Қауіпсіздік туралы ақпарат



Pdf көрінісі
Дата06.04.2017
өлшемі1,61 Mb.
#11139

Қауіпсіздік туралы ақпарат

 BlackBerry смартфоныңызды пайдалана бастауға асығудасыз ба? Бастамас бұрын,

BlackBerry смартфонының маңызды қауіпсіздік пен нормативтік ақпаратын қамтитын осы

кітапшаны оқып шығыңыз. Осы кітапшаны керек кезде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.

Кейбір елдерде Bluetooth® мүмкіндігі қосулы және кодталған бағдарламалық құралы бар

сымсыз құрылғыларды пайдалану шектелген болуы мүмкін. Аймағыңыздағы шектеулерді

жергілікті басқару органдарынан сұрап біліңіз.

Соңғы қауіпсіздік және өнім ақпаратын www.blackberry.com/docs/smartphones сайтына

кіріп табуға болады.

Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары

 

BlackBerry смартфонымен тек мақұлданған батареялар мен



зарядтағыштарды пайдаланыңыз. Құрылғымен Research In Motion

компаниясы мақұлдамаған батареяларды немесе зарядтағыштарды

пайдалану ауыр жарақатқа, өлімге немесе мүліктен айрылуға себеп

болатын өрт немесе жарылыс қаупін төндіруі мүмкін.

Тек RIM компаниясы мақұлдаған қаптарды пайдаланыңыз. RIM

компаниясы мақұлдамаған қапты пайдалану, біраз уақыттан кейін

айтарлықтай зақымдану қаупін тудыруы мүмкін.

 

BlackBerry смартфонын денеге жақын тағып жүргенде, RIM компаниясы



мақұлдаған белдік қысқышы бар қапты пайдаланыңыз немесе 15 мм

BlackBerry смартфоны сигнал шығарып жатқанда, BlackBerry смартфоны

мен денеңіздің арасында 15 мм қашықтық қалдырыңыз. RIM ақұлдаған

белдік қысқышы бар қаптан басқа денеге тағылатын қосалқы құралды

пайдалану себебінен BlackBerry смартфонын тасымалдауы кезінде

BlackBerry смартфонының радио жиілігінің әсері әдепкіден асып кетуі

мүмкін. Радио жиілігінің шамадан тыс ұзақ әсері айтарлықтай зиянға

немесе өлімге әкелуі мүмкін. Осы BlackBerry смартфонының FCC

агенттігінің радио жиілік әсері нұсқауларына сәйкестігі туралы қосымша

ақпарат алу үшін, www.fcc.gov/oet/ea/fccid торабына кіріп, BlackBerry

смартфонының төмендегі FCC идентификаторын іздеңіз: FCC

идентификаторы BlackBerry смартфоны батареясының артындағы

ақпараттың жапсырмада орналасқан. FCC идентификаторын көру

үшін,батарея қақпағы мен батареяны алып тастаңыз.

• BlackBerry Curve 9310 смартфоны (үлгі нөмірі – REY21CW): FCC ID

L6AREY20CW

• BlackBerry Curve 9310 смартфоны (үлгі нөмірі – RFC31CW): FCC ID

L6ARFC30CW

• BlackBerry Curve 9310 смартфоны (үлгі нөмірі – RFD31CW): FCC ID

L6ARFD30CW

 

Температурасы 35 °C-тан (95° F) асатын жерде BlackBerry смартфонын



пайдаланбаңыз. Осы температурадан асатын жерде пайдаланса немесе

сақтаса, BlackBerry смартфоны қызып, ауыр жарақатқа, өлімге немесе

мүліктің зақымдануына себеп болуы мүмкін.

 

Төтенше жағдайда хабарласу үшін BlackBerry смартфонына сенім



артпаңыз. Жедел жәрдем шақыруға немесе хабарлама жіберуге қажетті

сымсыз желі барлық аймақтарда бола бермейді және 911, 112 немесе

999 сияқты жедел жәрдем нөмірлері сізді жедел жәрдем қызметтеріне

барлық аймақтарда байланыстыра бермеуі мүмкін. BlackBerry

смартфоныңызда BlackBerry Mobile Voice System мүмкіндігі орнатылған

болса, төтенше жағдай қоңыраулары туралы ақпаратты «Төтенше жағдай

қоңыраулары мен BlackBerry Mobile Voice System туралы» атты бөлімнен

қараңыз.


 

BlackBerry смартфонын бөлшектеуге болмайды. BlackBerry

смартфонында тұншығу қаупін төндіретін ұсақ бөлшектер бар.

 

BlackBerry смартфонын кардиостимуляторлар мен есту құралдары сияқты



медициналық құрылғылардан аулақ ұстаңыз, себебі олар дұрыс жұмыс

істемей қалып, сізге немесе басқаларға айтарлықтай зиян немесе өлім

қаупін төндіруі мүмкін.

 

BlackBerry смартфонын кардиостимуляторлар мен есту құралдары сияқты



медициналық құрылғылардан аулақ ұстаңыз, себебі олар дұрыс жұмыс

істемей қалып, сізге немесе басқаларға айтарлықтай зиян немесе өлім

қаупін төндіруі мүмкін.

 

BlackBerry смартфонының динамигін пайдаланғанда, BlackBerry



смартфонын құлаққа тақап ұстамаңыз. Есту қабілетіңізге елеулі және

жазылмайтын зақым әкелуі мүмкін.

 

BlackBerry смартфонының жарқылды шамының сәулесі қояншық



талмасына немесе көздің қарауытуына әкелуі және сізге және басқа

адамдар үшін қатерлі болуы мүмкін. BlackBerry смартфонын

пайдалануыңыз сіздің немесе басқалардың бағытынан адасып, есінен

тануына, аяқ-қолының тартылуына, тырысуына немесе кез келген еріксіз

қозғалысына себеп болса, BlackBerry құрылғысынсмартфонын қолдануды

дереу тоқтатып, дәрігермен кеңесіңіз. Жарық диодты ескерту шамы

BlackBerry смартфонының алдыңғы жағында, оң жақ үстіңгі бұрышында

орналасады. Егер BlackBerry смартфонында фотокамера болса, оның

жарқылды жарық диодты апертурасы BlackBerry смартфонының артқы

жағында, фотокамера объективінің не үстінде, не оң жағында

орналасады. Егер қояншық талмасына немесе көздің қарауытуына

қатысты күдігіңіз болса, BlackBerry смартфонын пайдаланбастан бұрын

дәрігермен кеңесіңіз.

 

BlackBerry смартфонын заң бойынша хэнсдфри режимінде пайдалануға



рұқсат етілмейінше, BlackBerry смартфонын көлік жүргізгенде ешқашан

пайдаланбаңыз. BlackBerry смартфонын көлік жүргізу барысында

пайдалану өзіңізге немесе басқаларға айтарлықтай зиян келуіне, өлімге,

мүліктен айрылуға себеп болатын апатқа ұшыратуы мүмкін.

 

BlackBerry смартфонын жанармай станциясында жанармай құю



барысында пайдаланбаңыз, себебі бұл өртке немесе жарылысқа себеп

болуы мүмкін.

 

BlackBerry смартфонын отқа тастамаңыз, себебі бұл айтарлықтай зиян



келуіне, өлімге, мүліктен айрылуға себеп болатын жарылыс тудыруы

мүмкін.


 

Ұшақтарда BlackBerry смартфонын сөндіріп қойыңыз. BlackBerry

смартфонын ұшақта пайдалану ұшақ құралдарының жұмыс істеуіне,

байланысқа және желіге кедергі жасап, ұшаққа, ұшақ экипажына және

жолаушыларына қауіп төндіруі және оны пайдалану заңсыз болуы мүмкін.

 

BlackBerry смартфондары толықтай қауіпсіз болып табылмайды және



жарылғыш бу, жарылғыш шаң немесе басқа жарылғыш химиялық заттар

бар жерде қолдануға болмайды. Осындай аймақтардағы ұшқындар

айтарлықтай зиян келуіне, өлімге, мүліктен айрылуға әкелетін

жарылыстың немесе өрттің шығуына себеп болады.



Смартфонды қауіпсіз пайдалану

• BlackBerry смартфонының үстіне ауыр зат қоймаңыз.

• BlackBerry смартфонын өзгертуге немесе жөндеуге тырыспаңыз.

• Research In Motion берген BlackBerry смартфонының құжаттамасындағы нұсқауларда

жазылмаса, BlackBerry смартфонындағы ұяшықтарды жабуға немесе ішіне бір нәрсе

салуға тырыспаңыз. Бұл әрекет токтың қысқа тұйықталуын, өртті немесе электр

тоғының соғуын туғызуы мүмкін.

• Экранға өткір заттарды пайдаланбаңыз.

• Экранға артық күш түсірмеңіз.

• BlackBerry смартфонын немесе BlackBerry смартфонының көмекші құралдарын судың

жанында (мысалы, ванна немесе қол жуғыштың қасында, дымқыл жертөледе немесе

бассейннің жанында) пайдаланбаңыз.

• BlackBerry смартфонын немесе BlackBerry смартфонының көмекші құралдарын

орнықсыз жерге қоймаңыз. BlackBerry смартфоны немесе BlackBerry смартфонының

көмекші құралдары құлап түсіп, адамға ауыр жарақат беруі және BlackBerry

смартфонына немесе BlackBerry смартфонының көмекші құралына зақым келтіруі

мүмкін.

• BlackBerry смартфонын пайдаланғанда, жиі үзіліс жасап тұрыңыз. Егер BlackBerry



смартфонын пайдаланған кезде мойын, иық, алақан, білек, қол (соның ішінде бас

бармақ пен саусақ) немесе басқа денеңізде ыңғайсыздық сезінсеңіз, құрылғыны

пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Егер ыңғайсыздық кетпесе, дәрігерге қаралыңыз.

Электр қауіпсіздігі

BlackBerry смартфонын зарядтау үшін тек Research In Motion компаниясы жеткізген және

осы BlackBerry смартфонымен пайдалану үшін мақұлданған зарядтағыш көмекші

құралдарды қолданыңыз. Осы құжат бойынша кез келген RIM рұқсатын жазбаша түрде,

осындай рұқсат беруге уәкілетті тұлға беруге тиіс. Кез келген басқа зарядтағыш көмекші

құралды пайдалану BlackBerry смартфонына берілген кепілдіктің күшін жоюы әрі қауіпті

болуы мүмкін.

BlackBerry Curve 9310 смартфоны үшін мақұлданған зарядтағыш көмекші құрал

үлгілері

ASY-18072-002

ASY-18083-001

ASY-18683-001

ASY-18976-003

ASY-19137-002

ASY-24479-002

ASY-24479-003

ASY-24479-004

ASY-24479-005

ASY-24479-006

ASY-24479-007

ASY-24479-008

ASY-24479-011

ASY-24479-012

ASY-28109-003

ASY-31295-002

ASY-31295-003

ASY-31295-004

ASY-31295-005

ASY-31295-006

ASY-31295-007

ASY-31295-008

ASY-31295-009

ASY-31295-010

ASY-31295-011

ASY-31295-012

ASY-44303-001

ASY-44303-002

ASY-44303-003

ASY-44303-004

ASY-44303-005

ASY-44303-007

ASY-44307-001

ASY-46740-001

ASY-48415-001

BlackBerry смартфонымен жеткізілетін зарядтағыш көмекші құралдарды немесе RIM

мақұлдаған зарядтағыш көмекші құралдарды тек таңбалары бар жапсырмада белгіленген

қуат беру жабдығымен пайдаланыңыз. Кез келген қуат көзін пайдаланар алдында электр

желісіндегі кернеудің қуат көзінде жазылған кернеумен сәйкес келетінін тексеріңіз.

BlackBerry смартфонын тек CTIA бойынша сертификатталған адаптерлерге, USB-IF

логотипі бар өнімдерге немесе USB-IF үйлесімділік бағдарламасынан өткен өнімдерге

жалғаңыз.

Розеткаларды, ұзартқыш сымдарды немесе розеткаларды шамадан тыс жүктемеңіз, себебі

бұл өрт шығуына немесе электр тогы соғуына себеп болуы мүмкін. Сымның немесе

розетканың бүлінуі қатерін азайту үшін зарядтағыш көмекші құралды электр көзінен немесе

розеткадан суырған кезде сымнан емес, ашасынан ұстаңыз.

Қуат сымын әсіресе ашаларда, розеткаларда немесе қуат сымы BlackBerry смартфонына

жалғанған жерлерде басып кетуден және жаншылып қалудан сақтаңыз. Найзағай ойнаған

кезде немесе көп уақыт пайдаланылмаған кезде зарядтағыш көмекші құралдарды

розеткадан суырып қойыңыз. BlackBerry смартфонын кез келген зарядтағыш көмекші

құралдармен пайдаланғанда, қуат сымын басқа адамдардың құлап қалу немесе қылқыну

сияқты жарақат алу қаупін төмендететін етіп орналастырыңыз. Зарядтағыш көмекші

құралдарды сыртта немесе элементтер әсер ететін жерлерде пайдаланбаңыз.

Батареяны салып, қуат көзіне қосу туралы толығырақ ақпаратты BlackBerry смартфонымен

бірге келген құжаттамадан қараңыз.

BlackBerry смартфонына арналған көмекші құралдарды сатып алу үшін, сымсыз қызмет

провайдеріне хабарласыңыз немесе www.shopblackberry.com веб-торабына кіріңіз.



Батарея қауіпсіздігі

Сіздің BlackBerry смартфоныңызда алынатын литий-ионды батарея бар.

Батареяны дұрыс қолданбаса, өртке немесе химиялық күйіп қалу қатеріне соқтыруы

мүмкін. Батареяны бөлшектеуге, бұзуға немесе тесуге болмайды. Батарея бөлшектенген,

бұзылған немесе тесілген болса, ол батареяны пайдалануды дереу тоқтатыңыз.

Батареяны 60°C-тан (140°F) жоғары қыздыруға болмайды. Батареяны 60 °C

температурадан артық қыздырса, батарея жануы немесе жарылуы мүмкін. Батареяға

металл заттарды тигізбеңіз.



ЕСКЕРТУ: BlackBerry смартфон үлгісі үшін тек Research In Motion ұсынған батареяны

пайдаланыңыз. BlackBerry смартфондарында қолдану үшін RIM IEEE Std 1725

стандартына сәйкес батареяны пайдалануды ұсынады. Кез келген басқа батареяны

қолдану BlackBerry смартфонымен берілген қандай да бір кепілдіктің күшін жоюы мүмкін.

Оған қоса, батареяны дұрыс батарея түрімен ауыстырмасаңыз, өрт шығу немесе жарылыс

қаупі болуы мүмкін. Пайдаланылған батареяларды міндетті түрде осы қауіпсіздік туралы

ақпарат кітапшасында берілген нұсқауларға сәйкес тастаңыз

Ересектердің қадағалауынсыз балаларға батареяны ұстауға болмайды.

 Егер BlackBerry смартфонында мына белгіше пайда болса, бұл батарея дұрыс

салынбағанын немесе жарамсыз батарея салынғанын білдіреді. Егер BlackBerry

смартфонының нақты сіздегі үлгісі үшін ұсынылған батарея салынған болса, онда

батареяны алып, қайта салыңыз. Егер жарамсыз батарея салынған болса, оны дереу алып

тастап, BlackBerry смартфонының үлгісі үшін RIM ұсынған батареяны салыңыз. Батарея

ағытпаларының BlackBerry смартфонының ағытпаларына дәл келтірілгенін тексеріңіз.



Қауіпсіз түрде көлік жүргізу және жаяу жүру

Көлік жүргізу кезінде өте абай болыңыз; көлік жүргізу қауіпсіздігі – ең басты міндет. Көлік

жүргізу аймақтарында сымсыз құрылғыларды пайдалануға байланысты заңдар мен

ережелерді біліп, оларға бағынуға жауаптысыз.

Research In Motion компаниясы көлік жүргізу кезінде BlackBerry смартфонын пайдаланбауға

кеңес береді. Оның орнына BlackBerry смартфонын көлікте отырған жолаушы сіз үшін

пайдалансын немесе BlackBerry смартфонын пайдаланар алдында көлікті қауіпсіз жерде

тоқтатыңыз.



BlackBerry Curve 9310

Smartphone

Қауіпсіздік және өнім туралы

ақпарат

%"$!)'!#'%+!"%*)!-%*"&*!&)"*!&&)""%*")&&")&)"*"%')!1

MAT-52696-046 | PRINTSPEC-124 | SWD -2013301-0705102022-046 |

REY21CW/RFC31CW/RFD31CW



Көлікті жүргізер алдында BlackBerry смартфонын қауіпсіз жерге қойыңыз. Көлікте отырған

кезде зарядтау құралын BlackBerry смартфонын сақтау құралы ретінде пайдаланбаңыз.

Көлік пневматикалық жастықшамен жабдықталған болса, BlackBerry смартфонын немесе

басқа заттарды пневматикалық жастықшадан жоғары немесе ол үрленіп ашылатын жерге

қоймаңыз. Егер көлік ішіндегі сымсыз жабдық дұрыс орнатылмаған болса, пневматикалық

жастықша үрленген кезде ауыр жарақат келтіруі мүмкін.

Радиожиілік сигналдары дұрыс орнатылмаған немесе дұрыс қорғалмаған моторлы

көліктердегі электрондық жүйелерге әсер етуі мүмкін. Көлік жайында өндірушісінен немесе

оның өкілімен хабарласыңыз. Көлікке қандай да бір жабдық қосылған болса, оның

өндірушісінен радиожиілік сигналдары туралы кеңес алыңыз.

Жаяу келе жатқанда немесе көп назарды қажет ететін әрекет кезінде BlackBerry

смартфонын пайдаланбаңыз. Көлік жолына немесе жаяу жүргіншілерге назар

аудармасаңыз, ауыр жарақатқа, өлімге немесе мүліктен айрылуыңызға алып келуі мүмкін.

Қосалқы құралдар

Тек Research In Motion мақұлдаған қосалқы құралдарды пайдаланыңыз. BlackBerry

смартфонымен бірге RIM мақұлдамаған қосалқы құралдарды пайдалану BlackBerry

смартфонымен берілген кепілдіктің күшін жоюы, BlackBerry смартфонын істен шығаруы

және қауіпті болуы мүмкін.

Тасымалдау шешімдері: BlackBerry смартфоны қалтамен (бойға тағылатын керек-жарақ)

бірге берілмеуі мүмкін. BlackBerry смартфонын денеге тағып жүрген жағдайда, BlackBerry

смартфонын әрдайым Research In Motion мақұлдаған белдік қысқышы бар BlackBerry

смартфонының қалтасына салып жүріңіз. BlackBerry смартфонын алып жүргенде, RIM

компаниясы жеткізген немесе мақұлдаған белдік қапсырмасы бар қалтаны

пайдаланбасаңыз, BlackBerry смартфоны сигнал шығарған кезде, кемінде 15 мм (0,59

дюйм) қашықтықта BlackBerry смартфонын бойыңыздан алыс ұстаңыз. BlackBerry

смартфонының кез келген деректік мүмкіндігін USB кабелімен немесе онсыз

пайдаланғанда (мысалы, электрондық хаттар, PIN хабарлары, MMS хабарлары немесе

браузер қызметі), BlackBerry смартфонын бойыңыздан кемінде 15 мм (0,59 дюйм) алыс

ұстаңыз. RIM компаниясы жеткізбеген немесе мақұлдамаған қосалқы құралдарды

пайдалану BlackBerry смартфонының радио жиілілік әсерлері жөніндегі нұсқауларының

бұзылуына алып келуі мүмкін. Радио жиілілік әсері туралы толығырақ ақпарат алу үшін,

осы нұсқаулықтағы «Сәйкестік туралы ақпарат» бөлімін қараңыз.

BlackBerry смартфондарына арналған көптеген BlackBerry тасымалдау шешімдерінің

(мысалы, қалталар, қапшықтар мен дорбалар) ішінде магнит бар. Магниттік сызық

құрамдас бөліктері бар заттарды (мысалы, төлем карталары, несие карталары, қонақ үй

кілт карталары, телефон карталары немесе соған ұқсас заттар) BlackBerry тасу құралдары

жанына қоймаңыз, себебі оның физикалық құрамында магнит бар. Магнит магниттік

сызықта сақталатын деректерді зақымдауы немесе жоюы мүмкін.



Мультимедиа

Кейбір юрисдикцияларда BlackBerry смартфонындағы белгілі бір мүмкіндіктердің

пайдаланылуына тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін. Фотосурет түсірген,

өңдеген немесе пайдаланған кезде, BlackBerry смартфонын пайдалануды реттейтін

немесе шектейтін барлық заңдарды, ережелерді, рәсімдер мен саясаттарды, соның ішінде,

бірақ олармен шектелмей, қауіпсіздік, авторлық құқық, жеке құпиялық, сауда құпиясы

туралы ережелерді орындаңыз. Басқалардың жеке құқықтарын сыйлаңыз. Авторлық

құқықтар сізге кейбір суреттерді, музыканы (соның ішінде қоңырау әуендерін) немесе басқа

мазмұндарды көшіруге, өзгертуге, көшіруге не қайта жіберуге жол бермейді.

Аудио файлдар: аудио файлдарды жоғарғы дыбыс деңгейімен тыңдағанда (әсіресе

құлақаспап тағып), есту қабілетінен мүлдем айрылуға болады. Маңайдағы шуды естімеу

мақсатында құлақаспаптың дыбыс деңгейін көтермеңіз. Егер құлағыңыз шуласа немесе

сөзді дұрыс естімесеңіз, дәрігерге қаралып, есту қабілетіңізді тексертіңіз.



Камера: BlackBerry смартфоныңызда камера бар болса, камераны күнге немесе басқа

жарық сәулеге қаратпаңыз. Олай етсеңіз, көзге ауыр зақым келуі немесе BlackBerry

смартфоны зақымдануы мүмкін. Камераның жарқылын пайдаланғанда, камера

жарқылының LED апертурасын нысанның көзінен кемінде 50 см қашықтықта ұстаңыз.



Антенна

Тек жинаққа кіретін кіріктірілген антеннаны пайдаланыңыз. Антеннаны рұқсатсыз өзгерту

немесе тағу BlackBerry смартфонын зақымдап, АҚШ федералдық байланыс

комиссиясының (FCC) ережелерін бұзуы мүмкін.



Электрондық жабдыққа келтірілетін кедергі

Ең озық электрондық жабдық радиожиілік сигналдарынан қорғалған. Алайда, кейбір

электрондық жабдықтар BlackBerry смартфонынан шығатын радиожиілік сигналдарынан

қорғалмаған болуы мүмкін.



Кардиостимуляторлар: Радиожиілік сигналдарының кардиостимулаторға жасайтын

ықпалы жөнінде сұрақтарыңыз болса, дәрігерден немесе кардиостимулятор өндірушісінен

кеңес сұраңыз. BlackBerry смартфонын кардиостимуляторыңызға қатысты қауіпсіздік

талаптарына сәйкес пайдаланып отырғаныңызды тексеріңіз. Бұл талаптарға төмендегілер

кіруі мүмкін:

• BlackBerry смартфоны қосулы болған кезде BlackBerry смартфонын

кардиостимулятордан кем дегенде 20 см (7,88 дюйм) алыс ұстаңыз.

• BlackBerry смартфонын төс қалтаға салып жүрмеңіз.

• BlackBerry смартфонындағы телефонды пайдаланғанда, ықтимал кедергілерді азайту

мақсатында, қоңырау соғу мен қабылдау үшін кардиостимуляторға қарсы құлағыңызбен

тыңдаңыз.

• Егер кедергі бар деген күдік болса, BlackBerry смартфонындағы барлық сымсыз

байланыстарды дереу өшіріңіз. BlackBerry смартфонын пайдалануды тоқтатып,

дәрігермен кеңесіңіз.



Есту құралдары: Кейбір сандық сымсыз құрылғылар кейбір есту құралдарының жұмысына

кедергі келтіруі мүмкін. Осындай кедергі болған жағдайда, басқа нұсқалары туралы

сөйлесу үшін сымсыз қызмет пройвайдеріне немесе есту құралын өндірушіге

хабарласыңыз.



Басқа медициналық аспаптар: Басқа дербес медициналық аспапты пайдалансаңыз,

аспаптың радиожиілік сигналдарынан жеткілікті қорғалғанын анықтау үшін құрылғы

өндірушісіне хабарласыңыз. Бұл ақпаратты алуға дәрігеріңіз көмектесе алуы мүмкін.

Денсаулық сақтау мекемелері: Денсаулық сақтау мекемелерінің аумағында ілініп қойған

ережелер бойынша талап етілсе, ондай аймақтарда BlackBerry смартфонындағы барлық

сымсыз байланыстарды өшіріп қойыңыз. Ауруханалар немесе денсаулық сақтау

мекемелері радиожиілік сигналдарына сезімтал жабдықтарды пайдалануы мүмкін.



Ұшақтар: Федералдық авиация әкімшілігі (FAA) және Федералдық байланыс

комиссиясының (FCC) ережелері бойынша ұшу кезінде сымсыз құрылғылардың

радиоқабылдағышын пайдалануға тыйым салынады. Ұшаққа отырар алдында BlackBerry

смартфонының барлық сымсыз байланыстарын ажыратып тастаңыз. Сымсыз

байланыстары қосулы BlackBerry смартфонын ұшақта пайдаланудың әсері беймәлім.

Осындай пайдалану ұшақ құралдарына, байланысқа және жұмысына кедергі жасауы,

желіні бұзуы, ұшқыштың жұмысына басқаша қатер төндіруі және заңсыз болуы мүмкін.

BlackBerry смартфонының сымсыз байланыстарының барлығын өшіріп, электрондық

құрылғыларына арналған әуе жолы ережелеріне сәйкес, құрылғының радиобайланысты

қажет етпейтін қолданбаларын пайдаланыңыз.



Қауіпті орталар

BlackBerry смартфоны шын мәнінде қауіпсіз емес және қауіпсіз құрылғылар талап етілетін

зиянды орталарда пайдалануға болмайды, оларға мыналар жатады және бұлармен

шектелмейді: газ булары, жарылғыш шаң жағдайлары, атомдық қондырғыларды

пайдалану, авианавигация немесе байланыс қызметтері, әуе трафигін басқару, тіршілікті

қамтамасыз ету немесе қару-жарақ жүйелері бар жерлер.



Жарылыс ықтималдығы бар орталар: жарылыс ықтималдығы бар ортада болсаңыз,

BlackBerry смартфоныңыздағы бүкіл сымсыз байланыстарды ажыратып, барлық

белгілердің және нұсқаулардың талаптарын орындаңыз. Мұндай аумақта ұшқынның пайда

болуы жарақат алуға немесе тіпті қазаға әкеп соғатын жарылысқа немесе өртке себеп

болуы мүмкін.

Жарылыс қаупі бар жерлер көбінесе, бірақ әрқашан емес, анық таңбаланатын болады.

Осылардың ішіне газ немесе жанармай стансалары сияқты жағармай құятын стансалар;

кеме палубасының асты; жағармай немесе химиялық заттарды тасымалдау немесе сақтау

құрылыстары; пропан немесе бутан сияқты сұйылтылған мұнай газымен жүретін көлік

құралдары; ауасының құрамында химиялық заттар немесе түйіршік, шаң, металл

тозаңдары сияқты бөлшектер бар аймақтар; және көлік моторын сөндіру ұсынылатын кез

келген басқа мекендер жатады.

Газ жылыстайтын маңда, газдың шыққаны туралы хабар беру үшін BlackBerry

смартфонының телефонын пайдаланбаңыз. Сол жерден кетіп, BlackBerry смартфонының

телефоны жұмыс істесе, қауіпсіз жерден телефон соғыңыз.

Жарылыс аймақтары: «жарылыс аймағында» немесе екі жақты байланыс радио

құрылғылары өшірілуі қажет аймақта болғанда, жарылыс жұмыстарына кедергі жасамау

үшін, BlackBerry смартфоныңыздағы бүкіл сымсыз байланыстарды ажыратып, барлық

белгілердің және нұсқаулардың талаптарын орындаңыз.



Пайдалану және сақтау температурасы

BlackBerry смартфонын температурасы 35 °C-тан асатын жерде пайдаланбаңыз. Осы

температурадан асатын жерде пайдаланса немесе сақтаса, BlackBerry смартфоны қызып,

ауыр жарақатқа, өлімге немесе мүліктің зақымдануына себеп болуы мүмкін. BlackBerry

смартфонын температурасы 30 °C-тан асатын жерде сақтамаңыз.

BlackBerry смартфонын немесе BlackBerry смартфонының керек-жарақтарын радиатор,

жылытқыш, пеш немесе басқа да жылытқыш аспаптар (соның ішінде күшейткіштер) сияқты

қызу көздерінен аулақ ұстаңыз. BlackBerry смартфонын екі аптадан артық пайдаланбайтын

болсаңыз, BlackBerry смартфонының қуатын ажыратып, батареяны шығарыңыз. Төмендегі

кестеде берілген жұмыс және сақтау температураларын қадағалаңыз.



Смартфонды пайдалану

0 мен 35 °C арасында



Смартфонды сақтау

10-30 °C (50-86 °F)



Жолсапарлық зарядтағышты пайдалану

0 мен 35 °C арасында



Жолсапарлық зарядтағышты сақтау

-30-75 °C (-22-167 °F)



Смартфонды тазалау және жөндеу

Тазалау: Сұйық, бүріккіш тазартқыштарды немесе еріткіштерді BlackBerry смартфоны мен

BlackBerry смартфонының керек-жарақтарына немесе олардың қасында пайдаланбаңыз.

Тек жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. BlackBerry смартфонын немесе зарядтағышты

тазаламастан бұрын, компьютерден барлық кабельдерді ажыратып, барлық

зарядтағыштарды электр розеткасынан суырыңыз.

BlackBerry смартфонындағы батарея қақпағын тазалау керек болса, батарея қақпағын

жайлап алып, BlackBerry смартфонын барлық сұйықтықтардан аулақ ұстаңыз. Батарея

қақпағын жұмсақ, сұйық жуғыш құралымен араласқан суға малынған шүберекпен сүртіңіз.

BlackBerry смартфонына қайта орнатпас бұрын, батарея қақпағының толық кепкенін

тексеріңіз.



Жөндеу: BlackBerry смартфонын немесе зарядтағыш құралды бөлшектеуге тырыспаңыз.

BlackBerry смартфонын тек қызмет көрсететін білікті мамандар жөндеуге тиіс. Төмендегі

жағдайлардың кез келгені орын алса, қуат сымдарын компьютерден немесе электр

розеткасынан ажыратып, BlackBerry смартфонын немесе зарядтағышын білікті қызмет

көрсету маманына көрсетіңіз.

• қуат көзіне қосу сымы, аша немесе ағытпа зақымданған

• BlackBerry смартфонына немесе зарядтағыш көмекші құралға сұйық зат шашыраған

немесе бір нәрселер құлаған

• BlackBerry смартфонына немесе зарядтағыш көмекші құралға жаңбыр немесе су тиген

• BlackBerry смартфоны немесе зарядтағыш көмекші құрал қатты қызып кетеді

• BlackBerry смартфоны немесе зарядтағыш көмекші құрал құлаған немесе басқаша

зақымданған

• Пайдаланушы құжаттамасындағы нұсқауларды орындаған кезде BlackBerry смартфоны

немесе зарядтағыш көмекші құрал дұрыс жұмыс істемейді

• BlackBerry смартфоны немесе зарядтағыш көмекші құралдың жұмысында айқын өзгеріс

байқалады

Өрт шығу немесе электр тогының соғу қатерін азайту үшін тек BlackBerry смартфонының

құжаттамасында ескерілген басқару элементтерін ғана реттеңіз. Басқа басқару

элементтерін дұрыс реттемеу зақымға әкелуі мүмкін және көбінесе BlackBerry смартфонын,

зарядтағыш көмекші құралын немесе басқа жабдықты қалпына келтіру үшін білікті

маманның көп жұмысын талап етеді.

BlackBerry смартфонының пайдаланушы құжаттамасындағы барлық қауіпсіздік

нұсқауларын сақтамау шектеулі кепілдіктің күшін жоюы, кінәлі пайдаланушыға қызмет

көрсетудің тоқтатылуына немесе бас тартылуына, сот талабына немесе екеуіне де әкелуі

мүмкін.

Смартфон мен батареяны тастау

BlackBerry смартфонын да, батареяны да отқа тастамаңыз.

 BlackBerry смартфонын тұрмыстық қоқыс жәшігіне тастауға болмайды. Еліңізде

электрондық бұйымдарды қоқысқа тастау туралы мәлімет алу үшін жергілікті ережелерді

қараңыз.

Батареяны өзіңіз тұратын аймақтың осындай батареяларды тастау туралы заңдары мен

ережелеріне сәйкес тастаңыз.

Төтенше жағдай қоңыраулары мен BlackBerry

Mobile Voice System туралы

BlackBerry смартфонында BlackBerry Mobile Voice System орнатылған болса, онда

төмендегі жағдайлар құрылғыңыз үшін қолданылады.

911, 112, 000, 999 немесе басқа дүние жүзі бойынша танылған нөмірлер бойынша

қоғамдық қауіпсіздік желілеріне немесе ұқсас төтенше жағдай қызметтеріне қосу үшін

шалынған төтенше жағдай қоңыраулары BlackBerry® Mobile Voice System арқылы

өңделмейді, олар тек сымсыз қызмет провайдері қамтамасыз ететін мобильді желі аясы

бар BlackBerry смартфонынан өңделеді. BlackBerry MVS технологиясы әдеттегі телефония

қызметін ауыстыруға жасалмаған әрі арналмаған. Төтенше жағдайда қоңырау шалу

мүмкіндігі сияқты әдеттегі тұрақты немесе сымсыз телефония қызметтерін пайдалану үшін,

BlackBerry MVS мүмкіндігінен тыс қосымша шараларды қолдану қажет. RIM компаниясы

және оның еншілес компаниялары, сондай-ақ тиісті қызметкерлері, директорлары және

жұмысшылары BlackBerry MVS арқылы төтенше жағдайда қоңырау шалынатын

қызметтерге (мысалы, 911, 112, 000 немесе 999) хабарласа алмаудан немесе соған

байланысты туындайтын кез келген адам жарақаты, өлім немесе зақым үшін жауапты

болмайды. BlackBerry MVS Client мүмкіндігін пайдалану арқылы жоғарыдағылармен

келісетініңізді білдіреді. Жоғарыдағы мәлімдемемен келіспеген жағдайда, BlackBerry MVS

Client мүмкіндігін смартфонынан жойыңыз.



Сәйкестік туралы ақпарат

Радио жиілік сигналдарының әсері

BlackBerry смартфоны төмен қуатты радио хабарларын таратады және қабылдайды.

BlackBerry смартфонының радиоқабылдағышы қосулы болғанда, ол радио жиілік

сигналдарын қабылдайды және жібереді. BlackBerry смартфоны осының алдында

Канададағы, АҚШ-тағы және халықаралық стандарттау мекемелері белгілеген қауіпсіздік

стандарттарына сәйкес келетін сымсыз құрылғылар үшін радио жиілік әсерінің қауіпсіздік

деңгейін сақтап, Федералдық байланыс комиссиясы (FCC), Ішкі істер және байланыс

министрлігі (MIC) және Канада өнеркәсіп министрлігінің (IC) нұсқауларына сәйкес жасалған:

• ANSI/ IEEE C95.1, 2005, Американдық ұлттық стандарттар институты/Электрлік және

электрондық инженерлер институты Электромагнитті өрістердің адамдарға келтіретін

әсерін есепке алатын қауіпсіздік деңгейінің стандарттары, 3 кГц - 300 ГГц

• Радиациядан қорғау және өлшемдер жөніндегі Ұлттық Кеңес (NCRP) 86-хабар, 1986,

радио жиілік электромагнитті өрістердің биологиялық әсері және әсер белгілері

• Health Canada, қауіпсіздік коды 6, 2009, 3 кГц - 300 ГГц жиілік ауқымындағы радио жиілік

электромагнитті өрістердің адамдарға әсерінің шекті мәндері

• EN 50360, 2001, Ұялы телефондардың электромагнитті өрістері адамға келтіретін

әсеріне байланысты негізгі шектеулерге сәйкес келетінін көрсететін өнім стандарты

(300 МГц - 3 ГГц)

• Иондалмайтын сәулеленуден қорғау жөніндегі халықаралық комиссия (ICNIRP), 2009,

Тұрақсыз электрлік, магнитті және электромагнитті әсерлерді шектеу бойынша

нұсқаулар ( 300 ГГц жиілікке дейін)

• Еуропа Одағының ресми журналы (OJEU), 1999, Кеңестің электромагнитті өрістердің

көпшілікке әсерін шектеу (0 Гц - 300 ГГц) туралы 1999 жылғы 12 шілдедегі ұсынысы

• MIC, 2001, Радио жабдықтарды бақылау туралы бұйрықтың 14-2 бабы

BlackBerry смартфонын бойда алып жүргенде, FCC, IC, MIC және ЕО радиожиілік әсерлері

туралы нұсқауларына сәйкестікті сақтау үшін, Research In Motion ұсынған және мақұлдаған,

кірістірілген белдік қапсырмасымен жабдықталған керек-жарақтарды пайдаланыңыз. RIM


тікелей мақұлдамаған керек-жарақтарды пайдалану FCC, IC және ЕО радиожиілік әсерлері

жөніндегі нұсқауларын бұзып, BlackBerry смартфонына берілетін кепілдіктің күшін жоюы

мүмкін. BlackBerry смартфонын алып жүргенде, RIM компаниясы жеткізген немесе

мақұлдаған белдік қапсырмасы бар қалтаны пайдаланбасаңыз, BlackBerry смартфоны

сигнал шығарған кезде BlackBerry смартфонын бойыңыздан кем дегенде 25 мм (0,98 дюйм)

алыс ұстаңыз. USB сымымен немесе онсыз BlackBerry смартфонының деректер мүмкіндігін

пайдаланған кезде, BlackBerry смартфонын бойыңыздан кем дегенде 15 мм (0,59 дюйм)

алыс ұстаңыз. Егер BlackBerry смартфонын алып жүргенде, RIM компаниясы жеткізбеген

бойға тағылатын керек-жарақты пайдалансаңыз, бұл керек-жарақтың құрамында металдың

болмауын тексеріп, BlackBerry смартфоны сигнал шығарған кезде BlackBerry смартфонын

бойыңыздан кем дегенде 15 мм (0,59 дюйм) алыс ұстаңыз.

Радио жиілік әсерін азайту үшін, келесі қауіпсіздік нұсқауларын ескеріңіз:

• BlackBerry смартфонын күшті сымсыз байланыс сигналы бар жерде пайдаланыңыз.

Сымсыз байланыс сигналының деңгейі туралы мәлімет беретін көрсеткіш негізгі

экранның жоғарғы оң жақ бұрышында орналасқан және ол көтерілетін 5 жолақты

көрсетеді. Үш немесе одан да көп жолақ сигналдың күшті екенін білдіреді. Жер асты

автокөлік тұрақтарында болғанда немесе пойызбен не машинамен сапар шеккенде

болуы мүмкін әлсіз сигнал BlackBerry смартфонының қуатты көбірек тұтынып жатқанын

білдіруі мүмкін, себебі ол әлсіз сигналға қосылуға әрекет жасайды.

• Егер болса, BlackBerry смартфоны қосулы және сымсыз желіге жалғанған кезде

бойыңыздан кемінде 15 мм (0,59 дюйм) қашықтықта (жүкті әйелдердің қарындары мен

жасөспірімдердің қарыннан төменгі жақтарын қоса алғанда) BlackBerry смартфонын

қолмен ұстамай пайдаланыңыз. BlackBerry смартфонын алып жүру туралы қосымша

ақпаратты осы құжаттың «Керек-жарақтар» бөлімінен қараңыз.

• Қоңырау шалуға жұмсалатын уақыт мөлшерін азайтыңыз.

Меншікті сіңіру коэффициенті туралы мәлімет

ОСЫ БӨЛІМДЕ БЕЛГІЛЕНГЕНДЕЙ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН КЕЗДЕ, СЫМСЫЗ ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ

БҰЛ ҮЛГІСІ РАДИОТОЛҚЫНДАР ӘСЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ҮКІМЕТ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС

КЕЛЕДІ.


BlackBerry® смартфоны радио сигналдарын таратады және қабылдайды. Ол алдыңғы

бөлімде сипатталғандай қолданылғанда, АҚШ үкіметінің Федералдық байланыс

комиссиясы (FCC), Канаданың өнеркәсіп министрлігі (IC) қойған және Еуропалық Одақ

Кеңесі ұсынған радио сәулеленуге шалдығу шектерінен аспайтын етіп жасалған және

өндірілген. Бұл шектеулер толық нұсқаулықтың бір бөлігі болып табылады және көпшілік

үшін рұқсат етілген радиожиілік қуатының деңгейін белгілейді. Бұл нұсқаулар тәуелсіз

ғылыми ұйымдар мерзімді әрі егжей-тегжейлі ғылыми зерттеулер арқылы әзірлеген

стандарттарға негізделген.

Сымсыз құрылғылар келтіретін әсер стандарты үшін меншікті сіңіру коэффициенті немесе

ӨСЖ деп аталған өлшем бірлігі қолданылады. FCC/IC белгілеген ӨСЖ шекті мәні 1,6 Вт/кг*

құрайды. Еуропа Одағы Кеңесі ұсынған ӨСЖ шекті мәні 2,0 Вт/кг** құрайды. МСК

сынақтары барлық тексерілген жиілік жолақтарындағы ең жоғары рұқсат етілген қуат

деңгейінде хабар беретін құрылғыда, FCC/IC белгілеген стандартты жұмыс күйінде

өткізіледі. ӨСЖ рұқсат етілген ең жоғары қуат деңгейі ретінде белгіленсе де, жұмыс істеп

тұрған құрылғының ағымдық ӨСЖ мәні ең жоғары деңгейден төмен болуы мүмкін. Себебі

құрылғы желіге жету үшін қажетті қуатты ғана пайдаланып, бірнеше қуат деңгейінде жұмыс

істеу үшін жасақталған. Әдетте, негізгі сымсыз станция антеннасына неғұрлым жақын

болсаңыз, қуат шығысы солғұрлым төмен болады.

Сымсыз құрылғы үлгісі көпшілікке сатылмас бұрын Ионсыз сәулеленуден қорғау

халықаралық комиссиясының (ICNIRP) ұсынуы бойынша қауіпсіз әсерге қойылатын

мемлекеттік талаптармен белгіленген шектен аспауы тұрғысынан FCC, IC және Еуропа

Одағы Кеңесі тарапынан тексерілуге және куәландырылуға тиіс. Сынақтар FCC, IC және

Еуропа Одағы Кеңесі әр үлгі үшін талап ететін күйлер мен жерлерде (мысалы, құлаққа

қойылған және адамның бойында ұсталған) өткізіледі.

Құлаққа қойып пайдалану үшін сыналған кездегі BlackBerry смартфоны үшін ең жоғары

МСК мәні төменде берілген:



Cмартфон

МСК (Вт/кг) 1г үшін

BlackBerry Curve 9310 смартфоны (үлгі

нөмірі – REY21CW)

1.58


BlackBerry Curve 9310 смартфоны (үлгі

нөмірі – RFC31CW)

1.58

BlackBerry Curve 9310 смартфоны (үлгі



нөмірі – RFD31CW)

1.58


Белдік қапсырмасымен жарақталмаған тасымалдау бұйымдарын, соның ішінде RIM

құптаған және RIM құптамаған тасымалдау бұйымдарын БОЙЫҢЫЗДА ҰСТАУҒА

БОЛМАЙДЫ. RIM мақұлдаған белдік қапсырмасымен жабдықталған тасымалдау заттарын

пайдаланбастан BlackBerry смартфонын алып жүру немесе тасымалдау туралы қосымша

ақпаратты осы құжаттың «Көмекші құралдар» бөліміндегі қалта туралы ақпараттан

қараңыз. Research In Motion мақұлдаған белдік қапсырмасы бар қалтаға салынып, белдікке

тағылған кездегі осы BlackBerry смартфоны үшін ең жоғары МСК мәні төменде келтірілген:

Cмартфон

МСК (Вт/кг) 1г үшін

BlackBerry Curve 9310 смартфоны (үлгі

нөмірі – REY21CW)

0.73


BlackBerry Curve 9310 смартфоны (үлгі

нөмірі – RFC31CW)

0.73

BlackBerry Curve 9310 смартфоны (үлгі



нөмірі – RFD31CW)

0.89


Егер BlackBerry смартфоны Mobile Hotspot режимінде жұмыс істеп тұрса, Research In

Motion мақұлдаған белдік қапсырмасы бар қалтаға салынып, белдікке тағылған кездегі осы

BlackBerry смартфоны үшін ең жоғары МСК мәні төменде келтірілген.

Cмартфон

МСК (Вт/кг) 1г үшін

BlackBerry Curve 9310 смартфоны (үлгі

нөмірі – REY21CW)

1.32


BlackBerry Curve 9310 смартфоны (үлгі

нөмірі – RFC31CW)

1.32

BlackBerry Curve 9310 смартфоны (үлгі



нөмірі – RFD31CW)

1.32


Қолда бар керек-жарақтары мен FCC, IC және Еуропа Одағының талаптарына қарай,

сымсыз құрылғы мен телефон үлгілеріне арналған бойға тағу өлшемдері әр түрлі болады.

FCC осы сымсыз құрылғы үлгісі үшін FCC радиожиілік сигналдарын шығару нұсқауларына

сай деп бағаланған барлық мәлімденген МСК деңгейлерімен жабдық рұқсатын BlackBerry

смартфоны осы бөлімде көрсетілгендей пайдаланылғанда береді. Осы сымсыз құрылғы

үлгісінің МСК мәні ақпараты FCC файлында сақталады және оны BlackBerry

смартфонының төменде берілген FCC идентификаторлары арқылы www.fcc.gov/oet/ea

торабының Display Grant (Гранттарды көрсету) бөлімінен табуға болады.



Cмартфон

FCC ID

BlackBerry Curve 9310 смартфоны (үлгі

нөмірі – REY21CW)

L6AREY20CW

BlackBerry Curve 9310 смартфоны (үлгі

нөмірі – RFC31CW)

L6ARFC30CW

BlackBerry Curve 9310 смартфоны (үлгі

нөмірі – RFD31CW)

L6ARFD30CW

МСК туралы қосымша ақпаратты CTIA - The Wireless Association ұйымының www.ctia.org

веб-торабынан табуға болады. Жапонияда МСК туралы қосымша ақпаратты Радио

индустрия және бизнес ассоциациясының (ARIB) www.arib-emf.org/index.html веб-

торабынан немесе Ішкі істер және байланыстар министрлігі (MIC) Телекоммуникация

бюросының www.tele.soumu.go.jp/e/index.htm веб-торабынан табуға болады.

___________________________________

* АҚШ-та және Канадада көпшілік қолданатын мобильді құрылғылар үшін МСК шектік мәні

дене немесе бас тінінің 1 грамына орташаланған 1,6 Ватт/кг (Вт/кг) (қол-аяқ, білек, тобық

және табан үшін тіннің 10 грамына орташаланған 4,0 Вт/кг) құрайды.

** Еуропада көпшілік қолданатын мобильді құрылғылар үшін МСК шектік мәні дене немесе

бас тінінің 10 грамына орташаланған 2,0 Ватт/кг (Вт/кг) (қол-аяқ, білек, тобық және табан

үшін тіннің 10 грамына орташаланған 4,0 Вт/кг) құрайды. Бұл стандартта адамдардың

қауіпсіздігін қосымша қамтамасыз етіп, өлшемдердің кез келген өзгерістерін ескеру үшін

елеулі қауіпсіздік коэффициенті қамтылғанын зерттеулер анықтады.

Радиожиілік электрмагнитті өрістерінің ұзақ мерзімді сипаттамалары немесе ықтимал

психологиялық әсері Underwriters Laboratories Inc. (UL) компаниясы тарапынан

бағаланбаған.

FCC сәйкестік мәлімдемесі (АҚШ)

FCC B кластық 15-бөлім

Бұл құрылғы Федеральдық байланыс комиссиясы (FCC) ережелерінің 15-бөліміне сәйкес

келеді. Төменде келтірілген екі жағдайда іске пайдалануға болады:

• Бұл құрылғы зиянды бөгеуіл тудырмауы мүмкін.

• Бұл құрылғы қабылданған кез келген бөгеуілді, соның ішінде керексіз жұмысқа себеп

болатын бөгеуілдерді қабылдауға тиіс.



ЕСКЕРТУ: Сәйкестік үшін жауапкершілік көтеретін тарап айқын құптамаған жағдайда, осы

жабдықты өзгерту немесе түрлендіру пайдаланушының осы жабдықпен жұмыс істеу

уәкілеттігінің күшін жоюы мүмкін.

Бұл жабдық сынақтан өткізілді және FCC ережелерінің 15-бөліміне сәйкес B кластық

цифрлық құрылғыға қойылатын шектеулерге сай деп танылды. Бұл шектеулер тұрғын

жайларда орнатылған кездегі зиянды бөгеуілден жеткілікті қорғанысты қамтамасыз ететін

түрде жасалған. Бұл жабдық радиожиілік қуатын шығарады, пайдаланады және таратуы

мүмкін, сондықтан өндірушінің нұсқауларына сәйкес орнатылып, пайдаланылмаса,

радиобайланысқа зиянды кедергі тудыруы мүмкін.

Алайда, белгілі бір жерде орнатылған кезде бөгеуіл пайда болмайтынына кепілдік жоқ.

Егер бұл жабдық радио немесе телесигналдар қабылдауға зиянды кедергі тудыратын

болса (мұны жабдықты өшіріп, қайта қосу арқылы анықтауға болады), пайдаланушы

мұндай кедергіні жою үшін төмендегі шаралардың бірін немесе бірнешеуін қолданып көруге

тиіс:


• Қабылдау антеннасының бағытын немесе орнын өзгертіңіз.

• Жабдық пен қабылдағыш аралығын үлкейтіңіз.

• Жабдықты электр тізбегіндегі қабылдағыш қосылған розеткадан басқа розеткаға

жалғаңыз.

• Көмек алу үшін дилермен немесе тәжірибелі радио немесе теледидар жөндеуші

маманмен ақылдасыңыз.



Федералдық байланыс комиссиясының (FCC) есту

құралдарының сымсыз құрылғылармен

үйлесімділігіне қойылатын талаптары туралы

АҚШ ақпараты

Сымсыз құрылғылар есту құралдарына (есту аппараттары немесе кохлеоимплантат) жақын

пайдаланылған кезде, пайдаланушылар ызыңдаған, гуілдеген немесе ұлыған шуды

байқауы мүмкін. Басқа құрылғылармен салыстырғанда кейбір құрылғылар осындай шуылға

төзімді болады, сондай-ақ сымсыз құрылғылар шығаратын шуылдың көлемі әр түрлі

болады.


Сымсыз телефон өнеркәсібі есту құрылғыларын пайдаланушыларға есту құрылғыларымен

үйлесімді сымсыз құрылғыларды табуға көмектесетін баға кестесін әзірлеген. Сымсыз

құрылғылардың кейбіреуіне баға берілген жоқ. Баға берілген сымсыз құрылғылардың

қорабындағы басқа мақұлдау таңбаларының жанында бағалау белгісі көрсетіледі.

Бұл берілген бағалар кепілдік болып табылмайды. Бағалау нәтижелері пайдаланушының

есту құрылғысына және есту қабілетін жоғалтуына қарай әртүрлі болады. Егер есту құралы

шуылға төзімсіз болса, бағаланған сымсыз құрылғыны дұрыс пайдалану мүмкін болмауы

ықтимал.


Құлақ дәрігерлерінен кеңес алып, есту құрылғысымен сымсыз құрылғының жұмысын

тексеру арқылы оны өз қажетіңіз үшін бағалауыңызға болады.

Осы BlackBerry смартфоны BlackBerry cмартфоны пайдаланатын кейбір сымсыз

технологиялар бойынша есту аппараттарымен бірге қолдану тұрғысынан тексеріліп,

бағаланған. Алайда, осы BlackBerry смартфоны есту аппараттарымен бірге қолданылу

тұрғысынан тексерілмеген басқа сымсыз технологияларды пайдалануы мүмкін. Осы

BlackBerry смартфонын есту құралы немесе кохлеоимплантатпен бірге қолданған кезде

шуылдың естілетінін анықтау үшін BlackBerry смартфонының түрлі мүмкіндіктерін түрлі

орталарда мұқият тексеріп көру өте маңызды. Құрылғыны қайтарып беру мен ауыстыру

саясаттары және есту құралының үйлесімділігі туралы ақпарат алу үшін, сымсыз қызмет

провайдерімен кеңесіңіз.

Бағалау тәсілі

M бағалауы: M3 немесе M4 таңбалармен бағаланған FCC талаптарына сай, және

бағаланбаған сымсыз құрылғыларға қарағанда есту құрылғыларында аз шуыл шығарады.

M4 осы екі бағаның ішіндегі ең жақсы/жоғары баға болып табылады.

T бағалауы: T3 немесе T4 meet таңбалармен бағаланған FCC талаптарына сай, және

таңбаланбаған сымсыз құрылғыларға қарағанда телеорауышпен («T Switch» немесе

«Telephone Switch») пайдалану үшін жарамды. T4 осы екі бағаның ішіндегі ең жақсы/

жоғары баға болып табылады. (Есту құрылғыларының бәрінде телеорауыш бола

бермейтінін ескеріңіз.)

Есту құралдарын шуылдың осы түріне төзімділік жағынан тексеруге болады. Есту

құралының өндірушісі немесе құлақ дәрігері есту құрылғыңыз туралы ақпаратты табуда

көмектесуі мүмкін. Есту құралы неғұрлым төзімді болса, сымсыз құрылғының шуылын да сіз

соғұрлым азырақ естисіз.

Сымсыз құрылғылармен сыйысымды есту құралдарына қатысты FCC әрекеттері және

мүгедек адамдарға телекоммуникация қызметтерін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету

мақсатында FCC жасаған қадамдар туралы қосымша ақпарат алу үшін, www.fcc.gov/cgb/



dro торабына кіріңіз.

Канада өнеркәсіп министрлігінің куәлігі

Осы құрылғы Канада өнеркәсіп министрлігінің лицензия алуды талап етпейтін RSS

стандарттарына сәйкес келеді. Жұмыс төмендегі жағдайларға байланысты болады:

• бұл құрылғы кедергі туғызбауы тиіс;

• бұл құрылғы кез келген кедергіні, соның ішінде құрылғының қажетсіз жұмысқа себеп

болатын кедергілерді қабылдауы керек.

BlackBerry Curve 9310 смартфоны (үлгі нөмірі — REY21CW) Канада өнеркәсіп

министрлігінің RSS 102, RSS 132, RSS 133, RSS-GEN және RSS 210 стандарттарына

2503A-REY20CW куәлік нөмірі бойынша сәйкес келеді.

BlackBerry Curve 9310 смартфоны (үлгі нөмірі — RFC31CW) Канада өнеркәсіп

министрлігінің RSS 102, RSS 132, RSS 133, RSS 139, RSS-GEN және RSS 210

стандарттарына 2503A-RFC30CW куәлік нөмірі бойынша сәйкес келеді.

BlackBerry Curve 9310 смартфоны (үлгі нөмірі — RFD31CW) Канада өнеркәсіп

министрлігінің RSS 102, RSS 132, RSS 133, RSS-GEN және RSS 210 стандарттарына

2503A-RFD30CW куәлік нөмірі бойынша сәйкес келеді.

B класына сәйкестігі

Бұл BlackBerry смартфоны Канада өнеркәсіп министрлігінің «Сандық аппараттар»,

ICES-003 деп аталатын радиокедергі тудыратын жабдықтарға арналған стандартында

белгіленген радиокедергілерге қойылатын шектеудің В класына сәйкес келеді.



Қосымша нормаларға сәйкестік

BlackBerry смартфонына арналған төмендегі стандарттарға және реттеуші органдардың

талаптарына сәйкестік туралы арнайы ақпаратты Research In Motion компаниясынан алуға

болады:


Cмартфон

Жарамды сәйкестік туралы ақпарат

BlackBerry Curve 9310

смартфоны (үлгі нөмірі –

REY21CW, RFC31CW

немесе RFD31CW)

• Канада мен Құрама Штаттарға арналған (UL) 60950-1

талаптары

BlackBerry смартфонындағы сенсорлы тақтаға

байланысты, төмендегі стандарт та қолданылуы мүмкін:

• Халықаралық электротехникалық комиссия (IEC)

60825-1 2007: Лазер өнімдерінің қауіпсіздігі

Өнім ақпараты: BlackBerry Curve 9310

смартфоны

Механикалық сипаттары:

• салмағы: литий-ионды батареясымен бірге шамамен 3.7 унция (104 г)

• көлемі (ұзындығы x ені x қалыңдығы): 4,3 x 2,4 x 0,5 дюйм (109 x 60 x 12,7 мм)

• 512 МБ RAM, 512 МБ eMMC

BlackBerry смартфонына төмендегі сенсорлы аймақ сипаттары қолданылуы мүмкін.



• 1 класты лазер өнімі

• ең жоғарғы сәулелену қуаты: 0,77 мВт

Қуат сипаттамалары:

• алынбалы, зарядталатын литийлі-ионды батарея элементі

• Деректерді үндестіру және зарядтау үшін микро USB-сыйысымды порт

REY21CW немесе RFD31CW нөмірлі үлгі үшін мобильді желінің радиосигнал сипаттары:

• қос жолақты қолдау: CDMA 800, CDMA 1900 МГц

• желілер: CDMA2000, 1xEV-DO

• қуат класы: 3-класс (CDMA 800), 2-класс (CDMA 1900)

• сигнал беру жиілігі: 824.70-848.31 МГц аралығындағы элемент, PCS 1851.25-1908.75

МГц аралығында

• қабылдау жиілігі: ұялы желі 869,70-893,31 МГц аралығында, PCS 1931,25-1988.75

МГц аралығында

• A-GPS E911: 1575 Мгц

Сымсыз құрылғы провайдеріне қарай, BlackBerry смартфоны BC10 желілік байланысын

қолдауы мүмкін.

RFC31CW нөмірлі үлгі үшін мобильді желінің радиосигнал сипаттары:

• қос жолақты қолдау: CDMA 800, CDMA 1900 МГц

• үш жолақты қолдау: 800/1900 МГц, 1700/2100 МГц

• желілер: CDMA2000, 1xEV-DO

• қуат класы: 3-класс (CDMA 800), 2-класс (CDMA 1900)

• сигнал беру жиілігі: ұялы желі 824,70-848,31 МГц аралығында, PCS 1851,25-1908,75

МГц аралығында, AWS 1711,25-1753,75 МГц аралығында

• сигнал қабылдау жиілігі: ұялы желі 869,70-893,31 МГц, PCS 1931,25-1988,75 МГц,

AWS 2111,25-1253,75 МГц

• A-GPS E911: 1575 Мгц

Смартфоныңыз Wi-Fi байланыстарын қолдаса, төмендегі техникалық сипаттамалар

қолданылады:

• сымсыз LAN стандарты: IEEE 802.11b, IEEE 802.11g, IEEE 802.11n

• жіберу және қабылдау жиілігі: 2,412 - 2,472 ГГц

Bluetooth® радиосының сипаттамалары:

• бір жолақтық қолдау: ISM 2.4 ГГц:

• сигнал беру және қабылдау жиілігі: 2402-2480 МГц аралығында

• Bluetooth 1-класс



Ресми ескертпе

©2012 Research In Motion Limited. Барлық құқықтары қорғалған. BlackBerry®, RIM®,

Research In Motion® және оларға қатысты сауда белгілері, атаулар мен логотиптер

Research In Motion Limited компаниясының меншігі болып табылады және олар АҚШ пен

дүние жүзі елдерінде тіркелген және/немесе пайдаланылады.

ANSI – American National Standards Institute сауда белгісі.. Bluetooth – Bluetooth SIG

ұйымының сауда белгісі. CDMA2000 – Telecommunications Industry Association сауда белгісі

болып табылады. CTIA - The Wireless Association CTIA - The Wireless Association

компаниясының сауда белгісі болып табылады. GSM – GSM MOU қауымдастығының сауда

белгісі болып табылады. IEEE, 802.11b, 802.11g, 802.11n және IEEE Std 1725 Электр

техникасы және электроника инженерлері институтының сауда белгілері болып табылады.

UMTS Еуропалық телекоммуникация институтының сауда белгісі болып табылады. Wi-Fi —

Wi-Fi Alliance одағының сауда белгісі болып табылады. Қалған барлық сауда белгілері

тиісті иелерінің меншігі болып табылады.

BlackBerry® құрылғысының бағдарламалық құралы бөліктерінің авторлық құқықтары ©

2007-2008 The FreeType Project ( www.freetype.org ) ұйымына тиесілі. Барлық құқықтары

қорғалған.

Осы құжаттама, соның ішінде www.blackberry.com/go/docs веб-торабында берілген

құжаттамалар сияқты осында сілтеме жасалған барлық құжаттама «СОЛ ҚАЛПЫНДА»

және «БАР ҚАЛПЫНДА», сондай-ақ оны «Research In Motion Limited» компаниясы мен

оның еншілес компаниялары («RIM») ешбір шартсыз, растаусыз, мәлімдемесіз және

кепілдіксіз берген және RIM осы құжаттамадағы қандай да бір баспаханалық, техникалық

немесе басқа қателер немесе олқылықтар үшін жауапты болмайды. RIM меншігінің және

құпия ақпаратын және/немесе сауда құпияларын сақтау үшін, осы құжаттамада RIM

технологиясының кейбір жақтары жалпы ұғымдармен сипатталуы мүмкін. RIM осы

құжаттамадағы ақпаратты мезгіл-мезгіл өзгерту құқығын өзінде сақтайды; алайда, RIM осы

құжаттама үшін өзгерістер, жаңартулар мен толықтыруларды уақытылы түрде жеткізу

міндетін мойнына мүлде алмайды.

Бұл құжаттамада авторлық құқықпен қорғалған мазмұн және/немесе үшінші тараптың веб-

тораптары (бірлесіп «Үшінші тараптардың өнімдері мен қызметтері») сияқты бөліктер мен

мазмұнды қамтитын үшінші тараптың ақпарат көздеріне, аппараттық және бағдарламалық

жасақтамасына өніміне немесе қызметтеріне сілтемелер болуы мүмкін. RIM компаниясы

Үшінші тараптардың өнімдері мен қызметтерін, соның ішінде шектеусіз, мазмұнын,

дұрыстығын, авторлық құқыққа сәйкестігін, сыйысымдылығын, жұмысын, сенімділігін,

заңдылығын, ар-ождандылығын, сілтемелерін немесе олардың кез келген басқа қырларын

бақыламайды және жауап бермейді. Осы құжаттамадағы үшінші тарап өнім мен

қызметтеріне сілтеме қосу үшінші тарап өнім мен қызметтерін немесе үшінші тарапты RIM

арқылы расталды деп түсінуге болмайды.

ЮРИСДИКЦИЯҢЫЗДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАҢМЕН НАҚТЫ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН

ЖАҒДАЙЛАРДЫ ҚОСПАҒАНДА, ТӨЗІМДІЛІК, БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА ЖАРАМДЫЛЫҚ

НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНУ, САТУҒА ЖАРАМДЫЛЫҚ, САУДАЛЫҚ САПА, ПАТЕНТ ШАРТЫН

БҰЗБАУ, ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ САПА НЕМЕСЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ НЕМЕСЕ ЗАҢНАН

НЕМЕСЕ ӘДЕТТЕН НЕМЕСЕ САУДА ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІНЕН НЕМЕСЕ

САУДА ӘДЕТІНЕН ТУЫНДАЙТЫН НЕМЕСЕ ҚҰЖАТТАМАҒА НЕМЕСЕ ОНЫҢ

ПАЙДАЛАНЫЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ НЕМЕСЕ КЕЙБІР БАҒДАРЛАМАЛЫҚ, АППАРАТТЫҚ

ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ, ҚЫЗМЕТТІҢ НЕМЕСЕ ОСЫ ҚҰЖАТТА СІЛТЕМЕ БЕРІЛГЕН ҮШІНШІ

ТАРАП ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ НЕМЕСЕ ІСТЕМЕУІНЕ

ҚАТЫСТЫ ҚАНДАЙ ДА БІР ШАРТТАРДЫ, ҚҰПТАУЛАРДЫ, МӘЛІМДЕМЕЛЕРДІ НЕМЕСЕ

КЕПІЛДІКТЕРДІ ҚОСҚАНДА, КЕЗ КЕЛГЕН ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ШАРТТАР,

ҚҰПТАУЛАР, МӘЛІМДЕМЕЛЕР НЕМЕСЕ КЕПІЛДІКТЕР ОСЫ ҚҰЖАТ АРҚЫЛЫ ЖОҚҚА

ШЫҒАРЫЛАДЫ. ЕЛ НЕМЕСЕ АУМАҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ БАСҚА ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗ ДА

БОЛУЫ МҮМКІН. КЕЙБІР ЮРИСДИКЦИЯЛАР БОЙЫНША ЖАНАМА КЕПІЛДІКТЕР МЕН

ШАРТТАРДЫ ЖОҚҚА ШЫҒАРУҒА НЕМЕСЕ ШЕК ҚОЮҒА РҰҚСАТ ЕТПЕЙДІ. ЗАҢ

БОЙЫНША РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ДӘРЕЖЕДЕ, ҚҰЖАТТАМАҒА ҚАТЫСТЫ ҚАНДАЙ ДА БІР

ШЕКТЕУГЕ БОЛАТЫН ЖАНАМА КЕПІЛДІКТЕР НЕМЕСЕ ШАРТТАР, ЖОҒАРЫДА

КӨРСЕТІЛГЕНДЕЙ ОЛАРДЫ ЖОҚҚА ШЫҒАРУҒА БОЛМАЙТЫН ДӘРЕЖЕДЕ, ОСЫ ҚҰЖАТ

АРҚЫЛЫ ТАЛАП ҚОЮҒА СЕБЕП БОЛҒАН ҚҰЖАТТАМАНЫ НЕМЕСЕ БҰЙЫМДЫ АЛҒАШ

АЛҒАН КҮНІҢІЗДЕН БАСТАП ТОҚСАН (90) КҮНМЕН ШЕКТЕЛЕДІ.

СІЗДІҢ ЮРИСДИКЦИЯҢЫЗДА ҚОЛДАНЫЛҒАН ЗАҢМЕН БАРЫНША РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН

ДӘРЕЖЕДЕ, ТӨМЕНДЕГІ ЗИЯНДАРДЫ ШЕКТЕУСІЗ КҮЙДЕ ҚАМТИТЫН ОСЫ

ҚҰЖАТТАМА НЕМЕСЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ, КЕЙБІР БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫҢ,

АППАРАТТЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫҢ, ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІ НЕМЕСЕ ІСТЕМЕУІ,

ҮШІНШІ ТАРАПТАРДЫҢ ӨНІМДЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ КЕЛГЕН КЕЗ

КЕЛГЕН ЗИЯН ҮШІН RIM ҚАНДАЙ ДА БІР ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ӨЗ МОЙНЫНА АЛМАЙДЫ:

КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДАР АЛДЫН АЛА БЕЛГІЛІ БОЛСЫН-БОЛМАСЫН, ТІПТІ RIM

ОСЫНДАЙ ЗИЯНДАР ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТІЛГЕН БОЛСА ДА, ТІКЕЛЕЙ, ТУЫНДАЙТЫН,

АЙЫПТЫҚ, КЕЗДЕЙСОҚ, ЖАНАМА, АРНАЙЫ, ЖАЗАЛЫҚ НЕМЕСЕ АУЫРТЫЛҒАН

ЗИЯНДАР, ПАЙДАНЫ НЕ ТАБЫСТЫ ЖОҒАЛТУ, КҮТІЛГЕН ЖИНАҚ АҚША, БИЗНЕСТІ

ТОҚТАТУ, БИЗНЕС АҚПАРАТЫН ЖОҒАЛТУ, БИЗНЕС ЖАСАУ МҮМКІНДІГІН ЖОҒАЛТУ,

ДЕРЕКТЕРДІҢ БҮЛІНУІ НЕМЕСЕ ОЛАРДЫҢ ЖОҒАЛУЫ, КЕЗ КЕЛГЕН ДЕРЕКТІ ТАРАТА

НЕМЕСЕ ҚАБЫЛДАЙ АЛМАУ, RIM ӨНІМДЕРІМЕН ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІМЕН БІРГЕ

ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ҚОЛДАНБАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР, ТОҚТАП ҚАЛУ

ШЫҒЫНДАРЫ, RIM ӨНІМДЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІН НЕМЕСЕ СОДАН ТУЫНДАЙТЫН КЕЗ

КЕЛГЕН БӨЛІКТІ, СОНДАЙ-АҚ ЭФИР УАҚЫТЫН ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІГІНЕН АЙЫРЫЛУ,

АЛМАСТЫРУШЫ ӨНІМ ШЫҒЫНЫ, САҚТАНДЫРУДЫҢ, НЕСИЕНІҢ НЕМЕСЕ

ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ШЫҒЫНДАРЫ, КАПИТАЛ БАҒАСЫ НЕМЕСЕ БАСҚА ДА СОНДАЙ АҚША

ШЫҒЫНЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ КЕЛГЕН ЗАЛАЛ.

ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ЕҢ ЖОҒАРЫ ШЕКТЕ RIM

КОМПАНИЯСЫ НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ЖӘНЕ ТІКЕЛЕЙ

ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ҚАМТИТЫН КЕЛІСІМДЕРДЕ, ЗАҢ БҰЗУДА НЕМЕСЕ БАСҚА

ЖАҒДАЙЛАРДА ҚАНДАЙ ДА МІНДЕТТЕМЕ, МІНДЕТ НЕМЕСЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ӨЗ

МОЙНЫНА АЛМАЙДЫ.

ОСЫ ҚҰЖАТТАҒЫ ШЕКТЕУЛЕР, ҚИЫС ЖАҒДАЙЛАР ЖӘНЕ БАС ТАРТУЛАР МЫНАЛАРҒА

ҚОЛДАНЫЛАДЫ: (A) ШЫҒУ СЕБЕБІНЕ ҚАРАМАСТАН, ТАЛАПНАМА, КЕЛІСІМ БҰЗУЫН

ҚАМТИТЫН БІРАҚ ОНЫМЕН ШЕКТЕЛМЕЙТІН ӘРЕКЕТТІҢ, ТАЛАПТЫҢ НЕМЕСЕ СІЗДІҢ

ӘРЕКЕТІҢІЗДІҢ, НЕМҚҰРАЙДЫЛЫҚ, ДЕЛИКТ, ТІКЕЛЕЙ ЖАУАПКЕРЛІК НЕМЕСЕ

ӘЛДЕҚАНДАЙ БАСҚА ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ НЕГІЗГІ БҰЗУ НЕМЕСЕ БҰЗУЛАРДА НЕМЕСЕ

ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ НЕМЕСЕ ОСЫНДАҒЫ ӘЛДЕҚАНДАЙ ТҮЗЕТУДІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ

СӘТСІЗ БОЛҒАНДА САҚТАЛАДЫ; ЖӘНЕ (B) RIM КОМПАНИЯСЫНА ЖӘНЕ ОНЫҢ

ҮЛЕСТЕС КОМПАНИЯЛАРЫНА, ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МИРАСҚОРЛАРЫНА,

АГЕНТТЕРІНЕ, ПРОВАЙДЕРЛЕРІНЕ (СОНЫҢ ІШІНДЕ ЭФИР УАҚЫТЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ

ПРОВАЙДЕРЛЕРІНЕ) РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН ДИСТРИБЬЮТЕРЛЕРІНЕ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ

ТИІСТІ ДИРЕКТОРЛАРЫНА, ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНЕ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ КОНТРАГЕНТТЕРІНЕ

ҚОЛДАНЫЛАДЫ.

ЖОҒАРЫДА БЕРІЛГЕН ШЕКТЕУЛЕР МЕН ҚИЫС ЖАҒДАЙЛАРҒА ҚОСЫМША: RIM

КОМПАНИЯСЫ НЕМЕСЕ RIM БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ ДИРЕКТОРЫ, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ,

АГЕНТТЕРІ, ЖЕТКІЗУШІЛЕРІ, ТӘУЕЛСІЗ КОНТРАГЕНТТЕРІ ОСЫ ҚҰЖАТТАМАДАН

ТУЫНДАЙТЫН НЕМЕСЕ ОНЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕШҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА ЕШҚАНДАЙ

ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ӨЗ МОЙНЫНА АЛМАЙДЫ.

Кез келген үшінші тараптың өнімдері мен қызметтеріне жазылардан, орнатудан немесе

пайдаланудан бұрын, олардың барлық мүмкіндіктерін эфир уақыты қызметінің

провайдерінің қолдайтынын тексеру үшін өзіңіз жауапкершілік көтересіз. Кейбір эфир

уақыты қызметінің провайдерлері BlackBerry® интернет қызметіне жазылумен бірге

интернет шолғышы мүмкіндігін ұсынбауы мүмкін. Қызмет провайдерінен қызметтің бар-

жоғын, роуминг құралдарын, қызмет жоспарлары мен мүмкіндіктерін тексеріңіз. RIM

өнімдері мен қызметтерімен бірге үшінші тараптың өнімдері мен қызметтерін орнату

немесе пайдалану үшінші тараптың құқықтарын теріс пайдаланбау немесе оларды бұзбау

үшін бір немесе бірнеше патент, сауда белгісін, авторлық құқығын немесе басқа

лицензияларды талап етуі мүмкін. Үшінші тараптың өнімдері мен қызметтерін пайдалану

немесе пайдаланбауды шешу үшін және ол үшін үшінші тараптың лицензиялары талап

етілетін болса, сіз ғана жауапкершілік көтересіз. Егер қажет болса, оларды алу үшін

жауапкершілікті өз мойныңызға аласыз. Барлық керекті лицензияларды алмайынша үшінші

тараптың өнімдері мен қызметтерін орнатуға немесе пайдалануға болмайды. RIM

өнімдерімен және қызметтерімен бірге жеткізілетін кез келген үшінші тараптың өнімдері

мен қызметтері сізге қолайлы болуы үшін беріледі және RIM тарапынан ешқандай тікелей

немесе жанама шарттарсыз, растамасыз, кепілдіктерсіз немесе мәлімдеме берілместен

«СОЛ ҚАЛПЫНДА» беріледі және RIM осыған байланысты ешқандай жауапкершілік

көтермейді. RIM лицензиясы немесе басқа келісім арқылы қамтылған жағдайларды

қоспағанда, үшінші тараптың өнімдері мен қызметтерін пайдалану үшінші тарап жеке

лицензияларының шарттарына келісу немесе басқа келісімдер арқылы басқарылуға және

реттелуге тиіс.

Осы құжаттамада сипатталған кейбір мүмкіндіктер BlackBerry® Enterprise Server,

BlackBerry® Desktop Software, және/немесе BlackBerry® Device Software

бағдарламаларының ең төменгі нұсқаларын талап етеді.

RIM өнімдері мен қызметтерін пайдалану шарттары RIM компаниясының бөлек

лицензиясында немесе басқа келісімінде берілген. ОСЫ ҚҰЖАТТАМАДАҒЫ ЕШНӘРСЕ

RIM ӨНІМДЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ БӨЛІКТЕРІ ҮШІН ОСЫ ҚҰЖАТТАМАДАН ТЫС RIM

ТАРАПЫНАН БЕРІЛЕТІН ТІКЕЛЕЙ КЕЛІСІМДЕРДІҢ НЕМЕСЕ КЕПІЛДІКТЕРДІҢ ОРНЫН

БАСУҒА АРНАЛМАҒАН.

QUALCOMM Incorporated компаниясы тарапынан келесі АҚШ патенттерінің және/немесе

басқа елдердегі телнұсқаларының бір немесе бірнеше патенті бойынша бойынша

лицензияланған:

5,490,165

5,504,773

5,506,865

5,511,073

5,228,054

5,535,239

5,267,261

5,544,196

5,568,483

5,337,338

5,600,754

5,414,796

5,657,420

5,416,797

5,659,569

5,710,784

5,778,338

BlackBerry Curve 9310 смартфоны (үлгі нөмірі – REY21CW, RFC31CW немесе RFD31CW)

Research In Motion Limited 295 Phillip Street Waterloo, ON N2L 3W8 Канада Research In 

Motion UK Limited   200 Bath Road  Slough, Berkshire SL1 3XE Ұлыбритания  Канадада 



басып шығарылған 

Document Outline

  • Қауіпсіздік туралы ақпарат
    • Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
    • Смартфонды қауіпсіз пайдалану
    • Электр қауіпсіздігі
    • Батарея қауіпсіздігі
    • Қауіпсіз түрде көлік жүргізу және жаяу жүру
    • Қосалқы құралдар
    • Мультимедиа
    • Антенна
    • Электрондық жабдыққа келтірілетін кедергі
    • Қауіпті орталар
    • Пайдалану және сақтау температурасы
    • Смартфонды тазалау және жөндеу
    • Смартфон мен батареяны тастау
    • Төтенше жағдай қоңыраулары мен BlackBerry Mobile Voice System туралы
  • Сәйкестік туралы ақпарат
    • Радио жиілік сигналдарының әсері
    • Меншікті сіңіру коэффициенті туралы мәлімет
    • FCC сәйкестік мәлімдемесі (АҚШ)
    • Федералдық байланыс комиссиясының (FCC) есту құралдарының сымсыз құрылғылармен үйлесімділігіне қойылатын талаптары туралы АҚШ ақпараты
    • Канада өнеркәсіп министрлігінің куәлігі
    • B класына сәйкестігі
    • Қосымша нормаларға сәйкестік
  • Өнім ақпараты: BlackBerry Curve 9310 смартфоны
  • Ресми ескертпе


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет