СӨЗЖАСАМДЫҚ ҰЯДАҒЫ ТҮБІР МОРФЕМАНЫҢ
РЕКОНСТРУКЦИЯСЫ
Бұл арада түркі тілдеріндегі етістіктің түбір морфемаларының
кейбір өзіндік ерекшелік белгілеріне, сонымен байланысты «өлі»
түбірлерді зерттеудің өзектілігіне көңіл бөлінуі тиіс. Осымен
байланысты ол түбірлерді қалпына келтіру үшін, сыртқы ре-
конструкциямен қатар бір сөз тудырушы ұяға жататын туынды
негіздерді салыстыруға негізделген ішкі реконструкция (көнетүркі
ескерткіштерінің, басқа туыстас түркі тілдерінің деректері мен са-
лыстыру арқылы түбірді айқындау) тəсілі де тиімді болып шығады.
Бұл тəсіл Э.В. Севортянның əзірбайжан тілінің етістікжасамдық
аффикстері туралы жұмысында пайдаланған морфо-семантикалық
принциптеріне сүйенеді
[152].
Бұл қағида айқындалушы түбірдің тарихи даму барысындағы
сыртқы тұлғалық өзгерістерін ғана емес, ішкі семантикалық
мəніндегі де өзгерістерін ескереді. Мысалы, қазақ тіліндегі сақай=
етістігінің *сақ түбірі көне ескерткіштеріндегі деректері негізінде
жаңғыртылса, оны қазіргі қазақ тіліндегі осы мағынадағы сау нұс-
қасымен салыстыруға болады. Демек, «өлі» түбірлердің семанти-
касын анықтау жинақтаушы, жалпылық сипаттағы тұжырымдарға
əкелуі, тілдің морфологиялық, лексикалық, сөзжасамдық даму
үрдістерін бейнелейді.
Морфема – сөздің мағынасының ең кіші бөлігі. Тілдің морфе-
малық деңгейінің негізгі бірлігі ретінде ол төрт маңызды белгімен
сипатталады: 1) қайталанатындығымен; 2) мағыналылығымен;
3) əрі қарай жіктелмейтіндігімен; 4) абстрактылығымен [153]. Осы
белгілер өзінің кейбір ерекшеліктері болса да, толығымен түбір
морфемаларға тəн. Егер əрбір аффикстік морфеманың əртүрлі тү-
бір морфемалардың басым бөлігіне қосылуға мүмкіндігі болса,
онда сол бір ғана түбір морфема тек аффикстік морфемалардың
шектеулі шеңберімен ғана тіркесе алады. Көптеген тілшілердің
пікірінше, «түбір морфема аффикстік морфемалардан өзінің лек-
85
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
сикалық (ортақ болса да) мағынаны білдіретіндігімен ерекшеле-
неді, ал бұл уақытта аффикстік морфемаларға топтық, формальды
мағына тəн» [154], яғни аффикстік морфемалар абстрактілік жəне
қайталанушылық қасиеттерге ие. Осы себеп бойынша өлі түбір
морфемалардан гөрі, өлі аффикстік морфемаларды реконструк-
циялау оңай. Сондықтан түркітануда аффикстік морфемалар басы-
мырақ зерттелген. Бұл тұрғыда əзірбайжан тілінің етістік аф-
фикстері туралы Э.В. Севортянның аталған монографиясы ерек-
ше орын алады [155].
Ал түбір морфемалар əлі жеткілікті деңгейде зерттелген жоқ.
Олардың табиғатында əлі де көптеген анықталмаған жайттар
қалып отыр. Десе де соңғы уақытта осы салада да едəуір ілгері-
леушіліктер байқалуда. Түбір морфеманың табиғатына жіті назар
аударған зерттеулерге ең алдымен, Э.В. Севортянның «Этимоло-
гический словарь тюркских языков», Н.А. Баскаковтың «Исто-
рико-типологическая морфология тюркских языков» (структу-
ра слова и механизм агглютинации), А.Н. Кононовтың «Грам-
матика языка тюркских рунических памятников VII–IX вв»,
К.М. Мұсаевтың «Лексикология тюркских языков», Ə.Т. Қайда-
ровтың «Структура односложных корней и основ в современном
казахском языке», М. Томановтың «Тіл тарихы туралы зерттеу-
лер», К.Ш. Хұсайыновтың «Звукоизобразительность в казахском
языке», Е.З. Қажыбековтың «Глаголо-именная корреляция гомо-
генных корней в тюркских языках», Н.И. Букетованың «Релик-
товая корневая морфема как языковая универсалия», Б. Сағын-
дықұлының «Фонологические закономерности развития лекси-
ки тюркских языков», М. Ескееваның «Көнетүркі жəне қазіргі
қыпшақ тілдерінің моносиллабтық негіздері» жəне т.б. еңбектерді
жатқызуға болады.
Академик Ə. Қайдаровтың еңбегінде қазақ тілінің лексикалық
байлығының негізгі бөлігін құрайтын жəне 3 мыңға жуық бірлігі
бар түбірлер мен негіздер жан-жақты талданып, сипатталады. Ол
қазақ тіліндегі екібуынды туынды негіздердің құрылымына одан
əрі этимологиялық реконструкциялау үшін бағдарлаушы меже бо-
лып табылады.
Түбір морфемалар қалыптасуының фоно-морфо-семантикалық
құрылымының көрінісі ретіндегі архетиптерді қалпына келтіру
86
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
мəселесінің зерттелу деңгейін жаңа сапаға көтерген тіл біліміндегі
ғылыми нəтиженің бірі – түбір генезисін фоносемантикалық аспек-
тіде қарастыру.
Барлық тілдердегі сияқты қазақ тілінің де байырғы лекси-
касының маңызды бөлігінің (дыбыселіктеуіштік) түбір морфема-
сын жаңғырту барысында сөздердің дыбыстық негізі айқындалады.
Бұл сипаттағы түбірлердің шынайы табиғатын, əрі қарау даму
ерекшелігін тек лексика-семантикалық топ (одағайлар) ретінде
қарау жеткіліксіз екенін тəжірибе көрсетіп отыр.
Қазіргі тіл білімінің зерттеу нəтижелерінің негізінде қазақ ті-
ліндегі дыбыселіктеуіш түбірлердің дыбыстық құрылым компо-
ненттерінің дыбысбейнелеуіштік қызмет те атқаратыны фонетика-
морфологиялық жəне салыстырмалы-типологиялық талдау ар-
қылы анықталады. Соның нəтижесінде қазақ тілінің деректері
негізінде алғаш рет дыбыстық символизм жəне дыбысбейнелеуіш
сөздердің номинативтік жəне этимологиялық қырлары К.Ш. Хұ-
сайыновтың монографиясында арнайы қарастырылды [156].
Атап айтқанда, дыбыс бейнелеу құбылысының денатуралда-
нуы, яғни олардың тілдік бірлікке айналуы (вербалдануы) тіл
арқылы атау əрекетіндегі морфологиялық, семантикалық жəне ең
бастысы дыбыстық-уəжділік мəселесі көтеріліп, оның аталым үрді-
сіндегі көру, түйсіну, естумен байланысты модальдық сипаты-
на мəн берілді. Бұл мəселенің əмбебаптық сипаты оны түркі тіл-
дері аясындағы салыстырмалы-тарихи зерттеумен шектемей, бұл
құбылысты туыс емес моңғол, тұнғыс-манчжур, үнді-еуропа, се-
мит, т.б. тілдерімен салғастыра қарастырудың қажет екенін көрсе-
тілген еңбек нақты дəлелдейді.
Бұл тектес зерттеу бағыты, сөз жоқ, қазақ тіліндегі дыбыселік-
теуіш лексиканың құрамындағы екібуынды түбірлердің де бол-
мысын ашып, оның құрылымындағы дыбыстық, морфологиялық
өзгерістерді түсіндіруге көмектеседі.
Шын мəнінде олардың тілдік табиғатын синхрондық тұрғыдан
жəне белгілі бір тілдің шеңберінде анықтап, түсіндіру мүмкін емес.
Нақты айтқанда, бұл түбір жəне аффикстік морфемалары тарихи
қалыптасу барысында кірігіп кеткен дыбыселіктеуіш негіздерге
қатысты. Оның нақты тілдік деректерін сөзжасамдық модельдер
жүйесі арқылы түбір морфеманы қалпына келтіруге арнаған екін-
87
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
ші тарауда дəйектеуге тырыстық. Қараңыз: *бақ-жи=, *кір-жи=,
*қыр-жи=, *тыржи=, *қал-қи=, *маң-қи=, *тең-ки=, *ба-қыр=,
*ке-кір=, *қа-қыр=, *түш-кір=, *ыс-қыр=, т.б.
Жоғарыда көрсетілген К.Ш. Хұсайыновтың еңбегінде денотат-
тық белгілері арқылы уəжделген деп талданған орнитонимдердің
(көкек, үкі, қарға, тырна, т.б.), топонимдердің (Балқаш, т.б.)
күлкі мен жылау түрлерінің атауларының зерттелуі [157] дыбыс-
еліктеуіш екі буынды етістіктердің құрылымын анықтаумен бір
контексте қараудың тиімділігін жəне осы тектес зерттеулердің
болашағын белгілейді.
Этимологиясы көмескіленген екібуынды ИЕ құрамындағы өлі
түбірлерді зерттеудің тек түркі түбірінің мəселесін, оның агглюти-
нативтік құрылымын зерттеумен қатар, сондай-ақ жалпы сөздің
негізгі тұлғасы бойынша моно-силлабтық мəселесіне де тікелей
қатысы бар. Талдау ИЕ-дің екібуынды негіздердің басқа да түр-
лерінен оны құрайтын морфемалардың үйлесімділігімен ерек-
шеленетіндігін көрсетеді. Соның нəтижесінде олар кірігуге жəне
этимологиялары көмескіленуге бейім. Олар сондай-ақ өзінің көне-
лігімен жəне сөзжасам моделінің шектеулі шеңберімен ерек-
шеленеді. Мұнда осы түбірлер бір кездегі дербес сөздердің нақты
дəлелі ретінде сақталады. Анықталған өлі түбірлердің жора-
малдық сипаты олардың негізсіздігі туралы қорытынды жасауға
уəж болмайды. Бұл жерде, ең алдымен, морфемалардың жоғарыда
көрсетілген төрт белгісіне жүгінуге болады. Осы белгілерде тіл
элементтерінің бейберекеттілігі емес, жүйелілігі айқын көрінеді.
Жүргізілген талдау қазақ тілінің ИЕ құрылымындағы бастап-
қы түбірлердің дəрежесін анықтау кезінде салыстырмалы-тари-
хи əдіске негізделген олардың құрамының морфемалық жіктелуі
ең тиімді тəсіл болып табылатындығына көз жеткізеді. Мор-
фемалар бойынша талдау барысында «кез келген түркі сөзінде
оған кіретін құрылымдық элементтердің қатаң қосарлық бөлінісі
байқалатындығы туралы сол жақта – түбір морфема... оң жақта –
аффикстік морфема» деген түркітанудағы белгілі қағидаға сү-
йенуге болады [158]. Сондай-ақ «түбір сөздің өзі немесе аф-
фикстер, ал кейде екеуі де қатар өлі морфемаға айналуы мүмкін
екендігін» атап көрсеткен маңызды [159]. Көптеген тарихи туын-
ды түбірлердің талдауға берілмейтіндігі дербес қолданылатын
88
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
жəне осы тілдің сөйлеуіне түсінікті бастапқы түбірді анықтаудың
мүмкін еместігінен болуы ықтимал. Соның салдарынан түбір
морфеманы жеке алынған етістік негізді емес, қайта семантика-
сы жақын ортақ түбір болуы барынша айқын гомогендік туынды
етістік негіздердің қатарын талдау қажет.
Морфологиялық талдау, əдетте осы жəне басқа да туысқан тіл-
дерде кездесуі мүмкін осындай ортақ мағыналы элементтерді
ажыратудан басталады. Теориялық тұрғыда бөлінбейтін түбірлік
бөлікті, егер оған төменде қарастырылып отырған ортақ семан-
тикалық өзегі бар бірқатар гомогендік туынды негіздерді іріктесе,
жіктеуге болады.
ғар=
да=
*an
*аң
қау
ыр=
ті=
*еl (ДТС-те) *ел
ік=
ір=
ра=
т=
ыр=
*qaj
*қай
қай=
ы=
ыс=
мық=
Осындай зерттеу бағыты тілдің тарихи дамуының көрінісін
қалпына келтіру үшін ішкі реконструкцияның əдісімен қатар,
сыртқы реконструкцияның əдістерін де қолдану қажеттігін тағы
бір рет дəл басып көрсетеді. «Келтірілген негіздерді бір сөз жа-
сау ұясына жатқызу туындылық қатынастарға байланысты. Осы
қатынастар көптеген зерттеушілер көрсеткендей, ең алдымен, сөз-
дер тобында ортақ түбір мен ортақ мағынаның болуын, бірақ
олардың бір-біріне əрдайым нақты сəйкес келмейтіндігін, ұяны
жасаушы сөздердің семантикалық тұрғыдағы заңдылықтарын
анықтайтындығын көздейді. Бір ұяға тек бір түбірлі сөздер ғана
кіре алады, [160].
89
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
Сонымен, сөзжасамдық туынды қатынастарды анықтау үшін
түбірлес бірліктер арасындағы тікелей семантикалық байланыс-
тардың бар-жоғына көз жеткізіп, сөздердің арасындағы басқа жұп-
тарында қайталанатындығын тексерген абзал. Егер гомогендік
қатар бойынша түбір морфемалардың салыстырылуы тікелей
жүргізілсе, ал аффикстік морфемаларды талдау оның болашақтағы
дамуы сияқты көлбеу жүргізіледі, мысалы: *аң–ғар=, -да, -ды, қау,
-ыр=, *ел–ік=, -ті, -ір, *қай–ра=, -ыр=, -қай=, -ыс=, -мық=.
Егер ескі аффикстік тұлғалардың «көнеруі», оларды жаңалар-
мен ауыстыру, яғни түбір морфеманың көлбеу дамуы түбір сөзді
дамыту үшін қажет болса, ал түбір морфемалардың «көнеруі»
тарихи категория ретінде түркі түбірі табиғатының өзіне сəйкес
келеді. Осыған орай, түбір мен аффикстің осы механикалық ажы-
рауы түбір өзгерісінің жалпы процесін үнемі түсіндірмейді жəне
нақты түркі түбірлерінің, олардың байырғы түрлерінің аса көне
нұсқасын көрсете алмайды. Басқаша айтқанда, екі морфеманың
кірігуі, ең алдымен, түбірге байланысты.
*ө, *сa-, *бa- сияқты тұлғаланбаған элементтер жəне басқа-
лары ежелгі кезеңде түбір ретінде қолданылды. Өйткені сол
уақыт үшін олар абстракция емес, ақиқат болды. Алайда, тілдің
морфологиялық құрылысын жетілдіру тілдегі жаңа ұғымдарды
білдіру үшін əртүрлі сөз топтары мен лексикалық құралдардың
пайда болуы түбір морфема құрылымының тиісінше дамуына
алып келді. Б.М. Юнусалиев атап көрсеткендей, ескі тұлғалардың
өлі тұлғаларға айналуы жəне жаңа тіркестердің пайда болуы –
түбір сөздер дамуының қажетті шарты. Белгіленген ұғымның
ерекшелігін ашу шегінде түбір сөздер өлі түбірлер түрінде сақ-
талып қалады жəне жаңа мағыналарды білдіру үшін негізге айна-
лады.
Семантикалық филиация жəне жалпы ұялық, кең мағынадан
барынша нақты мағынаға семантикалық көшу жəне дəйекті дамудың
көрнекі мысалы ретінде өзіне агглютинативтік лексикаландыру-
дың əлеуетті ықтималының əртүрлі бағыттарын бойына сіңірген
*qap байырғы түбірінің кешенді мағынасы тұжырымдалған тұл-
ғасын атап өтуге болады [161].
Сөйтіп, көптеген жағдайларда сөзжасам үшін өлі түбірлер
негіз болып табылады. Бұл дерек осы құбылысты зерттеу маңызын
90
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
одан əрі арттыра түседі. Осыған байланысты өлі атауының шарт-
ты екендігін атап өттік. Өйткені өлі түбірлер ізсіз жоғалған жоқ,
«олар тек лексикалық дербестігінен айырылды, алайда олардың
дыбыстық материясы жаңадан жасалған түбір сөздердің негізінде
қандайда бір тұлғада өмір сүруін жалғастыруда» [162].
Өлі түбірлерді жаңғырту (реконструкциялау) кезінде өзіміз
сүйенетін негізгі принципті морфосемантикалық деп сипаттауға
болады. Тек салыстырмалы-тарихи фонетика саласында белгілі
бір деңгейге жеткен тұрақты сəйкестікті белгілеген кезде жəне са-
лыстырылатын тілдердің фонемасының бастапқы күйі алдын ала
қалпына келтірілген жағдайында ғана арнайы лексикологиялық
зерттеу жүзеге асырылады. Салыстырылатын сөздердің даму
ерекшеліктері жəне дыбыстық тұлғасында тарихи қалыптасқан
тұрақты алшақтықтар сенімді параллельдерді бірбуынды түбірлер
құрамынан іріктеу арқылы талданады. Оларды біз бірбуынды
түбірлерден табамыз. Қазақ тіліндегі барлық түбірлердің басқа
түркі тілдерінде сəйкестіктері бар. Біздің зерттеуіміздің нысаны
негізінен түбір морфемалардың одан əрі дамуының күрделену
процесінде бірбуындылардан қалыптасқан екібуынды түбірлер
болып табылады. Олардың қазіргі тілде синхрондық тұрғыдан
түбір ретінде қабылданатындығын атап көрсету маңызды.
Мысалы, бөге= етістігін алып қарайық. Бұл сөздің түбірі
*bök. Ол Махмұд Қашғаридың сөздігінде жеке дербес сөз ретінде
берілген: *bök= «бөгеу», «жабу», Ol suvuy bökdi «Ол суды бөгеді»
(МК. ІІ Т. 19-б.). Басқа мысал ретінде сақай= етістігі қызмет ете
алады. Қазақ тілінің дамуында орын алған фонетикалық про-
цестерді ескеретін болсақ, онда *сақ түбірін қазақ тіліндегі сау дер-
бес сөзінің фонетикалық варианты ретінде мойындаған жөн. Сау/
сақ – фонетикалық варианттары – қыпшақ (у) жəне оғыз-қарлық
тілдеріндегі (г, к) сөздерінің аяғындағы дыбыстық үйлесімділіктің
нəтижесі. Егер сау варианты қазақ тілі үшін тірі дербес түбір бол-
са, онда сақ (сағ) варианты – «өлі» түбір.
Итер= етістігі қазақ тілінде түбір мен формантқа жіктелмейді,
ал хакас тілінде iт= «итеру», «кіргізу» (ХРС. 458-б.), якут тілінде
де – iit «итеру», «кіргізу» түбір морфемасы қолданылады (ЯРС.
458-б.). Сонымен қатар, хакас тілінде іттір= туынды негіз «ите-
91
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
руге мəжбүрлеу», «соқтығысу» туынды негіздері кездеседі. Бұл
қазақ тіліндегі итер= тарихи туынды екендігін көрсетеді.
*ит= түбірінің бір кездері дербес сөз болғандығына көзіміз
жеткен соң, қазақ тіліндегі итің-де=, ит-пе жəне итер= сөздерінің
байырғы *ит түбірінен шыққан бір түбірлі туынды түбір екендігін
мойындауға құқылымыз. Осы топқа «ителіп» мағынасындағы
ител= негізін де қосуға болады. ХV ғасырдағы Шалкиіз жырау-
дың [163] шығармасында біз осы сөзді мынадай мəтінде кездес-
тіреміз:
Сенің емің қызыл шашпау ханларды
Қилы жүріп көргенмін,
Арбаға тайдай ителіп.
ит= түбірінің Махмұд Қашғари заманында өте кең қолда-
нылғаны байқалады: Ol ani itti «ол оны итерді». Осы сөздікте itin=,
itil= етіс тұлғалары да берілген (МК. 1 Т. 171-б.).
Осындай ретпен қазақ тілінде мағынасы көмескі *ал түбірін
де түсіндіруге болады. Ол да көнетүркі жəне қазіргі түрік тілінде
дербес қолданылады: al «қулық», «айла» alin arslan tutar kϋčϋn ajug
tutma «жолбарысты күшпен емес, айламен ұстауға болады»; 2) al
«қулық, алдамшылық»; 3) ал «қулық»; «Душман алына алданма-
гыл», «дұшпанның алдауына түспе» (ТУР. 41-б.). ДТС-те: al «ал-
дау»; bütün čin turur hič ali joq uquš «ақыл-ой, ақиқат жəне төте,
онда ешқандай алдамшылық жоқ» (ДТС. 39-б.).
Ал лексемасы түрік тілінен басқа, қазіргі түрік тілдерінде
əзірбайжан тілінің каряг говорында кездеседі.
Туыстас түркі тілдерінің мəліметтері негізінде анықталған *ал
түбірінің мағынасы қазақ тіліндегі *ал сөзінің мағынасын «шын
сөзің бе, ал сөзің бе» тіркесінде (шындықты айтып тұрсың ба не-
месе алдап тұрсың ба?) түсіндіруге мүмкіндік береді.
Көптеген этимологиясы көмескіленген ИЕ негіздерін тал-
дау арқылы бұрынғы уақытта белсенді болған көптеген түбір
морфемалардың олардың семантикасының өзгерісі нəтижесінде
пассив морфемаға айналғандығына көз жеткізуге болады. Кез
келген өлі түбірдің мағынасы туыстас сөздердің ұясында, яғни
«басқа сөздермен туыстық байланысынан айрылған оқшауланған
сөздерде түбір жоқ жəне болуы мүмкін емес» [164]. Мына ескерт-
92
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
пеге жүгінудің де артықтығы жоқ: «Түбірдің мағынасы туыстас
сөздер мағынасының бір ортақ идеясына, нақтырақ айтқанда оның
аясына енетін мағыналар ауқымына сəйкес келетін орталыққа
тартылатын діңгек болып табылады». Сондықтан түбірдің мағы-
насы нақты емес, сөздің бүкіл ұялары үшін ортақ, тек ұялық
қана болуы тиіс [165]. Ұяларда барынша тығыз жəне болар-бол-
мас байланыстардың болуы ықтимал екендігін (кездейсоқ) басқа
ғалымдар да атап өтеді [166].
Шын мəнінде, əрбір сөздегі түбірдің нақты мағынасын анық-
тау əрекеті зерттеушіні ойдағыдай нəтижеге əкелмейді. Əдетте,
нақты мағынаны тек негіз ғана табады, бұған қоса оның семан-
тикалық мағынасы əрдайым өте тар. Туынды негіздердің құрылы-
мындағы түбір жалғанған аффикстердің нəтижесінде нақтылана-
ды, яғни аффикстік морфеманың дамуы түбір морфеманың да-
муына тікелей тəуелді болады. Бұл деректі гомогендік қатар бо-
йынша түбір морфеманы талдау процесінде қадағалауға болады.
Осы процесте туыстас сөздердің семантикасы мен фонетикалық
тұлғасында ортақтықтың болуы олардың ортақ түбірін анықтауға
мүмкіндік береді. Осындай талдаудың үлгісі Ə.Т. Қайдаровтың
аталған еңбегіндегі қосымша берілген сөздікте келтірілген [167].
Əдетте, «сөздердің ұясы мағыналарды жəне олардың уəжді
өзгерістерін ескере отырып, морфологиялық туынды сөздер
жүйесімен байланысты қарастырылады» [168]. Бұдан түбірлес
сөздердің ұясын да белгілеу сөздердің лексикалық мағынасына
жəне формативтердің семантикасына сүйенетіндігін байқауға
болады. Талданатын сөздің көнелігін тұлғалар арқылы берілген
ұялардың морфологиялық тұтастығы кепілдендіреді.
*Жыл түбірін қарастырып көрейік. Ол жылан, жылжы=, жы-
лыс=, жылпос, жылмай ағу жəне т.б. сияқты сөздердің құрамында
кездеседі. «Қозғалу», «орын ауыстыру», «баяу қозғалу» сөздерінің
жалпы мағынасы айқын болса да, қазақ тілінде келтірілген
сөздердің *жыл түрінде реконструкцияланатын ортақ түбірі дер-
бес қолданыла алмайды. Сонымен қатар кейбір түркі тілдерінде
ол өзінің дербестігін сақтаған. Мысалы, хакас тілінде ол чыл=
«қозғалу», «жорғалау», «тайғанау», «конькиде «сырғанау» (ХРС.
326-б.); якут тілінде – сыыл= «жорғалау» (ЯРС. 364-б.). Көріп
93
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
тұрғанымыздай, жыл//чыл түбірінің семантикалық көлемі кең
жəне мағынасы одан жасалынған туынды сөздердің мағынасына
қарағанда абстрактілі. Осыны ескере отыра, кейбір жағдайларда
өзге түркі тілдерімен салыстырмалы талдауға жүгінбей, ішкі ре-
конструкция негізінде, яғни қазақ тіліндегі гомогендік сөздерді
талдау арқылы жекелеген өлі түбірлерді жаңғыртуға болады. Бір
тілдің мəліметтері негізінде түбір морфемаларды ішкі реконструк-
циялау əдістемесінің жаңалық емес екендігін ескерген жөн. Салыс-
тырмалы-тарихи əдістің бір бөлігі ретінде ол Т.А. Бертагаевтың,
И.В. Кормушиннің, В.И. Аслановтың жəне басқалардың еңбек-
терінде қолданылады [169].
Түркі түбірі құрылымы дамуының тарихи процесін, оның эво-
люциясын түсінуге көмектесетін өлі түбірлердің осындай рекон-
струкциясы оның қазіргі тілдегі дербестігімен немесе тəуелділігі-
мен байланыстырылады. Сонымен қатар, ол бір жағынан түркі
тілдерінің негізгі лексикасы мен даму заңдылығының ортақтығын,
екінші жағынан əрбір тілдің лексикалық-морфологиялық-логи-
калық даму ерекшелігін көрсетеді.
Осындай реконструкцияның дұрыстығын морфемалық талдау
өз тұрғысынан ақтайды. Оған түркі тілдерінің жалғалмалылық
табиғатының өзі жəрдемдеседі. Өзге түркі тілдерінен өлі түбірдің
прототипін іздеу кейде генетикалық туыстас элементтің табылуы-
на алып келеді. Əрине, осы гомогендік түбірдің əртүрлі тілдерде
əртүрлі болуы жəне оның жорамалданған бастапқы фонетикалық
тұлғасынан едəуір ауытқуы мүмкін. Осының барлығы көп жағ-
дайларда салыстырмалы-тарихи əдіспен анықталады.
Сөйтіп, гомогендік ИЕ құрамындағы өлі түбірлердің көмес-
кілену деңгейі бойынша диахрондық морфемалық талдау нəти-
жесінде оларда болып жатқан процестерді шартты түрде үш топқа
бөлуге болады: 1) толық; 2) ішінара; 3) шартты.
Бірінші топқа екібуынды ИЕ құрамында тек теориялық болжам
негізінде жорамалданып қана қалпына келтірілетін өлі түбірлер
жатады. Өйткені, толық жасалмаған тұлға түркі тілдерінің бірде-
бірінде сақталған жоқ жəне жазба ескерткіштерінде де кездеспейді.
Мысалы: √ар-на=, √бал-а=, √бор-а=, √сұл-а=. Келтірілген түбір-
лер тек жүйелі модельдік талдау жолымен, артынша тұрақты
94
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
қайталанатын аффикстік морфемаларды жіктеу арқылы ғана жо-
рамал түрінде реконструкциялануы мүмкін, мысалы:
*ар
ау
*жай
жи
на=
*қай
*ой
*сар
Екінші топ – бірқатар туынды негіздер құрамында қазіргі
тілде қолданылатын, бірақ қандай да бір аффикстер жалғанбаса
лексикалық дербестігі болмайтын өлі түбірлер. Мұнда өлі түбір-
лер реконструкциясы гомогендік қатар бойынша ИЕ талдауына
негізделеді:
а
*жаң
ғыр=
ға
*жор
т=
ық
без
гі=
*кер
ең
дең
жи=
ім
Үшінші топ – қазақ тілінде өлі болып саналатын, ал басқа туыс-
тас тілдерде немесе түркі жазба ескерткіштерінде дербес түбірлер
ретінде қолданылатын түбір морфемалар. Мысалы, егер жыл-
жы= құрылымынан қазақ тілінде жіктелетін *жыл= элементі
қазақ тілінде өлі түбір болып, ал қырғыз тілінде жыл= «қозғалу»,
«жылжу», «жерге еңкейіп төмендеу»; алтайша – чыл= «сырғанау»;
татарша – шыл = «жылжу», «сүріну», «кетіп қалу»; якутша – шыл
«жорғалау» жəне т.б. толық дербес бірліктер ретінде қолданылады.
95
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
Достарыңызбен бөлісу: |