Кыдыр-добрый дух из преданий!»), 

«Сапар  сәтті  болсын!»  («Счастливого  пути!»).  На  что 

отвечают:  «Солай  болсын!»  («Пусть  будет  так!»).  При 

желании путник может рассказать о своем пути.

Приобретая  какую-либо  вещь  следует  говорить: 



«Игілігіңе тұтын» («Пользуйся на благо»).

При покупке одежды говорят: «Киімің тозық, жаның 



берік  болсын»  («Пусть  одежда  износится,  а  сам  будь 

крепким»).

При забое скота на зиму (соғым) говорят: «Бұйыртып 

жегізсін» («Пусть идет в пользу»).

На  новолунье  дают  благословение:  «Ай  көрдім,  аман 



көрдім,  ескі  ай  есірке,  жаңа  ай  жарылқа»  («Луну  в 

здравии  видел,  -  старолунье  посочувствуй,  в  новолунье 

благодетельствуй»).


116

117


В  первый  гром  желают:  «Жер  көк  болсын»,  «Ақ  көп 

болсын» («Пусть земля зеленеет», «Пусть молочное будет 

в изобилии»).

Во время окота произносят: «Төл көбейсін» («Большого 

приплода»).

Перегоняющим  скот  желают:  «Айдар  көбейсін»  («Да 

приумножится перегон»).

Участникам  скачки  (бәйге):  «Шабар  көбейсін»  («Да 

приумножатся скакуны»).

Земледельцам  желают:  «Бір  дәнің  мың  дән  болсын» 

(«Пусть одно зернышко станет тысячей»).

Соблюдающим пост говорят: «Оразаң қабыл болсын» 

(«Удачного вам поста»).

Если  при  человеке,  держащем  пост,  кто-то 

сквернословит,  то  следует  напомнить:  «Менің  ауызым 



берік еді» - «Я пощусь».

При  чихании  человека  говорят:  «Жәрәкімалла»  

(арабск. «Будь здоров»).

При  захлебывании:  «Майқап»  (здесь:  пусть  тебя 

угостят вкусным).

Заболевшему, справляясь о его здоровье, желают: «Тез 



сауығыңыз!» («Быстрого вам выздоровления!», «Дертіңе 

шипа  берсін»  -  «Желаю  тебе  исцеления»).  В  вечернее 

время не справляются о здоровье больного.

При  утрате  имущества,  скота  сочувствие  выражают 

словами:  «Қайырлы  шығын  болсын»  («Да  восполнится 

утрата»).

Семье,  в  которой  появился  новорожденный,  желают: 



«Бауы  берік,  өмірі  ұзақ  болсын!»  («Пусть  будет  долгим 

его жизненный путь!»).

Родителям усопшего ребенка соболезнуют: «Қияметке 

шапағатшы болсын» («Пусть будет заступником на том 

свете»).


При усопшем взрослом человеке, проводя ладонями по 

своему лицу, говорят: «Иманды болсын» («Да будет вера 

с тобой»).

Говоря  плохие  слова  про  усопшего,  изрекают:  «Жер 



хабар бермесін» («Пусть земля не передает сказанное»).

Человека в гневе успокаивают: «Бір ашуыңызды маған 



беріңіз» («Уступи мне свой гнев»).

Дерущихся  людей  разнимают  словами:  «Араша, 



араша!»  (Да  будет  вам!).  Дающим  ритуальный  обед 

(құдайы)  говорят:  Құдайы  қабыл  болсын»  (Пусть  бог 

одобрит жертвоприношение).

Помогающим  в  каком-либо  деле  с  благодарностью 

желают:  «Бақытты  бол!»  («Будь  счастлив!»),  «Өмірің 



ұзақ  болсын!»  («Долгих  лет  жизни!»).  Благодарность 

выражают словом рахмет (спасибо).

Во  избежание  сглаза  следует  говорить:  тіл  ауызым 

тасқа (типун тебе на язык), тіпә-тіпә (тьфу-тьфу).

Если младенец кашляет, проклинают кашель словами: 



«О, тасқа тигір!» («Стукнуться тебе о камень!»).

При достижении успехов и при исполнении желаний 

следует говорить: «Е, Алла, бергеніңе шүкір, mәубе» («О 

Аллах, благодарю тебя и довольствуюсь»).



Жизненные правила

Браки  между  родственниками  до  седьмого  колена  не 

разрешаются, что способствует сохранению родственных 

отношений и обеспечивает здоровое поколение.

Раньше единственного сына не призывали на воинскую 

службу (на войну) в целях сохранения рода.

Только воспитанная, всеми уважаемая женщина имела 

честь перерезать пуповину новорожденного младенца.

Ребенок дочери (жиен) обязан уступить родственнику 


118

119


матери (нағашы).

При  пожарах,  стихийных  бедствиях  и  др.  людям, 

лишившимся  имущества,  аулчане,  родные  и  близкие 

обязаны  оказать  помощь.  Сплоченность  людей 

испытывается именно в таких ситуациях.

Место костра не перешагивают, а обходят.

Хозяином очага считается младший сын. Он и обязан 

содержать  родителей.  Женатых  сыновей  родители 

отделяют от родного очага, выделив им часть имущества. 

Люди не отказываются от участия в оказании коллективной 

помощи  (асар).  Радость  и  горе  родственники  разделяют 

вместе, оказывают помощь и поддержку друг другу.

Жить  в  мире  и  согласии  с  соседями  -  лучшее 

человеческое качество казахов. Национальная   традиция   

обязывает   каждого тесно   общаться   с   близкими   и 

родственниками.

Приглашать  к  себе  в  гости  родственников,  не 

отказываться от приглашения, не опаздывать - незыблемое 

правило для каждого казаха.

Здороваться  с  аксакалами,  справляться  о  здоровье  - 

человеческий долг каждого.

У  казахов  есть  очень  интересный  обычай:  на  то 

место,  где  сидел  батыр,  акын,  знаменитый  певец  или 

многоуважаемый человек, казахи сажали своих маленьких 

детей, чтобы малыши стали такими же. Казахи воду в долг 

не берут.

Девушка,  вышедшая  замуж,  уезжая  с  женихом,  не 

оборачивается.   

Не употребляют в пищу голову и ноги птицы.

Уступают свое место жигит - девушке, молодой палуан 

(борец) - палуану в возрасте, молодой акын - старшему по 

возрасту акыну.

При подсчете людей и скота нельзя указывать на них 

пальцем, нужно брать в руки трость или палочку.

Указывать на человека пальцем неприлично.

Животных не бьют по голове, рогам, ногам.



Наставления

Родителей не оскорбляют, не обижают, им не перечат. 

Просьбы родителей выполняют беспрекословно.

Замужней 

женщине, 

приехавшей 

к 

своим 


родственникам,  все  родственники,  искренне  радуясь, 

оказывают почести, это их обязанность.



Религиозные правила

Свою  религию  не  предают;  предавших  религию 

приговаривали к смертной казни. Про Аллаха и религию 

не сквернословят.

Проходя  мимо  кладбища,  мусульмане  проводят 

ладонями по лицу и читают молитву.

Мусульмане не держат Коран у ног.

Мусульманам  запрещается  употреблять  в  пищу 

свинину.

Четверг и пятница у казахов - священные дни. В эти 

дни  нельзя  сквернословить,  нужно  быть  чистыми.  Это 

знак  уважения  к  религии.  В  эти  дни  читается  Коран 

усопшим. Милостыню человеку другой религии подают 

левой рукой. Совершеннолетние обязаны читать намаз и 

держать пост (ораза).

Человек, читающий намаз, ни при каких обстоятельствах 

не должен прекращать чтение до его окончания.

При  чтении  Корана  женщины  не  просто  покрывают 

голову платком, а полностью прячут под него волосы.

Во время айта (религиозный праздник), оразы (пост), 



Наурыза  (Новый  год  по  восточному  календарю)  все 

обязаны вести себя достойно.



120

121


В мечети, в траурных процессиях не ведут разговоры 

про богатство.

Семья усопшего каждую неделю читает молитву.

В пятницу не стирают, чтобы не обидеть усопших.

Во время айта (религиозный праздник) по традиции 

поздравляют друг друга и опрятно одеваются.

По  исламскому  обычаю  при  ритуальном  обряде 

запрещается смеяться, громко разговаривать.



Айт  -  праздник,  священный  день.  В  этот  день  все 

поздравляют друг друга. 

На  курбан  айт  запрещается  приносить  в  жертву 

больное, хромое, слепое животное и лошадь.

Каждый  мусульманин  обязан  иметь  в  доме  Коран. 

Это уважение к вере. В сторону кладбища не указывают 

пальцем. При благопожелании говорят «аумин».

Посвящать 

молитву 

усопшим 


родителям, 

родственникам и посещать могилу - долг каждого из нас.

Некоторые люди (особенно крохоборы) перед кончиной 

мучаются.  В  таких  случаях  разбивают  или  ломают 

твердый предмет (посуду, нож и т. п.).

Самый тяжелый грех для мусульманина - употребление 

алкогольных напитков.

Ветхие,  старые  книги  Корана,  хадисы,  непригодные 

для пользования, сжигают и пепел закапывают в укромное 

место.


Оставшийся  после  постройки  могилы  строительный 

материал  не  уносят  домой  -  это  плохая  примета. 

С  позволения  хозяев  его  можно  использовать  для 

строительства другой могилы.

Во  вторник  не  начинают  строительство,  какое-либо 

дело,  не  празднуют  и  не  выезжают,  так  как  в  этот  день 

недели  Кабыл  убил  Абыла,  поэтому  вторник  считается 

кровавым днем.

К другой религии необходимо относиться с уважением.

При захоронении усопшего лопату не передают из рук 

в руки, а поднимают с земли.

Мусульмане  не  вмешиваются  в  дела,  которые  их  не 

касаются.

Во  время  религиозных  праздников  не  употребляют 

алкогольные напитки.

Сохранение традиций и обрядов

Помнить предков до семи колен - святая обязанность 

мусульман. Не следует забывать традиции своих предков, 

их должен придерживаться каждый. Если за дастарханом 

находятся люди из другого рода, жуза, племени, то лучшие 

куски мяса, символизирующие почтение, преподносят им. 

Девушки всегда садятся выше снох.

Девушки  имеют  право  занимать  место  выше,  чем  их 

старшие братья.

Почетное  право  укладывать  ребенка  первый  раз  в 

колыбель (бесик) достается свахе или уважаемой бабушке, 

матери. Колыбель очищают огнем.

Благопожелание  дастархану  выражает  старший  по 

возрасту гость или аксакал.

У  прибывшего  гостя  не  спрашивают:  «Кто  ты?»,  его 

усаживают на почетное место и угощают.

Прибывшие 

навестить 

своих 

родных 


или 

возвратившиеся в аул в первую очередь идут поздороваться 

со старейшинами аула.

Стоя  не  говорят  о  деле,  его  излагают  сидя.  Добычу 

уступают другу или делятся с ним.

Победители в соревнованиях и в словесных состязаниях 

свои призы преподносят старейшинам.

По  традиции  любое  желание  друга  или  близких 



122

123


людей  обязательно  выполняют.  Совершивших  тяжкое 

преступление строго наказывают или изгоняют, вслед им 

бросают горсть песка.

Народ наказывал тех, кто нарушал традиции и обряды, 

таких людей обходили стороной.

В  день,  когда  забивают  скот  на  зиму,  приглашают 

гостей. Подавать девушке голенной сустав - неприлично. 

Зятю подают грудинку.

В среду начинают большие дела, устраивают праздники. 

Старший брат отца тоже считается отцом. Коня не хлещут 

уздечкой. Помогающим в делах положен подарок.

За  смотрины  младенца,  невесты,  прибывшей  в 

аул  жениха,  а  также  верблюжонка  положен  подарок 

(верблюжонок подвержен сглазуи др.

Того, кто не знает традиций, обрядов и обычаев своего 

народа, не уважают.



Здоровье

Если в доме кто-нибудь получил ожоги, то не смолят 

голову, ноги скота и не занимаются шитьем (по примете 

-  могут  ожоги  не  зажить).  Также  не  стирают,  чтобы  не 

появились волдыри.

Человека,  отравившегося  пищей  или  угарным  газом, 

перед закатом солнца преклоняют к земле и просят об его 

исцелении.

В вечернее время не справляются о здоровье больного.

Не  остригают  ногти  (разве  что  сильно  отросшие) 

у  больного  человека  и  не  моют  его  до  полного 

выздоровления.

При  обострении  болезни  человека  похлопывают 

легкими черной овцы.

Обычно не наступают на золу, на место старой стоянки, 

на могилу, в противном случае будут болеть ноги.

В присутствии больного не произносят слова «смерть», 

«могила»,  «гибель»  и  т.д.  Роженица  и  беременная  

женщина ночью за водой не ходят.

При  падении  на  землю,  вставая,  говорят:  ұшық-



ұшық (заклинание, запугивание болезни, чтобы не было 

последствий травмы).

Постель  новобрачных  пропитывают  дымом  арчи 

(чтобы у молодоженов здоровье было крепким).

Икающего упрекают: «Наверное, ел тайком».

При  переломе  пострадавшего  угощают  сваренными 

лытками скотины (барана, коровы) из сорока домов.

Кто гасит лампу, задувая огонь, становится забывчивым.



Родственные узы

Ағайын  жұрт  -  своя  родня.  Так  называют  самых 

близких  родных  до  седьмого  колена.  Туыс  -  родные  из 

одного рода и их потомки. Ағайын обязаны были жить бок 

о бок, в единстве, заботиться и поддерживать друг друга в 

трудные минуты.

Относящиеся  к  ағайын  жұрт  не  имели  права 

жениться друг на друге. Лишь представителям рода после 

седьмого колена разрешалось с благословения аксакалов 

и  религиозных  деятелей  жениться  и  выходить  замуж  за 

членов своего рода. Эта традиция сохраняется и поныне.

Казахский народ считает своим долгом поддерживать 

родственные отношения с казахами, живущими и далеко 

от родных мест.

Дед  (отец  отца)  -  ата.  Его  уважительно  называют 

ақсақал, сажают на почетное место, не переходят дорогу. 

Ақсақал  -  советчик,  защитник  всего  аула.  Молодежь 

обязана  получить  бата  -  благословение  аксакала.  Его 

слово - закон, он пример подрастающему поколению.

Дед - главный критик сына.


124

125


От деда к сыну дело перейдет.

Народ со старцем - народ с благословением.

Прадед - баба, ұлы ата. Если прадед дожил до ста лет, 

его весь род почитает как священного старца, стараясь во 

всем  угодить.  Ему  уделяют  столько  же  внимания,  как  и 

младенцам. Түп ата - пращур, тек ата - прапращур.



♦ Старец в ауле - как письмо потомкам.

Бабушка (мать отца) - әже, считается матерью всего 

аула, беспокоится за всех. Она - хранительница народных 

традиций  и  обычаев,  воспитательница  подрастающего 

поколения, к ней обращаются за советом молодые девушки 

и снохи. Сын и сноха обязаны выполнить любую просьбу.

Прабабушка - ұлы әже.

Морщины украшают бабушку.

Не говори, что бабушка стара.

Слова её - от недуга лекарство.

Мать  -  ана.  Казахский  народ  отводит  матери  особое 

место: она священна. Каждый сын и каждая дочь перед 

ней  в  неоплатном  долгу.  Дети  обязаны  уважать  ее,  ей 

нельзя перечить, ее нельзя обижать, нельзя не отвечать на 

ее просьбы.

За еду берись, осмотрев посуду,

На девушке женись, узнав её мать.

Все внимание матери на дитя.

От отца переймешь героизм, 

От матери переймешь теплоту.

Новорожденный  ребенок  (младенец)  -  нәресте 

(шарана). Шақалақ - недоношенный ребенок.

Шестимесячный ребенок - бөбек.

Дети от 1 года до 5 лет - сәби (букв, маленький ребенок, 

малыш).  «Ребенок  -  цветок  души,  свет  для  глаз».  Запах 

малыша вливает в душу человека нежность, блаженство, 

наполняет сердце ярким светом. Слова его - мед, поступки 

- радость. Целуешь его - шәрбат.

Қолқанат  (букв,  помощник)  -  так  старшие 

поощрительно называют малыша трех-четырех лет, когда 

он исполняет просьбы «принеси», «отнеси» и т. д.

5-6-летние  дети  -  бүлдіршін.  Казахи  называют  детей 

этого  возраста  ойын  баласы  (букв,  дитя  игры),  а  их  

проказы  -  сладкими;  ласково  зовут  своих  детей  қозым 

(козленочек  мой),  құлыным  (жеребеночек  мой),  ботам 

(верблюжонок мой). 

Мальчик, девочка 7-10 лет   балдырған - помощники 

родителям, радость души и надежда.



Молодежь  (молодое  поколение,  подрастающее 

поколение) - жеткіншек, жасөспірім.



Подросток 12-13 лет - ұлан.

В наше время курсантов часто называют уланами. Улан 

- символ молодости и крепкого духа.

Юноша  14-16  лет  -  бозбала.  Именно  в  этом 

возрасте  юноши  взрослеют,  заглядываются  на  девушек, 

прихорашиваются.  В  старину  в  этом  возрасте  юноши 

защищали  свою  землю.  Этот  возраст  также  называют 



ержеткен.

Девушка  14-16  лет  -  бойжеткен  (букв,  девушка  на 

выданье). К ней все аулчане и родные относятся с особым 

вниманием и уважением.

Родные и двоюродные братья и сестры - ағайындылар.

Внук, внучка - немере. Часто у казахов первого внука 

воспитывают  дедушка  с  бабушкой  и  считают  его  своим 

ребенком.

Правнук,  правнучка  -  шөбере.  Правнуки  занимают 

особое  место  в  жизни  старейшин.  По  поверью,  выпить 

глоток воды из ладошки правнука - значит, попасть в рай 


126

127


на том свете.

Семь колен предков

Казахи,  воспитывая  своих  детей,  обязательно 

рассказывают о предках до семи колен (жеті ата).

Родственники,  как  правило,  жили  в  одном  ауле.  И 

в  наше  время  есть  ру  (роды),  которые  живут  на  том  же 

месте, где обитали когда-то их предки. У них свои земли, 

вода, пастбища. Они поддерживают друг друга в трудные 

моменты, вместе делят радость и горе, с детства учатся 

уважать родственников, жить в мире и согласии. Между 

ними не бывает распрей, споров, ссор, случаев барымта 

(угона  скота).  Каждый  считает  себя  за ступником  и 

заботливо относится ко всем и ко всему. Отцы и матери 

воспитывают  в  своих  детях  дружелюбие,  смелость, 

доброту и отзывчивость.

Казахский народ всегда глубоко осознавал важность и 

силу единства жеті ата.

Кого же относить к жеті ата?

Счет жеті ата начинают с себя и т.д.:

1. Я сам.

Отец.


Ата - дед.

Арғы ата - прадед. 

Баба - прапрадед.

Түп ата - прапрапрадед.

Тек ата - пращур.

Скотоводство

Основой  хозяйства  казахов-кочевников  испокон 

веков являлось скотоводство. Скот был для казаха всем: 

транспортом,  едой,  одеждой,  богатством.  Для  казаха 

самое ценное, священное животное - лошадь.

На коне казах кочевал, ездил на охоту, на войну. Батыр 

считал своего коня верным другом. Во время празднеств 

устраивались  скачки,  на  кон  ставили  целое  состояние. 

Самых  лучших  лошадей  называли  жорға  -  иноходец, 

сужорға - безупречный иноходец.

Насколько казахи дорожили своими животными, можно 

судить  по  именам,  которые  они  давали  своим  детям: 

Ботакөз  (верблюжий  глаз),  Жылқыайдар  (погонщик 

лошадей),  Түйебай  (түйе  -  верблюд,  бай  -  богатый), 



Қошқар (племенной баран), Қозы (ягненок), Серке (козел 

-  вожак  отары),  Қойшыбай  (богатый  чабан).  К  детям 

ласково обращались: ботам - мой верблюжонок, құлыным 

жеребенок мой, қошақаным - мой ягненок. Животные, 

наряду с батырами и красавицами, описывались в эпосах, 

сказках.

Скот  для  казахов  являлся  основным  источником 

всевозможных благ.

Из  молока  готовили  разнообразные  продукты.  Из 

верблюжьего делали шубат, из кобыльего молока - кумыс, 

напитки  очень  полезные  для  здоровья.  Из  коровьего  и 

овечьего  молока  делали  айран,  масло,  творог,  сушеный 

творог, курт, ежигей и т.д.



Три жуза

У казахов есть три родоплеменных объединения (жуза).



Старший  жуз:  Ақарыс,  родовой  знак  (тамға)  -  Ω 

(подкова), боевой клич - «Бақтияр». 

Средний  жуз:  Жанарыс,  родовой  знак  (тамға)  -  П 

(порог), боевой клич - «Ақжол». 

Младший  жуз:  Бекарыс,  родовой  знак  (тамға)  - 

(стрела), боевой клич - «Алдияр».

Клич всех трех жузов - «Алаш».



Что священно для казахов?

Атамекен,  туған  жер  -  земля  отцов,  родная  земля, 

128

129


отчизна.

Родную  землю  называют  также  «золотая  колыбель». 

У казахов существует обряд, по которому младенца или 

возвратившегося  после  долгой  разлуки  человека  катают 

по земле для того, чтобы ребенок полюбил свою родину, а 

взрослый исцелился от недугов и тоски по ней.



Священными  считались  те  места,  где  жили 

предсказатели,  батыры,  знаменитые  люди,  бии  и  где 

были  их  могилы,  мечети.  Люди  специально  ездили  в 

такие места, веря в исцеление от болезней и в исполнение 

желаний.

Значение цвета, символика

Каждый  цвет  имеет  свое  значение  и  определенную 

символику.

Жасыл  түс  -  зеленый  цвет:  символ  обновления, 

расцвета.



Көк түс - синий цвет: символ процветания, хорошего 

настроения.

При  благопожелании  говорят:  көгер,  көкте,  көсегең 

көгерсін - расти, расцветай.

Цвет  флага  Республики  Казахстан  связан  с  такой 

символикой.

Ақ  түс  -  белый  цвет:  символ  невинности,  чистоты, 

честности.



Қызыл  түс  -  красный  цвет:  символ  горячей  моло-

дости, красоты, нежности и вежливости.



Сары түс - желтый цвет: символизирует переживание, 

печаль по родной земле или по кому-либо.



Қара түс - черный цвет: знак траура.

Использованные литературы:

1.  Сейт  Кенжеахметулы.  Быт  и  культура  Казахского 

народа. А., «Алматыкітап», 2006, 384-с.

Сыныптан тыс тәрбие

Айгүл  ХАСЕНОВА,

Павлодар облысының

Ақсу қаласындағы

№7 орта  мектептің

қазақ  тілі  мен  әдебиеті 

пәнінің  мұғалімі.

«ӘЙ,  ЖАРАЙСЫҢ!»                         

САЙЫСЫ

Мақсаты:  тілдер    мерекесінің    мәні,    ерекшелігі  

туралы  түсінік  беру,  оқушылардың  логикалық  ой-

өрісін,  сөйлеу  қабілеттерін  дамыту,  дүниетанымын  

кеңейту,  оқушыларды  халқын,  өз  туған  жерін,  елін,  

тілін  құрметтеуге  тәрбиелеу.

Жүргізуші: 

Ана  тілім – қасиетті  өз  тілім,

  Тілім  үшін  шаттанамын  мен  бүгін.

  Өз тіліммен  паш  етемін  өмірге

  Қазағымның ата салтын,  дәстүрін.

Құрметті  қонақтар,  ұстаздар!  Бүгін  мектебімізде  

ұлттық  салт-дәстүрімізге,  мемлекеттік  тілімізге  

байланысты  «Әй,  жарайсың!»  атты  сайыс өткелі  тұр.  

Сайыс  5 кезеңнен  тұрады:

1. Таныстыру;

2. Салт-дәстүр көрсету;



130

131


3. Ы.Алтынсарин  әңгімелерінен  көрініс;

4. Ұлттық  ойын  көрсету;

5. Жиренше  шешен  туралы  аңыз  әңгімелер.

Шалқытып  мерекеде  ән  салайық,

Өнерпаз  өрендерге  тамсанайық.

Әділдік  пен  шындықты  арқа  тұтқан

Әділқазы    алқасын    таныстырайық.  (Әділқазы  

алқасымен  таныстыру).

Өнер-білім – тапқырлықтың  тарланы,

Оқудағы  сыныптастар  мақтаны,

Өнеріңді  ортаға  сал,  сайыста

Өнер  көрсет,  құрбылармен  жарыс  та.

Енді    топтарды    ортаға    шақырамыз.    1-топ    -  

«Тапқырлар»,  2-топ  -  «Ойшылдар».



1-сайыс  –  Таныстыру.    Ортаға    бірінші    топты  

шақырамыз.

1-оқушы: 

- Гүлденіп  жалын  атқан  бүгін  дала,

  Даңқымен  талай  жылдар  мен де келем.

  Бүгінгі  достық  туын  тіккен  дара

  «Ойшылдарға»  «Тапқырлардан»  мың  бір  сәлем!

2-оқушы: 

- Білімді,  оқу  озаты  сыныптағы

  Талай  қиын  істерді  құрықтады.

  Сәбина,  бұл алдыңда  талай  іс  тұр,

  Алдыңнан  атсын  дәйім  үміт  таңы.

3-оқушы: 

- Ақсу  қаласында  туып-өскен,

  Жасынан  ана  тілін  сүйіп  өскен.

  Арман  деген  есімі  қандай құтты,

  Сүйсініп  сұлулар  көз  тастағандай.

4-оқушы: 

- Атыңнан  айналайын  Вика  деген,

  Сенің  жақсы  ісіңе  баға  берген.

  Сыныбыңа  бол  қашан  да  ардақты,

  Ақ жолыңнан  талма, болғын салмақты.

5-оқушы: 

-  Әрқашанда  таусылмайтын  тағаты

   Мәди жігіт - оқуының  озаты.

   Қиындықтан  алып  шығар  жолдасын,

   Биікте  тұр  кірленбеген  таза  аты.

2-топты  сахна  төріне  шақырамыз.

1-оқушы: 

- Достармыз  бірге  жүрген  біз  талайдан,

  Бұл  сайыста  кездестік  бір  орайдан.

  Сәлеміңді,  «Тапқырлар»,  қабыл  алдық,

  Біз  де  жауап  береміз  «Ойшылдардан».

2-оқушы: 

- Бәрімізге  қымбатты,

  Жанарынан  бал  тамар.

  Келбетті  де  сымбатты,

  Әзиза, міне,  ортада.

3-оқушы: 

- Әзілді  өзі  қайнатқан,

  Ақ  көңілді  Алмасжан.

  Тамылжытып  ән  салған,

  Өнерін  гүлдей  жайнатқан.


132

133


4-оқушы: 

- Ақылы асқан  Софья  бар  арамызда

  Көрік  берген  игі  ісі санамызға.

  Мөлдіреген  көздері  оттай  жанып,

  Айналды  ол  біз  үшін  дана  қызға.

5-оқушы: 

- Сүйсінген  елі  есті  ерге

   Көмектесер  қартына да.

   Қатысқан  талай  кештерге

   Саша  тұр  сахнада.

(1-сайыс  қорытындысын  әділ қазылар шешеді.)

2-сайыс – Салт-дәстүр  көрсету.

Салт-дәстүрмен  жараса,

Қайта  құрып  жаңаша.

Жарыста  өнер  көрсетіп,

Шашайықшы  ортаға.

1-топ   «Тұсаукесу»  салтын,  2-топ «Бесікке  салу»  

салтын  көрсетеді.

(Әділ  қазылар    2-сайыстың    қорытындысын  

шығарады.)

3-сайыс  –  Ыбырай    Алтынсарин    әңгімелерінен   

көрініс.


1-топ - «Өрмекші,  құмырсқа,  қарлығаш»,  2-топ - 

«Асыл  шөп»  әңгімесі.

(Әділ  қазылар    3-сайыстың    қорытындысын  

шығарады.)

Жүргізуші: 

Бабамыздың  мұңысың  сен,  домбыра,

  Анамыздың  сырысың  сен, домбыра.

  Қазағымның  жүрегінен жаралған,

  Даламыздың  үнісің  сен, домбыра.

Күй.  «Ерке  сылқым».

4-сайыс – Ұлттық  ойын  көрсету.

Кел,  балалар,  ойлайық,

Ойлайық  та,  ойнайық, - демекші,  1-топ  «Қыз  қуу»,  

2-топ  «Ханталапай»  ойынын  көрсетеді.

(Әділ  қазылар    4-сайыстың    қорытындысын  

шығарады.)



5-сайыс – Жиренше шешен  туралы  аңыз-әңгімелер.  

1-топ – «Не  тәтті?»,  2-топ - «Азамат».

(Әділ  қазылар    5-сайыстың    қорытындысын              

шығарады).

Жүргізуші: 

- Ән  салса,  өзің  таңқаларсың,

   Ән  сөзін  тоқсан  тоғыз  қайталарсың.

   Осындай  ән  туғызған  қазағымды

   Қалайша  тар  пейіл  деп  айта  аларсың!

Ән.  «Домбыра».

Жүргізуші: 

Қазылар  орнықтырар  әділдікті,

  Кімдердің  жауаптары  кәміл  шықты.

  Білім  мен  тапқырлықтың  жарысында

  Жеңіске  жетер  дейміз  нағыз  мықты.

Жарыстың  қорытындысын  айтуға  әділ  қазыларға  

сөз береміз.

Жүргізуші: 

- Құрметті  қонақтар,  ұстаздар, оқушылар! Осымен  

бүгінгі  «Әй,  жарайсың!»  сайысы  аяқталды.  Қош  сау  

болыңыздар!



134

135


Жібек САНСЫЗБАЕВА,

№21 жалпы орта

                                                                      білім беретін мектептің 

                                                                      қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

Орал қаласы.



  XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ

(7-сынып)       

Мақсаты:  оқушыларды туған Отанын, елін, жерін 

сүюге,  құрметтеуге  тәрбиелеу.  Қазақ  тілінде  сауатты 

сөйлеу  мәдениетін  дамыту,  сөздік  қорын  байыту, 

отансүйгіштік сезімін ояту.                                



1-жүргізуші:                             

- Сәлем достар, аман ба? 

  Мына бейбіт заманда

  Қуантамын бәріңді,

  Білімдіден қалам ба?

  Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздер «Озық ойлы 

оқушы» атты сайысқа келіп отырсыздар!

Білім сайысын ашық деп жариялаймыз!

Ақыл 

– 

тон аңдағанға тозбайтұғын,



Білім 

– 

кен қанша болса азбайтұғын. 



Қатарың озып шауып бара жатса,

Арқаның  ауруы  не  қозбайтұғын,-  деп  Тұрмағанбет 

Ізтілеуов айтқандай, білім сайысына құлшынып тұрған 

білімді оқушыларымызды шақырамыз!

(Ортаға қатысушылар келеді):

1.  «Сұңқар тобы».

2. «Талапкер».

3. «Жас талап».

4. «Жұлдыздар».

2-жүргізуші: 

- Өнер менен білімде

  Әркімнің өз жолы бар.

  Сайысарлық бүгінде

  Өзіндік менің үнім бар, - дегендей, білімпаз жастар 

өздерін  таныстырып өтсін! 

(Жеке-жеке топтар таныстырады).

1-жүргізуші:                                                                      

- Әділ қазыға, ақ қазыға бер сәлем,

  Әділдікке бас иеді күллі әлем!

  Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

  Сарапқа  сал,  әділдікпен  шеше  біл,  -дей  отырып, 

әділқазылар алқасымен таныстырайық!

2- жүргізуші:                                                                          

- Сайыстың өтілу барысын түсіндіру.

Сайыс 4 бөлімнен тұрады:

1-Бәйге.


2-Тіл-өнер.

3-Жеті  жұмбақ.                                  

(Бірінші бөлімнің шартын түсіндіру)

4-Тест сұрақтары бойынша жарыс,6 сұрақ беріледі.3 

жауап бар,бір жауап 

– 

дұрыс.



-  «Бәйге  десе  бұлқынбас  жас  болар  ма?!»  деп               

бірінші бөлім «Бәйгені» бастайық!



136

137


Ал, іске сәт!                                               

Сайыскерлеріміз тапсырманы орындағанша  кезекті 

Байменова Нұргүлге берейік! (Ән).

Тест

1.Ең бірінші бақытым-Халқым менің,

... Ал екінші бақытым- Тілім менің.

... Бақытым  бар үшінші – Отан деген!  Кімнің өлеңі?

а) Мұқағали Мақатаев;

ә) Бауыржан Момышұлы;

б) Мұхтар Шаханов.

2.  Ұлы  Отан    соғысына  қатысып,  Отанымызды 

жаудан қорғаған халық батыры кім?

а) Сәбит Мұқанов;

ә) Бауыржан Момышұлы;

б) Бердібек Соқпақбаев.

3.  Абай  мен  Ыбырайдың  ізін    жалғастырған  ұлы 

ғалым, ақын, аудармашы кім?

а) Мағжан Жұмабаев;

ә) Сәбит Мұқанов;

б) Ахмет Байтұрсынұлы.

4. Аяғы бар, басы бар, 

    Арқалаған тасы бар.

а) тасбақа;

ә) бақа;

б) көлбақа.

5. Өлеңмен жазылған шығарма?

а) Әңгіме;

ә) Поэма;

б) Повесть.



1-жүргізуші:

- Кім жұмбаққа жүйрік екен?

   «Тіл 

– 

өнерді» жалғастырайық!



Бұл бөлімнің шарты 

– 

жұмбақтың  шешуін 3 тілде 



айту.                                                                                   

1-жүргізуші:

- Бүгін киген тоным бар,                                                     

  Ертең болар қара тон.

  Қара тоным аздан соң

  Болып кетер ала тон.

(Жер, Земля, а arth)



2-жүргізуші:

- Үй үстінде  ұсақ тас,                                        

  Ұстайын десем ұстатпас.

(Жұлдыз, звезда, а star) 



1-жүргізуші:

Құрғақ жерде сақтайсың,

  Менсіз тамақ татпайсың.

(тұз, соль, а salt)

 2-жүргізуші:

- Қабат-қабат қаптама,

  Ақылың болса аттама.

(Кітап, книга, а booк)

1-жүргізуші:

-  Көрермендер  көрімдігі  ретінде  «Мақал 

– 

сөздің 


мәйегі»  деп  көрермендерді  жарыстырсақ.  Осы 

жұмбақтың шешулерінен мақал- мәтел шығару  қажет!



2-жүргізуші:

III бөлім: «Жеті жұмбақ» бөлімінің шарты: пәндер 

бойынша сұрақтарға жауап беру.

               


138

139


Қазақ тілі:

 1. Етістіктің райлары?

 2. Синоним дегеніміз не?

 3. Антоним дегеніміз не?

 4. Сөз таптары нешеу?

 5. Қазақ тілінде неше септік бар?

(7)

 6. Қазақ әліпбиінде  неше әріп бар?



(42)                        

 7. Қазақ тілінде неше септік бар? 

(7)

1-жүргізуші:    

Биология:

1. Тірі  организмдерге не жатады? 

(Өсімдіктер, жануарлар, т.б.)

2. Қызыл кітапқа тіркелген жануарлар? 

(Елік, суыр, арқар, т.б.)

3. Өсімдік қалай қоректенеді? 

(Оттегімен)

4. Жануар мен  өсімдіктердің айырмашылығы?

(жануарлар жүреді, өсімдіктер бір жерде өседі).

5. Қандай құстарды білесіңдер?

6. Тамырда қандай бөлімдер болады? 

(тамыр оймақшасы, өткізгіш, сору, т.б.)

7. Гүлдің құрылысын ата?

(аналық, аталық, тос, т.б.)



2-жүргізуші:

Физика:

1. Пішіні мен формасын сақтайтын аққыш зат? 

(СУ).

 2. Жылдамдық пен уақыт көбейтіндісі?             



(жол) S=V-T.

3. Күнге ең жақын орналасқан  планета? 

(Меркурий).

4. Ауа ылғалдылығын өлшейтін құрал?

(психрометр).

5. Вольтметр тізбекке қалай жалғанады?

(параллель).

6. Жарық жылдамдығының шамасы неге тең?

(300000 км/сек.).

7. Координата жүйесін енгізген ғалым?

(Дерорт).

1-жүргізуші: 

География:

1. Елордамыз қай өзеннің бойында орналасқан?

(Есіл).

2. Перудің астанасы? 



(Лима).

3. Ақмола облысындағы  қорық  

(Қорғалжын қорығы).

4. Дүние жүзіндегі ең үлкен бұғаз?

 (Мозамбик).

5. Ең биік сарқырама?

(Анхель).

6. Су бетіндегі жүзіп жүретін мұз тау?

(Айсберг).


140

141


2-жүргізуші:

Ақырғы «Жорға» бөлімін  жалғастырайық.

1. Ең ащы көл 

(Қарасор).



2. Көлікті күтетін жер 

 



(Аялдама).

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі 

(Қазақ тілі).



4. Бөле деген кім?

(Бір  үйдің  қыздарының балалары).

5. 3 биді ата? 

(Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

6. Құлагер кімнің аты?

(Ақан сері).

7. Күрішті аймақ?

(Қызылорда).

8. Республика күні? 

(25-қазан).

9. Қасиетті сан? 

(7).


10. Қазақстанның астанасы? 

(Астана).

11. Сөздің ең түпкі мағына беретін  бөлшегі? 

(Түбір).


12. Жартылай тұщы, тұйық көл 

(Балқаш).



13. Нағашы кімнің туысы?

(Ананың ағасы).

14. Көмірлі аймақты астана? 

(Қарағанды).

15. Ең үлкен жануар? 

(піл).


16. Аспанда қанша жұлдыз бар? 

(саналмайды).

17. Тышқанның жауы? 

(Мысық).


18. Ойды қалай, немен  жеткіземіз? 

(Сөйлеммен).

19. Наурыз көжеге неше тағам саламыз? 

(7).


20. Карта жинағы? 

(Атлас).


21. Құстың негізгі мекені? 

(Ұя).


22. Зат есімнің сұрақтары? 

(Кім? Не? Кімдер? Нелер?).

23. Елімнің қамқоры болған адамды не дейміз?

(Азамат).

24. Тілдің негізі не?

(Сөз).


1-жүргізуші:

-  Шын жүйріктер сыналады жарыста,

   Жарыстың ба, орта жолда қалыспа.

   Әділ қазы бағалайды Сіздерді,

      Жеңіс-мәре  жақын  ба  әлде  алыс  па?!  -  демекші, 

ендігі сөз кезегін әділқазыларға берейік!



142

143


Шәкірттер шабыт шағында

Төребек ЕРҒАБЫЛ,

Ақтөбе облысының 

Махамбет ауданындағы 

«Таңдай» орта мектебінің 

оқушысы.

ТҰЛПАР МІНІП, Ту ҰСТАП...

Қазақ қаны қылаң беріп қалама,

Кейде өзгеріс енеді екен санаңа.

Тұлпар мініп, көк ту алып қолыма,

Құйғытып бір кеткім келер далаға.

О, қазағым, ақ жол бергін балаңа,

Бақыт үшін әкелді оны әр ана.

Мен де кірпіш боп қалармын бір жерге,

Әзірше тек дәрменсіз деп санама.

Туған жерге борышымды өтермін,

Арманыма талабыммен жетермін.

Өз еліме қызмет қылам аянбай,

Мәңгі атымды, мүмкін, жазып кетермін.

Тұлпар мініп, туымды алып қолыма,

Достар жинап оңым менен солыма,

Туған жер деп, туған ел деп өтейін,

О, тәңірім, бақыт тіле жолыма!

Нұрқанат ОЛЖАС,

Қызылорда облысының 

№173 Ә.Молдағұлова атындағы 

орта мектептің 

9 “Б” сынып оқушысы.

 

АҚЫН РуХЫН МОЙЫНДАу

Шәкәрім шындық жазған шыншыл ақын,

Өлеңдері жан дүниеме болған жақын.

Жазушы, аудармашы, тарихшы, ойшыл,

Жазғанында жақсылық, толған нақыл.

            Абайдан алған екен мол тағылым,

            Жүрмеген жастайынан құр мақрұм.

            Үлгілі,өнегелі, ер мінезді,

            Үлкен ақын, ұғынсаң 

– 

өз жақының.



Шығармасы шырайлы Шығыс жақтың,

Әсерімен жазыпты “Ләйлі-Мәжнүн”.

Қажылыққа барған бір сапарында

Оқыпты Стамбулдың кітаптарын.

            Фирдоуси, Низамиді, Физулиді,

            Бағалаған классик деп Науаиді.

            “Еңлік пен Кебекті” жазып сәтті,

            Абайдың тапсырысы болды игі.

Рух берген шығармасы болмас таса,

Береді ақылыңа ақыл қоса.

Өлеңдері мәңгілікке орын алар

Абайдың өлеңімен қатарласа.

 


144

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Бас редакторы - Зернебек ШІЛДЕБАЙҰЛЫ.



“Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде –

Казахский язык и литература в русской школе”  –

ай сайын шығатын республикалық 

ғылыми-педагогикалық жұрнал.

Құрылтайшы және шығарушы: 

“Білім және Ғылым” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.



Жауапты редакторы –  Гүлзия БОЛАТБАЙҚЫЗЫ.  

Корректоры - Гүлзира ӨМІРБЕКҚЫЗЫ.

Компьютерде теріп, беттеген – Жанар СЕЙДуЛЛАҚЫЗЫ.

Қолжазба қайтарылмайды. Авторлардың мақалаларын-                                                           

дағы ой-пікірлер редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Жұрнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат 

және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат 

комитетінде тіркеліп, оған 2005 жылдың қыркүйек 

айының 14-і күні Бұқаралық ақпарат құралын есепке 

қою туралы №1402-Ж Куәлігі берілген.

Басуға 01.11.2013 ж. қол қойылды. Пішімі – 84х108 1/32.

Офсеттік басылым. Әріп түрі – Times New Roman.

Шартты басылым табағы – 8.0. Есептік баспа табағы – 7.68. 

Таралымы – 1090. Бағасы – келісімді. ИНДЕКСІ – 75697.

Мекен-жайымыз: 050009, Алматы қаласы, 

Гайдар көшесі, 123-үй.

Бас редактордың қабылдау бөлмесі және 

бөлімдер.........................268-32-48.

Факс................................243-15-53.   



Электрондық пошта: KazUlagat@mail.ru

Басылатын жері – ИП Асубаев С.Ш. 

РЕСПуБЛИКАНСКОЕ НАуЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ

ИЗДАНИЕ ТОВАРИЩЕСТВА С ОГРАНИЧЕННОЙ

 ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ “БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ”

© «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде -

Казахский язык и литература в русской школе»,

 №11, 2013 ж., 144 бет, Алматы.



Document Outline

  • _GoBack
  • _GoBack
  • _GoBack


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет