Ақтөбе облысы,
Қобда ауданы,
Абылхайырхан көшесі 16 үй
Орталық кітапхана
Тел: 871341-21-110
Қобда аудандық орталықтандырылған кітапхана
жүйесі
Ақпараттық – библиографиялық бөлімі
Экология
Жер
Адам
Ұсыныстық ақпараттық-библиографиялық
көрсеткіш
Қобда – 2012
Айың анау, Күнің анау, Жер, міне,
Ау, адамдар! Жетпей жатыр енді не?!
Табиғатқа таласпаңдар ағайын,
Асырайды, ол сені, мені, елді де
М. Мақатаев
Құрастырған: Қобда аудандық орталықтандырылған
кітапхана библиографы: Шайхина Р. М.
Шығаруға жауапты: Қобда аудандық
орталықтандырылған кітапхана
жүйесінің директоры Исатаева Б. К
Мазмұны:
Тамыздың жиырма тоғызы ---------- -1
Ядролық қарусыз болашаққа – ------ 2
Құрастырушыдан ----------------------- -3
Херосимо қасіреті------------------------- 4
Чернобыль апаты ------------------------ 7
Дәйек сөз ---------------------------------- -10
Семей тарихы-----------------------------11
Табиғат --------------- ----------------------17
Табиғат туралы толғайды ----------- 19
Әдебиеттер тізімі ----------------------- 20
Фотошежіре ---------------------------23 -35
1
Тамыздың жиырма тоғызы
Тамыздың жиырма тоғызы...
Жаһанға жалпақ жайылған,
Шықпайсың менің ойымнан.
Сен едің текті елімді,
Ата-жұртымнан айырған.
Өкпемді түгел өрт шалды,
Даламды түгел дерт шалды.
Саңырауқұлақ бөліп шығарды
Төрт құбыламнан төрт шарды.
Сұрапыл дауыл соқтырды,
Жарылуға далам шақ тұрды.
Жер менен көкте тұтасқан
Бұрын болмаған от тұрды.
Тамыздың жиырма тоғызы...
Сезімдерімді шарпыстыр,
Ойланар бізге тал түс бұл.
Қасиетті тұңғыш жарылыс,
Оған да өтті алпыс жыл.
Тамыздың жиырма тоғызы...
Шерменде болған өтті күн.
Желбіреп енді Көк туым.
Елбасым беріп пәрменді
Полигон жабар жетті күн.
Кеудемді теуіп текті жыр
- Оғанда өтті жиырма жыл.
Жаһанды жұтқан жарылыс.
Болмасын енді әлемде!
Бауыржан Жақып
2
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті
Ядролық қарусыз болашаққа
Қазақстан - әлемдік қоғамдастықтың өзіне артқан үмітін
бәрінен көп ақтаған ел.
Ананың құлағы перзентінің алғашқы уілі мен
сөздерін бірден қағып алатыны сияқты, туып келе жатқан
кезеңдер сипатына тарихтың назары да аса ілтипатты.
Біздің заманымыздың болашақ зерттеушілеріміздің
назарына жаңа туған Қазақстан Республикасының
тұңғыш жан айқайы «Полигонды жабу!» болғаны және
жаңарған Қазақстанның бүкіл өмірбаяны – бірін-бірі
сескендіру мен қорқыту, террор, тұрақсыздық, болса
зорлық-зомбылық қаруының ядролық материалдары мен
технологияларын
бейбітшілік,
қауіпсіздік,
ынтымақтастық, тату көршілік және диалог құралына
айналдырудың бұрын-соңды болмаған үлгісі екені
ілінбей қалмайды.
Полигонга үкім...
Қазақстан халқының талабына үн қата отырып, ұлттың
болашағына жауапкершілікті сезініп, мемлекеттілік пен
тәуелсіздік мүдделеріне сай әрекет етіп, 1991 жылы 29
тамызда мен «Семей ядролық сынақ полигонының жабу
туралы» №409 Жарлыққа қол қойылды. Қандай
қажеттілік пен мүдде желеу етілсе де, енді біздің жерде
ешқашан атом және сутегі бомбалары жарылмайтын
болады Семей полигонының жабылуы атом
тарихындағы тұңғыш, әрі бірегей үлгі болды.
« Бейбітшілік кіндігі» кітабынан
35
34
3
Құрастырушыдан:
Қазақстан - өз алдына дербес, белгілі бір территориясы
мен халқы бар, ұлттық рәміздері белгілі егеменді ел.
Экология – табиғат пен адамның қарым-қатынасы.
Экология – экономика дамуының бір сатысы. Таза
ауалы, шөбі шүйгін, мөлдір суы, тап-таза экология –
жоғары дамыған экономика.
«Табиғат ортаны қорғау әр азаматтың қасиетті борышы»
дегендей , бостандық пен егемендікке ие болған еліміз ,
тәуелсіздік алған халқымыздың Президенті Н.Ә.
Назарбаев экологиялық қауіпсіздікке мемлекеттік
көзқараспен баға беріп, келешек ұрпаққа табиғатты
көркем күйінде жеткізуді, қоршаған ортаны таза
ұстауды талап етті.
«Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ,
Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ»
Табиғат пен адам – егіз. Табиғат байлығы бүкіл жер
үстіндегі адамдар үшін берілген құт, береке, ырыздық –
молшылық.
« Саламатты өмір салты - өмір талабы» ,- дегендей
салтымызды сақтап, бай табиғатымызды сақтай білейік. .
Экология. Жер. Адам - атты ұсыныстық- ақпараттық
көрсеткіш көпшілік оқырмандарға арналады.
4
Хиросимо қасіреті
Тынық мұхитындағы титімдей Жапония, әсіресе
қазақтар үшін аңыз бен ақиқат үзілмей жалғасып жатқан
құпия еді. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов өз кезінде
күншығыс еліне арнап әдемі мақала жазып, осы
оймақтай, халқы іскер, бір-біріне туғанындай кішіпейіл
алыс елді көруді армандап өткен көрінеді.
Жапония бүгінгі қазақтардың көбіне қол жетпес
арман. Жоғары әлемді жаулап алған бай ел соның бәріне
еңбекқорлығы, қайсарлығы арқасында қол жеткізді. Осы
елде жаңа жылдан басқа Бірақ, бай, қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған Жапония халқы бір адамдай қара
жамылып, қайғы жұтатын, жылайтын күндері бар.
1945 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталар тұста
АҚШ- Америка Құрама Штаты - әскерлері осыған дейін
әлем біліп көрмеген сұмдық сұрапыл қару-атом
бомбасын жапон қалаларының үстіне тастады .Херосимо
адамзат тарихындағы ең зұлмат оқиғаның зардабын
аяусыз тартқан қала. 1945 жылғы 6-тамызда АҚШ
тастаған атом бомбасы бейбіт қаланың бір сәтте
шаңырағын ортасына түсірген. Жарылыс кезінде ауаның
температурасы 300 мың градусқа бірақ көтеріліп, отты
шар жер бетін тамұққа айналдырған. 1942 жылғы АҚШ
үкіметінің әзірлеген «Манкаттан жобас» негізінде
33
32
5
құрамында бар-жоғы он килограммұраны бар «Сәби»
деген жасырын атпен жасалған атом бомбасы
жарылыстан кейін 140 мың адамды ажал тырнағына
іліктірген. Бұған қоса сол күні қалада тазалық күні
ұйымдастырылып, көшеге 8400 оқушы шыққан. Бәйкүнә
сәбилер әп-сәтте аждаһа отына жанып, жан тапсырған.
Аман қалған адамдар балалары мен бауырларын
іздестіруге сыртқа шыққанда, жарылыстан соң жарты
сағаттан кейін жауған қара жаңбырдың астында қалған.
Адамдардың ағзасына енген жарылыс пен жаңбыр
зардаптары әлі күнге жазылған жоқ.Хиросимаға атом
бомбасын лақтырған американдық ұшқыштар АҚШ-тың
Огайо штатының Дейтон қаласында Ұлттық авиация
лауреатының атағына ие болды.90 жасқа тақаған генерал
Пол Тиббитс қазіргі кезде Колумбус қаласында тұрады.
Полковник екінші дүние жүзі соғысынң аяғында В-29
ұшқыштар бомбардировшигіне анасының «Энола Гей»
атын берген. Осы самолет 6-тамызда Хиросимоны
атомдық руинге айналдырған.Хиросимода жан
түршіктірер сол бір сойқан оқиғаның құрбандарын мәңгі
есте сақтау үшін Бейбітшілік мемиоралдық паркі мен
мұражай кешені салынған. Мұражайды аралаған адам
осыншама озбырлық пен оспадарлық әрекетке тіксінбей
қалмайды, Семейлік бауырларымызда осында болып,
6
музейді аралап көздеріне жас алған. 1952 жылы парк
аумағына жапондық ескі қорғандардағы бейіт үлгісінде
жасалған мемиоралдық кенотаф тұрғызылған. Ортасына
орнатылған тас қабірге опат болғандардың тізімі
жазылған.Тізім жыл сайын толықтырылуда.Қабірге
жапон мероглифтерімен «Тыныш ұйықтаңыздар, өткен
іс енді қайталанбайды.» деген құйқа тамырыңды
шымырлататын қасіретті сөз жазылған.Алапат
жарылыстан кейін Хиросимода тек өнеркәсіп
тауарларының көрмесінің үйі ғана аман қалған. Қазір ол
ғимарат «Атом үйі» деген атпен сақтаулы тұр.Тіршілік
ағысын тоқтатпаған Хиросимо алапат апаттан кейінгі
алпыс жылда алға жылжып келеді Қала басшылығы
Хиросиманы енді әлемге қасіретті мекен түрінде емес
байырғы мәдени орталық қалпында танытады.
31
30
7
Чернобыль апаты
1986 жылы Украинадағы «Чернобыл» атом
элэктростанциясының
жарылғаны
Қазақстан
азаматтарына аз зардап әкелмегені белгілі. 1986 жылғы
26-сәуір күні Киев қаласының небары 157 шақырым
қашықтыққа орналасқан Чернобыль атом злектр
станциясында адам айтқысыз алапат болды Бірінен соң
бірі болған екі жарылыс төртінші блокғимаратының
шатырын ұшырып әкетті. Одан кейінгі үшінші, төртінші
жарылыстан кейін реактор атылды. Ес тандырған түтін
мен бу шығара атылған радотивті материалдар көзге
түртсе көргісіз ыстық тұманға, қою қара бұлтқа айналды.
Жарылыстың күштілігінен блок маңындағы ауа күрт
өзгеріп, химиялық ластану дәрежесі сағатына 15-20 мың
рентгенді құрады. Бұл әрине, көз алдына елестетуге де
мүмкін емес қорқынышты көріністер еді.Осындай
күтпеген оқиғаға душар болған қаншама жандар өмір
мен өлім арасында қалды. Әйтсе де , олардың жан
алысып, жан беріскен еңбектерінің арқасында апат
болған аймақты залалсыздандырудың алғы шарттары
жасалған болатын.
Осылайша, төртінші блоктан бастау алған алапат
жарылыс әлемдік деңгейдегі осы тектес апаттардың
кезекті он үшінші санын құраған.
Улыбританияда -1, КСРОда -1, АҚШта-8,
Швейцарияда-1, Жапонияда-1 Жарылыстан пайда болған
улы бұлттың шарпуы Украинамен қатар көршілес Ресей
мен Белоруссия республикаларының да территорияларын
8
қамтып, біраз қасірет туғызғаны белгілі. Айналасы 3-4
сағаттың аралығында апаттың салдарынан көз жұмған
және ауыр халге түскен адамдардың саны 100-ден
асыпты. Олардың арасында біздің Қазақстандық
азаматтар да бар еді.
Апатты залалсыздандыру жұмыстарына қатысқан
отандастарымыздың саны әуел баста 25мың, кейін
30мың, ал қазір 40мыңның шамасында деп белгіленген.
Өйткені біздің республикамызда Украина, Ресей және
Белоруссия республикаларындағыдай оларға біртұтас
анықтама беретін нақтылы деректер табу мүмкін
болмаған. Оның негізгі себептері, біріншіден,
қатысушылардың саны күллі Орта Азия мемлекеттері
атынан қатысқан жалғыз ғана әскери бөлім 27-химиялық
қорғау полкінен 1986-1989 жылдар аралығында өткендер
арқылы шығарылды.Құжаттарға жүгінсек, олар да түгел
емес. Екіншіден, апатты залалсыздандыруға кешегі
Кеңес Одағы бойынша барлығы 276 әскери бөлім
қатысқан болса, негізінен алғанда, темір тор
қарауындағы аумақтарды күзету ісімен айналысқан ішкі
істер министрлігіне қарасты кейбір ішкі әскерлер бөлімі
бұл тізімге мүлде ілінбеген. Залалсыздандырушылардың
ең жас тобын құраған 18 бен 20 жас аралығындағы (1961-
71 жылдары туғандар) жастар Отан алдындағы
азаматтық борышын атқарған бұл бөлім аймақта 1999
жылдың жазына дейін болған. Үшіншіден, 1966-68
жылдары дүниеге келгендердің арасында 1986 жылдың
мамыр айында жедел түрде әскерге шақырыла салып,
радиациялы аймақта екі жыл қатарынан болған
29
28
9
жігіттерде ортамызда аз емес.1986 жылдың 9 мамырында
қазіргі Ақмола облысындағы Вячеславка кентінде
орналасқан 27-химиялық қорғау полкінің №20040
әскери бөлімі жеке құрамы Чернобыль АЭС-ындағы
апатты эалалсыздандыруға қатысу Белоруссия жеріне
жедел түрде қоныс аудару қажеттігі туралы жоғары
басшылықтың бұйрығын алған. Бөлім командирі,
полковник С.К. Лутфуллоев, штаб бастығы
подполковник Н. З. Андреев және 20 ұлттан құралған
жеке құрам, сөйтіп аяқасты жаңа мекенге көшірілген.
Жеке құрам көшімен үшінші және төртінші энергоблок
шатырларындағы өлім сәулесін таратушы графит
қарапайым қол күрегімен тазартылды. Миллиондаған
кубометр уланған топырақтың үстіңгі қабаты алынып,
басқа жерлерге тасылды және жуылып тазаланды. Оның
500-інде өңдеу жұмыстары үш-төрт реттен жүргізілді.
Қазіргі кезде «Чернобыльдықтардың» шамамен 15
мыңнан астамы өмірден озыпты, ал тірі жүргендердің
басым көпшілігі 1 және 2 топтағы мүгедектер. 1996
жылы Қазақстанның бір ғана облысында Чернобыль
апаты салдарынан 130 адам мүгедек болып, 13 адам о
дүниелік сапарға аттаныпты..1997 жылы бұл көрсеткіш
алдыңғысы бойынша 180 адам соңғысы бойынша 26
адамға жеткен. Әттеңайы сол, осылардың ең жасы 30-35-
терде, «қартайғаны» 46-да екен.
10
Ұлы даламызға азапты қасірет әкелген
оқиға ешуақытта қайталынбауы тиіс.
Н.Ә. Назарбаев
Осынау бір қатқыл сөз құлаққа жағымсыз естіледі.
«Соғыс» деген сөзбен ағайындас Оның арғы жағынан
адамдарға жасалған қиянат, қауіп-қатер, қасірет
дауысы естіліп, жаныңды түршіктіреді. Соғыста
талай өмірді жалмайды. Бірақ одан кейін сол соғыс
әкелетін өлімнің тоқтайтыны бар. Ал полигонның
жайы өзгерек. Оның өлім сепкен қасіреті жалғаса
береді. Біраз уақытқа дейін. Сөйтсе де сол полигонның
жабылғаны жақсы. Қасіреттің көзі жойылады.
Тоқтатқанға, жапқанға мың алғыс – дейді халық.
27
26
11
Семей тарихы
Халыққа қасірет әкелген үлкен соғыстарды тоқтатқан
тұлғаларға сол халық рахметінін айтады, тарих дейтін
адамзат жады оны есте қалдырады. Тіпті кешегі өткен
Екінші дүниежұзілік соғыстың аяқталуына себепші
кімдер дегенде , тарих И. Сталиннің, Ф. Рузвельттің және
У.Черчилдің есімдерін еске салады. Оларды адамдарды
қырып-жойған соғысты, миллиондарды қайғы-қасіретке
ұшыратқан соғысты тоқтатқандар деп есептейді.
Сол ХХ ғасыр ядролық қару деген кесепатты да
дүниеге алып келді. Сол қару кеңінен қолданылмай
жатып, өзінің пайда болу кезеңінде-ақ айналасына өлім
септі.Сынақтар, сол сынақ өткізілетін жер – полигондар
пайда болды. Сондай қасіретке әлемнің біраз жері, оның
ішінде қазақ жері - халқымыздың аяулы перзенттері
дүниеге келген Семей жері де ұшырады. Бұл қасірет
халқымыздың жанына қатты батты. Ұлы замандасымыз
Олжас Сүлейменов
айтқандай, «Біз соғыстың
аяқталғанына 40 жыл болды, 40 жыл бейбіт өмір
сүрудеміз деп келдік,, сөйтсек, соғыс аяқталмапты. 40
жыл бойы үн-түнсіз, қатыгез соғыс жүріп жатыпты.
Сынақ аймағында. Полигонда.
Сол «үн-түнсіз, қатыгез соғысты» Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев өзінің 1991жылғы 29 тамыздағы
Жарлығымен тоқтатты. Семей ядролық сынақ полигонын
жабу- теңдессіз оқиға. Оны біздің еліміздің басшысы
жапты деп мақтанамыз.Семей ядролық сынақ полигонын
12
жабуға байланысты халық талабы алғашқы күннен
бастап халықаралық сипат алғаны белгілі.
Оның «Невада – Семей» деп аталуында да үлкен мән
бар. Ал полигонды жабу жөніндегі Қазақ елінде жасалған
ұлы шешімнің бүкіл әлемдік мәнге ие болуы да заңды
еді. Бұл әлем жұртшылығының тілегі.
Араға бір жыл салып, АҚШ Конгресі де Невада
ядролық сынақты тоқтатуға шешім қабылдаса, яғни
басты себеп – Семей полигонының жабылғаны екені
айдан анық. Семей полигонында сынақ жүріп жатса,
АҚШ парламентінде бұл мәселе қаралмас та еді. Сынақ
полигонын жабу қолдау таппас та еді. Одан кейін
француздар да ақылға келіп, 1995 жылы өздерінің Тынық
мұхит аралығындағы полигондарын жабуға мәжбүр
болды. Мұндайда алған беттерінен қайта қоймайтын
қытайлар да 1996 жылы өздерінің Лоб- Нор шөліндегі
полигонын жапты. Өз ісіңнің табысын басқалар мақтап
жатса, қалай мақтан етпейсің. Ол елдің абыройы,
халықтың еңсесін көтеретін жәйт. Қазақстан
басшысының Семей ядролық сынақ полигонын жапқан
күн – 29 тамызды жаппай қырып жоятын қаруларды
жоюдың бүкіләлемдік күні деп жариялау жөніндегі
ұсынысынң Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан қолдау
табуы да білген адамға үлкен баға. Біздің еліміздің,
қазақ дейтін халқымыздың ізгі ниетін бүкіл әлемге паш
еткен бұл оқиғаны болашақ ұрпақ әркез еске алатын
болады. Ядролық қарудың пайда болуын, оған қарсы
күресті адамзат ешқашан ұмытпайды. Алда бұл қару
жұмсалмасын дейік, қазірге дейінгі тарихының өзі адам
25
24
13
шошырлық. Жоғарыда айтып кеткендей Хиросимодағы
сынақтардың өзі адам шошырлық. Ал қазірге дейінгі
жинақталып қалған 41 735 ядролық оқтұмсықтың күші
Жер шарын бір емес-ау, жүз мәрте жоя алады екен. Сол
жойқын қаруды жоюдың бастамашысы біздің еліміз
болып отырғаны да елімізге, халқымызға, ұлтымызға
абырой. Халыққа қасірет болып жабысқан Семей
ядролық сынақ полигонының құрылып,онда 40 жылдан
астам уақыт бойы түрлі сынақтар, яғни жарылыстар
жасалғанан кейін оны біржолата жабу жөнінде
Президент Н. Назарбаевтың Жарлығы шыққанына да 20
жыл толып кетті. Семей сынақ полигоны - әлемдік
милитаристік саясаттың, қарулану бәсекесінің салдары.
Сол Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында АҚШ
Жапонияда алғаш рет атом бомбасын жарып, халықты
қанға боятты, тірі қалғандары ауруға шалдықты.осы
әрекетімен де ол өзінің басқалардан күшті екендігін
дәлелдеді. Дәлелдегенде, өзіне мойынсұнуды талап етті.
Ал АҚШ-тың басты қарсыласы- коммунистік КСРО оны
мойындағысы келген жоқ. Мойындамаудың бір-ақ жолы
бар – сондай бомбаны өзі жасап шығару. Ол үшін
алдымен оны сынап көретін жер керек.Ол жер
Қазақстаннан табылды. Табылғанда, оны тұрып жатқан
халықтан сұраған да жоқ. Сынақ жүргізуге қолайлы деп,
қазақтың ең бір қасиетті жерін ойып тұрып алды.Ол
кезде қарсылық көрсету деген болмайтын. Оның үстіне
бұл зұлматтың қандай қасірет әкелетінін халық білген
жоқ еді.
14
Шешім қабылдаған КОКП ОК мен КСРО үкіметі
(қаулы 1947 жылғы 21 тамызда шықты) оны білді,
білседе халықты аямады. Сол қаулы бойынша, алдымен
Таулы сейсмикалық станса ( №905 нысан) құрылып, бір
жылдан кейін ол КСРО қарулы Күштері минстрлігінің
оқу- жаттығу полигоны деп аталса, ақырында №2
Мемлекеттік орталық ғылыми зерттеу полигоны деген
атқа ие болды .Мұнда №52 605 әскери бөлімше көшіп
келді. Ертістің сол жағасында, Семей мен Павлодар
облыстарының түйіскен жерінде, батысында Қарағанды
облысының біраз бөлігін алып жатқан аймақта күн-түн
демей қарбаласқан құрылыс жұмыстары жүрді. Оның
бәрі халықтың көзінен таса еді. Жұрт өзеннің жағасында
қала орнағанын, таулы – жазықты жерлерде небір
нысандардың бой көтергенң білген жоқ. Білдірмеді.
Сөйтіп, 1949 жылдың шілдесінде Семей ядролық
сынақ полигоны атом бомбасын сынап көруге дайын
болды. Бұл «айтулы оқиға» сол жылғы 29 тамызда таңғы
сағат 7-де жүзеге асты. Семей полигонында атом
бомбасын жару КСРО дейтін елді қайтадан АҚШ дейтін
ұлы державаның қатарына көтерді. Ол ядролық қаруы
бар елге айналды.
Біздің жанымызға бататыны – сол жарылыстан жеріміз
бүлінді, адамдарымыз қасірет шекті.
Алғашқы атом бомбасын сынау 1949 жылы өткізілсе,
1953 жылғы 12 тамызда гермоядролық құрылғы
сыналды, ал 1955 жылы 18 қазанда атом бомбасын
23
Фотошежіре
22
34
Сейсенұлы Дәулет, Кемел келешек кепілі / Д. Сейсенұлы/
/Егемен Қазақстан.- 2012ж.- 5сәуір.- бет5.
35
Серікбай Салтанат, Балқаш көлінің экологиясы / С. Серікбай/
/Жас ғалым.- 2011ж.- №1.- қаңтар.- бет6.
36
Сеул Саммитінің сабақтары//Егемен Қазақстан.-
2012ж.- №125-126.- 30 наурыз.- бет3.
37
Суханбердин Хамза, Аралдан ұшқан тұз Арктика мен Алясканың мұз
тауларын ерітіп жатыр / Х. Суханбердин//
Атамекен.- 2010 ж.-12 мамыр.-№9.-бет. 2.
38
Шөкіш Айдос, Атомды игеру анархияға айналып барады / А. Шөкіш/
/Алтын орда.- 2012ж.- №14.- 5сәуір.- бет4.
39
Экология мәселелері-Елбасы назарында//
Ана тілі.- 2009 ж.-№23.-2 желтоқсан.-бет. 1.
40
Ядролық қауіпсіздік саласының лицері//
Егемен Қазақстан.- 2011ж.- 14 қазан.- бет5.
41
Ядросыз әлем құру - адамзаттың аңсарлы арманы/
Егемен Қазақстан.- 2011ж.- №493.- 13 қазан.- бет1-3.
42
Ядросыз әлем құру - адамзаттың арманы/
/Егемен Қазақстан.- 2011ж.- №493.- 13 қазан.- бет1-3.
15
ұшақтан тастап кету сыналды. Жалпы, 1949 жыл мен
1989 жыл арасында 456 ядролық сынақ (616) жарылыс
жасалды.
Семей сынақ полигонында ядролық қаруларды
сынауды екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңі –
1949-1962 жылдарда ядролық жарылыстарды ауада және
жер үстінде жүргізу болса, екінші кезеңі – 1962-1989
жылдарда жер астында жүргізілді.Сынақты ауада , жер
жер бетінде жасағанда қоршаған ортаның радияциялық
ластануы көбірек болады.соны ескеріп, кейінгі жылдары
жерасты жарылыстарына көбірек назар аударылды.
Семей полигонында тек ядролық жарылыстар ғана
сыналмай , химиялық жарылыс заттарын пайдалана
отырып жүргізілетін жарылыстарда сыналды. Мұндай
жарылыстар саны да аз емес . Жарылыстың нәтижесінде
1,5 процент жер әр түрлі радиактивті заттармен
уланды. Мысалы: 137 целый, 90 стронций, 152 европий,
241 америций, 239 плугоний, 60 кобальт изотоптары
ауаға жайылды.
Жарылыс жылдарында осы аймақтарда тұратын
адамдардың денсаулықтарына байланысты құжаттар
сипаттамасына тыйым салынып, нәтижесінде 1,5миллион
адам сәуле ауруларына ұшырады. Полиган жерінің
көлемі 18500км.
Кейінгі 25 жыл дың ішінде 241 адам әр түрлі қатерлі
дерттен, 14 адам лейкоздан, қайтыс болған. 1000 адамға
шаққанда жалпы диспансерде 19000 адам есепте тұрса,
олардың барлығы да қайтыс болған.
16
Полигон . Ядролық сынақ. Полигоны. Оны адамзат
ешқашан ұмытпауға тиіс. 29 тамызды тек біздің еліміз
ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығы адамзатқа қарсы
жасалған зұлым қаруларды жою күні ретінде атап өтеді.
Оның басында біздің еліміздің тұрғаны зор -мақтаныш.
Заманымыздың ақиық ақыны , «Невадв-Семей»
қозғалысының
мүшесі
Олжас Сүлейменов
Елбасымыздың батыл қадамын нағыз азаматқа тән ерлік
деп бағалаған еді.
21
19
Мейрманова Айнұр, Хиросима қасіретіне - 60 жыл / А. Мейрманова/
/Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.- 2006ж.- №1.- қаңтар.- бет2-4.
20
Мұса Самат, Ядросыз әлем - жаһандық қауіпсіздік кепілі / С. Мұса/
/Егемен Қазақстан.- 2011ж.- 11 қазан.- бет12.
21
Назарбаев Нұрсұлтан, Ядролық қарусыз болашаққа /
Н. Назарбаев//Бейбітшілік кітабы.- 2004ж.-бет 14-17.
22
Нұрдан Бақытжан, Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын / Б. Нұрдан/
/Алтын орда.- 2011ж.- №23.- 9 маусым.- бет24.
23
Нұрсұлтанов Орақ, Арал теңізінің құпиясы / О. Нұрсұлтанов
/Атамекен.- 2010 ж.-12 мамыр.-№9.-бет. 4.
24
Нығметуллаев Мақсат, Қарт каспийдің экологиясы азып-тозып барады
/
М. Нығметуллаев/
/Атамекен.- 2010 ж.-25 наурыз.-№6.-бет. 3.
25
Пигаваев Владимир, Ерлік пен елдіктің өнегесі / В. Пигаваев/
/Егемен Қазақстан.- 2011ж.- №384-386.- 23 тамыз.- бет2.
26
Полигон, полигон...//Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.-
2005ж.- №6.- маусым.- бет19-21.
27
Пірманова Ж., Табиғаттың тылсым сыры / Ж. Пірманова/
/Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.-
2008ж.- №10.- қазан.- бет11-13.
28
Рахметов Ержан, Полигон байбаламы / Е. Рахметов/
/Парасат.- 2011ж.- №2.- ақпан.- бет10.
29
Сарбөпин Манас, Стардант және экология:техникалық реттеу
көмектеседі
/ М. Сарбөпин//Ақтөбе.- А 2009.- 2009.-№122.-бет.3.
30
Сәтімбеков Рысбай, Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы
экологиялық
тағылым мен тәрбие / Р. Сәтімбеков//
Атамекен.- 2010ж.-28желтоқсан.- №24.-бет.4.
31
Сәтімбекұлы Рысбай, Жанымызға жақын құс-қараторғай.
2010 жыл қараторғай жылы деп белгіленді / Р. Сәтімбекұлы/
/Атамекен.- 2010 ж.-24 ақпан.-№ 4.-стр. 3.
32
Сейсеналы Дәулет, Курчатов кеше, бүгін және ертең / Д. Сейсеналы/
/Егемен Қазақстан.- 2011ж.- №391-393.- 26 тамыз.- бет7.
33
Сейсенбаев Роллан, Мылтық тұрғанда әділет жоқ / Р. Сейсенбаев/
/Егемен Қазақстан.- 2012ж.- №134-137.- 7сәуір.- бет4-5.
20
Әдебиеттер тізімі
№
Толық атауы / Полное названия
1
Абдрахманов Сауытбек, Тажалды тұншықтыру / С. Абдрахманов/
/Егемен Қазақстан.- 2011ж.- № 395-398.- 27 тамыз.- б 1-3.
2
Аққұл Марат, Эколгия - өмір зегі / М. Аққұл//
Егемен Қазақстан.- 2012ж.- №125-126.- 30 наурыз.- бет1-8.
3
АҚШ. Невада//Егемен Қазақстан.- 2010ж.- 28 тамыз.- бет9.
4
Алпысбаева Гүлмира, Экологиялық тәрбие кітапханада / Г. Алпысбаева/
/Мектептегі кітапхана = Библиотека в школе.- 2007ж.- 3 наурыз.- бет10-
13.
5
Ахметова Э., Табиғатты қорғай біл / Э. Ахметова/
/Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.- 2007ж.- №3.- наурыз.- бет22-25.
6
Бекрамбек Беғалы, Экология - ел тағдыры / Б. Бекрамбек//
Жас ғалым.- 2012ж.- №2.- ақпан.- бет19.
7
Биялы Дәурен, Өлкеміздің емдік сулары мен шипалы қасиеттері / Д.
Биялы/
/Жас ғалым.- 2009.- №11-12.- қараша - желтоқсан.- бет15.
8
Болатұлы Қайсар, Арал көшіп келеді / Қ. Болатұлы//
Ақтөбе.- 2007ж.- №3.- бет5.
9
Есмағиұлы Сайын, Ядролық қарусыз әлем үшін / С. Есмағиұлы/
/Егемен Қазақстан.- 2011ж.- №501-502.- бет1-2.
10
Жақанұлы Бисен, Қырық жылға созылған қасірет / Б. Жақанұлы/
/Атамекен.- 2012ж.- №3.- 15 ақпан.- бет 2.
11
Жақып Бауыржан, Тамыздың жиырма тоғызы / Б. Жақып//
Егемен Қазақстан.- 2011ж.- №395-398.- 27 тамыз.- бет20.
12
Жақып Мамадияр, Полигон / М. Жақып/
/Егемен Қазақстан.- 2011ж.- №387-390.- 24тамыз.- бет4.
13
Игісін Зәуре, Жігіттермен қатар қыздар темекі тартатын
бір сұмдық заманға тап болдық қой... / З. Игісін/
/Атамекен.- 2010ж.-28желтоқсан.- №24.-бет.8.
14
Кесикбаев С., Охраны окружающей среды в Республике Казахстан / С.
Кесикбаев/
/Экология и устойчивое развитие.-
2004.- №11.-ноябрь.- стр2-3.
15
Қазақстанда экологиялық проблемаларды шешуге болады/
/Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.-
2004ж.- №2.- ақпан.- бет24.
16
Қалжанова Гүлбағира, Отырар өңірінің экологиясы / Г. Қалжанова/
/Жас ғалым.- 2010ж.- №5-6.- мамыр-маусым.- бет7.
17
Қожанқызы А., Табиғат туған анамыз... / А. Қожанқызы/
/Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.-
2005ж.- №1 .- қаңтар.- бет28-30.
18
Құрылтегі Қамбар, Байқоңыр Жас ғалым-2009.-№-.-қыр..- бет9.
17
Табиғат
«Тәрбие бесіктен басталады» дегендей болашақ
ұрпақты экологиялық сауатты етіп тәрбиелеуді отбасы,
ошақ қасынан бастағанымыз дұрыс.
Табиғаттың жасыл желегі мен аң-құсын аялау көзі
ашық, көкірегі ояу әрбір жанның азаматтық борышы.
Отыра алмас ұл шыдап, қызым шыдап,
Жоғалғандар тізімі ұзын шұбақ.
Қызыл кітап – мезгілсіз кеткендердің
Бастарына қойылған қызыл шырақ –деп ақын Қадыр
Мырза-Әли жырлағандай
Табиғат! Осы бір ауыз сөзде қанша мағына бар
десеңізші! Табиғат дегеніміз не? Табиғатқа не жатады?
Ауа, су, өсімдіктер, құстар, табиғатымыздың сұлу
мүсінді жануарлары жатады.
Біз тіршілік атаулының өмірлік өзегі, аңсар арманы –
«Таза ауа» екенін білеміз.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат?
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа
айналдыратын байлық көзі су. Халқымыз ежелден суды
қастарлеп, «Сулы жер – нулы жер», - деп суды бағалай
білген.
Су деген – тіршіліктің наны емес пе,
Су деген – табиғаттың жаны емес пе,
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,
Күміс су қара жердің сәні емес пе?!
18
Табиғат байлығының бір тобы жер бетіндегі сәулетті
еліміздің дәулеті – жасыл әлем. Өсімдік өлкемізді
түрлендіріп тұрған гүл тәрізді. «Әкеңнен мал қалғанша,
тал қалсын» деген көрнекті сөз соған арналған.
О, құдірет, неткен шалқар күй ең сен
Бүгін менің әулием сен, ием сен.
Осындайда ойланып қой адамзат.
Жығылмайсың орманына сүйенсең.
Ата – бабамыздың «Бір ағаш кессең, он ағаш отырғыз», -
деген нақыл сөзі осы табиғат байлығына арналған.
Қалықтай ұшып, шарықтап биікке шығып, ән салатын
құс табиғаттың әні мен сәні.
Көктемде құсты атпаңдар,
Сенімін оққа сатпаңдар.
Кішкентай әнді сақтаңдар.
Оларда титтей жүрек бар.
Сондықтан біздер құстарға ұя салып, қастерлеуіміз
керек.
Табиғаттың тамаша туындыларының бірі – жан-
жануарлар. Халқымыз ежелден көптеген жануарларды
аялап қамқорлыққа алған. Оларды «Жақсылықтың
жаршысы, бақыттың бастамасы» - деп дәріптеген.
Адамзат дүниеге келмес бұрын табиғат жаратылған.
Табиғаттан нәр алсын деп адамды жаратқан. Өзімізді
анадай аялаған туған жердің тұнық табиғатына
сүйіспеншілік қамқорлық жасап, қорғау әрқайсымыздың
азаматтық борышымыз және парызымыз.
19
Табиғат туралы ұлылар толғайды.
«Ұлы даламызға азапты қасірет әкелген оқиға
ешуақытта қайталанбауы тиіс».
Н. Ә. Назарбаев
«Су мен жер туралы ой – бұл түптеп келгенде
адамның өзі туралы ой».
Ш. Айтматов
«Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйіспеншілік,
жанға жайлы бір нәрсесі бар».
Ш. Уәлиханов
«Мен рахметті алдымен Жерге айтар едім,
өзімді дүниеге келтірген, маған бақыт әперген,
жомарт төсінде дән- дариясын тасытқан ол
қасиетті Жер-ана, сенсің менің ардақтым!»
Ы. Жақаев
«Табиғат - барлық жасампаздарды жасаушы».
И. Гете
«Табиғат тылсымын түсіне білген адам –
кіршіксізде, асыл жан.
Л. М. Леонов
Достарыңызбен бөлісу: |