Түбір морфемалар этимологиясының толық көмескіленуі
Этимологияның толық көмескіленуінің нəтижесі, аталып өт-
кендей жорамал элементтер ретінде қолданылатын өлі түбірлер
болып табылады. Олар туыстас сөздердің дамыған ұяларын жа-
самайды. Көптеген жағдайда олар фразеологиялық тіркестердің,
мақалдардың, мəтелдердің, қос сөздердің құрамында қолданылады.
Оларды фольклор мысалдарымен дəйектеуге болады. Біз осы
үлгідегі мына түбірлерді келтіріп отырмыз: *арна=, *алжы=,
*асық=, *бала=, *бора=, *бөле=, *бұта=, *бадал=, *жүде=,
*жырға=, *жалма=, *жад/ы/ра=, *жамыра=, *жуса=, *жиді=,
*жаңшы=, *жары=, *жосы=, *жіб-і=, *жалық=, *жүгін=, *ке-
зер=, *күрме=, *кейі=, *қот+ар, *қасы=, *ом+ыр=, *сұ-ла=, т.б.
Жоғарыда көрсетілгендей, бұл түбірлердің дамыған гомогендік
қатары жоқ жəне жеке қолданылмайды. Сондықтан қазақ тіл
білімінің қазіргі кезеңінде олар түпкілікті этимологиялық рекон-
струкцияға берілмейді. Осы жерде бұл топқа кіретін кейбір ИЕ-ге
этимологиялық талдау жасауға əрекеттенудің бірнеше мысалын
келтіреміз.
*бағын=
Қазақ лексемасының Көнетүркі сөздігінде bay «таға», «бұғау»,
«байлам», «түйіншек», «тоқыма» жəне т.б. мағынасында келті-
рілетін түбір сөзбен байланысты болуы мүмкін, яғни оның ауыс-
палы мағынасындағы дамуы болып табылады (ДТС. 77-б.).
* бұйыр=
Түркітанушыларда осы етістіктің этимологиясына қатысты
түпкілікті пікір жоқ. Алайда, buγur – бұл көне buj етістігінің өзгелік
тұлғасы екендігі туралы болжамдар айтылды. Оның қолданылуын
вуй(у) лобнорлық етістігінің buin «бұйыру» ұйғыр диалектісімен
көрсету мүмкін екендігі туралы болжамдар айтылды (ЭСТЯ. ІІ Т.
246-б.).
*еге=
Осы жерде дербес түрінде ажыратылған түбір кездеспесе де,
қазақ тілінде егес= сөзінің мазмұнына жақын егеу, сондай-ақ егей-
лес сөздері кездеседі (ҚТТС. ІІІ Т. 255-256-бб.). Қараңыз: Екі ел
егер болса, епті жігіт хан болар (мақал).
96
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
* жала=
Сары ұйғырлардың тілінде йагла «жала» негізін кездестіреміз
(ине сұққан кезде) [170]. Осындай тұлға В.В. Радловта да кездеседі,
қараңыз: йеп йағламаса коргымес «ерінсең жіп инеге кірмейді»
(РСЛ. ІІІ Т. 51-б.).
Тиісінше жала етістігін тарихи тұрғыдан *жақ етістігінен
шықты деуге болады. Солай болса да, В.В. Радлов йалга= тұлға-
сын да атап өтеді (Сонда, 174-б.). Осы тұлғаны М. Қашғари
да келтіреді: ajag jalγadi «табақты жалады» (МК. ІІІ Т. 306-б.).
Сөйтіп, оны келесі көне үлгілерден туғызатын қазақ сөзінің екі
этимологиясының мүмкіндігі бірдей: jaγla=γ~l – метатеза jal – γa.
*ора=
Э.В. Севортян атап өткендей, ора= тұлғасы салыстырмалы
түрде біршама кеш қалыптасқан сияқты, өйткені ол көне жəне
ежелгі түркі ескерткіштерінде де кездеспейді. *ор түбірі өз кезе-
гінде түркі тілдеріндегі материалдарда кездеспейді. «Буу»,
«орау», «аудару» мағыналары М. Қашғари сөздігінде jörgä = Ol
ajagin jörgädi «Ол аяғын орады» (МК. ІІІ Т. 307-б.). Қазақ тілінде
осы тұлға жөрме= «тігу» (тігіс түрлерінің бірі), жөргек, жөргем
«қойдың ішегінен бір-біріне оралып, өріліп жасалған ұлттық
тағам» атауының құрамында сақталған.
Қазіргі əзірбайжан тілінде «орау» мағынасында, йорга=
етістігі қолданылады. Ал қазақ тілінде осы негіз тек баланы орауға
(жөргек) арналған зат атауында ғана сақталған. Сөйтіп, мынадай
гомогендік қатарды белгілеуге болады: jör//jоr~оr. Осыдан келіп,
жөрге= > ора (jör//jоr~оr) болып қалыптасуы мүмкін.
*cұла=
М. Қашғаридың сөздігінде su= «созу», «тарту» түбірі кездеседі:
Ol menä jün sudi «ол маған жүнді берді» (құрғату үшін) (МК. ІІІ Т.
248-б.). Құман [171] диалектісінде сула= «тағандау», «тарту» (темір),
якут тілінде – суул «құлау», «қирау» негіздері кездеседі [172].
Түбірдің тарихи фонетикалық, морфологиялық дамуы нəтижесіне
сай, мүмкін, қазақ тіліндегі ұсын= етістігін осы қатарда қарауға
болар.
97
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
Түбір морфемалар этимологиясының ішінара көмескіленуі
*жырт=
Жырт= сөзінің дербес жыр= етістігімен семантикалық жа-
қындығы қазіргі қазақ тілінде күдік тудырмаса да, қазіргі қазақ
тілінде жырт= сөзін бөлінбейтін түбір сөзі ретінде санауға бола-
ды. Жыр= түбірі көптеген есім тұлғаларда берілген: мысалы,
жыра, жырым-жырым жəне т.б.
* жасқа=
Жасқа= ИЕ-дің, сондай-ақ жасы= жəне есім жасық, жасыл
негіздерінің дербес жас түбірімен семантикалық байланысы ай-
қын болса да, етістіктің туынды екендігі түбірлік талдауда анық-
талады.
* жаста=
Қазақ тілінде қолданылатын жаста=, жастық туынды сөзде-
рінен жіктелетін *жас жорамал түбірі дербес қолданылмайды.
Қарастырылып отырған түбір «жайылудың» жалпы мағына-
сын білдіретін жай= ~ жаз= ~ жат= түбірлік қатарымен байла-
нысты болуы мүмкін. Қараңыз: йастық «киіз», «кілем» (РСЛ. ІІІ Т.
223-б.), қара татарлар диалектісінде – дьастан= «төсек салу»,
«жаю», «жазу».
* кеке=
Қазақ тілінде *кек дербес түбірі кездеспейді, алайда бірқатар
туынды ИЕ құрамында қолданылады: кеке=, *кекей=//кекжи//,
кекши= жəне т.б.
* көпір=
*Көпір= ИЕ құрамынан жорамалданып бөлінетін *көп= түбірі
дербес қолданылмайды жəне осы мағынада қандай да бір түбірмен
бірікпейді. Ол тек етістік негіздердің қатарында ғана емес (көпси=,
көпір=), сондай-ақ есім негіздердің құрамында кездеседі: көбік,
көбек, көпір, көпшік. *Көп түбірінің сөзжасамдық қатарынан «кө-
піру», «жоғарыға көтерілу» сияқты жалпы мағынаның сұлбасы
байқалады.
98
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
Орта ғасырлық түркі ескерткіштерінде кöбрä= «көбіктену»
тұлғасы кездеседі (Ибатов, Кутб. 116-б.). кöр дербес түбірі ретінде
жалпы түркілік бірбуынды сөздер тізіміне енгізілген (ШФ. 193-б.),
сонымен қатар хакас тілінде де кездеседі: кöп «көпіру», «ісіну»
«ағу» (ХРС. 917-б.).
*қына=
Қазақ тілінде дербес қолданылатын қын сөзі заттың атауын
береді, ал туынды гомогендік сөздердің жалпы мағынасын «қысу»,
«жаншу», «тарылту» ретінде анықтауға болады, қараңыз: қын-а,
*қынжыл=, қың-ба (диал.).
«Құтты білік» жəне басқа түркі ескерткіштерінде qїn сондай-ақ
«құн» мағынасында ғана емес, қараңыз: qїn «жаза», «азаптау»; qїnа
«жазалау», «қинау», qindur= «уайымға салыну», «сарыла күту»,
«өкіну»; qiniγ «қызғаншақтық»; qïnlïγ «түрме» (ДТС. 444-б.).
*қабын
Өзіміз жорамалдап ажыратқан *қап= түбірі «жедел даму»,
«көтерілу», «ұлғаю» ортақ мағынасынан қабар=, қабын=, қапта=
жəне т.б. ИЕ туындаған, дербес қолданылмайды. Барлық түркі
тілдерінде дерлік омонимдік *qap түбірі кездеседі. ДТС-те біздің
ойымызша, жоғарыда аталған түбірге жақын келетіні – qapa «жо-
ғары» (ДТС. 420-б.).
* қопар=
Туынды ИЕ-дің құрамынан жорамал түрінде жіктелетін (қо-
пар=, қопаңда=, қопсы=), сондай-ақ көне ежелгі жəне ортатүркі
ескерткіштерінде қолданылатын *қоп= түбірі «көтерілу», «тұру»,
«ұшу», «басып озу» жəне т.б. [173] Ол сондай-ақ кейбір қазіргі
тілдерде сақталды. Мысалы қырғыз тілінде: қоп= «көтерілу»,
«тұру» (ЮКРС. 105-б.).
* қайна
*qai жорамал түбірін «қандай-да бір заттың үстінде болу»
деген жалпы мағынасын мынадай қайна=, қайы= (бота туралы),
қай (диал.) – «күшті теңіз желі» [174], қаймақ, қайық, қайызғақ,
қайран, туынды сөздерін талдау негізінде шығаруға болады.
99
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
Осындай мысалдарды салыстырмалы-тарихи тəртіптегі салысты-
рулардан келтіруге болады: ойратша қай= «ауада, судың бетінде
қалқу» (ОРС. 67-б.), чувашша xaj= «өңдеу», «əрлеу» (Сл. чув. яз.
Чебоксары, 1941. 7-б.), қырғызша қайы – «ауада, су бетінде қалқу»,
қайық «тігіс», қайры= «үстіңгі бетке абайлап қол тигізу» (ЮКРС.
320-324-бб.), qajin= көне түркіше «қайнау», «бұрқылдау» (ДТС. 407-б.).
* құрға=
Құрға= етістігінің құрамындағы өлі түбірді есім негіздермен
салыстыру арқылы реконструкциялауға болады. Соның нəтиже-
сінде құрғақ, құрлық, құрбақа, құрма, құрт, құртаң (кəрі-құртаң)
сияқты туынды сөздердің жүйесінде оның жалпы мағынасы
анықталады.
Татар жəне өзге тілдердегі quri тұлғасы қазақ тіліндегі құрға=
етістігіне, түркі жазба ескерткіштеріндегі qur «құрғақ» түбіріне
сəйкес келеді: qurïdi ton «киім кепті» (МК. ІІІ Т. 203-б.), құры=
«кебу», «қатты кебу» (ФСЯ. 2 Т. 647-б.), қору «кебу», «құрғау»,
«қатты құрғау» т.б. (ТРС. 150-б.), құру «құрғақ» (Буд. 79-б.), гуру
«құрғақ», «құрлық», «құрғатылған» (РАС. 403-б.).
құры= тұлғасының қазақ тілінде «өлу», «жойылу», «жоғалу»
сияқты біршама мағынасының болуы, олардың кейінгі семанти-
калық дамуының нəтижесі деп ойлауға болады.
*қақсы=
Қазақ тілінде *қақ түбір сөзі – «құрғаған жидектерден, жеміс-
терден жасалған қақ»; «шалшық», «ағынды су». Қырғыз тіліндегі
сияқты осы түбір сөзден туынды сөздер өте көп, ал көнетүркі
тілінде ол «құрғақ», «құрғатылған» мағынасын білдіреді (ДТС.
421, 422-бб.). Қырғыз тілінде қақыр=; қақарт= (ЮКРС. 326, 328-
бб.). Қазіргі қазақ тіліндегі қақсы= (толығымен құрғау), қақта=
(сүт туралы), қақта= «кептіру» тек диахрондық тұрғыдан ғана екі
морфемаға ажыратылады.
*қалқи=
Қалбай= «қандай да бір үлкен заттың үстінде тұру», қалқи=,
қалбақта=, қалғы=, қалтыра=, қалқай=, қалқан құлақ, қалқы=
етістіктерін, сондай-ақ қалқа=, қалбағай, қалпақ жəне т.б. есім
100
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
туынды сөздер семантикасынан «осал», «толық емес», «əлсіз»,
«ілініп тұрған» жəне т.б. жалпы мағынадағы жорамал өлі түбірді
анықтауға болады.
*қаңғы=
Қарастырып отырған түбір төмендегі лексемалардан ажыраты-
лады: қаңғы=, қаңғырла=, қаңсы=, қаңтар=, қаңбақ=, қаңғалақ=,
қаңылтыр=, қаңқа=, қаңылтақ. Түбірдің жалпы мағынасы – «қа-
ңырау», «жеңіл», «құрғаған» [175].
*қиқай
«Қисық», «бірбеткей» деген *қи түбірінің жалпы мағынасы
мынадай төмендегі туынды ИЕ-ді талдау негізінде анықталады:
қиқай=, қиқи=, қисай=, қитар, сондай-ақ қиыр, қияс (адам тура-
лы). Олар дербес қый= түбіріне соншалықты жанаспайды. Қазақ
тілінде, сонымен қатар, кейбір тілдерде көрсетілген мағынасы бар
осындай түбірлер кездеседі. Мысалы, қый ойрат тілінде «қисық»
дегенді білдіреді (ОРС. 135-б.).
*қарғы=
Біздің көзқарасымызша, қарғы=, қарма=, қарпы=, қарғын,
қарқын, қарқ қылу туынды сөздердің құрамынан көрінетін «жыл-
дам», «қарқын», «инерция» жəне т.б. жалпы мағы-насы жорамал
түбірді қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
qar түбірі М.Қашғари сөздігінде «жолдың шетімен жүру, жа-
ғалаулардан шығу» мағынасында келтіріледі. Қараңыз: Suv arigtan
qardi «су арнасынан шықты» (МК. ІІІ Т. 182-б.).
*қоқсы=
Гомогенді тіркестер мағынасының негізінде қоқсы=, қоқы=,
қоқтық, қоқым=, қоқыр, қоқыс «тəртіпсіздік» жалпы мағынасында
ажыратылады. Қараңыз: qoq «шаң», «күйреу» (ДТС. 457-б.).
*қауса=
Гомогенді жүйедегі қауди=, қауза=, қауқи=, қауса=, қаудыр=,
қауға туынды негіздерді морфемалар бойынша талдау қазақ
тілінде дербес қолданылмайтын түбір морфемаларды анықтауға
101
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
мүмкіндік береді (қараңыз: қау «кепкен шөп», қаудан «егістік
шөбі», «түбірімен кепкен шөп») (ҚТТС. ІІІ Т. 159-б.). Қазақ ті-
ліндегі қау-дан жасалған туынды сөздер мағынасы негізінде оның
«құрғақ», «кеуіп қалған», «бос» жəне т.б. оның ең ортақ мағына-
лары ажыратылады.
Қазақ тілінде сондай-ақ келесі туынды ИЕ негіздерден бөліне-
тін қау-дың басқа омонимдік түбірлері бар: қаула=, қауесет,
қаулы, қаума, қауырт жəне т.б. Олардың жалпы мағынасы «қар-
қынмен» жəне «инерциямен» белгіленеді.
* өрбі=
Өр сөзінен басталатын барлық туынды сөздер үшін жалпы
мағынаны былайша тұжырымдауға болады: өрбі=, өр, өрекпі=,
өре, өрле=. Осы түбірден қазақ тілінде бірқатар туынды атаулы
сөздер жасалады: өрелі, өркен, өріс. Э.В. Севортян атап өткендей,
көптеген түркі тілдерінде өр дербес түбірі қолданылады (ЭСТЯ.
І Т. 542-б.). Ол сондай-ақ көнетүркі ескерткіштерінде кездеседі:
bulit orϋp kok ortϋldi (бұлт көтеріліп, аспан бұлт жапты) (МК. І Т.
139-б.). Қазақ тілінде осы түбір «көтерілуді», «биікті» жəне «жа-
йылым бойынша тарап кетуді» (қой отары) білдіретін синкретті
болып табылады (Батыс Қазақстан диалектінде: Аман-есен өрдің-
дер ме? (ояндыңдар ма?).
* сергі=
Қазақ тілінде диахрондық тұрғыда ажыратылатын, құрамында
*сер жорамал түбірі бар мынадай етістіктерді көрсетуге болады:
сергі=, серпі=, серпін, серіппе, сергек. Олардың жалпы мағынасы
соңғы сөзде барынша дəл айқындалады.
* түгес =
ДТС-те жəне кейбір қазіргі тілдерде tuka етістігі жəне оның
өздік тұлғасы кездеседі:
1) tükä – «түгесілу», «біту» (МК. 270-б.), tükä – «аяқталу» [176].
2) tükän (ДТС. 586-б.), ойратша түген= (ОРС. 60-б.), əзірбай-
жанша – түкəнмəк (РАС. 144-б.). -н тұлғасының осы жерде сөз
өзгерткіш болып табылса да, Н.Т. Сауранбаев «Диванның» екінші
томында М. Қашғаридың нұсқауларына сүйене отырып, -ын/-ин
102
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
аффикстерінің көнетүркі тілдерінде қазіргі өзбек тіліндегі сияқты
жекеше түрдің екінші жағының сыпайы тұлғасы деп санайды [177].
Қазақ тілінде түге= етістік негізі тек қазақ тілінде ортақ етіс
саналатын -с аффиксімен үйлесімде ғана көріне алады. Қараңыз:
түгес=, түгенде=. Есім негіздер де кездеседі: түк (түк емес, түк
те жоқ), түге жəне түгел, т.б.
* тыржи =
тырси=, тырти=, тыртыс-тырыс=, тыртық=, тырысқақ,
тыржи= туынды етістіктерін морфемалық талдаудың көмегімен
ішкі реконструкциялау олардың гомогендігін анықтауға мүмкіндік
береді.
* тала=
Қазақ жəне өзге тілдерде «бір тал», «талшық», «бұта» мағына-
сындағы түбірлес сөздердің ортақ түбірі тала=, талға=, тал-
да=, талас= етістіктерінің ортақ элементі ретінде *тал түбірі
айқындалады. Қырғыз тілінде талғақ= – «жүкті əйелдің жерік бо-
луы» туынды сөзі қолданылады (ЮКРС. 696-б.). Көнетүркі жазба-
сында talu – «таңдаулы», «іріктеме» (ДТС. 529-б.). tal= түбірінің
жалаң тұлғасы якут тілінде сақталған [178].
* шоқай=
Қазақ тіліндегі *шоқ дербес түбірі «гүлдесте», «бума», «бай-
лам» есім жəне шоқай= «тізерлеп отыру» етістігіне негіз ретінде
қызмет еткен. Одан сондай-ақ шоқа, шоқы, шоғыр, шоқша (шоқша
сақал) сияқты есім негіздер жасалды.
Қырғыз тілінде оған чоглан= «оралу», «байлану», «жиналу»,
чогу «көп», «күшті», «өте», «орам», «түйін», «бірге» жəне т.б. лек-
семасы сəйкес келеді (ЮКРС. 822, 863, 864-бб.).
* шата=
Қазіргі қазақ тілінде шата= етістігі түбір ретінде саналады да,
одан шатал =, шатас=, шатақ, шатыл=, шатпақ сияқты туынды
түбірлер жасалған. Сонымен бірге жалаң тұлғадағы шат етістігінің
«аузына келгенді айту» деген туынды мағынасы бар. Бірақ көне
тілдік деректерде ол тұлғаның мағынасы қазақ тіліндегі жоғарыда
103
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
көрсетілген туынды етістіктермен бірдей. Нақты айтқанда, көне
өзбек тілінің дерегі ретінде Э.И. Фазылов *чат= «сапырылысты-
ру», «қосып айту», «алдау» етістігін көрсетеді (ФСЯ. 2 Т. 510-б.).
* шыла=
Қазіргі түркі тілдерінің бір де бірінде *шыл= түбірі дербес
қолданылмаса да, бірақ қазақ тіліндегі шыла= туынды етістігінің
мынадай түбірлес сөздермен мағыналық ортақтығы негізінде:
шыла=, шылқы=, шылқылда=, шылп-шылп, оның «ылғал» мағы-
насындағы ортақ генетикалық түбірі *шыл деп жорамалдаймыз.
Осы сөзжасамдық қатарға тəн «ылғал» мағынасы байқалатынын
көріп отырмыз. Олай болса, шалшық есімін де осы қатарда қарауға
болатын сияқты (а ~ ы сəйкестігіне орай). Қырғыз тілінде сəйкес
түбірді чылгым «дымқыл немесе ылғал тері» сөзінде ажыратуға
болады (ЮКРС. 886-б.).
* шүйіл=
*Шүй етістік түбірін дербес қолданыста тек эпостар мен жы-
раулар шығармаларында ғана кездестіруге болады. Мысалы:
Айдын шүйсең, тарлан шүй,
Көтерілген сона құтылмас,
Жауға кисең берен ки,
Егеулеген болат өте алмас [179].
Қазіргі қазақ тілінде, негізінен, «бар күшін жиып, екпінмен
төмен қарай бір нүктеге құлдилау» мағынасы шүйіл=, шүйлік=
тұлғалары арқылы беріледі. Осы мағынаның əрі қарай дамуы бас-
қа да бірқатар туынды атауларда кездеседі: шүйгін «бар құнары
жиналған шөп, ет т.б», шүйде «түйенің, қойдың майы жиналған
желке тұсы (бұл арада коннотаттық сипат бар сияқты. Себебі
шүйденің денотаттық мағынасы «жеке сырт тұсы» да Қазақ тілінің
сөздігінде көрсетілген (ҚТС. 741-б.)», шүйке – «шаштың, иіруге
дайындалған орамы». Шүйгі= «кенелу, қарқ болу» (ҚТС. 748-б.),
шүйел= «жетілмей, толық өспей қалу» (ҚТС. 744-б.), яғни «жи-
налып, өспей қатып қалу». Осы қатарда талдау барысында «бір
нəрсенің бір жерге жиналуы» деген мағынадан «сыртқа шығың-
қы, көзге түсетін» деген де мағына өрбігені байқалады. Қараңыз:
1) шүй – «қабырғаға шеге орнына қағылған ағаш қадаша»; 2) шүй –
104
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
«жер айдағанда жыртылмай қалған жер» (табан) (ҚТС. 743-744-бб.) .
Олай болса, осы қатарға жоғарыда «бір жерге ұйысып, əрі қарай
өспей қалған» деген мағынада келтірілген шүйел сөзінің тарихи
даму барысындағы бір дыбыстық нұсқасы ретінде (с ~ ш) сүйел
сөзін де жатқызуды болжам ретінде ұсынуға болады.
Жалпы алғанда, морфологиялық құрылымның дамуының се-
мантикалық сабақтастығы осы түбірдің сөзжасамдық қатарында-
ғы ауыспалы мағыналарынан нақты көрінеді. Ол үшін тағы да
«Қазақ тілінің сөздігі» деректеріне жүгінеміз: шүйле= «жану»,
«қайрау», «жігерлендіру»; шүйлік= – «қадалу», «қыспаққа алу»,
«тиісу»; шүйір= «мұрнын шүйіру»; шүйіркелес= «тіл табысу» т.б.
Аталған лексемаға қырғыз тіліндегі чуйлу «қырғи-тұйғын» сө-
зінің жақындығы аңғарылады (ЮКРС. 886-б.). Демек, жалпы ма-
ғынасы: «шоғырлану», «жиналу» жəне т.б.
* ырға=
М. Қашқари сөздігінде берілген етістік түбірі қазіргі түркі
тілдерінде «тыныштықты бұзу», «жүргізу» сияқты жалпы мағы-
надағы бірқатар ИЕ-терді туғызған: ырға= «əрі-бері шайқап қоз-
ғау»; ырғал= «əрі-бері толқу, жайқала қозғалу», ырғы= «шошу»,
«селк ету» мағынасындағы (МК. І Т. 72-б.), «екпінмен тез қарғу»,
ыршы= «селк етіп ытқып кету». Соңғы екі етістік ( ырғы=, ыршы=)
М. Қашқаридың сөздігіндегі байырғы түбір етістікке семантика-
лық тұрғыдан жақын, бірақ жалпы топтан біршама ерекшеленеді.
Э.В. Севортян келтірген туынды ИЕ де осы мағынаны береді.
Қараңыз: ырға= «селк ету» (ЭСТЯ. 1 Т. 660-б.).
Ал, керісінше, алдыңғы екі етістік түбірден ырға: ұзын ырғасы;
ырғақ, ырғал: ырғалып-жырғалып, т.б. туынды сөздер туған.
Түбір морфемалардың шартты түрде
этимологиясының көмескіленуі
Бұған қазақ тілінде өлі болып саналатын, қалған туыстас
тілдерде немесе түркі жазба ескерткіштерінде дербес түбір ретінде
қолданылатын түбір морфемалар жатады.
*адас=
Э.В. Севортян осы түбірді оның түркімен, əзірбайжан (диал.),
қарашай-балқар диалектісіндегі фонетикалық ұқсас азаш= «жол-
105
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
дан адасу», «адасу» тұлғасымен салыстырады жəне оны az [180]
«жолдан адасу», «адасу» түбірінен шығарады, ауыспалы мағынасы
«мүдіру», «қателесу» (ЭСТЯ. І Т. 88-б.) деп көрсетеді.
Көнетүркі тілінде az түбірінен жасалған көптеген туынды тү-
бірі кездеседі. Бұл оның бұрынғы белсенділігі мен дербестігін
көрсетеді. Қараңыз: azaԛ «адасқан», «жолдан адасу», azïl= «ада-
су», «адасып кету» (жол туралы), azit= «жолдан тайдыру», «азды-
ру», azmïš= «адасқан» (ДТС. 72-74-бб.).
Қазақ тілінде *аз түбір сөзі тек ауыспалы мағынасында ғана
қолданылады, ал тікелей мағынасы тек адас= туынды түбірінде
қоланылатын *ad фонетикалық вариантымен беріледі, сондықтан
қазақ тілі үшін ол архетип болып саналады. Көнетүркі тілінде ad
көптеген туынды түбірлерде кездеседі. Мысалы, adïr= «бөлу»,
«бір-бірінен ажырату», «адастыру», adrïl= «қоштасу», «адасу»,
«бөліну», «ажырату» жəне т.б. (ДТС. 11-13-бб.).
Жоғарыда келтірілген етістіктерге қазақ тіліндегі айыр=, ай-
рыл= етістіктерінің фонетикалық паралель болатынын түсіну
қиын емес (қараңыз: аδïr=, aδïš=, аδrïl=, аδrïš=), (ДТС. 15-16-бб.).
az~ad~aδ~ай түбірлерінің жəне олардан жасалған етістіктердің
семантикалық жақындығы даусыз. Э.В. Севортян осы топқа көне
ескерткіштерде кездесетін жəне қазіргі тілдерде «адасу», «күнə-
һарлық» мағынасында сақталынған jaz тұлғасын (ЭСТЯ. І Т.
95-б.) жəне *жаз түбірінен жасалған: жаза: (жаза басу), жазғыр=,
жазық, жазықты жəне т.б. қосады.
*аз нұсқасымен салыстырғанда жаз= етістігі көбінесе ауыспа-
лы мағынасында қолданылады, ал қазақ тіліндегі тура мағынасы
тек көз жазу тіркесінде ғана сақталған. Қара татарлардың диа-
лектісіндегі дьас= етістігінде «мүлт кету», «қателесу» мағынасы
бар [181].
Сөйтіп, адас= туынды етістігінің байырғы түбірін шамамен
былайша елестетуге болады: /й/ жаз~ад~ай.
* ары
*ар өлі түбірі қазақ тілінде ар-ы=, арық, ар-ыл= туынды тү-
бірлерінде ғана кездеседі. Чуваш тілінде түбірлік ар «аз» [182]
сөзі кездеседі, р ~ з тарихи дыбыс сəйкестігін ескере отыра, соңғы
сөзді қазақ тіліндегі аз тұлғасының варианты ретінде қарастыруға
бо-лады (Салыстырыңыз: арып кеткен// азып кеткен).
106
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
* аңқы=
Моңғол тілінде аң лексемасының «саңылау», «қуыс», «жарық-
шақ» мағынасы бар. Одан аң+а= «ашық болу» етістігі жасалған.
Сондай-ақ, якутша аң «саңылау», «кіре беріс», «өткел»; ал аң+а=
«ашық», қырғызша – аң «шұңқыр», «жыра» [183] (ЮКРС. 58-б.).
Қазақ тілінде осы мағынадағы аң лексемасы тек диалектіде ғана
кездеседі (ҚТТС. 1 Т. 271-б.).
Негізгі («ашылу») мағынамен қатар, соған сабақтас 1) «таралу»,
«шығу» (иіс туралы)) жəне 2) «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде»
келтірілген мағыналары аңқы – «екпінмен, бар пəрменмен жүру,
қозғалу» (ҚТС. 40-б.).
Қараңыз:
Кім жетсін тау баурынан соққан желге,
Дəл сондай аңқыды аттар жазық жерде.
Тау төсін дүрсілдетіп, дүбірлетіп,
Таласты осы төрт ат Ерейменге.
Осы мағынаны сондай-ақ қазақ эпостарынан да кездестіруге
болады:
Кешегі кеткен қосынға
Жетемін деп Қобыланның
Жоқ еді тіпті есінде.
Бұлаңдаған Бурылмен
Артық туған Қобыланды
Аңқып жетті бесінде [184].
Аң түбірінің жалпы мағынасы – «ашылу», «таралу» (қандай да
бір «саңылау», «қуыс» жəне т.б., яғни «ашық жер»).
Демек, қазақ тілінде бұл түбірдің жалаң күйінде кездеспейтінін,
тек сөзжасамдық қатардағы ортақ семантикалық арқауын байқап,
ортақ *аң түбірін жорамалдай аламыз: аңғал, аңғал-саңғал, аңқа:
аңқысы кебу, аңқай=, аңқы=, аңырай=, аңырақай «желі көп,
құмайт, ашық жер», т.б.
*арба=
*ar түбірі көнетүркі ескерткіштерінде «алдау», «өтірік айту»,
«иліктіру» дегенді білдіреді. Арба= етістігінің *ar түбірімен
төркіні даусыз сияқты көрінеді. Солай болса да, осы етістік
түбірінің этимологиясына қатысты ғалымдар пікірі сан алуан.
107
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
Бірқатар ғалымдар арба= негізінің байырғы түбірі «магияны»
білдіретін *ab болып табылады деп тұжырымдайды. Осындай
жағдайда арба= туынды түбірін метатеза нəтижесі деп те қарауға
болады. Мұндай жағдайлар түркі тілінде жиі кездеседі. Қараңыз:
тебре~тербе, өпке~өкпе, қақпа~қапқа жəне т.б.
Бұл тұрғыда ұқса= етістігін талдау қызығушылық тудырады.
Салыстырмалы-тарихи талдаудың көмегімен оның да метатезаға
ұшырағандығы анықталуда. Басқаша айтқанда, *ұқса= тұлғасын
байырғы деп санауға болмайды. Дұрысы – осқа=. Мұнда *ос түбірі
осы, осындай, осылай сөздерімен түбірлес болып табылады. Осы
нұсқаға дəлел ретінде чуваш тіліндегі [185] ошқын «осындай»,
сондай-ақ алтай тілінде ошқо= «осындай болу», «ұқсас», ошқол
«ұқсас», ошқош «ұқсас» нұсқалары қызмет етеді.
Жоғарыда баяндалған көзқарасқа байланысты арба= етістігі-
мен қазақ тіліндегі мынадай сөздерді түбірлес деп санауға болады:
абжылан, абдыра=, абыржы=, аптық=, абыр: абыр-сабыр, апақ-
сапақ, апат, аптап, т.б.
*апшы=
Э.В. Севортян өз сөздігінде сондай-ақ av түбірінің қосымша
мағынасын көрсетеді: 1) ұйғыр тілінде – «қуу», «спорт»; 2) тү-
рік диалектісінде «қуу», «қуып жіберу» (ЭСТЯ. 1 Т.). Бізге түбір-
дің осы мағынасы апшы= туынды түбіріне жақын сияқты. Семан-
тикалық тұрғыда бұл ойды нақтылайтын осы етістікті басқа да ИЕ-
мен жақындастыруға болады: аптық=, апыл=, абыржы=.
Сондай-ақ қазақ тілінде «əбігершілік», «қарбалас», «асығыс»
жəне т.б. жалпы мағынасындағы бірқатар туынды сөздер бар. Қа-
раңыз: абыр-сабыр, апай-топай, апақ-сапақ, апы кіріп күпі шық-
ты, апыл-ғұпыл, апыр-топыр.
* алда=
«Қулық», «алдау» мағынасындағы *ал түбірі барлық көне түр-
кілік деректерде, сондай-ақ əзірбайжан тілінің [186] диалектісінде,
құман диалектісінде [187], Л. Будаговтың [188], Вамберидің [189]
сөздіктерінде жəне Дерфердің еңбегінде түрік тілінен парсы тіліне
өткен кірме сөз ретінде кездеседі [190].
Қазақ тілінде ал сөзі «Ал сөзің бе, шын сөзің бе» тіркесінде
сақталған.
108
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
*аршы=
Барлық туынды түбірлер, соның ішінде ari= «тазалау», arïj=
«таза» (ДТС. 51-б.), өзбек тілінде – аримоқ «түгесілу» (УРС. 38-б.),
алтай тілінде – ару «таза» (ОРС. 82-б.), қазақ тілінде – аршы= «та-
залау», арыл= медиалдық тұлғасы жəне т.б. түбірлес сөздердегі
ортақ бөлік ретінде *ар түбірін жорамалдауға болады. Якут тілінде
ар тұлғасы «таза», «ең жақсы» деген мағынада сақталған, моңғол
тілінде бұған уур «таза, қоспасыз» нұсқасы сəйкес келеді.
*аңса=
В.В. Радлов сөздігінде көрсетілген аң етістігінің мағынасы –
«сарылу», «күту» (РСЛ. І Т. 183-б.). Осындай мағына Л. Будагов
сөздігінде де кездеседі: аң – «сағыну» [191].
Сонымен бірге «ойлау», «ұмытпау» жəне «ой», «сана» деген
синкретті түбірді Э. Наджип, Э. Фазылов, Э.В. Севортян, А.М. Щер-
бак та көрсеткен.
*ақса=
ақса= етістігінің жалпытүркілік семантикасы Э.В. Севортянға
оны жалпытүркілік «ауу», «аударылу», «бір жағына төңкерілу»
мағынасындағы аγ тұлғасымен (ШФ. 193-б.), (қазақ тілінде –
ау=) оның құрамынан «бейімділікті, қандай-да бір іс-əрекетке
немесе затқа ұмтылысты» білдіретін «дезидеративті етістіктер
көрсеткіші» са суффиксін жіктеп көрсетуге мүмкіндік береді
(ЭСТЯ. І Т. 44-б.).
*айық=
Тұлғасы түркі тілдерінің барлығында дерлік кездесетін туын-
ды түбірлердің, соның ішінде қазақ тіліндегі – айық= «өзіне өзі
келу»; айыр= «жару», «анықтау», т.б.; татар тілінің диалектісін-
дегі – айыл= «есін жию» (ТРС. 10-б.), хакас тіліндегі – айыл=
«ояну», айын= «босау», «сауығу»; айығ= «есін жинау» (ХРС. 21-б.),
көне түркі тіліндегі аδïγ «сау», аδïl=, аδïn= «сауығу» (ДТС. 14-15-бб.),
т.б. құрамы *ай түбірін табуға мүмкіндік береді. Бұл түбірдің
аффикстік морфемамен сіңіспеген түбір тұлғасын Э.В. Севортян
өз сөздігінде келтіреді (ЭСТЯ. І Т. 113-б.).
109
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
* безе=
Біз қарастырып отырған негізді «əрлеу» мағынасындағы bediz
сөзімен байланысты қарастырған ғалымдардың пікірімен келісе-
міз. Бұл безе= жəне bediz тұлғаларының ерекше семантикалық
негізімен дəлелденеді:
1. бедиз «өрнек» (қырғ.), бедер (қаз.) [192];
2. bediš=«бірлесіп əрлеу»; bediz «ою», «өрнек», «əрлеу»; bediz=
«безендіру»; bedizči «ағашты, тасты оюшы» (ДТС. 90-б.).
* безер=
*без тұлғасын біз, біріншіден, чуваш тілінде [193] кездестіреміз.
Қараңыз: пис.= «салқындау», ауысп. «жатырқау», päsär= «қырау-
лану» (päs «қырау»). Екіншіден, татар тіліндегі – «қырау» жəне
«қырау түсу» мағынасындағы безер етістігі
[194] (ТРС. 17-б.).
Қазақ тіліндегі безер етістігінің мағынасы жоғарыда келті-
рілгендермен салыстырғанда, ауыспалы деп ойлаймыз.
* бағжи=
*Бақ= түбірі А.М. Щербак көрсеткен жалпытүркілік бірбуын-
ды сөздердің тізімінде (ЩФ. 195-б.), Көнетүркі сөздігінде (ДТС.
81-б.), көне өзбек сөздігінде (ФСЯ. 197-б.), қырғыз тілінде (ЮКРС.
68-б.) жəне т.б. деректерде қара= деген мағынада кездеседі. Қазақ
тілінде бақ негізі жалаң күйінде «мал бағу», «күту», «тəрбиелеу»,
«өсіру» жəне «бір нəрсені аңғару» (ізін бағу, көзін бағу) сияқты
тіркестер құрамында ауыспалы мағынада қолданылады. Дегенмен,
бақыла=, бақырай= туынды етістіктерінің бақ түбірімен мағы-
налық жақындығы байқалады.
*балқы=
«Оттың қызуынан өзгеру, жұмсару» мағынасындағы балқы
етістігінің қазақ тілінде, сондай-ақ, «елту», «рахаттану», «бал-бұл
жану» сияқты ауыспалы мағынасы бар.
Э.В. Севортянның этимологиялық сөздігінде келтірілген бал
түбірінің басқа да мағыналарын бірге қарау қисынды сияқты:
1) жылтыр, жарқырау; 2) жарық, шағылысу; 3) найзағай – түрік
диал.; 4) шағылысу; 5) нұрлану, жылтырау; 6) шұғылалану жəне т.б.
Осының нəтижесінде Э.В. Севортян бастапқы тұлға ретінде *бал
дыбысбейнелеуші негізін көрсетеді: чувашша – пал «оттың жа-
110
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
нуы немесе түтіннің шығуы», қырғызша – бал-бал жан= «жа-
ну», «түтіндеу» (адам туралы), ұйғыр диал. – бал-балда= «асқақ-
тау», «серпілу» (ЭСТЯ. ІІ Т. 56-57-бб.). Сонымен бірге бал түбірі-
нен тараған тағы бір сөзжасамдық қатарды көрсетуге болады:
бал, бала, балапан, балауыз, балауса, балбыра=, балғын, балдыз,
балдыр, балқаш, балшық. Бұл арада жоғарыда көрсетілген бал
түбірінің ауыспалы мағынасы айқын көрінеді.
Осы негіздерді *bal түбірінің семантикалық дамуының нəти-
жесі немесе өзге омонимдік түбірден тараған деп айту қиын.
*бүлдір=
Bül түбірі М. Қашқари сөздігінде «қираған», «ескірген» дегенді
білдіреді (МК. І Т. 335-б.). Қазақ тілінде *бүл тұлғасы қосымша
форманттарсыз кездеспейді, қараңыз: бүлдір=, бүлін=, бүлік жə-
не т.б. Р. Сыздықова батырлар жырларында, Бұқар жырау, Махам-
бет шығармаларында жəне басқа да тарихи жырларда бүлу [195]
етістігінің қолданылатынын атап көрсетеді:
Төбесінен ұрды деп,
Шырағым, атқа мін – дейді.
Қалың қыпшақ бүлді – деп,
Көрмегенін көрді деп,
Қобланды да жеткенді.
* бұйыр=
М. Қашқарида «қалтырау», «тоңу» мағынасындағы buδ етістігі
кездеседі (МК. ІІІ Т. 439-б.). Ол сондай-ақ түрік тілінде – buy,
buymak «суықтан тоңу» (ЭСТЯ. ІІ Т. 239-б.).
Э.В. Севортян осы нұсқалардың негізін buδ~buy~buz~muz деп
байланыстырады. Осы байланыстың дəлелі ретінде түрік тілінде-
гі buymak= «суықтан тоңу», «жаурау» мағынасында келуін айтуға
болады, ал түрік тілінің диалектісінде осы мағынада buzmak=
қолданылады (ЭСТЯ. ІІ Т. 239-б.). Осы қатарға қазақ тіліндегі
бұйық етістігін де қосуға болатын сияқты.
Батырлар жырында ауыспалы мағынасында бұрсанды етістігі
жиі кездеседі. Оны белгілі р ~ з дыбыс сəйкестігі негізінде мұздан-
ды етістігінің варианты деп санауға болады. Мысалы:
Шошынып тізгін жимады,
Буырқанды, бұрсанды,
Мұздай темір құрсанды [196].
111
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
Осы тұлға Е.З. Қажыбековтің еңбегіндегі синкретті түбір не-
гіздерінің тізімінде buz («тоңу~мұз») // buj («тоңу~суық») деп
келтіріледі [197].
Сонымен, жоғарыда келтірілген деректерге сүйеніп, buj// buy//
buz//muz//бур (бұрсанды) реконструкциясын ұсынуға болады.
* елті=
Көнетүркі сөздігінде el жалаң тұлғасы кездеспейді, ал «алып
жүру», «тасу», «əкету» мағынасында elt= етістігі бар. Э.В. Се-
вортян осы етістіктің бастапқы негізі el деп санайды жəне дəлел
ретінде мынадай тұлғаларды келтіреді: көне өзбек тілінде – äl=
«жақындау», «жеткізу», түрік тілінде – eл «əкету» (ЭСТЯ. І Т. 268-б.).
Егер осы этимологияны қабылдасақ, онда – elt= құрамындағы
бұйыру аффиксі -t. Ол да айт, қайт етістіктеріндегі сияқты жағ-
дайда тұр. Қазақ тіліндегі elt= туынды түбірін елті=, елік=, елір=
етістіктерімен бір қатарға қоюға болады.
*жері=
Ортатүркі ескерткіштер тілінде jӓr= («жиіркену» – ШФ.), көне-
түркі ескерткіштерінде – er= «жақтырмау», «менсінбей қарау»,
«теріс айналу»; jer= «кері итеру», «жиіркену»; еr= «жақтыр-
маушылық», «менсінбей қарау», «елемеу», är= «қанағаттанбау»,
«жиіркену» дегенді білдіреді (ДТС. 174-175-б.).
Қазіргі қазақ тілінде көнетүркі сөздігіндегі er= етістігіне
туыстас, оған семантикалық жақын фонетикалық варианты ретінде
жері=, жирен=, жиіркен= т.б. етістіктерін санауға болады.
*еңкей=
Ең= түбірлік элементін көнетүркі жазбаларындағы «ию», «ең-
кею» мағынасындағы eƞ//eg тұлғасымен (ДТС. 174-б.) жəне қыр-
ғыз тілінде сақталған ең= етістігімен бірегейлестірген дұрыс.
Қараңыз: ең= «еңкейіп қолын жерге тигізу» (салты атты мен
кейбір жыртқыш құстар туралы) (ЮКРС. 955-б.).
* жөрме=
Қазақ тілінде *жөрме=, жөргем, жөргек, жөргеп: жөргеп
тігу, т.б. туынды түбірлеріндегі ортақ элементті ( жөр=) түбір
деп жорамалдасақ, оны құмандықтардың диалектіндегі «ішек пен
асқазаннан оралып жасалған тағам», «қой еті мен майының тілім-
112
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
дері қосылған ішек, шұжық» (ОРС. 57-б.) мағынасындағы дьор=
етістігімен бір төркіндес деп, ол қатарға тарихи даму көріністері
ретінде өр=, ора= етістіктерін де қосуға болады.
*жасыр=
М. Қашқарида jaš= «жасырыну» түбірі кездеседі (МК. ІІІ Т.
60-б.), көне өзбек тілінде -йашын= «тығылу» (ФСЯ. І Т. 497-б.),
сары ұйғырлардың тілінде йас= «ашылу», «тығылу» [198], Вам-
бериде -йаш= «жуас» (С.Е. Маловта көрсетілген) [199], қазіргі
əзірбайжан тілінде йаш= «жасырыну» [200].
Қазақ тілінде *жас түбірі жалаң күйінде қолданылмайтын-
дықтан, «өлі» түбірге айналған.
*жылжы=
Қырғыз тілінде жыл= «қозғалу», «жерге етпетінен жатып
жылжу» мағынасында қолданылады (ЮКРС. 279-б.), алтайша –
чыл= «жорғалау», татарша – шылу= «жылжу», «кетіп қалу», «бой
тасалау» (ТРС. 295-б.), якутша – шыл= «жорғалау» (ЯРС).
Қазақ жəне өзге тілдерде *жыл= түбірінен жасалған туынды
сөз «жорғалау» мағынасындағы жылжы етістігі жəне жылан ата-
уы кездеседі.
* күнде=
Осы етістік түбірінен туындаған «қызғану» мағынасының бас-
қа түркі тілдерінде де кездесуі оның құрамынан аффикстік тұлғаны
жіктеп, *күн= өлі түбірін жорамал түрінде бөліп көрсетуге бола-
ды. Қараңыз: күнне – хакасша, көнлə= – татарша, кунуле – қыр-
ғызша жəне т.б.
* көтер=
Якут тілінде köt= «ұшу», «аспандау» [201], köty= Вамбериде –
«көтеру», көнетүркі тілінде – «көтерілу» (ДТС. 319-б.), моңғолша
kötül «төбе», ал қазақ тілінде, басқа да қазіргі тілдерде көтер
етістігі қолданылатыны белгілі.
* күрес=
М. Қашқарида kür – «батыл», «ержүрек» деп берілген (МК.
324-б.); хакас тілінде – кÿр «бірбеткей» (ХРС. 97-б.); көне өзбек
113
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
тілінде – күр «батыл», «ержүрек» (ФСЯ. 645-б.); қырғыз тілінде –
күр «кемел шақ» (ЮКРС. 286-б.) жəне В.В. Радлов сөздігінде
күр – «батыл» (РСЛ. ІІ Т. 1329-б.).
Синкретті түбір-негіз ретінде оны Е. Қажыбеков те көрсеткен:
kür//gür//kör – 251-б. Қазақ тілінде ол тек туынды түбір ретінде
қолданылады: күрес=.
* қопар
М. Қашқаридың сөздігінде qор= етістігі «көтерілу», «ұшу»,
«жоғары көтерілу», «орнынан тұру» мағынасында қолданылады.
Мысалы, er joqaru qopdi (МК. ІІ Т. 4-б.).
Бұл тұлға басқа да ортатүркі ескерткіштерінде де кездеседі.
Қараңыз: қоб= (қоп) «көтеру», «шығу», «тұру» (ФСЯ. 628-б.).
Қазіргі түркі тілдерінің ішінен қырғыз тілінде қолданылады
(ЮКРС. 405-б.).
* қайт=
Жоғарыда атап көрсетілгендей, *qaj М. Қашқари, В. Радлов
сөздіктерінде жəне қазіргі тілдердің ішінде чуваш тілінде кездеседі.
* қақта=
М. Қашқари сөздігінде qaq «құрғақ», «қақталған» (МК. ІІ Т.
282-б.), қараңыз: qaq et «қақталған ет».
Өзбек тілінде қоқ түбірінің ауыспалы мағынасы да бар: 1) жа-
лаңаш, жалаң: қоқ ер «жалаң жер»; 2) тері мен сүйек қана (адам
туралы); 3) сараң, қытымыр (УРС. 628-б.). «Кептірілген», «қатты»,
«құрғақ» мағынасындағы осы тұлғаның қырғыз тілінде мынадай
ауыспалы мағынасы бар: 1) «қу, «жылпос»; 2) жазық (құрғақ) маң-
дайлы (жылқының жорғалығы мен асылдығының белгісі туралы):
qaq čeke (ЮКРС. 405-б.).
* мақта=
Көнетүркі ескерткіштерінде жалаң maγ тұлғасы «даңқ», «мақ-
тан» тұлғасында қолданылады (ДТС. 335-б.).
* сүңгі=
Süŋ жорамалданған бастапқы нұсқасын М. Рясянен алтай тілі-
нің [202] телеут диалектісінен кездестірген. Қараңыз: тел, süŋ=
«сүңгу», süŋ = «төмен құлдилау» (қырғи туралы).
114
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
* сызда=
М. Қашқаридың сөздігінде siz= «ағу», «сорғалау» мағынасында
кездеседі (МК. ІІІ Т. 182-б.), қырғызша – сыз= «тамшылау»
(ЮКРС. 675-б.). Бұл тұлғалар мағынасы бойынша қазақ тіліндегі
сыздықта=, сыздықтап ағу етістіктерімен жақын. Ал сыздап
ауыру мағынасындағы аффикссіз тұлғасы алтай тілінде кездесе-
ді [203], қараңыз: сыс «сырқырау», «сүйектің сырқырауы». Қазақ
тілінде сызда= «бебеулетіп, солқылдатып ауыру», ауысп. «шіре-
ну», «менменсу», «паңдану» (ҚТС, 594). Осы мағынаны «ағу»,
«сорғалау» есімдік мағынасының семантикалық дамуының нəти-
жесі, яғни ауыспалы деп тұжырымдауға болады. Қазақ тілінде
осындай бірқатар сөздерді табуға болады: сыздан= «маңғаздану»,
«ызғарлану», сызыл= «сыпайы мінез көрсету», «кербездену»; сы-
зыл: сызылтып əн салу.
* тапа=
*тап кешені М. Қашқари сөздігінде көрсетілгендей, соққыдан
немесе құлаудан шыққан қатты дыбыстың жаңғыруы болуы мүм-
кін (МК. ІІІ Т. 145-б.). Осы мағына өзбек тілінде де кездеседі (УРС.
406-б.). Оны қырғыз тіліндегі тап «жаттығу» зат есімімен, тап-
та= «жаттығу» етістігімен салыстыруға болады (ЮКРС. 704-705-
бб.), ал көптеген қазіргі түркі тілдері мен белгілі сөздіктерде тек
есімді омотұлға ғана кездеседі. Тұлғаның синкреттілігін Вамбери
де атап көрсеткен. Сөйтіп tap-а= тұлғасы – тіл дамуының келесі
сатысының өнімі.
*тербе=
Осы етістікті метатеза нəтижесі, яғни тер емес, бастапқы тү-
бірі теб деп санайтын ғалымдар пікірімен толық келісуге бола-
ды. Көне өзбек тіліндегі нұсқасы – тебре= «қозғалу», «дірілдеу»
(ФСЯ. 373-б.), Қазіргі өзбек тілінде оған тебранмок «тербелу»,
«қозғалу», «жыбырлау» етістігінің мағынасы сəйкес келеді (УРС.
419-б.).
Қазақ тілінде осы етістіктің ауыспалы мағынасы, яғни тебі-
рен= нұсқасы сақталған.
*тынық=
Көнетүркі сөздігінде tin «тыныстау» мен «демалуды» білдіре-
тін синкреттік түбір ретінде берілген (ДТС. 567-б.). Осы түбір со-
115
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
нымен қатар, көптеген түркі тілдерінде, мысалы, өзбек тілінде –
тин «тыныстау», «тыныштық», «үнсіздік» (УРС. 432-б.), алтай
тілінде – тын= «демалыс» жəне т.б. (ОРС. 164-б.).
* танда=
Көнетүркі сөздігінде жəне қазіргі түркі тілдерінде таң түбір-
сөзінің əртүрлі мағыналары кездеседі: «шұғыла», «арай», «кере-
мет» жəне «байлау», т.б. Таң= етістігінің бастапқы мағынасы «таң-
дау», «іріктеу» мағынасында болған (ШФ. 197-б.). М. Қашқарида
tan «тор», «елек» дегенді білдіреді (МК. ІІІ Т. 355-б.).
* түңіл=
Көнетүркі ескерткіштерінде қарастырылып отырған етістік
tönül=, қараңыз: er istin tönüldi «Жігіт бұл істен бас тартты» (ДТС.
580-б.). Татар тілінде сақталған жалаң түбірді бастапқы түбір
деп санауға болады, түң= «аударылу», «төңкерілу», «өз сөзінен,
ниетінен бас тарту» (ТРС. 81-б.).
* ұлас=
М. Қашқари сөздігіндегі ŭlа= «байлау», «қосу» тұлғасы көрі-
неді (МК. ІІІ Т. 255-б.), қырғыз тіліндегі – ула= «ұштарын қосу»
(ЮКРС. 801-б.), өзбек тіліндегі – ұламоқ= «байлау», «қосу», «шын-
жырлау», сондай-ақ «біріктіру» мағынасында қолданылатын
көптеген басқа түркі тілдеріндегі етістіктіктердің ортақ жорамал
түбірі (ұла=) қазақ тілінің диалектісінде сақталған. Қазақ тілінде
бірқатар олармен ұқсас негіздерді де табуға болады. Мысалы,
ұлан-байтақ, ұлас=, ұлғай=.
Сонымен, етістік негіздеріне жүргізілген морфемалық талдау
нəтижесінде көне түбірлерді көп жағдайда жорамал түрінде бөліп
көрсетуге тырыстық. Олардың негізгі құрылымдық ерекшелігі
бірбуындылығы болып табылады. Ал көптеген зерттеушілер со-
нымен қатар бірбуындылықтың да түбір тұтастығының өлшемі
болмайтындығын атап өтеді. Осы тұтастықты диахрондық жіктеу
осы морфемалық талдау арқылы жүргізіледі. Жоғарыда мазмұн-
далған сөзжасамдық қатар бойынша морфемалық талдау этимо-
логиясы көмескіленген түбірді бірінші кезекте қазақ тілінің өз
116
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
материалдарының негізінде реконструкциялауға (көптеген жағ-
дайларда жорамалдап қана) мүмкіндік береді. Бұған бір туын-
ды негізді немесе бір модельді құраумен шектелмейтін өлі түбір-
лердің сөзжасамдық қызметі ықпал етеді. Бір түбірдің бір немесе
бірнеше туынды етістіктер мен есім түбірлердің құрамында жиі
кездеседі. Бұл жайт түбірлес сөздердің этимологиясын анықтауға
мүмкіндік береді. Өлі түбірлердің бірнеше туынды түбірлердің
құрамында қайталану дерегін айрықша атап көрсеткен жөн. Бұл,
біздің көзқарасымызша, олардың өнімділігін жəне өткен уақыттағы
дербестігін көрсетеді.
Біз екібуынды етістік-негіздер құрамындағы өлі түбірлердің
дəл санын анықтадық деп айта алмаймыз. Солай болса да, өзіміз
қарастырған материалдар олардың тілде басым екендігі туралы
тұжырым жасауға негіз береді. Осымен байланысты түбір мор-
фемалардың көнеруінің, этимологиясы көмескілену себептерін
анықтаудың мəні ерекше. Оларды біз негізінен сөзжасам үдерісін-
де қалыптасқан тарихи жеке сөз ретінде қарастырамыз.
Осы мəселені зерттеу барысында жетекші түркітанушылар-
дың еңбектеріне сүйене отырып, «өлі» түбірлердің пайда болуына
мынадай факторлар ықпал етті деп топшылаймыз:
1. Өлі түбірлердің пайда болуы аффикстік сөзжасамның да-
муымен байланысты. Түркі тілдері дамуының аффикстік кезеңіне
дейін синкретизмдер қызмет еткені белгілі (Э.В. Севортянша –
«сөзжасамдық жүйе» немесе И.А. Батмановша – «ойлаудың ди-
фуззиялық сатысы»). Солай болса да, тіпті осындай сөзжа-сам
əдісінің [204] өте ыңғайлылығы мен үнемділігінің өзі грам-
матикалық даму қажет еткен сөзжасам процесінің одан əрі дамуын
тоқтата алмады. Кейінгі грамматикалық даму, яғни жаңа тұлғалар
ескі тұлғаларды көптеген көне етістіктер құрамында «сүрлеп»
сақтап қалды: «Сөзжасамның ең көне үлгілерін біз суффикстердің
немесе тіпті жасалу əдісінің өзі анықталмайтын етістіктерден
кездестіреміз» [205].
2. Осыдан келіп, етістік түбірлері көнеруінің өзге факторы,
атап айтқанда, етістіктердің өзге сөз таптарымен салыстырғанда-
ғы көнелілігі жəне етістік түбірінің императивтік мағынасының
көнелілігі шығады. Қарастырып отырған сөзжасам модельдерінің
əртүрлі тұлғасы болса да, олар етістіктік негіздің ортақ импе-
117
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
ративтік мағынасын сақтайды. Бұл тұлғалар қазір де қалыпқа ай-
налған бастапқы тұлғаларға қосылады. Г. Рамстедт «жаңа сөз-
жасамда типтік жалғауларды оңай қабылдайтын, олар үшін үлгі
ретінде қызмет ететін бағзы бір белгілі тұжырымдарға сүйене-
ді» [206] деп жазған кезде, ол осы ерекшелікті меңзеген болатын.
3. Көптеген ғалымдар атап өткендей, түркі түбірінің дамуында
дыбыстық фактор үлкен рөл атқарады
[207]. Осыған байланысты
кейбір фонетикалық құбылыстарды атап өткен жөн: а) дыбыстар
деформациясы: сөйле ~ сөзле (түркм.), байла ~ baγ, бауызда ~ boγ;
ə) метатеза: арба<аб, тербе<теб жəне т.б.; б) протеза: ұсын<сұн
жəне т.б.
4. Өлі түбірлер үшін варианттылық тəн. Түбірдің фонетика-
лық варианттарын салыстыру көптеген этимологиясы көмескі-
ленген негіздерді талдауға көмектеседі.
Қараңыз: ad~аз~ай; жай~жад~жаз; жой~жоқ (көне түркі
тілд.): joδ~joδ~joγ~joj; жос~жор; жый~jiγ; қау~қап; құл~құд~
құз~құй; сыт~сыз~сық~сый жəне т.б.
5. Көптеген түбір морфемалар этимологиясының көмескіленуі
олардың семантикалық дамуына байланысты:
а) мағынаның кеңеюі: өр > өрбі=, өрекпі=, өрелі, өрен, өркен,
өркеш, өрле=, өрт, өрші=, өріс жəне т.б.
ə) мағыналардың тарылуы: jor= көнетүрікше «орау», «буып-
түю» деген жалпы мағынаны білдіреді, ал қазақ тілінде тек «жөр-
гек», «жаялық», «жөргем» деген жəне «өрілген шек түріндегі та-
мақ атауы» түрінде сақталған.
б) бастапқы мағынасынан алшақтау нəтижесінде лексикадан
ығыстырылу жəне метафоралану: тар > тара=, құтай=, безер=,
саз > сазар= жəне т.б.
Қорыта айтқанда, түркі тілдеріндегі түбір құрылымының мə-
селесі түркітануда негізгі орындардың бірін алады. Бұл мəселенің
шешілуі қазіргі деңгейге түбір морфемаларды ажыратудың негізгі
принциптерін тұжырымдаумен қатар сол арқылы синхрондық ас-
пектіде тұлғажасам жəне сөзжасам жүйелерін зерттеу үшін де
берік негіз салады. Түбір мен негіз дамуының негізгі жолдарын
жəне белгілі бір жағдайларда категория ретінде қалыптасуын да
көрсетеді. Соған сəйкес осы категорияны зерттеу бірнеше бағыт
бойынша жүргізілді: біріншіден, екібуынды етістік негіздерін мо-
118
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
дельдік жəне морфемалық жіктеу жəне екіншіден, этимологиялық
талдау əдістері арқылы түбір морфемалардың фонетикалық жəне
семантикалық түрленуін де анықтайды. Алайда жіктелмейтін та-
рихи туынды сөздерден кейін олар «ішкі тұлғаларды» анықтайды.
Екібуынды етістік негіздерінің (императивтік негіздер)
құрылымын модельдік жəне морфемалық жіктеу нəтижесінде
қазіргі қазақ тілінде құрамдық элементтерге (түбірлік жəне аф-
фикстік морфемалар) бөліп, сонымен бірге салыстырмалы-тари-
хи əдіс пен қолдану жəне этимологиялық реконструкциялауды
қолданып, жалпы түркі түбірі мен ішінара түбірлік лексиканың
мəселелеріне үлкен түрткі болған бірқатар қызықты құбылыстарды
анықтауға мүмкіндік береді. Олар мына жайттардан туындайды:
1) екібуынды етістік негіздері фонетикалық-морфологиялық
жəне семантикалық құрылымы қазақ тіліндегі, сондай-ақ өзге
түркі тілдеріндегі ұзақ агглютинативтік даму процесінің өнімі
болғандықтан, олардың басым көпшілігі императив етістіктің
негізгі тұлғасын есептемегенде (яғни жекеше түрдегі екінші жақ-
тың бұйрық рай тұлғасы), сан ғасырлар бойы көптеген туынды
сөздерді, оның ішінде екібуынды етістік негіздердің санаттарын
жасау үшін негіз ретінде қызмет еткен байырғы түркілік түбір
сөздерді құрайды.
2) 34 сөзжасамдық моделінен жалпы саны 1000-нан астам бір-
лікті құрайтын зерттеліп отырған тілде жасалған екібуынды етіс-
тік негіздерінің түбірлік бөлігіне салыстырмалы-семантикалық
талдау олардың байырғы жəне туынды түбірлерін қамтитындығын
көрсетеді. Олардың белгілі бір категориялары кейінгі тарихи даму
барысында өзінің дербестігінен айырылды жəне тілді қолданушы-
лар түсініксіз, белгісіз, яғни өлі элемент ретінде қабылдайды.
Мұндай ұстаным тарихи өзгерістерге ұшырамаған түбір мор-
фемаға абсолюттік бірлік ретінде қарап қате екендігін көрсетеді.
Бұл өз кезегінде тек түбір құрылымының бірден-бір ықтимал бір-
ден-бір моделі ретінде ұсынудан бас тартуды көздейді.
3) «Туынды императив етістіктердің» құрылымындағы тари-
хи түбір элементтердің «көмескіленуі», «белгісіздігі» немесе жора-
мал құбылыс сияқты көрінеді. Олардың көпшілігі этимологиялық
реконструкция кезінде өзінің бұрынғы құрылымдық семантика-
лық тұлғасында жаңғыру мен қалпына келтіруге бейім болады.
Қараңыз: қазақша – итер=, хакасша – ит= те осындай мағынада.
119
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
Осы көзқарас тұрғысында балама талдаудың қажетті шарты
ретінде қандай да бір етістіктік негіздер ұшыраған семантикалық
өзгерістерді, сондай-ақ зерттелетін морфемалардың құрылымдық
тұлғасын өзгертуде орын алған фонетикалық процестерді, оның
ішінде түркі тілдерінің арасындағы байқалып отырған осы тілдерге
тəн нақты сəйкестіктерді, сондай-ақ «шекаралық құбылыстар» ре-
тінде дəстүрлі анықталатын, яғни морфемалар тоғысында өтіп
жатқан өзгерістерді анықтау (оның ішінде мағыналардың тары-
луы немесе кеңеюі, сөзжасам элементінің мағынасын жоғалту жə-
не т.б.) болып табылады.
4) Морфемалық жəне модельдік талдау негізінде жіктелетін
түбір морфемалардың этимологиялық реконструкциясы сөздің
құрылымдық дамуының объективті заңдылықтарын ескеру кезінде
ең жақсы нəтижелерге жеткізеді.
5) жіктелетін түбір мынадай ерекшеліктерге ие болуы тиіс:
а) мүмкіндігінше VС жəне СV бірбуынды болуы жөн (ай= >
ай+т, ар= > ар+т, бұл оның бастапқы сөзжасамға дəлел немесе
СVС жəне СVСС болып табылады), қайт= > қайт+ар, бұл олар-
дың туынды құрылым екендігін көрсетеді;
ə) ең жалпыланған, абстрактілі семантикаға ие;
б) өзінің семантикалық-морфологиялық табиғатында есім не-
месе етістікті немесе атау мен етістіктің қасиеттері қатар кездесе-
тін синкретикалық болуы мүмкін;
в) тіларалық жəне тілішілік диалектілі-əдеби гомогендік ва-
рианттар түрінде жиі көрінеді;
г) өзге туыстас тілдерде немесе жазба ескерткіштерінің тілін-
дегі ұқсас немесе өзгертілген прототиптері жиі ұшырасады;
е) тек етістіктердің ғана емес, сондай-ақ өзге лексикалық топ-
тардың тұтас бірқатар туынды негіздерін құру үшін əдеттегідей
негіз болады;
6) жоғарыда көрсетілген модельдер екібуынды туынды етіс-
тіктердің бастапқыда өлі болған элементтер негізінде туындама-
ғандығы табиғи жайт. Олардың этимологиялық көмескіленуі ке-
йіннен құрылымдық-агглюнативтік даму нəтижесінде алды. Осы-
ған орай бұл бағыттағы ізденістер мен олардың жорамалдық
тұлғасын реконструкциялау əрекеті тек бірбуынды ғана морфе-
малық құрамды ғана емес, сондай-ақ екібуынды етістік негіздері-
120
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
нің морфемалық құрамын модель бойынша жіктеудің нəтижесінде
шынайы ақиқатқа ие болады. Мұндай ұстанымның бір жағынан,
«өлі» болса да, толығымен айқын түпкі элементті, ал екінші жа-
ғынан, осы сөздің кең мағынасындағы императивтік мəн мен грам-
матикалық абстракцияланған жəне жұмсалымдық жағынан, рет-
тегіш формантын мойындау үшін де шынайы маңызы бар.
7) 34 модельдің етістік жасаушы форманты көптеген жағдайда
белгілі бір сөзжасамдық мағынаны білдіреді. Олардың көпшілігі
іс жүзінде сөзжасам жүйесінің қазіргі деңгейіндегі қолданылуын
айғақтайтын тірі, өнімді модельдерді қайталайды. Мысалы бұны
т жəне -тыр/-тір, -дыр/-дір аффикстерінің өзгелік етістікті жа-
сау үшін кеңінен пайдаланатыны, дербес түбір морфемаларға
жалғанып қолданылатын -ыл/-іл өзгелік етістігін жасау үшін ор-
тақ етістіктің семантикалық мағынасын анықтайтын -ыс/-іс аф-
фиксінің қолданысы туралы айтуға болады.
Көрініп тұрғанындай, бір форманттар сабақты етістіктерді
салт етістікке айналдырады, ал басқалар, мысалы етіс тұлғалары
сөз өзгерту емес, қайта сөзжасам қызметін атқарады. Негізінен
нақты іс-əрекеттерді беретін ИЕ мағыналарына олардың əртүрлі
реңктері де тəн: эмоционалдық, эксперссивтілік, көп мəртелік жə-
не басқалар. ИЕ құрылымындағы өлі элемент өздігінен туынды
етістік болуы жəне жаңа аффикстерді қабылдауы, сол арқылы
грамматикалық плеоназмды құрай алады.
8) Қазақ тіліндегі 1000-нан астам етістікті модельдік жəне
морфемалық талдау жəне этимологиялық реконструкциялау нə-
тижесінде қазақ тілінде ықтималдықтың əртүрлі деңгейіндегі
300-ге жуық өлі бірліктерді анықтауға жəне жаңартуға мүмкіндік
туды. Олардың бірінің қолданылуының дербестігі даусыз болып
саналса, қалғандары үшін қосымша ізденістердің қажет екені бай-
қалды. Біздің ізденістеріміздің аясында ИЕ түбірлер – негіздер
құрамынан теориялық оқшауланатын белгілі бір категория əлі
де осындай реконструкцияға берілмейді жəне барлық түркі тіл-
дерінің деректерін ауқымды тарту арқылы қосымша зерттеулер
мүмкіндігін талап етеді.
Біздің ойымызша, алдағы зерттеулерде үш топты қамтитын
өлі түбірлерді жіктеу жұмысына қатысты мынадай ұсыныстар
маңызды рөл атқаруы тиіс:
121
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
1) туыстас тілдердің түбірлік материалдарына сəйкестігі жоқ
жəне гомогендік қатар да құрамаған, түбір морфемаларының эти-
мологиясы толық көмескіленген негіздер (ар+на=, ас+ық=). Осын-
дай тектегі түбірлерді жіктеу талданатын негіз құрамындағы сөз
жасаушы аффиксті жіктеу арқылы іске асады;
2) бірқатар гомогендік туынды сөздер шегінде қолданылатын,
алайда, əдеттегідей туыстас тілдер сөздерінің түбірлік матери-
алында дербес көрінетін сəйкестігі жоқ түбір морфемаларының
этимологиясы ішінара көмескіленген негіздер (жыр+т= , жас+қа=);
3) туыстас тілдердегі сəйкестігі мүлдем дербес қолданылатын
түбір морфемалардың этимологиясының шартты көмескіленген
негіздері (ад+ас=, ал+да).
122
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
Достарыңызбен бөлісу: |