17
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
жеке сөз ретінде қолданылады. Қазақ тілінде аталмыш негіз қайт-
тұлғасында көрініс табады. Жеке тұрып мағынаға ие болуы
жағынан *қай- түбірі өлі түбір деп саналады. Ал қайт- «оралу»
түбірі – бірінші туынды түбір болып табылады. Осы арада мына
жайды атап өту орынды: қайт- тұлғасы негізгі түбір деп таныла-
ды, себебі, жаңа сөздердің туындауына ұйытқы болады: қайта,
қайтала, қайтар-, т.б.
Түркі тілдерінде түбірлердің тағы бір ерекшеліктері анықтал-
ды: бір тілдегі өлі түбірлер басқа тілдерде тірі түбір болуы əбден
мүмкін. Мысалы, қазақ тіліндегі жылжы-, жылыс- сөздерінің
құрамындағы *жыл- тұлғасы өлі түбір деп танылады, ал осыған
ұқсас якут тіліндегі сыыл-, қырғыз тіліндегі жыл-, алтай тіліндегі
чыл-, татар тіліндегі шыл- түбірлері тірі түбір деп саналады.
Сондықтан əрбір тілдегі түбір мен одан туындайтын тұлғалардың
шегін ажырату кезінде əрқайсысының өзіндік арнайы ерекшеліктері
байқалады. Сондықтан «өлі түбір» деген атаудың қолданысында
шарттылық бар [11].
Қ. Жұбанов қазақ тіл білімінде бірінші болып қазіргі тілдік
деректерді тарихи қағидаға сүйене отырып қайта жаңғыртуды
ұсынды. Ол «палеонтология» терминін қолдана отырып, тіл білі-
міне қатысты мынадай тұжырым жасады: «Осылайша тіл адамзат-
тың бүкіл жүріп өткен сан ғасырлық тарихын танытады. Ал тілдің
əрбір даму кезеңдері жердің геологиялық даму сатылары секілді
кезек-кезек, бірінің үстіне бірі қабаттасып, өзінің ізін қалдыр-
ған» [12].
Жұмыста қарастырылатын «өлі түбірлер» ұғымы белгілі
бір дəрежеде «байлаулы түбір» ұғымына жақын келеді. Ескерте
кетейік, «байлаулы негіз» терминін Г.О. Винокур енгізе отырып
мынадай анықтама берді: «... белгілі бір аффикстермен тек бай-
ланыстыру, біріктіру үшін берілетін негіздерді байлаулы негіздер
деп атауға болады. Мысалы, при-выкнуть жəне от-выкнуть
сөздерін салыстырып көріңіз, ондағы бастапқы негіз вык аффикс-
терден бөлініп еркін тұрса, түсініксіз мағынада болады» [13].
Демек, екі ұғымның арасында өте тығыз жақындық бар. Бұ-
ған қоса байланыстырушы түбірлер синхронды талдаудың бір-
лігі болып табылады, себебі, ол өз кезегінде қалдық ретінде,
сөз құрамындағы сөзтудырушы, сөзтүрлендіруші морфеманың
18
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
нəтижесі ретінде мүшеленеді. Өлі түбір де байлаулық сипатқа ие,
өйткені ол белгілі бір морфемасыз қолданылмайды, яғни қосымша
арнайы белгілердің көмегімен ғана байланысады. Оған көмекші
морфемалар жалғана алатынын этимологиялық талдау жүргізу ар-
қылы ғана анықтауға болады. Сондай-ақ өлі түбірлер қарапайым
синхронды əдіс арқылы түбір қосымшаға ажыратылмайды.
Осының барлығын қорытындылай келгенде, «түбір» ұғымын
дəстүрлі талдаулардың күшімен анықтау əлдеқайда күрделі екенін
байқаймыз. Түркітану ғылымы түркі түбірлерінің дəрежесі туралы
біржақты шешім айта алмай келеді. «Түбір», «байырғы сөздер»,
«түбірсөздер» терминдері тек шартты мағынада анықталады. Түркі
тіліндегі морфологиялық жүйе қаншалықты айқын болғанымен,
алтай тілідерінің салыстырмалы грамматикасында бұл элементтер
түбірге жата ма, əлде олар өлі морфема қатарын құрайды ма де-
ген мəселеленің басы ашылған емес» [14]. Ж. Денидің бұл сөздері
бүгінгі күнге дейін өз құнын жоя қойған жоқ. Біз қарастырып
отырған екі буынды императив етістік құрамындағы өлі түбірлер –
бұлар əрбір тілдегі əртүрлі даму сатыларына тəн заңдылықтар
негізінде туындаған, өзінің тəуелсіздігін, жеке мағынасын ішкі
жəне сыртқы факторлардың əсерінен жоғалтқан, белгілі бір мо-
дельдермен ғана шектеліп, мəн-мағынасынан айрылып, көне түбір
қатарына енген тұлғалар. Императив етістік құрамындағы өлі
түбірлерді қайта жаңғырту процесінде этимологиялауға бағынатын
жəне бағынбайтын топтарды ажыратуға болады.
Осыдан барып, жаңғыртылған өлі түбірлер жорамалдық сипат
алады. Бірақ оларды дерексіз ұғымдар деп түсінбеуіміз керек.
Себебі, түркі тілдеріндегі түбір – бұл ақиқат дүние. Импетарив
етістік құрамындағы жіктелетін этимологиялық түбірлер өзінің
лексикалық мағынасынан айрылған. Дегенмен бұлар жай ғана
жалған тұлғалар емес, тіл дамуының сан ғасырлық тарихының
өнімі. Бұл тұлғалар жүйелі жəне дəстүрлі модельдердің көмегі
арқылы жасалған. Осындай деректерге сүйене отырып, өлі түбір
күйінде сақталған тілдік қорымыздағы мағынасы күңгірттенген
лексика-грамматикалық элементтердің құпиясы мен табиғатын
ашуға болады.
Тірі жəне өлі түбірлердің құрамындағы осыған ұқсас сөз ту-
дырушы модельдердің болуы көне дəуірде өлі түбірлердің жеке
19
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
сөз ретінде қолданылғанын байқатады. Олай болмаса қазіргі тілде
олар өлі түбір күйінде сақталмас еді. Жұмысымызда қарастырылып
отырған өлі түбірлерді атаудағы алғышарт – қазіргі тілде жеке
тұрып мағына білдіре алмайтын өлі түбірлер көнетүркі, ортатүркі
ескерткіштерінде немесе басқа да туыстас тілдер құрамында жеке
тұрып мағына білдіре алатын лексема ретінде қолданылған. Кей-
де туынды негіздердің нақты мағынасын өлі түбірлердің семанти-
касы арқылы жаңғыртуға болады. Осы заңдылық этимологиялық
жаңғыртумен тікелей байланысты.
Түркі түбірлерінің күрделі табиғаты туралы, тілдің өлі эле-
менттеріне айналса да, туынды етістік құрамында көрініс таба-
тын моносиллабемаларды түсіндіру, ажырату туралы əңгіме бо-
лып отырған бұл жұмысымызда лингвистикалық зерттеу əдістері
мен тəсілдерінің бүтін кешені қолданылады. Солардың ішінде ең
бастысы əрі тиімдісі – туыс түркі тілдерінің деректерін салысты-
рып, соған сəйкес архетиптерін анықтайтын салыстырмалы-та-
рихи əдіс жəне етістік негіздерінің тарихи сөзжасамдық түрлерін
анықтайтын морфемалық, модельдік талдау əдістері. Сондай-ақ
модельдеу жəне жоққа шығару əдістері, ішкі жəне сыртқы жаң-
ғырту əдістері, статистикалық талдау, т.б. да бар.
Осы əдістерді қолдану нəтижесінде тілдің қазіргі даму дең-
гейінде ажыратылмайтын екі буынды түбір-негіздердің туынды
етістіктерге негіз болған «өлі» түбірлер сыртқы жəне ішкі рекон-
струкция арқылы анықталады.
Морфологиялық жəне лексикалық сəйкестіктер өзара дыбыс-
тық үйлесімділіктері анықталған семантикалық жағынан өзара
жақын болып келетін элементтер қоры арқылы белгіленеді.
Гомогенді түбірлердің морфемасын синхрондық талдау арқы-
лы анықтау кезіндегі семантикалық қырының маңыздылығын ес-
кере отырып, В.И. Ярцева былай деп жазады: «Морфеманың се-
мантикалық қырын əрдайым бақылап отыру қажет, себебі, морфе-
маларды сол құрылымдық қатардағы дыбыстық варианттармен са-
лыстыру үшін басқа тəсіл жоқ. Мағынаның тұтастығы, яғни мор-
фема бойындағы тұрақты мағынаның сақталуы аталмыш мəселені
шешудің кілті болуы мүмкін, яғни біз бір ғана морфема туралы
айтып отырмыз ба, əлде олардың тек дыбыстық варианттары ту-
ралы немесе олардың əртүрлі морфологиялық элементтері туралы
20
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
айтып отырмыз ба деген сұраққа жауап алудың кілті болып сана-
лады» [15].
Егер тілдің кейбір тарихи дамуындағы ерекшеліктер мен өзіне
тəн арнайы қасиеттері өткен дүниенің кейбір қалдықтарын (ре-
ликтілерін) сақтауға мүмкіндік бермесе, онда тілді салыстырма-
лы-генетикалық тұрғыдан зерттеу де мүмкін емес болар еді. Себебі
солардың негізінде əрбір тілдің тарихы қалыптасады, сол тарихи
белгілер зерттеледі [16].
Тілдің өткен тарихындағы қалдықтарды сақтауға мүмкіндік
жасайтын екі факторды атауға болады: олар – жіктеліп отырған
тілдің жеке компоненттеріндегі өзгерістердің біркелкі болмауы,
кең көлемде алғандағы жалпы тілдердің бойындағы өзгерістердің
бір қалыпты болмауы.
Салыстырмалы-тарихи əдістің осындай сəттерінің өлі түбір-
лерді талдауға да қатысы бар. Императив етістік құрамындағы
байырғы түбірлердің этимологиялық құрылымын анықтаудағы
оның рөлін жоққа шығармағанмен, сөздің морфемалық құрамы-
ның тарихи жіктелуін анықтау барысында салыстырмалы-тарихи
əдіспен қатар морфемалық талдау мен жоққа шығару əдістерін де
кеңінен қолданған дұрыс екендігін мойындауымыз керек. Себебі,
олар бастапқы түбірді оған жалғанған грамматикалық форманттан
біртіндеп ажырату жолымен анықтайды. Біз талдап отырған им-
ператив етістік құрамындағы морфемалық жіктелу құрылымы, ең
алдымен екібуындылығымен сипатталады. Ал тілші ғалымдардың
көбі олардың құрылымына интуиция арқылы қазіргі тілде жік-
телмейтін бірбуынды түбір-негізді көреді.
Себебі түркі тілдеріндегі көптеген екібуынды ИЕ-дің құра-
мындағы моносиллабтар морфологиялық құрылымның сан ғасыр-
лық тарихи дамудың жемісі деп саналады. Екібуынды импера-
тив етістіктердің морфемалық жіктелімі екі аспектіде қарасты-
рылады: аффикстік морфемаға модельді талдау жасау жолымен
түбірлі морфемаларды жаңғырту жəне бірнеше гомогенді туынды
негіздер ұясы арқылы түбірлі морфемаларды жаңғырту. Осындай
əдістердің көмегімен біз түбірлердің тірі (жеке тұрып мағына бере
алатын) жəне өлі (жеке тұрып мағына бере алмайтын) түбірлер
топтамасын жасаймыз.
21
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
Тілдің даму диалектикасына сай тірі түбірлердің өлі түбірге
айналуы мүмкін, керісінше құбылыс байқалмайды. Бұл жайт бір
кезде жеке морфологиялық бірліктерді қалпына келтіруге мүм-
кіндік береді.
Екібуынды императив етістік құрамындағы бір буынды туын-
ды негізді диахрондық тұрғыдан зерттеу түркі тілінің жалпы тіл-
дік қорының негізгі өзегі болып саналатын түркі түбірлерінің
көп аспектілі жəне күрделі мəселесіне тікелей қатысы бар. Мор-
фемалық талдау жолдарымен анықталған жəне қайта жаңғыр-
тылған қазақ тіліндегі өлі түбірлер жалған этимология жасалған
архаикалық элементтерді анықтауға да септігін тигізеді, жеке
тұрғанда мағына білдіре алатын жəне əбден көнеленген, архаизм-
дік сипат алған түбірлік элементтердің саны мен қатынасын
анықтауға мүмкіндік тудырады. Осындай зерттеулердің негізінде
түркі түбірлерінің дəрежесін ғылыми тұрғыдан түсіндіруге, аг-
глютинативтену процесінің сипатын анықтауға жəне түбір лек-
сикасының ататүркілік күйін зерттеуге болады.
Қазақ тіліндегі өлі түбірлерді зерттеу этимологиялық ізденіс
бағытындағы жұмыстарға, этимологиялық сөздік жасау жұмыс-
тарына, жоғары оқу орындарында тарихи лексикология жəне
морфология пəнінен дəріс беруде үлкен үлес қоса алады. Зерттеу
жұмысының материалдарын басқа түркі тілдеріндегі аталмыш
мəселеге қатысты проблемаларды зерттеуде кеңінен қолдануға
болады.
22
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
ТҮБІР МОРФЕМАЛАР ЭТИМОЛОГИЯСЫНЫҢ
КӨМЕСКІЛЕНУІ ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ РЕКОНСТРУКЦИЯСЫ
Етістік белгілі бір тілдің өзіндік ерекшеліктерін барынша ай-
қын көрсететін аса маңызды грамматикалық категориялардың бі-
рі болып табылады. Ол іс-əрекет пен күйдің өзгерістерін көрсету
арқылы лексикада ерекше орын алады. Ғылымда бұрыннан белгілі
ең көне жазба ескерткіштердің бірі Енисей жазба ескерткіштерін
зерттеу барысында И.А. Батмановтың жасаған пайымдауы бойын-
ша, «етістік қазіргі кездегідей осыдан бір жарым мың жыл бұрын
да негізгі сөз таптарының бірі ретінде тұрмыс-тіршіліктің сан алу-
ан тұстарын сипаттау үшін жəне ежелгі түркілердің сан қырлы
ұғым-түсініктерін көрсету үшін қызмет етті» жəне «ғасырлар бой-
ына өзгеріске онша ұшырай қоймаған етістік морфологиясының
жете дамыған жүйесі болды» [17]. Ал А.А. Юлдашевтың пікірін-
ше, «етістік түбірінің семантикасын өзге сөз таптарының түбір-
лерінен ерекшелейтін айырмашылығы – салыстырмалы түрде
етістік түбірінің табиғатындағы логикалық ұғымның мейлінше
абстрактілі сипатында. Осының нəтижесінде етістік түбірінің се-
мантикасы етістік түбірлерінің жаңа дыбыстық кешендерінің пай-
да болу процесінің тоқтағанына жəне есім түбірлерге қарағанда
етістік түбірлерінің сан жағынан аздығына қарамастан, өзінің
дамуға икемділігімен жəне орамдылығымен ерекшеленеді. Əлі де
болса пайда болып жатқан іс-əрекеттер жөніндегі көптеген жаңа
ұғымдар, əдеттегідей, түбірлердің осы қолданылып отырған құ-
рамы арқылы белгіленеді» [18].
Етістік түбірінің дербес сөз ретінде сөз түрлендіру тұлғала-
рынан тыс қолданылмайтындығы да оның өзіндік ерекшелігі бо-
лып табылды, алайда етістік түбірлерді диахрондық зерттеу бары-
сында керісінше жағдайды аңғаруға болады. Тек түбір мəндерімен
шектес болып келетін императив тұлғада ғана басқаша, өйткені
бұйрық райдың айрықша морфологиялық көрсеткіштері жоқ,
таза етістік негізін ғана білдіреді. Осындай ерекшелік үндіеуропа
23
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
тілдеріне де тəн. Акад. В.В. Виноградов атап көрсеткендей, мұндай
«морфологиялық құрылым бұйрық райды орыс етістігінің жал-
пы жүйесінен түгелдей бөліп шығарады» [19]. Осының негізінде
басқа ғалымдар да бұйрық рай тұлғаларын одағайлармен жəне во-
катив сөздермен жақындастыруға тырысады [20].
Қазақ тілінің грамматикасында бұйрық рай тұлғасы импера-
тив мағына ретінде түсіндіріледі. Ол əртүрлі модаль мағыналарды
білдіреді: бұйыру, өтіну, іс-қимылға тарту, кеңес беру, тілек,
ерік жəне т.б. [21]. Осы жерде мынадай мəселе назар аударады.
Біз талдау жасап отырған ИЕ етістік тұлғаларының императив
мағыналары əрдайым қосымшасыз тұлғада беріледі ме, яғни им-
ператив тұлға үнемі түбір морфемаға сəйкес келеді ме? ИЕ-дің
осындай ерекшелігі, яғни императив мағынаның қосымшасыз
берілуі жөнінде Г.И. Рамстедт мынадай бір қызық ой айтады:
«корей тіліндегі қосымшасыз бұйрық райдың өктем жəне дөрекі
болғаны соншалықты, оларға бұйырудың анағұрлым бəсең, сы-
пайы тұлғаларына орнын беруге тура келді» [22].
Етістік түбірлердің қандай да бір суффикстермен берілмеген
императив мағыналарын өзге түркітанушылар да теріске шығар-
майды. Мəселен, Б.М. Юнусалиев былай деп жазады: «Егер де
қайтадан қалпына келтірілетін етістік түбірлердің лексикалық
мағыналарын беруде белгілі бір дүдəмалдықтар кездесетін болса,
онда олар бұйрық райдың жекеше түрінің екінші жағындағы
грамматикалық мағынаны көрсететіндігінде ешқандай күмəн бол-
маса керек. Себебі түркі-монғол тілдерінде етістік негізі түбір
қосымшасыз əрқашан да осы аталған грамматикалық мағынаны
білдіреді» [23]. Дегенмен қосымшасыз етістік негізі мен бұйрық
райды теңестіргілері келмейтін ғалымдар да бар, олар бұйрық
райдағы дауыс екпінін (интонацияны) оның ажырамас бөлігі, ең
басты белгісі деп есептейді [24].
Көптеген етістіктердің императив тұлғасы олардың түбірлік
тұлғасының бірден-бір критерийі болып табылмайды, дегенмен
Г.И. Рамстедт бұларда да бір кездерде қандай да бір қысқарту
болғандығын теріске шығармайды [25]. Тарихи-салыстырмалы
əдіс негізінде морфемаларды жеке-жеке талдау арқылы көптеген
ИЕ-дің құрамындағы өлі түбірлерді айқындау бірқатар «түбірлік»
ИЕ-дің туынды екендігін жəне олардың түбірлерге үнемі сəйкес
24
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
келе бермейтіндігін көрсетіп отыр. Моңғол тілдерін салыстыра
зерттеген Г.Д. Санжеев көрсеткендей, «Мəселе мынада, тарихи
тұрғыдан алғанда монғол етістігінің əртүрлі тұлғаларын бұйрық
райдан пайда болған деп есептеу тіптен дұрыс емес, етістіктің ал-
уан түрлі тұлғалары мен бұйрық рай категориясының даму проб-
лемасы оның қазіргі морфологиялық құрылымының негізінде
үнемі шешіле беруі де мүмкін емес» [26].
Осылай бола тұра, диахрондық тұрғыдан ИЕ-дің құрамынан
аффикстерді бөліп алу олардың императив мағыналарына ешқан-
дай қайшылық туғыза қоймайды. Императив тұлғаға жалғанған
əртүрлі аффикстер «қосымша реңктер үстейді – табандылық, ке-
сімділік, эмоциялық-ерік мағыналарын күшейтеді немесе, керісін-
ше, бəсеңдетеді» [27]. Қазақ тілінде анықталған ИЕ-дің сөзжа-
самдық модельдері таза императив мағынамен қатар етістіктің мы-
надай мағыналарын да білдіреді: қарқындылық, жиілік, ұзақтық,
үздіксіздік; қайталанушылық, ортақтық, өзаралық, іс-əрекеттің
ортақтығы, кішірейту жəне ұқсату мағыналары жəне т.б.
Біздегі жинақталған материалдар бойынша анықталған 34 мо-
дельдің негізінде бұйрық райдың екібуынды тұлғалары қарасты-
рылды. Олар қазақ тілінде үнемі ИЕ-ді жасауға қатысып отыра-
тын толық қалыптасқан грамматикалық тəсілдерді көрсетеді [28]
.
Мысалы, √=а=//=е=: ат> ата=, *ұз>ұза=, *без>безе= жəне т.б.;
√= ас=//=ес= * ад>адас=, * ег>егес=, егесу, * күр>күрес= жəне т.б.
Екінші тарауда ИЕ-дің осы 34 сөзжасамдық үлгісінің толық
тізбесі беріліп, оларға жан-жақты модельдік талдау жасалады.
Жоғарыда келтіріліп отырған етістіктерге модельдік талдау
жасау арқылы олардың тілдік табиғатын анықтай отырып, бірін-
шіден, олардың ортақтығын, яғни императив мағынаның төңірегіне
топтасқандығын, екіншіден, ИЕ-дің шартты түрде белгіленген
34 моделінің негізінде жасалған грамматикалық тұлғалардың
ұдайы жүйелі түрде қолданылуын атап өтуге болады.
Грамматикалық дəрежесі еш күмəн тудырмайтын императив
категориясы ретінде тарихи қалыптасқан əр модельдің өзіндік
ерекшеліктерін көрсете отырып, олардың ортақ қасиеттерін де
атап өткен жөн. Атап айтқанда, олар төмендегідей болып келеді:
1. Аталған модельдердің барлық екібуынды ИЕ-тері диахрон-
дық тұрғыдан алғанда этимологиялық нақты дербес түбір мен
грамматикалық тұлғадан тұрады.
25
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
2. ИЕ-дің 35 моделін құрайтын əр грамматикалық тұлғаның
дербестігіне жəне ерекшелігіне қарамастан, көп жағдайларда
оларды императив мағына біріктіреді. Алайда тілдің даму проце-
сінде бұл тұлғалар бастапқы императив мағынасын жоғалтуының
нəтижесінде шартты «бастапқы» тұлғаларға бірігеді де, импе-
ративтің екіншілік тұлғасын жасайды. Мысалы: *ай>айт>айт-
тыр=; *қай>қайт>қайтар=; *са>сан>сана= жəне т.б.
3. Императив тұлғаның құрамынан бөліп алынатын түбірлер
бір модельмен ғана шектелмейді, өйткені сөз деривациясының
реконструкциясы жеке сөздің моделін емес, туындатушы мо-
дельдер жасауды талап етеді. Бұл жағдай осы аталған негіздердің
гомогенділігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірнеше туынды
негіздердегі немесе этимологиялық түбірлердегі, əсіресе «өлі»
элементтің туынды түбір ретінде қайталануы оның бұрынғы
кездері дербес болғандығын көрсетеді.
Мысалы:
ге=
ме=
*жөр
гем
гек
ға=
ша=
*қор
ық=
ы=
4. ИЕ-дің сөз таптарына қатыстылығын төмендегі жағдайдан
аңғаруға болады: жиналған материалға жасалған модельдік тал-
дау бір модельдің бойынан есім негізді, етістік негізді, сонымен
қатар синкретті ИЕ-ді табуға болатынын көрсетеді.
Мысалы, -ық-//-ік- моделі бойынша негізінен есім негізді
императивтер жасалады: аш «қарны аш» < ашық= «ашығу», бір
«бір» > бірік= «бірігу»; дем «дем алу, тыныс алу» < демік= демігу,
ауыр тыныс алу; жау «жау, дұшпан» < жауық = «жауығу»; жел
«жел» < желік= «желігу»; зар «зар илеу, жалбарыну» < зарық=
«зарығу» жəне т.б. Сонымен қатар етістік негізді императивтер де
кездеседі: көн= «көну», «келісу» < көнік «көнігу, көндігу», кір=
«кіру» < кірік «кірігу»; тын= «тыну», «тынышталу» < тынық=
«тынығу», «демалу». ИЕ-дің құрамындағы дербес тірі түбірлер-
26
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
дің қандай да бір сөз табына қатыстылығын анықтау онша
қиындық туғыза қоймайды, ал өлі түбірлердің қай сөз табына тəн
екендігін дəл басып айта қою оңай емес. Мысалы: *ай < айық=;
*ас < асық; бұй < бұйық; *ел < елік; *ер < ерік; *жал < жалық;
*жат < жатық; *құн < құнық; тұт < тұтық жəне т.б.
Біздің ойымызша, ИЕ-дің синкретизмі сол етістік түбірлердің
синкреттілігімен немесе жалғанатын элементтердің қосарлы қыз-
метімен түсіндіріледі. Бұл мəселені жіктей-жіліктей отырып зер-
делеу біздің міндетімізге жатпайды [29], дегенмен осы зерттеу
тақырыбымен тікелей байланысы бар аталмыш құбылыстың кей-
бір тұстарына назар аудармасқа болмайды.
Мысалы, кешік туынды етістігі жасалатын кеш «кеш (мезгіл)»
тұлғасы есім ретінде қарастырылады. Бірақ əртүрлі түркі тілдерінің
деректері көрсетіп отырғандай, оның екі мағынасы бар (ДТС. 290-
291-бб.).
Əрине, кешік= ИЕ-нің түбірін тек есім негізді немесе етістік
негізді деп анықтау дұрыс болмас еді. Біздің ойымызша, кеш= –
синкретті түбір, ал оған жалғанатын грамматикалық көрсеткіштің
бірнеше мағынасы бар.
Тағы бір мысал: тын – синкретті лексема, оның есім негізді
мағынасы tin «тыныс алу, үрлеу» // tin= «дем алу, тынығу» сөзінде
сақталып қалған (МК.Т.1. 339-б.; Т.2. 40-б.). Бұл түбірге -ық аф-
фиксі жалғануы арқылы тынық= «тынық, демал» өзгелік мағы-
насы күшейе түседі, оның омонимдес аффикс арқылы жасалған
есім негізді тынық тұлғасымен енді синкретті байланысы бол-
майды.
5. Көптеген ИЕ-дің құрамындағы өлі түбірлердің өзіндік
ерекшеліктерінің бірі – олардың фонетикалық-морфологиялық
варианттылығы болып табылады.
Қазақ тіліндегі императив етістіктердің құрамындағы көптеген
өлі түбірлер қазіргі түркі тілдерінде алуан түрлі фонетикалық
жəне морфологиялық варианттарымен берілген. Мысалы, Орхон-
Енисей ескерткіштерінде «байлау», «байластыру» мағынасында
қолданылған ба (bа=) өлі түбірінің негізінде (ДТС. 76-б.) түркі
тілдерінде бай-//бау//бағ-//бан- варианттары пайда болды.
Түркі тілдерінің ары қарай дамуында олардың əрқайсысында
екіншілік туынды түбірлер пайда болды. Мысалы, *бай өлі тү-
27
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
бірінен қазақ тілінде байла= етістігі, ал бау дербес түбірінен бау-
ла туынды түбірі жасалды. Қазіргі түркі тілдерінің арасында бай
түбірінің ең көне варианты якут тілінде сақталған: баай – «бай-
лау», «байластыру», «буу», «өру», «буып-түю», «шырмап байлау»
(ЯРС, 72-б.).
Өлі түбірлердің варианттары қос сөздердің компоненттері
ретінде жиі кездеседі. Ə.Т. Қайдаров ұйғыр тіліндегі қос сөздер
туралы зерттеуінде қос сөздердің көптеген компоненттері белгілі
бір түбірдің əртүрлі варианттары екендігін көрсетеді [30]. Мыса-
лы, жылап-сықта қос сөзіндегі екі компонент те *жы < жыла //
*сық < сықта= бір гомогенді түбірден тарихи жағдайда пай-
да болған. Ескерткіштерде жəне қазіргі түркі тілдерінде «жы-
лау» мағынасындағы түбірдің мынадай варианттары кездеседі:
ағла=// ығла//йығла//сықта= жəне басқалар. Махмұт Қашғаридың
сөздігінде мынандай түрінде кездестіреміз: Ol ani siqtatti/Ol
ani jiglatti «Ол оны жылатты» (МК, Т.2, 232-б.; 235-б.). Көріп
отырғанымыздай, мұндағы этимологиялық түбірдің мынадай ва-
рианттары бар: ағ=//ығ=// *йығ=//*сығ>*сық.
Түбір морфеманың варианттылық мəселесі, əсіресе тарихи-са-
лыстырмалы зерттеулерге қатысты аса өзекті болып отыр.
Мəселе мынада, шығу тегі əркелкі тілдердің материалдарынан
аңғарғанымыздай, белгілі бір архетиптен дамымай, яғни əртүрлі
бола тұра (шектеулі реконструкция шеңберінде), олардың ара-
сында өзара анағұрлым мағыналық жəне тұлғалық жақындық-
тары бар. Мұндай түбірлерді Н.А. Сыромятников тектес түбірлер
деп атауды ұсынған еді: жапон: kir=, kar=, kur=, kor= т.б. [31]
6. ИЕ-ді жасайтын түбірлердің арасында кірме сөздер өте си-
рек ұшырасады: кемі= > кем «аз» (парсы), зор > зорай жəне т.б.
Бұл, біріншіден, кірме етістіктердің болмауымен, екіншіден, им-
ператив түбірлердің көнелігімен түсіндіріледі.
7. Əр тілдегі ИЕ-дің түбірлері – бұл олардың көбіне көнеле-
нуіне əкеп соғатын сол тілдің негізгі лексикасының ұзақ тари-
хи даму процесінің нəтижесі. Сондықтан мұндай түбірлер саны
жағынан ғана емес, сол сияқты «өлі» түбірге айналу дəрежесіне
де байланысты əр тілде əртүрлі көрініс беріп, түбір мен туынды
тұлғалардың шегін анықтау күрделене түседі.
Диахрондық тұрғыдан жіктелетін ИЕ-ге жасалған морфемалық
талдау арқылы анықталған аффикстік морфемалар олардың құ-
28
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
рамында əртүрлі грамматикалық қызметтер атқаратындығын көр-
сетеді. Мысалы, салт етістікті сабақты етістікке айналдырады, етіс
мағынасын білдіреді, тіпті, сөз құрылымының даму процесінде
бұл мағыналар жойылып кетуі де мүмкін.
Н.И. Конрад жəне тағы да басқа ғалымдар салт-сабақты етіс-
тіктер мен каузатив категориясын өзара тығыз байланыста қарас-
тырады: «... біреуді, яғни адамды ғана белгілі бір əрекет істеуге
мəжбүрлеуге болады. Белгілі бір затқа немесе нəрсеге бірнəрсе
істету мүмкін емес. Оны қандай да бір əрекетке мəжбүрлеу – оны
жай ғана белсенді əрекетке итермелеу деген сөз. Бұл салт етістіктің
сабақты етістікке айналғандығын көрсетпейді. Зат немесе нəрсе
жөніндегі мəселедегі өзгелік етістің басты мəні, міне, осында бо-
лып отыр» [32]. Бұл түркі тілдеріндегі ИЕ-ге де тəн болып келеді.
Олар да салт-сабақты етістіктер категориясымен өзара байланыста
етіс мағынасын білдіреді.
Біз талдау жасаған көптеген ИЕ-де етіс тұлғалары белгілі бір
грамматикалық мағынаның жойылуының нəтижесінде сақталып
қалған [33]. Мысалы, Н.К. Дмитриев белгілі айт= ИЕ-гін былай-
ша жіктеп көрсетеді: «Тарихи жағынан алғанда ол екі бөліктен
тұрады: *ай түбірі жəне өзгелік етіс қосымшасы =т. Осылайша,
бұл негіздің тұспалданып отырған мағынасы жай ғана «айту» (ай)
емес, «айтуға мəжбүрлеу//бұйыру//мүмкіндік беру»» болу керек
еді. Алайда, сирек те болса кездесіп тұратын өзге жағдайлардағы
тəрізді, мұнда да өзгелік етіс мəнінің «жұрнағы» қалмаған, сол
себепті айт құрамды негізі ол мағынада қабылданбайды. Осыған
сəйкес «өзгеліктің» ұғымдық реңктерін мүлде жоғалтып, мағынасы
да қарапайымданған» [34].
Бірқатар түркі тілдерінде *аj элементі өлі түбір болып табы-
лады, өйткені ол дербес сөз түрінде тек якут тілінде (ый= «айту»;
бұл жерде түркі тілдеріндегі ашық жəне қысаң дауыстылардың
сəйкестік заңы бойынша ый= ай= арақатынасын көріп отырмыз),
лобнор тілінде – (aj= «айту» [35]), сол сияқты əзірбайжан тілінің
диалектілерінде [36] жəне көне түркі жазба ескерткіштерінде ғана
сақталған (ау= – «айту», «əңгімелеу», «қиындықтар кезінде, сот-
ты болған жағдайларда сөз сөйлеу», яғни ресми сөз сөйлеу (ДТС.
25-б.). *Аj элементінің өлі түбірге айналуы, біріншіден, оның
етіс формантымен кірігуімен байланысты болса, екіншіден, бұл
29
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
мағынада басқа етістіктің қолданылуы болса керек, салыстыр.:
сөвлə=// сөзлə=//сөйле=.
Сонымен, біздің аса назар аударып отырғанымыз құрамын-
дағы қосымшаның немесе жасалу тəсілінің этимологиясы анық-
талмайынша тану мүмкін емес көне етістіктердің жасалу типтері
болып табылады. ИЕ-дің сөзжасамдық модельдеріндегі байырғы
етістіктер түркі тілдерінің қазіргі даму кезеңінде морфологиялық
жіктеуге келмейді.
Мысалы, *bul= < =бүл –дір=, *bul Махмұт Қашғаридың сөз-
дігінде – «бүлінген», «ескірген» (МК, Т.1, 335-б.).
*Бүл= этимологиялық түбірі қазақ тілінде дербес сөз ретінде
тек батырлар жырларында, Бұқар жырау, Махамбет жəне т.б.
шығармаларында ғана кездеседі. Сонымен қатар бұл түбір мы-
надай туынды негіздерде сақталған: бүл-дір=, бүлін=, бүлік=
жəне т.б. Мысалы:
Хандар киген қамқа тон
Шүберек болар тозған соң,
Еңсесі биік кең сарай
Мортық болар бүлген соң [37].
*qop< қоп+ар=, Махмұт Қашғарида qop= етістігін «көтерілу»,
«шарықтау», «жоғары көтерілу», «орнынан қозғалу» деп
қолданылған. Мысалы: er jogari qopdi «ер адам жоғары көтерілді»
(МК. Т.2. 4-б.). Бұл тұлғаны ескі түркі ескерткіштерінде де
кездестіруге болады: қоб=/қоп= «көтеру», «шарықтау», «орнынан
тұру» (ФСЯ. Т.1. 628-б.). Қазіргі қырғыз, ұйғыр жəне кейбір өзге
тілдерде бұл түбір дербес сөз ретінде қолданылады.
Э.В. Севортянның айтуынша, «əзірбайжан тіліндегі етістер та-
рихи тұрғыдан алғанда сөзжасамдық категория да, ары қарай етіс-
тіктік тұлғажасам категориясына айналады. Етіс тұлғалары өзінің
бастапқы қолданысында есім негізді етістіктердің сөзжасамдық қо-
сымшаларымен кірігеді де, солар тəріздес есім негіздерден етістік
жасайды» [38]. Басқа ғалымдар да етіс категориясын лексика-
грамматикалық деп есептейді [39]. Талданып отырған ИЕ-дің
құрамындағы аффикстік морфемалардың жоғарыда атап өтілген
қызметтерін зерттеу бұл модельдердің императивтік мағынаны
үнемі білдіре бермейтіндігін көрсетеді. Əсіресе, бұл императив
тұлғадағы етістіктерді қазақ тілінен орыс тіліне аударғанда кей
жағдайларда олар қиындықтар туғызады.
30
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
Кейбір түркі тілдеріндегі байырғы бірбуынды түбірлерді етістік
тұлғалардың плеоназмдық үстемеленуі арқылы «ұзарту» олардың
ары қарай дамуының нəтижесі болып табылады. Дəл осы етістік
тұлғаларының нəтижесінде бұл түбірлердің мағынасы мейлінше
нақтылыққа ие болады. Мысалы, егер Орхон ескерткіштерінде:
it= «итеру», kot= «көтеру», uz= «ұзарту» тұлғалары қолданылған
болса, онда қазіргі итер=, көтер=, ұзар= тұлғалары таза
императивтік мағынаны білдірмейді, себебі оларда тілде етістік-
тер мен есімдер болып жіктелген кезеңге сəйкес келетін етістіктік
сөзжасам мағынасы басым. Мысалы, безер= «безеру», «безеріп
үндемеу», «бедірейіп қарау»; бозар= «бозару»; жасар= «жаса-
ру»; кезер= «кебу», «жарылу» (еріннің); қабар= «қабару», «ісу»,
«қампию»; қасар= «қасарысу», «ашулану», «ерегесу», «əдейі істеу»;
сазар= «сазару» жəне тағы да басқа императивтер жекеше түрдің
екінші жағындағы бұйрық райдың мағынасын, яғни императивтік
мағынаны ғана білдіріп қоймайды, белгілі бір заттарға тəн бола-
тын қасиеттері мен белгілерін өзгерту əрекетін немесе процесін
де көрсетеді. Оларда лексикалық сөзжасамдық мағына басым
жəне етіс категориясының грамматикалық мағынасы болмайды.
Х.Г. Нигматов атап көрсеткендей, өзгелік етістің грамматикалану
дəрежесі онша емес, бірақ ортақ, ырықсыз жəне өздік етістермен
салыстырғанда сөзжасамдық деңгейі барынша жоғары [40].
VІІІ-ХІ ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштерінің тілін
зерттеуші В.Г. Кондратьев етістің даму үрдісі туралы мынандай
тұжырым жасайды: «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тіліндегі
ырықсыз-өздік етістің грамматикалық мағыналарының аясы
кейінгі кезеңдерге, оның ішінде ХІ-ХІІ ғасырлардағы «Құтты
білік» жəне Махмұт Қашғаридың «Дивани лұғат-ит- түрк» тəрізді
ескерткіштерінің тілдеріне қарағанда біршама тар» [41].
Етістік түбірін оған жалғанатын грамматикалық элементтерден
морфемалық жіктеу арқылы бөліп алу қарастырылушы түбірлерді
байырғы жəне бірбуынды деп есептеуге негіз береді. Өз кезегінде,
ИЕ-тер – олар түбірлерді бұйырудың немесе түрткі болудың
анағұрлым ашыла түсетін экспрессивтік реңктер жүйесін көрсету
үшін морфологиялық форманттармен күрделендірудің нəтижесі.
Түркі тілдеріндегі бірбуынды түбірлердің көне екендігінде еш
күмəн жоқ. Дəл осы түбірлердің қазіргі күйі мен бастапқы күйінің
31
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
арасында ерекше бір ортақтық аңғарылады. Қазақ тіліндегі көпте-
ген бірбуынды түбірлердің сəйкес параллельдері көне жазба ес-
керткіштерінде, сол сияқты басқа да түркі тілдерінде ұшырасады.
Байырғы түбірлердің бірбуындылығы қазіргі түркі тілдерін зерт-
теуші көптеген ғалымдардың еңбектерінде атап көрсетіледі [42].
Сонымен қатар, жоғарыда атап көрсетілгендей, түркі түбірле-
рінің бірбуындылығы олардың этимологиялық біртұтастығына
кепіл бола алмайды. Осыған байланысты да түркітанудағы түбір
мəселесі бойынша əлі шешімін таппаған аспектілердің бірі ретін-
де – оның құрылымын анықтау мəселесі күрделене түседі.
Н.А. Баскаковтың пайымдауынша, «сөздің фонетикалық құры-
лымы, ең алдымен, оның түбір морфемасының үшдыбыстылы-
ғымен сипатталады. Түркі тілдерінде əрбір түбір алдыңғы жəне
соңғы буыны дауыссыз, ал ортаңғы буыны дауысты болып келетін
тұйық буыннан тұрады, яғни CVC үлгісі бойынша құрылады... Ал,
құрамы үш дыбыстан артық болатын түбірлерге келетін болсақ,
онда мұндай түбірлер өзге тілдерден енген сөздерге жатады неме-
се тарихи жағынан күрделі сөзжасамдық тұлғалардан жасалатын
сөздерге жатады. Олардың құрылымы CVC түбір морфемасынан +
сөзжасамдық өлі немесе өнімсіз жанды аффикстерден тұрады» [43].
Байқап отырғанымыздай, Н.А. Баскаков CV жəне VC типті тү-
бірлерді алғашқы жəне соңғы позициялардағы дауыссыз дыбыс-
тың түсіп қалуының нəтижесі деп санайды. Бұл тұжырымның
ең алғаш Вамбериден бастау алатыны белгілі. Ол VC типті түбір-
лердің құрылымын былайша түсіндіреді: ac < cac, al < tal, am <
kam, ar
ic < tis, ol < bol жəне басқалар [44].
А. Зайончковский созылыңқы дауыстылардың CV типті тү-
бірлердің құрамында болу мүмкіндігін айта отырып, CV типті
түбірлер түркі тілдерінде алғашқы, ал CVC – кейінгі деп есептейді.
Сонымен, А. Зайончковский алғашқы түбірлерге мыналарды жат-
қызады: ad > adun «таң қалу», «таңырқау»; ad > adur «ажырату»,
«белгілеу», «таңдау» [45]. Бұған *ad түбірінің фонетикалық ва-
рианты ретінде қазақ тіліндегі *ай > айыр=, ад > адыр=( адыра
қал=, адырна), *аж > ажыра // *аш > аша // ақа «үшақа», ар >
арал = «арал» жəне т.б.; *ca > cag «от жағу», ca>cat «соққылау»,
«əбігерлену», «қол шапалақтау».
32
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
Қазақ тілінде шақ= етістік түбірі «шағу», «күл-талқанын
шығару» мағыналарын, сондай-ақ ауыспалы мағынада «сөз тасу»,
«өсектеу», «шағымдану» мағыналарын білдіреді. Осыдан барып
шағыстыр= жəне шағым сөздері пайда болады. Алайда, бір
қарағанда, бұл лексемалардың туынды екендігін айыра қою қиын.
Осы тəріздес түбірлерге А. Зайончковский *jo < jod «жоқ болу»,
«мерт болу»; joq «жоқ», *ja < jaj «жайылу», «жазылу», «таралу»,
jad= «таралу», jat= «сол күйінде болу», «жату», ju < jud «тиеу», juk
< «жүк», «тең», «ауырлық», juk= «жинау», «толтыру», *qy < qyl
«істеу», *sa < sac «жан-жаққа лақтыру», «тым-тырақай ету», to <
tod «қанағаттану», «тою», «толық», «тұтас», «бүкіл», «тіптен», tol
< tos «толу», «толтыру», «толтыра құю» жəне тағы басқаларды да
жатқызады.
Г.И. Рамстедт, В. Котвич жəне А.Н. Кононов тəрізді ғалымдар
да CVC тұлғасы V жəне CV типтерінен пайда болған деп есептей-
ді [46]. Б.М. Юнусалиев, керісінше, алғашқы түбірлердің құра-
мында барлық төрт типтің де бар екендігін айтады [47]:
1. V: у «ұйқы»; о «ойлау»;
2. C+V: са= «санау»; сы= «сындыру»;
3 V+C: ат; ал=; ач=; ас=;
4. C+ V +C: кел=; кет=; суг=.
Бірақ ол CVC жəне VC типті түбірлердің жеке-жеке ыды-
райтындығын теріске шығармайды.
Қырғыз тіліндегі CV типті түбір морфемалардың құрылымын
зерттей отырып, Б.О. Орузбаева былай деп жазады: «...VC құры-
лымындағы түбір морфемалардың басым көпшілігі бастапқы
бірбуынды дыбыстар кешенін көрсетеді. Олар, бір жағынан, өзінің
құрылымдық-семантикалық тұтастығын сақтап қалған, екінші жа-
ғынан, қазіргі кезеңде көптеген өзара бөлшектенбейтін екі- жəне
көпбуынды түбірлер жасаудың негізіне айналып отыр, олардың
тарихи туынды, кейінгі тұлға екендіктері тек морфемалық-этимо-
логиялық құрамын қарастыру барысында ғана аңғарылады» [48].
Қазақ тілшілері байырғы түбірлер CV ашық буын түрінде
қолданылған деген пікірді ұстанады [49]. Сонымен қатар көптеген
CV типті бірбуынды етістік түбірлері қазақ тілінде CVC түрінде,
яғни тарихи жағынан туынды түбірлер ретінде сақталған. БТН
(бірбуынды түбір-негіздер) құрылымдарының типтеріне тоқтала
33
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
отырып, Ə.Т. Қайдаров «қазақ жəне басқа да түркі тілдерінің қазіргі
даму кезеңінде БТН типтерінің арасында CVC тек сан жағынан
ғана емес, сол сияқты жұмсалымдық белсенділігі мен көнелігі
тұрғысынан да басым түсетіндігін» атап көрсетеді, сондай-ақ
БТН-нің бұл типі түркі тілдерінің жалғамалы дамуының күрделі де
ұзақ процесін басынан кешіргендігін, сондықтан оны түбірлердің
бастапқы типтеріне жатқызу мүмкін еместігін баса көрсетеді [50].
Түбірлердің мұндай типі түркі тілдерінің типологиялық ерек-
шелігімен, оның жалғамалылығымен айқындалады, мұнда түбір
жəне аффикстік морфемалардың бір-бірімен тоғысуында əртүрлі
фономорфологиялық процестер орын алады, осыған байланысты
В.В. Радлов, П.М. Мелиоранский, Б.Я. Владимирцов, А.Н. Коно-
нов жəне басқалар атап көрсеткендей, көптеген түбір-негіздердің
бірігіп немесе кірігіп кеткен сипаты жөнінде айтқан пікірлері
орынды. Сондықтан түркі тілдерінде негіз бен қосымша тек
жалғамалы түрде емес, сол сияқты фузиялы түрде де байланыса-
ды. Осының нəтижесінде морфемалар тоғысындағы фонетикалық
құбылыстарды негізге алу этимологиясы көмескіленген түбірлерді
қалпына келтіру (реконструкциялау) кезінде аса маңызды рөл
атқарады. Т.А. Бертагаевтың пікірінше, «көп жағдайда олардың
тоғысында қандай тұлғалар ұшырасатынына жəне негіздің қандай
да бір фонетикалық өзгерістерге түсетініне (дыбыстардың түсіп
қалуы, фонемалардың алмасуы, сандхи құбылысы жəне басқалар)
байланысты болады» [51]. Г.И. Рамстедт «сөз қосымшасының
бастапқы дыбысы мен негіздің соңғы дыбысы тоғысатын жердің
аса маңызды» [52] екендігін атап көрсетеді, өйткені дəл осы
жерде тілдің əртүрлі фонетикалық ерекшеліктері көрініс береді.
Қосымшаның бастапқы дыбысы негіздің соңғы дыбысымен
үйлеседі жəне керісінше. Осылайша, фономорфологиялық фактор
өлі түбірлердің пайда болуына ықпал ететін басты факторлардың
бірі болып табылады.
Түбірлердің этимологиясының көмескіленуіндегі фонетика-
лық фактордың рөлін М. Томанов былайша атап көрсетеді: «Тілдің
даму процесінде түбірді фонетикалық жағынан өзгерту олардың
ескіруіне əкеп соғады. Фонетикалық жағынан өзгерген, семанти-
калық тұрғыдан көнеленген түбірлер қосымшалар жалғанған кез-
де еш өзгеріссіз, сол күйінде қалады» [53].
34
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
Міне, осының бəрі əртүрлі тілдердегі сөздің құрылымын түсі-
не білу үшін тек морфологиялық қана емес, сондай-ақ фономорфо-
логиялық талдаудың да айрықша маңызды екендігін көрсетеді [54]:
«Сөздің фонетикалық шегін жəне морфеманың шегін анықтау,
шектік белгілер номенклатурасын нақтылау ең кіші деген мор-
фологиялық элементтерді бөліп алу үшін жəне олардың бірігу
тұлғаларын сипаттау үшін объективті түрде алғышарт бола ала-
ды» [55]. Яғни етістік негізінің құрылымын көмескілендіретін
құбылыстарға түбірлер мен аффикстік морфемалар тоғысында
байқалатын фономорфологиялық процестерді жатқызуға бола-
ды. Тарихи түбірдің аффикстермен бірігуінде немесе өзара кірі-
гіп кетуінде маңызды рөл атқарған белгілі бір шекаралық құбы-
лыстарды анықтау зерттелетін негіздердің морфологиялық жікте-
луін барынша сенімді түрде айқындауға (реконструкциялауға)
мүмкіндік береді.
Түбірді тарихи категория деп тану CVC құрылымымен са-
лыстырғанда CV жəне VC түбір құрылымдарын байырғы деп
санауға негіз болады.
Сонымен қатар көптеген түбір-негіздердің кіріккен немесе
өзара тұтасып кеткен сипаты түркі түбірінің бірбуындылығы жө-
ніндегі қағиданы өзгертпейді. Дегенмен Г.И. Рамстедт негізгі
шығу тегінде тек бірбуынды ғана емес, екібуынды (дисиллабтық)
түбірлердің де болғандығын айтады. Себебі қайсы бір алтай
тілдеріндегі көптеген бірбуынды түбірлер екіншісінде екібуын-
дының сəйкестігі ретінде кездеседі (мысалы, түркі. al=/маньч. ali=).
Соңғы аталып отырған жағдай, ең алдымен екібуынды түбірлердің
етістіктерде де, есімдерде де кездесетіндігін, ал көпбуынды сөздің
соңғы бөлігін бір немесе бірнеше жалғаулар ретінде жіктеуге
болатындығын мойындауға мəжбүр етеді. Сондықтан да түбірдің
бастапқы тұлғасы əрдайым күмəнді болып қала береді [56].
Егер Г.И. Рамстедт өзінің зерттеулерінде түркі тілдерін мон-
ғол-маньчжұр тілдерімен салыстырғанда анағұрлым кейінгі даму
сатысына жатқызса, ал В. Котвичтің алтай тілдеріндегі екібуынды
түбірлерге деген қөзқарасы өзгеше: «Едəуір ықшам тұлғалар сонау
ататүркі тілінің өзіне белгілі болса, ұзақ, созылыңқы монғолдық
тұлғалар анағұрлым кейінгі құбылыстардың нəтижесі болып та-
былады» [57]. Сондай-ақ ол түркілік тұлғалардың бастапқы екен-
35
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
дігіне тағы да бір дерек келтіреді: «Түптеп келгенде, монғол
тіліндегі сөздердің ұзартылуына қатысты жалпы үрдіспен санасуға
тура келеді, осы мақсаттар негізінде оларға белгілі бір дауыстылар
мен дауыссыздар, кейде тұтас буындар да қосылып отырады» [58].
Н.А. Баскаков түркі түбірінің екі дыбыстан тұратын ашық бу-
ынды болып келетінін негіздеген В. Котвич теориясына қарсы
дəйек ретінде созылыңқы дауыстылардың түркі түбірінің шынайы
табиғатын ашып бере алмайтынын айтады. Ғалым төрт дыбыстан
тұратын CVCC тұлғалы модельдерді CVC тұлғасына өнімсіз не-
месе өлі аффикстер жалғану арқылы қалыптасқан деп, ал бір ғана
дауыстыдан тұратын ö – «ойлау», и – «ұйқы», ї – «өсімдік» тəрізді
V тұлғалы модельдерді CVC тұлғасының ықшамдалып, VС мо-
деліне айналған (ї =yі=yіg) негіз деп қарайды [59].
Н.А. Баскаков түбір құрылымы туралы осы тұжырымын ке-
йінгі еңбектерінде тереңдетіп, CV тұлғалы ашық буыннан тұратын
түбірлердің де түркі түбірінің табиғатын анықтаудағы маңызына
мəн береді. Бірақ сандық қатысына қарай CVC тұлғасы басымдық
алатынын, сондықтан тарихи түбір де осы тұлға болатынын қай-
талап көрсетеді [60].
Тарихи туынды ИЕ-ді талдау негізінде өлі түбірлерді жіктей
отырып, біз байырғы етістік түбірлердің негізгі құрылымдық типі
бірбуынды VC жəне CV типтері болып табылатынын байқадық.
Шын мəнінде, бұл жерде нақты түсіндіре кету қажет: дауыссыз-
дың тұрақсыз болуының нəтижесінде пайда болған вариант-
тылық көптеген түбірлерге тəн болып келеді: «Өзге жағдайлар-
дағы тəрізді мұнда да тілдің даму барысында болуы ықтимал
фонетикалық өзгерістер ескерілуі қажет, байырғы дауыссыздың
түсіп қалуы (салыст.: ығла=, қаз. қырғ. ыйла=, өзб. йығла= «жы-
лау», ежелгі созылыңқы дыбыстар жəне якут тіліндегі байырғы
дифтонгтар, сал. якут. уот, түрікм. оот, бірақ қырғ. жəне бас-
қаларында от) жəне тағы басқа да фонетикалық құбылыстар» [61].
Түркі тілдеріндегі етістік түбірлерге тəн болып келетін VC
жəне CV типтері қазіргі кездегі тілдерде осы күйінде сирек кезде-
седі. Дегенмен ХІ ғасырдағы Махмұд Қашғаридың белгілі «Ди-
уан лұғат ат-түрк» ескерткішінде, сол сияқты А. фон Габеннің
«Altturkische Grammatik» еңбегінде берілген сөздік материалда-
рында C+V типті оннан астам бірбуынды негізді кездестіруге бо-
лады
[62].
36
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
Қазіргі кезде өлі түбірлер ретінде қабылданып отырған мұндай
негіздерді тарихи туынды екібуынды жəне көптеген бірбуынды
ИЕ-дің құрамындағы гомогендік қатарға жасалған салыстырма-
лы тарихи морфемалық талдау арқылы да аңғаруға болады. Та-
рихи туынды екендігіне қарамастан, соңғылары қазір түбірлер
болып саналады. Бұл аффикстік морфемалардың динамикалық
табиғатына орай «түбір морфема түрленуінің ұдайы əрекетте бо-
латын тетігі арқылы» түсіндіріледі, олар мыналарға байланыс-
ты болады: 1) кейбір аффикстік морфемалардың өнімділігін
жоғалтуы: мысалы: бағла= «байлау» етістігі бағ + ла= деген екі
морфемадан тұрады, *бағ түбірі тарихи тұрғыдан алғанда *ба=
«байлау» + ғ – есімдердің етістік негізді құрылымының аффиксі:
оq > oq-pa+н «оқып-үйрену», oг «ақыл, ес», о «ойлау» жəне бас-
қалар. 2) сөздің фонетикалық түрленуі: бо + -л > ол «болу»; таш +
ық > чық – «шығу»; ба + н > ман «мен» жəне басқалар [63].
А.Н. Кононов мұндай пікірін VІІ–ІХ ғғ. түркілік руникалық
ескерткіштердің тілі туралы жазған еңбегінде де атап көрсетеді:
«... түбірдің құрылымы бірқатар жағдайларға орай өзгереді, ең
бірінші кезекте ол сөз тудыруға қабілетті кейбір форманттардың
қатысуын сақтап қалуына байланысты. Мысалы, қазіргі түркі
тілдерінде bayla= «байлау» құрылымының бастапқы негізі ba=
«байлау» + y//g зат есімнің етістік негізді аффиксінен тұратын bay
«бау», «байлам» зат есімі екендігі белгілі» [64].
Түбір шегінің өзгеруі, біріншіден, «түбір» ұғымының тарихи
ұғым екендігімен байланысты. Осымен байланысты түркітануда
түбір екі аспект бойынша қарастырылады: синхронды жəне диа-
хронды. Түбірдің синхронды аспектісіне Н.А. Баскаков былайша
анықтама береді: «... түркі тілдерінде сөздің заттық нақты ма-
ғынасы қамтылған жіктелмейтін бөлігі сөздің түбірі деп аталады»
[65]. Біз бұл анықтаманы жоққа шығара алмаймыз, бірақ оның
шарттылығын да мойындауымыз керек. Себебі «жақ=, жан=,
жал= тəрізді мысалдардан аңғардық, қазіргі кездегі осы тəріздес
сөздер тарихи грамматика бойынша біздің санамыздың толысу
деңгейіне қарай жіктеледі»
[66].
Н.А. Баскаковтың байырғы тип ретінде қабылдаған CVC
типті бірбуынды түбірлердің жіктелетіндігі туралы пікірі жəне
Г.И. Рамстедт, В.Л. Котвич, А. Зайончковский, Б.М. Юнусалиев,
37
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
Ə.Т. Қайдаров жəне тағы басқа ғалымдардың көзқарастары бір-
дей. CVC типті негіздер құрамынан тарихи тұрғыда бөліп алын-
ған түбір морфемалар жай дыбыстардың тіркесімі болып табыл-
майды, олардың бастапқыда белгілі бір лексикалық мағынасы
болған. Түбір тарихи категория болғандықтан, оның өзгеру ша-
масы семантикалық, фонетикалық, морфологиялық тұрғыдан ба-
ғаланады, ал оның жасы жүздеген емес, мыңдаған жылдармен өл-
шенеді, өйткені көп жағдайларда ол жаңарған, яғни түрі өзгерген,
этимологиялық жағынан көмескіленген болып келеді. Қазіргі тілде
мұндай түбір тек жорамал элемент немесе өлі түбір ретінде ғана
ұшырасатындығы да осыдан болса керек. Сондықтан CVC типті
түркі тілдеріне тəн түбірлердің қалыптасуы – түбірдің аффикстік
морфемамен фузиялы түрде бірігуінің нəтижесі, көп жағдайларда
А.Н. Кононов жəне басқа ғалымдар атап көрсеткендей, етіс мағы-
насын да білдіреді.
Өлі түбірдің басты құрылымдық ерекшелігі оның бірбуын-
дылығы екендігіне көзіміз жеткеннен кейін, енді біздің барлық
екібуынды ИЕ-ді туынды ретінде қарастыруға толық құқығымыз
бар. Түркітануда олар туынды негіздер ретінде саналады да, ар-
найы қарастырылмайды. Бөліп қарастыруға болатын бірбуынды
түбірлермен салыстырғанда екібуынды негіздерді этимологиялық
жағынан талдау жеңілірек болса да, олардың туынды екендігін
дəлелдеу оңай емес. Мысалы, √-ыр= //-р= моделі бойынша жасал-
ған төмендегі екібуынды ИЕ-тер:
1. ас-ыр=; қаш-ыр= «қашуға мүмкіндік беру»; біт-ір= «аяқ-
тау», «тауысу»; кеш-ір=;
2. *ай-ыр= «ажырату», «бөлу»; *ес-ір= «масаю»; *жас-ыр=;
кід-ір=; * құт-ыр=; *ау-ыр=.
-Ыр/-р грамматикалық формантын бөліп алу арқылы мына-
ны байқауға болады, ас-, қаш-, біт-, кеш- тəрізді толыққанды
түбірлермен қатар сөзжасамда *ай=, *ес=, *жас=, *кід=, *құт=,
*ау= тəрізді түбірлер де кездеседі, олардың мағыналары қазіргі
кезде түсініксіз. Бірінші топтағы түбірлердің басты ерекшелігі –
дербес қолданылу мүмкіндігі болса, ал екінші топтағы түбірлер-
дің дербестігі жоғалған, қазіргі тілде олардың мағыналары кө-
мескіленген.
Егер көптеген моносиллаб негіздер өзінің диахрондық жік-
38
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
телуінде көп жағдайда фономорфологиялық факторларға тəуелді
болса, онда кейбір екібуынды түбірлердің этимологиясының
көмескіленуі жалғамалылықтың дамуымен байланысты. Жалға-
малылық – түркі тілдеріндегі сөзжасамның ең басты тəсілі, оның
мəні мынада: тілдің ары қарай дамуында бірбуынды түбірлер
аффикстер арқылы күрделене түсіп, сөйтіп бірте-бірте түбір
морфемамен тұтасып кеткен. V–VІІІ ғғ. ескерткіштердің мате-
риалдары бойынша бірбуынды түбірлермен қатар екібуынды
түбірлердің де белсенді қолданылғанын аңғаруға болады. Енисей
ескерткіштерінің өзінде көлемі жағынан бірбуынды түбірлерден
аз болса да, екібуынды түбірлерді кездестіруге болады [67]. Ғ. Ай-
даров Орхон ескерткіштерінде де бірбуынды жəне екібуынды
түбірлердің қолданылғандығын атап көрсетеді [68]. Мысалы, итер=
етістігінің жалаң тұлғасы Махмұд Қашғаридың «Диуанында»,
сол сияқты қазіргі хакас, алтай жəне якут тілдерінде сақталған.
Тұрфан өңірінен табылып, хронологиялық жағынан едəуір көне бо-
лып саналатын манихейлік мазмұндағы ұйғыр ескерткіштерінде:
konul qacy ermaksiz nomuj torug itarur / «сана тіршілік етуге негіз-
делмеген нұсқауларды итереді (жоққа шығарады)» (ДТС. 215-б.).
Бұл деректер екібуынды түбірлердің пайда болуы, бірбуынды
түбірдің күрделенуі Енисей-Орхон ескерткіштері табылғанға
дейін аяқталғандығын көрсетеді. Дегенмен Г.И. Рамстедттің
жəне басқа да ғалымдардың көптеген етістік негіздерінің екі-
буындылығы түркі тілдерінде байырғы болып табылады деген
тұжырымдарына толық дəлел бола алмайды.
Бұл негіздерді туынды емес түбірлер қатарына жатқызудың
шартты сипаты бар. Сондықтан дербес мағынаны білдіретін жəне
ары қарай жіктеуге келмейтін сөздің бастапқы маңызды бөлігі
əдетте «түбір» деп аталатын анықтама да қазақ тіліндегі барлық
түбірлерді қамти қоймайтын шартты анықтама болып табыла-
ды. Соңғы кездері ғалымдар жоғарыда аталып өткен критерий-
ге түбірдің семантикалық маңыздылығын да қосады. Мысалы:
жақ=; жан=; жалын= жəне т.б. туынды түбірлер емес, түбір
сөздер. Өйткені қазіргі қазақтар жа сөзін білмейді əрі оны сөз деп
қабылдамайды да» [69].
Мұндай критерийдің негізінде айт=; қайт=; итер=; бөге=;
оят= жəне т.б. императивтер тіпті академиялық грамматиканың
39
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
өзінде түбірді тарихи қалыптасқан категория деп түсінілудің
нəтижесінде түбірлер болып саналып отыр.
Мысалы, күзет= ИЕ-ін қарастырайық. Тарихи тұрғыдан алған-
да ол бірнеше морфемадан тұрады. Көнетүркі ескерткіштерінде
ки жəне оның варианты ко осы аталған мағынада қолданылады.
А.Н. Кононов -з аффиксін əрекет атауларының ретінде қарасты-
рады да, негізінде ко варианты бар көз сөзінен шыққан деп есеп-
тейді, бірақ Батыс Сібір татарларының тілінде ku:kus «көз»; kus
qolaq pulu «қарау» варианты да кездеседі [70]. Kus атау негізіне
=е= аффиксі жалғануы арқылы күзе= етістігі жасалады. Бірақ
қазіргі қазақ тілінде күзе= тұлғасы «күзету» мағынасында қол-
данылмайды, себебі оның орнын күзет= жаңа тұлғасы алмастыр-
ған. Мұндағы =т= – императив тұлға [71].
Сонымен, түркі түбірінің байырғы құрылымын анықтау мə-
селесін зерттеу барысында көрсетілген, түркітануда қалыптасқан
осы бағыттағы белгілі ғылыми тұжырымдар негізінде (түбір
морфеманың үшдыбыстылығы туралы (Н.А. Баскаков), CVC
типімен салыстырғанда V жəне CV құрылымдарының алғашқы
екендігі туралы (А. Зайончковский, Г. Рамстедт, А.Н. Кононов,
В. Котвич), V, CV, VC жəне CVC типті түбір құрылымдарының
қатар қолданылуы туралы (Б.М. Юнусалиев) жəне т.б. пікірлер)
түпкілікті шешімін тапты деп айта қою қиын. CV [72] типін түбірдің
негізгі құрылымы ретінде бөле отырып, мына жағдайды атап
көрсетуге болады: түбір – тарихи категория, сондықтан тілдің əр
даму кезеңінде түбірдің бірнеше моделі қатар қолданылуы мүмкін.
Түбірді тарихи категория ретінде түсіну CVC құрылымымен
салыстырғанда CV жəне VC түбір құрылымдарының алғашқы
екендігі туралы тұжырым жасауға негіз болады.
Бұл мəселе қазіргі тілді зерттеу деңгейінің антропоөзектік,
функционалдық, кешенді сипатына сай жаңа сапада өзектеле түсіп
отыр. Біздің ойымызша, түбір проблемасының күн тəртібінен
түспей отыруы алғашқы дыбыстық тілдің сұлбасы байқала бас-
таған кезден бастау алатын түркі түбірінің бірнеше сатылы даму
жолы мен оның қайшылыққа толы күрделі құрылымдық таби-
ғатына байланысты.
Басқасын айтпағанда, агглютинативті табиғатына сай түбір тұл-
ғасының қарапайымнан күрделіге қарай дамуы басты ерекшелік
40
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
болғанымен, тарихи даму барысындағы фонетикалық заңдылық-
тарға орай қай кезеңде кері процестерді де (ықшамдану, редукция,
элизия, т.б.) басынан өткізуі, одан қайта күрделенуі, гаплалогия
мен редукция, үнемдеу принципі бойынша жаңа тіркесім мен жаңа
фонологиялық жағдайды туғызады. Бұл дыбыстардың позициялық
ауысуына, дыбыстардың түсіп қалуына, екі дыбыстың орнына жаңа
бір дыбыстың пайда болуына алып келеді. Ал дыбыс өзгерістерінің
қордалануы коммуникативтік сипатта дыбыстық жүйенің жаңаша
қалыптасуына арқау болады. Дыбыстық жүйедегі өзгерістер бір
буынды түбірлердің құрылымына əсер етіп, семантикалық даму
барысында қарапайым фонетикалық өзгерістер фонологиялық
құрылымға да ықпал етуі мүмкін. Осы үдерістің нəтижесінде ды-
быс сəйкестіктерінің екінші дəрежелі фоно-морфо-семантикалық
қырлары қалыптасады. Демек, тіл білімінің қазіргі кезеңдегі
бағытының кеңістігінен қарасақ, тілдің (түбірдің) шынайы бол-
мысын танып, білу əрдайым тұлға мен мазмұнды бірлікте қарап,
жалпытүркілік лексика қорының негізін құрайтын бірбуынды
түбірлердің құрылымының күрделенуінің де, семантикалық да-
муы да адам санасымен, дүниетанымымен тікелей байланысты
құбылыс ретінде танылады.
Осы тұрғыдан бағамдап қарасақ, қазақ тіл біліміндегі түбір
құрылымына қатысты ғылыми болжамдардың жаңаша сипатын
Б. Сағындықұлының еңбектерінен көруге болады [73].
Атап айтқанда, қазақ тіліндегі түбірлердің ғасырлар бойы
өзгеру, бір қалыптан екінші қалыпқа көшу эволюциясын өзге жү-
йедегі тілдердің деректерімен салыстырып, соның нəтижесінде ды-
быстық сəйкестіктердің этимологиясын, үнемдеу заңдылығының
тілдегі көрінісін, флексия құбылысының қалдықтарын анықтай-
ды. Зерттеу барысында «силлабофонема» ұғымын енгізіп, оны
түбір жəне аффикстік морфемалардың реконструкциясын анық-
тауда тиімді тəсіл ретінде ұсынады [74].
Мысалы, шығу төркіні бір дыбыстық сəйкестіктер негізінде
қалыптасқан: жайпақ-тайпақ, жалпақ-талпақ, саяз-таяз, сірес-
тірес, сетіне-шетіне; дыбыстардың түсіп қалуы: балбыра-албыра,
бадырай-адырай, бақыр-ақыр, сарқыра-арқыра, т.б. Түбірлердің
құрылымындағы бірде тіл алды, бірде тіл арты, бірде ашық, бірде
қысаң дауыстылар: балбыра-былбыра, тарби-тырби, арси-ырси,
41
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
баттый-быттый, аңыра-еңіре, т.б. осы сияқты тек қазақ тілінің
өз ішіндегі деректері түбір негіздерінің құрылымының даму
динамикасының фоно-морфо-семантикалық əлеуетін көрсетеді.
Мəселенің бұлайша қойылуының сөздердің түбірлік құры-
лымына қатысты мəні тіптен ерекше. Оның ішінде реликтілі түбір
морфемалар – осыдан жүздеген, мыңдаған жылдар жемісі, бұрын
тарихта болған тілдік құрылымдардың, кей жағдайда танымас-
тай боп өзгерген, өшкен, иə ұмытылған элементтердің көрінісі.
Сондықтан да бұл бағытта іздену аса жауапты, əрі өте қиын. Де-
генмен ғылымның кең мүмкіндіктері мен əртүрлі əдіс-тəсілдерді
пайдаланып, табиғатындағы талай жұмбақ құбылыстардың қыр-
сырын айқындауға болатыны дəлелденіп отыр. Осы тұрғыдан, мы-
салы, көне түбірлерді барлық тілге де тəн ортақ тілдік құбылыс
ретінде қарау, орыс, неміс, қазақ, т.б. тілдік деректерінің негізінде
типологиялық зерттеу жасауға да тиімді болып, соның нəтижесінде
тың қорытындылар жасауға негіз болып отыр.
Түбір құрылымын жаңа деңгейде анықтауға негіз болатын
ғылыми нəтиженің бірі – қазақ тіл білімінде сөзжасам саласының
дербестелуі таным нəтижесінде тілде атау жасау мəселесінде
түбіржасам мен сөзжасам сабақтасады. Бірақ сөзжасамды анық-
таудың негізінен синхрондық аспектіде жүргізілуі тілдің тарихи
даму қалыптасу жолын, сөзжасамдық тəсілдерін толық көрсетуге
мүмкіншілік бермейді. Осымен байланысты А. Салқынбайдың сөз-
жасамдық процесті ойлаудың тілдегі сипатын танытатын күрделі
құрылым ретінде онтогенездік аспектіде, диахрондық сипатта
бағалап, тарихи сөзжасам процесін семантикалық тұрғыдан қа-
растырған еңбегі түбіртанудың көкжиегін кеңіте түсті [75].
Зерттеу барысында туынды сөзді негіздеуші түбір сөздің
мағынасы – макросема, этимон түбірлердікі – архисема деп, со-
нымен бірге өзек сема, арнаулы сема, ортақ сема, негізгі сема-
лар анықталып, олардың туынды сөз мағынасындағы деңгейі
көрсетіледі. Демек, морфологияда түбірлес сөздер аясында тү-
бірдің семантикалық табиғаты толық айқындалмайды. Сөзжа-
самда түбірлес сөздердің құрамындағы архисеманың сақталуы
арқылы түбірдің тарихи даму барысы байқалады.
А. Салқынбай көрсеткендей, «тарихи сөзжасам процесін диа-
хронды аспектіде зерттелудің негізгі мəселелерінің бірі сөзжасамға
42
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
негіз болып табылатын түбірлермен, олардың архисемаларының
жіктелу жолдарымен, мағыналық ауқымдылығымен байланыс-
ты» [76].
Ғалымның пікірі бойынша, кез келген туынды сөздің түбірінде
сақталып, мағыналық жəне тұлғалық жіктеліске түсіп, өзгерген
дамыған түбірлер – этимон түбірлер. Оларды табу, архисемасын
анықтау тарихи сөзжасамның негізгі мəселелерінің бірі (Сонда).
Мысалы, ар этимонының мағыналық дамуы: қозғалыс семасы (ар-
лан, аруана, арғымақ), қасиетті сема (аруақ, ар, арша), тазалық
семасы (ару, аршын, төс, аруана, т.б.), арықтың семасы, арылу
семасы, т.б. [77].
Осымен байланысты қазақ тілі лексикасының өзегін құрай-
тын тарихи туынды түбірлерді тіл дамуының фоно-морфосеман-
тикалық құрылым жəне сөзжасам сабақтастығында диахрондық
тұрғыдан сипаттап, уəждік жүйесін анықтау – қазақ тіл біліміндегі
түбіртануға жүктелген аманат іспетті. Ұлттық тіліміздің құры-
лымын, семантикалық ортақ өріс пен сөзжсамдық түпкі негіз
арқылы қалыптастырған ортақ желісін түбір іздеу – заңды құбылыс.
Тілдің дамуы дегенде, əдетте, оның жаңа сөздер мен сөз
тіркестері арқылы толығуы, баюы туралы сөз болады. Алайда,
ана тіліміздің басып өткен ұзын сонар жолының тарихи сілемдері
мен қат-қабаттарындағы сырының көбі – сол жаңа сөздердің жа-
салуына негіз болып келе жатқан көне де байырғы түбір сөздердің
бойында. Сондықтан да базистік лексиканың құнарын құрайтын
байырғы түбір сөздер табиғатын тану, соның ішінде түбір
сөздердің құрылымын, қызметін, дамуын, өзгерістерін зерттеп
айқындау – өте күрделі жұмыс. Бұл мəселенің əлі күнге шейін
шешілмей келе жатуының бір сыры, біздің ойымызша, байырғы
сөздік қордың негізгі ұйытқысы, қайнар көзі болып саналатын,
ал қазірде сөзжасам жүйесінің көбіне шетіне шығып қалған түбір
сөздерді сөзжасам теориясынан тыс қарау. Сөзжасамға қатысты,
əдетте тек сөз тудырушы морфемалар жеке қарастырылады да,
түбір морфемаға дұрыс көңіл бөлінбейді, екі морфеманың бірлігі
жете сабақтастырылмайды.
Шын мəнінде, түбір ұғымына статикалық сипат тəн болға-
нымен, түбірдің одан арғы даму барысын көрсететін сөзжасам-
ның негізгі арқауы ретінде ол динамикалық категорияға айналады.
43
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
Сондықтан да оны тек диахрондық тұрғыдан ғана қарастыру
жеткіліксіз. Қазіргі тілде де сөзжасамдық құрылымда өмір сү-
ріп, қызмет етіп жатқан этимологиялық түбір-синхрондық зерт-
теудің де объектісі. Тілдік құбылыстарды, соның ішінде түбір-
ді синхрондық жəне диахрондық бірлік тұрғысынан қарау қажет-
тілігін Бодуэн де Куртэне, В.А. Богородицкий, А.А. Потебня,
Қ. Жұбанов, т.б. атап өткен. Түбірлердің синхрондық тұрғыдан
семантикасының сақталып қалуы көп жағдайда сөзжасамдық
модельдер арқылы туған деривациялық мағынамен тығыз байла-
нысты. Сондықтан түбірдің табиғатын тануды одан əрі жетілдіру
жұмысы морфемалық талдау негізінде жəне сөзжасамдық модель-
дер жүйесінің қызметімен сəйкес қарастырылуы тиіс.
Түбірдің бірбуындылығына қатысты ғалымдардың сүйенер
тірегі – түркі тілдеріндегі түбірдің құрылымдық тұрақсыздық си-
паты. Моносиллабтардың құрылымы фоно-морфо-семантикалық
корреляция негізінде қатар зерттеліп, соның нəтижесінде түркі
түбірінің ең кең тараған түрі – үш дыбысты түбірдің басындағы
(анлауты) да, соңғы дыбысының (ауслауты) да өзгермелі екендігі
оның тұрақсыздығын тудыратыны Э. Севортян, А.Н. Кононов,
Ə. Қайдаров, Е. Қажыбеков, т.б. ғалымдардың еңбектерінде дəлел-
денгені белгілі.
Сонымен қатар, байырғы түбір бірбуынды емес, көпбуынды
түбірлердің даму бағыты оның қарапайым моносилабтық түрінен
күрделі полисиллабтық түрлеріне қарай ма (Дж. Клоссон, т.б.), əлде
керісінше ме (Г. Рамстедт, т.б.) деген мəселе əлі де талас күйінде
қалып отыр. Мысалы, түркі тілдеріндегі түбірдің құрылымы тура-
лы Г. Рамстедтің көзқарасы басқаша.
Осымен байланысты профессор М. Томановтың түркітанудағы
жылысу, кірігу, фузия, т.б. құрылымдық өзгерістер мен модифи-
кацияға қатысты қазақ тілінің нақты тілдік деректерін талдаула-
ры, қазақ тілінің тарихи-фонетикалық жүйесінің қалыптасуы тура-
лы пікірлерінің құндылығын атап өту орынды [78].
Жоғарыда көрсеткеніміздей, өзінің зерттеуінде Г. Рамстедт
түркі тілдерін моңғол жəне маньчжур тілдерімен салыстырғанда
тіл дамуының кейінгі сатысына жатқызады да, түркі тілдерінде
байырғы түбір екібуынды деп қорытады: «В общетюркском языке
первоначальным глаголом для значения «связывать» был – bа, но
44
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
в якукском от bаin и подобных форм всеобщей глагольной осно-
вой (корнем) стал baj – и первоначальный корень расширился (за
счет -j). В других случаях, более многочисленных, последний звук
основы либо был отнесен к окончанию, либо выпал, и основа та-
ким образом сократилась» [79].
Түркі тілдерінің жалғамалылық қасиеті арқылы буын санының
ұзарып, күрделенуін П.М. Мелиоранский, Б.Я. Владимирцов та
көрсетіп, ондай түбірлерді «жайылыңқы түбірлер» деп атағаны
белгілі. Яғни бір түбір əртүрлі тілде екі түрлі тұлғада кездеседі.
Біреуінде бірбуынды болса, екінші тілде қосымша дауыстының
қосылуының нəтижесінде түбір жайылып, екібуындыға айналады.
Дегенмен түркітанушылардың дені «түбір» ұғымын беретін
бір, екі, кейде үшбуынды этимологиялық түбірлерді əртүрлі ды-
быстық (сіңісу, фузия, дыбыс алмасу, ауысу, редукция, т.б.), мор-
фологиялық (кірігу, өнімсіз аффикстер жалғануы, т.б.), семан-
тикалық (десемантизация), т.б. құбылыстардың негізіндегі құры-
лымдық жəне модификациялық өзгерістердің нəтижесі деп санай-
ды. Яғни қарапайым түрінен күрделіге қарай дамып, соған сай
буын саны да өседі.
Диахрондық тұрғыдан туынды бола тұра, олардың синхрондық
тұрғыдан түбір болып саналуы түбір морфемасы тетігінің үнемі
өзгерісте болуымен, оған əсер етуші аффикстік морфемалардың
динамикалық табиғатымен тығыз байланысты [80].
Мысалы, қазіргі қазақ тіліндегі түбір болып саналатын үй-
рет= деген етістіктің тарихи тұрғыдан туынды екендігін былай-
ша көрсетуге болады:
Үйрен//оgren > о «ойлау», о + g «ой», оg + re (етістік тудырушы
аффикс) + n (етіс тұлғасы), яғни түбірдің құрылымының өзгеруі
оның құрамындағы сөз тудырушылық қабілетінің сақталуы мен
қатынасуына байланысты [81].
Сайып келгенде, түбір шегінің өзгеруі – «түбір» ұғымының
тарихилығында, жалғамалы табиғатында.
Бұл түркі тілдерінде тілдің даму барысында морфологиялық
элементтердің əбден жымдасып, кірігіп кетуі туралы теория-
мен ұштасып жатады. Ол теорияның алғаш негізін қалаушы
ғалымдардың бірі – В.В. Радлов. Ол басқаны былай қойғанда, кез
келген моносиллабтардың өзінің де этимологиялық түбір бола
45
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
алмайтынын, олардың көбін тарихи тұрғыдан морфемалық жікке
бөлуге болатынын көрсетті.
Осы бағыттағы тарихи грамматика ілімінің қол жеткен табыс-
тары негізінде -жақ, - жан, - тоқ, - той тектес қазіргі тіліміздегі
түбір сөздердің де құрамын жіктеуге болатынын Б.М. Юнусалиев
те атап көрсеткені белгілі.
Бірақ ғалымдардың бəрі бірдей соңғы дауыссыз дыбысты
аффиксктік элемент деп есептемейді. Мысалы, олар -кел, -кет;
-жаз, -жай, -жой, -жоқ, т.б. осы сияқты түбірлердегі соңғы ды-
бысты жалпы мағынаны жіктей түсетін «ішкі флексияның көрсет-
кіші» (Батманов И.А.), грамматикалық емес, «лексикаландырушы»
қызмет атқарады (Қажыбеков Е.), «модификациялық көрсеткіш»
(Кононов А.Н.) деп сипаттайды.
С. Аманжоловтың «Қазақ тіліндегі флективтілік элементтері»
деген мақаласына орай профессор Қ. Жұбанов ұят жəне ұял=
сөздеріндегі -л жəне -т формаларының флективті формаларға тек
сырттай ғана ұқсас, ал табиғаты агглютинативті деп дəлелдейді:
«Агглютинативная их природа затемнена лишь тем, что здесь ко-
рень, более того производная глагольная основа – неживой. Но
ведь мертвые основы глаголов күре-с – «бороться» и живой по сей
день суффикс взаимного залога -с остаются не употребляющими-
ся самостоятельно частями: *күрес= и *жар. Но не объявляем же
после этого глаголы күрес и жарыс образованиями флективного
порядка» [82].
А.Н. Кононов, Х. Нигматов, А.А. Юлдашев, Б. Сағындықов, т.б.,
ғалымдар СVС тектес түбірлердің қалыптасуы көп жағдайда
аффикстік морфемамен фузиялық бірігуінің нəтижесі деп, осыған
орай Г.И. Рамстед, В.Л. Котвич, А. Зайончковский, Б.М. Юнуса-
лиев, Ə.Т. Қайдаров, т.б. Н.А. Баскаковтың түркі тілдеріндегі
байырғы түбірдің негізгі түрі деп санайтын CVC түрін тари-
хи туынды тұлға деп қарайды. Осылайша CVC-тың құрамынан
ажыратылатын түбір морфема құрылымы қарапайым болғанмен,
дыбыстардың жай тіркесі емес, олар – ерте кезеңде белгілі бір
лексикалық мағынаға ие болған, бірақ семантикалық, дыбыстық
морфологиялық өзгерістер нəтижесінде түрленіп, этимологиясы
көмексіленген, көне де тарихи категория.
46
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
Осыған байланысты диахрондық жəне синхрондық тұрғыдан
қарастырылатын «түбір» ұғымы «этимологиялық түбір» жəне
«сөзжасамдық түбір» деп ажыратуды қажет етеді.
Себебі этимологиялық түбірдің бойында əртүрлі өзгерістерге
ұшырап түрленген, құрылымдық, семантикалық, деривациялық
валенттілікті көрсететін «ген» сақталады. Бұл арада біз тудыру-
шы сөз бен туынды сөздің семантикалық сəйкестігін зерттеп,
осыған қатысты сөздің түбірін «ген» деп атаған А.Н. Тихоновтың
еңбегін көрсетіп, пікірін келтіруді жөн көрдік: «Носитель на-
следственности, обеспечивающий преемственность в семантике,
материальный выразитель семантической общности однокорен-
ных слов, и он, сочетаясь с различными аффиксами, нередко сам
семантически преобразуется» [83]. Бұл анықтама түркітанудағы
Б.М. Юнусалиевтің, т.б. түбіртанушылардың пікірінен алшақ
кетпейді. Бірақ тілдің одан əрі даму барысында морфологиялық
құрылыстың жетілуі, лексикалық баюы (сөздердің əртүрлі топ-
тары мен жаңа ұғымдарды беретін лексикалық құралдарының
көбеюі), соған сай түбір морфемасының құрылымының дамуына
əкелді. Өзі беретін ұғымның ерекшелігі ашыла түскен сайын түбір
сөздер «өлі» түбірлер түрінде «сүрленіп», жаңа ұғымға негіз бо-
лып қала береді. Оны түбірлес сөздер ұясындағы ең кіші, ортақ
бөлшекті ажырату арқылы жорамал түрінде қалпына келтіруге бо-
лады. Оған мүмкіншілік беретін – «өлі» түбірлердің көп жағдайда
бір туынды сөзбен шектелмей екі, я одан да көп сөз тудырушы
модельдердің құрамында кездесетін сөзжасамдық қызметі. Бұл –
түбірлес сөздердің, жоғарыда көрсетілгендей, ортақ «генін» не-
месе ортақ түбірлерін («өлі» түбірлерін) анықтауға көмектесетін
жайт.
Сонымен, түбірді тарихи категория ретінде синхрондық пен
диахрондық тұрғыдан сабақтастыра зерттеу негізінде ғана тиімді
нəтижеге жетуге болатыны соңғы зерттеулер негізінде анықталып
отыр. Ал, оның нақты көрінісі – сөзжасамдық жүйе. Ф. де Сос-
сюрдің көзқарасына сай тіл білімінде синхрондық тұрғыдан бол-
маса, диахрондық тұрғыдан сөзжасамдық жүйе жоқ деген пікір бар.
Бірақ тілді одан əрі зерттеу диахрондық тұрғыдан да сөзжасамдық
өзіндік жүйенің бар екенін дəлелдеп отыр.
Себебі, кез келген тілдік құбылысты бір тілдің өзіндік ішкі
заңдылықтары негізінде ғана немесе туыстас, иə жақын тілдер
47
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
шеңберінде ғана қарастырып зерттеу тіл табиғатын, оның даму,
өзгеру, қалыптасу заңдылықтарын аша алмайды, жүйе-құрылы-
мын, бай мазмұнын өз дəрежесінде таныта алмайды.
Осы тұрғыдан алғанда, біздің зерттеу барысында көбіне шарт-
ты түрде «өлі түбір» деп қарастырып отырған зерттеу нысанымыз-
ды «реликт түбір морфема» (РТМ) деп атап жəне оны бірінші рет
тілдік универсалий ретінде арнайы зерттеген Н.И. Букетованың
еңбегі назар аударарлық [84].
Осыған орай, Н.И. Букетованың еңбегінде туынды сөз бен
күрделі сөздің реликт (жұрнақ) түбірімен ішкі қатынасы қа-
растырылып, соның негізінде синхрондық жəне диахрондық
тұрғыдағы семантикасы айқындалады. Соның нəтижесінде олар-
ды морфемалар деңгейіндегі семантикалық универсалий деп
қарауға болады. Осымен байланысты Н.И. Букетованың зерттеу-
лері реликт (жұрнақ) түбірлерді салыстырмалы-типологиялық
ыңғайда қарастырып, сөзжасам өрісіндегі оның орнын анықтап,
универсалийдің сипатын көрсетуді мақсат етеді.
Ғалым РТМ-ны сөзжасам өрісінің өзегі мен перифериясының
арасында тұрған тілдік бірлік ретінде санайды. Мəселенің бұлай
қойылуының сөздердің түбірлік құрылымына қатысты мəні тіп-
тен ерекше. Оның ішінде реликтілі түбір морфемалар – осыдан
жүздеген, мыңдаған жылдар жемісі, бұрын тарихта болған тілдік
құрылымдардың, кей жағдайда танымастай боп өзгерген, өшкен,
иə ұмытылған элементтердің көрінісі. Сондықтан да бұл бағытта
іздену аса жауапты, əрі өте қиын. Дегенмен қазіргі тіл ғылымының
кең мүмкіндіктері мен əртүрлі əдіс-тəсілдерін пайдаланып, тіл
табиғатындағы талай жұмбақ құбылыстардың қыр-сырын айқын-
дауға болатыны дəлелденіп отыр. Осы тұрғыдан, мысалы, көне
«жұрнақ» (реликт) түбірлерді барлық тілге де тəн ортақ тілдік
құбылыс ретінде қарау, орыс, неміс, қазақ, т.б. тілдік деректерінің
негізінде типологиялық зерттеу барысында тиімді болып, соның
нəтижесінде тың қорытындылар жасауға негіз болып отыр.
Соның нəтижесінде «реликт түбір морфема» (РТМ) термині
универсалий ретінде негізделеді. Атап айтқанда, «өріс» теория-
сын диахрондық та, синхрондық та деңгейдегі сөзжасам өрісін
сипаттауға қатысты қолдану семантикалық арқауды айқындауға
мүмкіндік береді. Сол арқылы тарихи туынды түбірлердің тілде
48
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
сақталуы мен олардың жүйесі əртүрлі неміс, орыс, қазақ тілде-
рінде қызмет етуінің ортақ жақтары жəне айырмашылықтары
көрсетіледі.
Біздің ойымызша, түбір проблемасына қатысты Н.И. Буке-
тованың зерттеуінің жаңалығы мынада: реликт түбірлердің
семантикалық жəне өзгермелі универсалий ретінде тілдік да-
муға тəн құбылыс санатында қарастырылып, синхрониядағы
(«синхрондық тегістік») олардың мəні жəне диахрониядағы
(«диахрондық тереңдік») көптеген арқаулары анықталған. Соның
негізінде «диахрондық тереңдігі бар көне түбірлер ғана реликтіге
айналған» деген тұжырым жасайды.
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, Н.И. Букетова реликт тү-
бірлердің сөзжасам теориясына сай дəрежесін көрсету үшін
сөзжасамдағы синхрония жəне диахрония мəселелерін қарас-
тырып, синхрондық тегістік пен диахрондық тереңдік ұғым-
дарын ұсынады. Сөзжасам мəселесінен туындайтын тілдік таңба
мəселесіне тоқталып, туынды сөз семантикасына байланысты
уəжділік пен уəжсіздікті түсіндіруі де түбірді танудағы диахрония
мен синхрония сабақтастығының маңыздылығын дəйектейді.
Сонымен, Н.И. Букетова неміс, орыс, қазақ тілдеріндегі ре-
ликт түбір морфемаларды түбірдің даму процесінің көрсеткіші
ретінде анықтайды. Ғалымның нақты тілдік деректер мен ізде-
ністерге негіздеп айтқан бұл тұжырымын біздің зерттеуіміз де
дəлелдеп отыр. Қазақ тіл білімінде түбірге қатысты тарихи, салыс-
тырмалы-тарихи, тарихи-этимологиялық сипаттағы жалпы мəсе-
лелер көтеріліп, зерттеу нысаны ретінде біршама қарастырылып
жатқаны белгілі. Соңғы кезде нақты ауқымды тілдік деректерге
негізделген тілдік құбылыстар шеңберіндегі кешенді ізденістер
өрісі кеңеюде. Осы орайда Н.И. Букетованың қазақ тілі деректерін,
əсіресе типологиялық жүйедегі зерттеу айналымына енгізуін тіл
зерттеуінің жаңа деңгейі деп қараған жөн.
Түркі тілдері түбіртану мəселесін зерттеуде дəстүрлі əдіс-
тəсілдермен қатар, тың теориялық танымдық бағдар ұстанудың
жаңа үлгісін көрсеткен башқұрт ғалымы А. Шайхулов: «Еділ-
Жайық аумағын мекендеуші түркі халықтары тіліндегі моно-
силлабтардың құрылымы мен идеографиялық парадигмасын түр-
кіаралық жəне жалпытүркілік лексиканың ареалдық континуу-
49
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
мында зерттеген еңбегі барысында аталған аймақтағы қазақ тілі-
мен туыстас қыпшақ тобына енетін тілдерде қолданылатын
4000-нан аса түбір негіздердің жартысына жуығы этимологиясы
күңгірт, дербестігінен айырылған бірліктер» деген қорытындыға
келеді [86].
Ғалым түркі түбірлерінің құрылымдық сипаттамасын жасау үш
деңгейлі (фонологиялық, морфологиялық, семантикалық) зерттеу
аясында жүргізілгенде ғана нəтижелі болатынын атап көрсетеді.
Ғалымның өзіндік тұжырымдарында түбір табиғатын зерттеуде
теориялық-танымдық бағытты да ұстанып, иманенттік талдау мен
когнитологиялық талдауды ұштастыра қарастыруды дəйектеуге
тырысады. Ол қыпшақ тобына жататын – татар, башқұрт, қазақ,
қарақалпақ тілдері мен туыстас чуваш, монғол, тұңғыс-маньчжур
тілдері деректері негізінде алтай семьясына енетін тілдердегі
ғалам бейнесінің ортақ құрылымдық-семантикалық өзегін түбір-
лік деңгейде ажыратуға болатынын идеографиялық парадигма
негізінде дəлелдейді. Негізгі тұжырымы «дербес жəне реконст-
рукцияланған моносиллабтардан тұратын тіларалық лексикалық
параллелдердің (жалпыалтайлық) семантикалық даму ерекшелік-
тері олардың жалпы мазмұндық, ономасиологиялық қасиеттерін
қамтитын идеографиялық сипатына сəйкес келеді» дегенге саяды.
Ал қазіргі түркі тілдеріндегі
Достарыңызбен бөлісу: |