Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы


(ар + ға) және тіркестің (ар+ға керек)



Pdf көрінісі
бет31/38
Дата06.04.2017
өлшемі3,75 Mb.
#11193
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38

(ар + ға) және тіркестің (ар+ға керек) Абай прозасында орын 

алуы XIX ғасырдағы қазақтың жазба әдеби тіліне татар тілінің 

тигізген әсеріне байланысты болуы да мүмкін. Бірақ Абай бұл 

тұлғаны  жат  деп  таппаса  керек,  өйткені  өлеңін  «тілге  жеңіл, 

жүрекке  жылы  тиетін»  етіп,  «білімсіз  бейшара  ақындарша 

бөтен  сөзбен  былғамай»  жазған  ұлы  ақын  қазақ  тіліне  жат 

тұлғаны өлеңдерінің тіліне енгізбеген болар еді. Ақын ар+ға 

тұлғасын өлеңдерінде де молынан пайдаланған.

89

 Абай шығармаларын көшіріп жазған Мүрсейіт Бікеұлының қолжазбасының 1905 



жылғысында  бұл  тұлға  қалуға  болып,  1910  жылғысында  қаларға  болып  жазылған. 

Абай қара сөздерінің ең соңғы (1957) басылуына шейін қаларга түрінде беріліп келді. 

1954 жылы қалуға болып өзгертілген.

90

 Мүрсейіт қолжазбасының екі жылғысында да (1905, 1910) бұл сөз дейтұғын деп 



жазылған. Абай шығармаларын бастырушылардың бұл сөзді не себептен өзгерткені 

белгісіз.



469

Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық (I, 26).

Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма? 

Бір бес күннің орны жоқ аптығарға.

Қай қызығы татиды қу өмірдің

Татуды араз, жақынды жат қыларға (I, 222).

Тілдесерге еш адам жолықпады (I, 28).

Өз үйіңнен тоярға қолың қысқа (I, 174).



Сенісерге жан таба алмай,

Сенделеді ит жүрек (I, 147).

Қулықты көргіш,

Сұмдықты білгіш

Табылар кісі жөндерге (I, 90).

Көрді де мұны бір қарға

Желікті бір іс бастарға (II, 128).

Анттасып алқайды,

Сен тентек демеске,

Кім антын шайқайды,

Амал жоқ жемеске.

Аз адам шаршайды,

Ебіне көнбеске...

Жұрт тағы мал-жайды

Ой қылар бермеске (I, 158).

Малға достың мұңы жоқ малдан басқа

Алдарында шара жоқ алдамасқа (I,197),

Дүние даяр етерге

Ажал даяр жетерге (I, 20).

Мінезің, түсің жақсы надан дерге (I, 271).

Қақпаны саған ашар [ға] рұқсат жоқ (I, 267).

Абай  өлеңдеріндегі  -ар  +  ға  аффиксті  тұлғаның  мұндай 

өнімділігін  өлеңнің  буын  соңына  қойылатын  талаппен 

байланыстыруға  болмайды:  -ар  +ға  дегеннің  орнына  -у+ға 

аффикстерін  алуға  әбден  болады,  өйткені  екеуіндегі  буын 

соңы  бірдей.  Сондай-ақ  бұл  тәсілді  ұйқас  мәселесімен  де 

ұштастыруға  болмайды.  Өлеңге  жүйрік  аса  дарынды  ақын 

ұйқас іздеп қиналып, қазақ тіліне жат тұлғаны енгізбесе керек.



-ар + ға тұлғасын жалғыз Абай тілінен емес, қазақтың XIX 

ғасырдағы басқа да жазба нұсқаларынан таба аламыз.



470

Ең  алдымен,  бұл  тұлғаны  ауыз  әдебиеті  мұраларынан 

кездестіруге  болады:  «Күресерге  дәрмен  жоқ,  іш  қазандай 

қайнайды» (Мақал); «Кәрі қыз бала тапса, қоярға жер таппай-

ды»; «Киерге киім, ішерге ас» (фразеологиялық тіркес); «Қожақ 

мұны ойлап, атарға қимады» (Радлов В.В. Образцы народной 

литературы  тюркских  племен,  живущих  в  Южной  Сибири 

и Джунгарской степи. - Часть II. Киргизское наречие. - Спб., 

1870. «Ер Тарғын», 128-бет); «Сол Ақжүністі қуарға шыққан 

кісілердің ішінде 65-ке келген бір қарт кісі бар еді, бір-ақ сол 

қайтпай қалды (Сонда, 124-бет).

Асыл туған Ақжүніс,

Көкті бұлт қоршайды.

Күнді байқап қарасам,

Күн жауарға ұқсайды. 

Айды байқап қарасам, 

Айды бұлт қоршайды, 

Түн жауарға ұқсайды (Сонда, 140-бет).

Сонан  соң  бір  күндерде  Ұзынсары  алып  жамағаттарын 

жиып алып, оқ атарға серуенге шықты (Сонда, «Еркем Айдар» 

ертегісі, 277-бет). Бұрынғы заманда бір қарт бар еді. Ол қарт 

бір күні базарға шығарға ойланды (Я.Лютш Киргизская хре-

стоматия. - Ташкент, 1883. - С.31); «Бұлар киерге киім, ішерге 

ас  таппай,  екеуі  екі  байға  малайлыққа  жүріп  кетті»  (Сонда, 

57-бет);  «Қанның  ақшаларын  қазынасынан  бір  ұры  ұрлапты. 

Соның үшін екі кісіні жіберді уәли іздерге» (Сонда, 40-бет).

Келер шақтық есімшенің барыс жалғауда келіп,  жұрнақты 

қимыл есімі тұлғасымен синонимдес түсетін орындарын XIX 

ғасырдық  алғашқы  жартысында  жасаған  ақын  Махамбет 

Өтемісұлының өлеңдерінен де табамыз:

Қарағайға қарсы бұтақ біткенше, 

Еменге иір бұтақ бітсейші. 

Қыранға тұғыр қыларға, 

Ханнан қырық туғанша, 

Қарадан бір-ақ тусайшы, 

Халықтық кегін қусайшы, 

Артымыздан біздердің, 

Ақырып  теңдік  сұрарға  (Махамбет  Өлеңдері.  -  Алматы, 

1951. -112-113-беттер).


471

Өлең айтып толғадым,

Көкірегімді басарға.

Қарағай отын жармадым,

Тас қазанды асарға.

Махамбеттей мұқдыға

Енді келер күн қайда,

Ханға құрған шатырды

Сүңгіменен түртіп ашарға (Сонда, 5-бет).

Жау бір ерттей қайнайды,

Қайнағанмен қоймайды.

Мылтығын қардай боратып,

Жетіп келді қамалға,

Қамалды бұзып аларға (Сонда, 28-бет).

Қаумалаған қарындас

Қазақта бар да, мен де жоқ

Арызымды айтарға (Сонда, 76-бет).

- у + ға деген тұлғанық орнына - ар + ға тұлғасын Ы.Алтын- 

сарин  де  прозасында  (көркем  әңгімелерінде)  жиі  қолданған: 

«Өрмекші  маса-шыбынға  тұзақ  құрып  жүр,  ұстап  алған  соң 

өзіне азық етерге» («Киргизская хрестоматия». - Книга первая. 

- Оренбург, 1879. - С. 1); «Бір төре осындай іспен күнәлі болып, 

әлгі айтылған жазаны берерге тұрғанда, күнәлі төренің жас қыз 

баласы әкем үшін жауап беремін деп мәлім болды»

91

 (Сонда, 



10-бет); «Соныңмен ішерге-жеуге, киюге де кемтар соғып, бір 

қалада жүрген уақытта...» (Сонда, 37-бет)

Сөйтіп, Абай шығармаларының тілінде жиі қолданылатын 

-ар + ға аффиксті тұлға халықтың ауыз әдебиеті нұсқаларының 

тілінде  де,  Махамбет,  Ыбырай  Алтынсарин  тілдерінде  де 

болған.

91

 Қазақ тілінің қазіргі нормаларының тұрғысынан алып қарағанда, өткен ғасырда 



шыққан  жазу  нұсқаларындағы  біраз  «жат»  болып  көрінетін  кейбір  грамматикалық 

(морфологиялық  та,  синтаксистік  те)  тұлға-тәсілдерді  осы  мұраларды  соңғы  кезде 

бастырып, шығарушылар ешбір дәлелсіз редакциялағандары байқалады. Соның бірі 

– Ы.Алтынсарин новеллаларының тілі. Жазушының 1955 жылы шыққан таңдамалы 

шығармалар  жинағында  жоғарыда  «Киргизская  хрестоматиядан»  келтірілген  екі 

мысалдың екеуі де -у+ға тұлғасымен алмастырылған (73 және 81-беттерді қараңыз). 

Бұлардан басқа да бірнеше «түзетулерді» табуға болады. Тіпті Алтынсариннің сөйлем 

құрылысындағы сөз тәртібі де өзгертіліп, «өңделген» жерлері бар.



472

Абайдың  өзі  я  болмаса  оған  дейінгі  кейінгі  қазақша  жазу 

нұсқалары  -ар+ға  тұлғасымен  мағыналас  -у  +  ға  тұлғасын 

қолданбады  деуге  тіпті  де  болмайды.  Сөз  жоқ,  соңғы  тұлға 

алдыңғымен салыстырғанда әлдеқайда жиірек пайдаланылды:

Пайда ойлама, ар ойла, 

Талап қыл артық білуге. 

Артық ғылым кітапта

Ерінбей оқып көруге.

Военный қызмет іздеме 

Оқалы киім киюге. 

Бос мақтанға салынып, 

Бекер көкірек керуге. 

Қызмет қылма оязға 

Жанбай жатып сөнуге (І, 52).

Нұрын сырын көруге 

Көкірегінде болсын көз (I, 86). 

Түгел  сөзді  тыңдауға  жоқ  қой  қазақ  (I,  70).  (Осыны 



«мұңдасарға  кісі жоқ сөзді ұғарлық»  (I,  26)  дегенмен  салыс- 

тырыңыз). Растың бір аты – Хақ, Хақтың бір аты – Алла, бұған 

қарсы  қаруласқанша,  мұны  ұғып  ғадаләтпен  тәптештеуге

92

 

керек (II, 206)... Құмарпаздыққа салып жіберетұғын нәрседен 

бойды ерте тиып алуға керек (II, 218).

Сені  де  Құдай  тағала  босқа  жүруге  жаратпаған,  жұмыс 

жұмыстауға,  әдеттенуге  керек  (Ы.Алтынсарин.  Киргизская 

хрестоматия, 1879, 2-бет). Саған әуелі қасқырды соғып алуға 



керек еді (И.Алтынсарин Начальное руководство к обучению 

киргизов русскому языку // Таңдамалы шығармалары. - Алма-

ты, 1955. - 183-бет). Молда Ысмайылға айтты: саған ұят емес 

пе осындай аурулы ептесіңе тиюге (Сонда, 181-бет). Сыртынан 

үй даяр, бірақ ішінде әлі де жұмысы көп: үйдің астына-үстіне 

92

  Қимыл  есімі  қай  жұрнақпен  жасалса  да,  керек  сөзімен  тіркескенде,  барыс 



септігінде  тұрып  меңгерілуге  тиіс.  Бірақ  бұл  норма  Абай  тілінде  болсын,  онымен 

тұстас  басқа  жазу  нұсқаларында  болсын,  әрдайым  берік  сақталып  отырылмайды. 

Әсіресе Абай -мек жұрнағымен де,  жұрнағымен де жасалған сөзді керек сөзімен 

тіркестіргенде  көбінесе  атау  тұлғада  қалдырады:  «әрнешік  білмек  керек»  (ІІ,  170); 

«Егерде  мал  керек  болса,  қолөнер  үйренбек  керек»  (II,  188);  «Екінші,  сол  нәрсені 

естігенде я көргенде, ғибраттану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек» 

(II, 186-187). Бұлардың қазіргі нормасында керек сөзі мен -у жұрнақты тұйық етістік 

көбінесе атау тұлғада тұрып тіркеседі: білу керек, бару керек.



473

тақтай төсеу керек, пеш салуға керек, мойын шығаруға керек, 

есік орнатуға керек (А.Е.Алекторов Киргизская хрестоматия. - 

Часть I. - Оренбург, 1898. - С. 61). Темір қаламды қалам сапқа 



орнатуға керек (сонда, 24-бет). Тазша бала жауап береді: өнер 

үйренуге барамын деп (А.В.Васильев. Образцы киргизской на-

родной словесности. - Вып. I. - Оренбург, 1898. - С. 8).

Сөйтіп, келер шақ есімшенің барыс жалғаулы түрінің Абай 

шығармаларының тілінде де, XIX ғасырдың соңғы ширегіндегі 

басқа  жазу  нұсқаларының  тілінде  де  (орыс  ғалымдары  мен  

ағартушылары  жинап  бастырған  материалдарда,  қазақ  әдеби 

тілінің негізін салушылардың бірі – Ы.Алтынсарин шығарма- 

ларында), XIX ғасырдың алғашқы жартысында жасаған, поэ- 

зиясы  арқылы  «ауыз  әдебиетін  жазба  әдебиетпен  жақындас- 

тыра  түскен»

93

  Махамбет  сияқты  ақынның  тілінде  де  және 



нағыз  халық  тілінің  нормалары  мен  байлығын  қамтыған  ма-

териалдар  ауыз  әдебиеті  үлгілерінің  тілінде  де  қазіргімен 

салыстырғанда әлдеқайда жиі қолданылғанын көреміз. Бұларда 

-ар жұрнақты есімше барыс жалғауымен келгенде, негізінен, 

  (немесе  -мақ)  жұрнақты  қимыл  есімінің  барыс  септіктегі 

тұлғасының  дубликаты  ретінде  жұмсалған.  Абай  тілінің 

қайнар  көзі  –  халықтың  сөйлеу  тілі  мен  ғасырлар  бойы  келе 

жатқан ауыз әдебиеті тілі болды. Әдеби тілдің негізін қалаған 

ұлы  суреткер  Абай  халық  тілінің  бар  мүмкіндігін  түгел  пай-

даланып, грамматикалық тәсілдерді шебер қолданған. Белгілі  

бір  грамматикалық  тұлғаның  ауыз  әдебиеті  тіліне  тән  мағы- 

насы  мен  қызметін  мүлт  еткізбей  сезіп  қалған  жазушы  оны 

өз  тілінде  мол  пайдаланғанын  -ар  жұрнақты  есімшенің 

қолданылуынан көреміз.



Қазақ тіл білімі мәселелері. 

- Алматы, 1959. - 1-том. -111-121-б. 

93

 Қазақ ССР тарихы. - І-том. - Алматы, 1957. - 394-бет.



474

Абайдың қара сөздеріндегі -мақ аффиксті 

тұлға жайында

Ұлы  ойшыл,  ағартушы,  ақын  Абай  Құнанбаевтың  әдеби 

мұрасының  бір  саласы  оның  «Қара  сөздері»  екені  мәлім. 

Абайдың  қара  сөздерінің  тақырыбы  мен  мазмұн  тереңдігі 

жағынан  қаншалықты  құнды  екенін  сөз  етпегеннің  өзінде, 

оның  қазақ  тілінде  жазылған  прозалық  шығармалардың 

тұңғыштарының  бірі  екендігін  ескерсек,  соған  орай  тіліне 

(лексикасына,  грамматикалық  құрылымына)  назар  аударудың 

маңызы зор.

Абайдың «Қара сөздерінің» тілінде пайдаланылған морфо- 

логиялық  тұлғаларды  зерттеп  талдағанда,  оларды  үш  топқа 

бөліп  қарауға  болады.  Ең  алдымен,  Абай  жиі  қолданған 

тұлғалардың  ішінде  қазіргі  әдеби  тілімізде  нормативтік  бо-

лып  саналатындардан  сыртқы  формасы  жағынан  өзгеше  бо-

лып  келетіндері  көзге  түседі.  Бұларға  -тұғын  (>тын),  -лық 

(~-йық)  аффикстері,  бірлән  –  менен  (>мен),  дағы  (>да),  ған 

(нан) соң >ғансын >ғасын) форманттары жатаы. Екінші топқа 

қазіргі  әдеби  тілімізде  мүлде  қолданылмайтын  элементтер 

кіреді.  Олар:  -мыш  (айтылмыш),  -қу  (жаратқушы),  дүр 

(адамдық  дүр,  сипаттары  дүр)  тұлғалары,  бұйрық  райдың 

ІІІ  жағындағы  етістіктің  үшін  шылауымен  келген  тіркесі 



(тұрсын  үшін,  қаға  берсін  болсын  үшін,  жарамасын  үшін) 

және III жақтағы етістіктің көптік жалғауын тіркеген түрі (ал-



мадылар, кетселер де керек) кіреді. Бұлар – әрине, Абай тіліне 

тән,  Абай  тілінің  грамматикалық  ерекшеліктерін  сипаттай- 

тын тұлғалар емес. Біріншіден, Абай жазуында бұл тұлғалар 

өте сирек қолданылған, екіншіден, олар бір мақсат, себептер- 

мен  (мысалы,  белгілі  адресаты  бар  «Сөздерінде»  сол  адре- 

саттың  «тіліне»  ұқсатуға  (38-сөз)  немесе  Абай  көп  оқыған 

басқа  түркі  тілдерінің  әсеріне  т.б.)  байланысты  қолданылған 

элементтер.

Абай  тіліндегі  зерттеу  объектісі  болатын  грамматикалық 

тұлғалардың  үшінші  әрі  мол  тобын  құрайтын  мәселе  – 

қазақтың жалпыхалықтық тілінде бұрыннан бар, қазіргі әдеби 


475

тілімізде де қолданылатын кейбір аффикстердің Абай тіліндегі 

атқаратын  қызметі  мен  алатын  мағынасы  жайында,  яғни  ол 

тұлғаларды қазіргі кезбен салыстырғанда Абайдың бірсыпыра 

өзгеше  қызметте,  өзгеше  мағынада  қолданатындығы  туралы 

жайлар.  Үшінші  топтағы  объектілер,  негізінен,  етістік  сала-

сына қатысты. Бұлардың ішінде -мақ, -ар, -ар + лық, -ар + 

ға тұлғалы етістіктерді, шартты райдағы етістіктің керек сөзі- 

мен  (болса  керек)  тіркесін,  ортақ  етіс  тұлғалы  етістіктің 

мағыналары мен қызметтерін сөз етуге болады.

Біз осы мәселелердің біреуіне ғана – -мақ жұрнақты тұлға- 

ға талдау жасамақпыз.

Абай  мұрасын  зерттеуші  филолог-лингвистердің  барлығы 

да  Абай  тілінің  грамматикасын  (дәлірек  айтсақ,  Абай  проза- 

сының  грамматикалық  ерекшеліктерін)  талдауға  әрекет  жа-

саса, ең алдымен, Абайдың -мақ тұлғалы етістікті жиі қолда- 

нғанын  атайды  да

94

,  оның  себебін  шағатай  тілінің  (ортаазия- 



лық  әдеби  түркі  тілінің)  әсерінен  деп  табады  немесе  стил- 

истикаға байланыстырып дәлелдейді.

Шынында,  Абайдың  «Сөздерінің»  қай-қайсысынан  да  әр 

алуан қызметте жұмсалған -мақ жұрнақты тұлғаны молынан 

кездестіреміз.

Қазіргі  қазақ  әдеби  тілінде  -мақ  арқылы  жасалған  тұлға, 

негізінен, жіктік жалғауларын тікелей қабылдап, мақсатты ке-

лер  шақты  білдіреді

95

.  Осы  күнде  -мақ  жұрнағы  қазақ  әдеби 



тілінде қазіргі әзірбайжан, түрікмен, өзбек, әдеби қарақалпақ 

және түрік тілдеріндегідей тұйық етістік тұлғасын жасамайды.

Абайдың  прозалық  шығармаларында  -мақ  жұрнақты 

тұлғаның бірден көзге түсетін бір себебі – оның шақты, райды, 

жақты,  жекеше-көпшелікті  көрсетпей,  іс-әрекеттің  жалпы 

ұғымын  беретін  қимыл  атауы  мағынасында  қолданыл- 

ғандығында.  Қимыл  атауы  ретінде  Абай  текстілерінде  бұл 

94

 Кенесбаев С. Абай основоположник казахского литературного языка // Советский 



Казахстан.  1955.  -  №9.  -  С.130;  Сауранбаев  Н.Т.  Роль  Абая  в  развитии  казахского 

литературного  языка  //  Жизнь  н  творчество  Абая.  -  Алма-Ата,  1954.  -  С.  184-185; 



Аманжолов С.А. О диалектной основе современного казахского языка // Известия АН 

КазССР. - 1955. - Вып. 3-4. - С. 33.

95

  Қазіргі  қазақ  тілі.  -  Алматы,  1954.  -  315-бет;  ҚордабаевТ.Р.  Қазіргі  қазақ 



тіліндегі етістіктердің шақ категориясы. - Алматы, 1953. - 77, 111-беттер.

476

тұлға  септік,  тәуелдік  жалғауларын  қабылдаған  күйінде  де, 

атау  күйінде  де  молынан  кездеседі:  Ішпек,  жемек,  кимек, 

күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап 

іздемек, айлалы болмақ, алданбастық – бұл нәрселердің бәрі- 

нің де өлшеуі бар (Абай Құнанбаев Шығармаларының толық 

жинағы. - Алматы, 1957. - II том. - 218-бет)

96

Ойын-күлкімен, 



ішпек-жемек, ұйықтамақпен, мақтанмен әуре бол да ішіндегі 

қазынаңды  жоғалтып  алып,  хайуан  бол  деген  жоқ  (II,  216). 

Бұған  бұрынғы  «Қасым  ханның  қасқа  жолын,  Есім  ханның 

ескі  жолын»,  Әз  Тәуке  ханның  Күлтөбенің  басындағы  күнде 

кеңес болғанда «Жеті жарғысын» білмек керек (II, 161). Әрбір 

ғибрат  алмақтың  өзі  де  мастыққа  жібермей,  уақытымен 

тоқтатады (II, 162). О да қырғыздың нәсілі болмағы таң емес 

(II, 221).

Бұл мысалдарда -мақ жұрнақты тұлға арқылы іс-әрекет се-

мантикасы білінгенмен, мақсатты келер шақтағыдай «болашақ 

іс болжал, мақсат түрінде»

97

 айтылмайды.



Бірсыпыра  басқа  да  қыпшақ  тобындағы  түркі  тілдерін- 

дегідей, қазақтың қазіргі әдеби тілінде қимыл есімі қызметінде 



  жұрнақты  тұлғаның  қолданылуы  басым  болып  кетті. 

Бұл  тұлғаның  есімдік  мағынасын  күшейте  түсу  үшін  бұған 

-шы+лық аффикстері тіркеледі.

Абайдың  -мақ  жұрнақты  тұлғалары  қазіргі  -у  жұрнағы 

арқылы  жасалған  сөздерге  сай  келеді:  «Әуелден  өзін-өзі  би-

леп,  азаттықпен  жүрген  халық  біржола  біреуге  бағынбақты  



(~  бағынуды)  ауыр  көріпті»  (II,  221);  «Тыныш  жатып,  көзін  

сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен (ен) 

мал іздемек (іздеу) – ол арлы адамның ісі» (ІІ, 185); «Шығар 

есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кірім алып, қамалып 



қалмақ  (~  қалу,  қалушылық)  –  ол  өзі  де  бір  антұрғандық...» 

(II,  162);  «Онан  басқа  нәрсеменен  оздым  ғой  демектің 



(~  деушіліктің)  бәрі  де  –  ақымақшылық»  (ІІ,  174);  «Әрбір 

мақлұққа  Құдай  тағала  бір  қалыпта  тұрмақты  (~  тұру- 



шылықты) берген жоқ» (II, 175).

96

  Мысалдар  Абай  шығармаларының  1957  жылы  шыққан  екі  томы  бойынша 



алынды. Әрі қарай жақша ішіне томы мен беті ғана көрсетіліп отырылады.

97

 Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1954. - 315-бет.



477

Абай  -мақ  жұрнақты  тұлғамен  салыстырғанда  сиректеу 

болса да, қимыл есімін жасауда  жұрнағын да пайдаланған. 

Фактілерге  қарағанда,  автор  нақты  әрекетті  білдіретін 

етістіктен  қимыл  есімін  жасағанда    жұрнағын,  ал  дерексіз 

қимыл есімі үшін -мақ жұрнағын қолданғанға ұқсайды. Мы-

салдар  келтірейік:  «...Тобына  бармай,  не  қылды,  не  болды 

демей,  жату  керек  еді,  ол  мүмкін  болмаса,  бұлардың  орта-

сынан  көшіп  кету  керек  еді»(ІІ,  166);  «...Таусылған  күнде 

бір  күндік  өмірді  бар  малына  сатып  алуға  таба  алмайды»  

(II,  162);  «Адал  еңбекпен  ерінбей  жүріп  мал  табуға  жігер 

қыла алмайсың» (II, 164). Жату, көшіп кету, сатып алу, мал 



табу  сияқты  нақтылы,  күнделікті  іс-әрекет  атауларын  кәме- 

ләт  таппақ,  ғибрат  алмақ  тәрізді  абстракт  ұғымдарды  біл- 

діретін  сөздермен  салыстырыңыз.  Әрине,  автор  -мақ  пен  -у 

жұрнақты тұлғалардың бірін қалдырмай осылайша дифферен-

циациялап отырды деп үзілді-кесілді айтуға болмайды.



-мақ  жұрнақты  тұлға  Абай  прозасының  бірнеше  жерінде 

субстантивтендіруші  -лық  аффиксін  тіркеген  күйінде  келеді. 

Мұндайда -лық аффиксі ұғымның дерексіздігін ұстап тұрады. 

-мақ  аффиксінің  өзі  дерексіз  қимылдың  атауын  білдіреді, 

оның үстіне -лық аффиксі тіркелгенде, сөздің есімдік сипаты 

айқындала түседі: «Мұрын иіс білмесе, дүниеде болған жақсы 

иіске ғашық болмақ [-тық], жаман иістен қашық болмақтық 

қолымыздан  келмес  еді»  (II,  182);  «Біреуі  –  білсем  екен 

демеклік»  (II,  164);  «Үшінші  –  әрбір  нәрсеге  қызықпақтық»  

(II,  172);  «Біздің  қазақтың  маңғұлдан  шықпақтығы  бізге 

ұят  емес,  бірақ  біздің  білімсіз,  ғылымсыз  қалмақтығымыз 

ұят»  (ІІ,220).  Сөздің  заттық  семантикасын  айқындай  түсу 

үшін  төмендегі  мысалдарда  да  -лық  жұрнағының  кажеттігі 

байқалады: «Мұның бәрі: –... биттей нәрсені бір үлкен іс қылған 

кісідей  қуанған  болып,  ана  өзгелерді  ызаландырсам  екен  

демек  [тік]»  (II,  180);  «Кербездің  екі  түрлі  қылығы  болады: 

бірі – бет пішінін, сақал-мұртын... түзетіп, шынтағын көтеріп, 

қолын тарақтап әуре болмақ [тық]» (II, 174).

-мақ+тық  жұрнақтары  арқылы  жасалған  тұлға  мағынасы 

мен синтаксистік қызметі жағынан -у+шы+лық аффикстерін 


478

жалғаған  тұлғаға  жақын  келеді.  Бұл  жерде  -мақ+тық  жұр- 

нақтары арқылы жасалған сөздің заттану дәрежесін синоним-

дес  -у+шы+лық  жұрнақтар  тізбегі  арқылы  жсалған  сөзбен  

салыстыра отырып байқауға болады.

  аффиксі  қимыл  атауын  (болу,  деу,  қызығу,  қалу)  жасал- 

ғанмен,  ол  әлі  сол  сөздегі  процестік  (қимылдық  мағынаны 

жойып жібере алмайды. Мұнан кейін жалғанған -шы аффиксі 

сөзді  сол  қимыл  иесінің  атауына  (затқа)  айналдырады 



(болушы,деуші, қызығушы, қалушы). Осылардың үстіне келіп 

-лық  аффиксі  жалғанғанда,  сөз  абстракт  ұғымның  атауы-

на айналады, яғни етістіктен жасалған зат есім пайда болады 

(болушылық, деушілік, қызығушылық, қалушылық).

Жоғарыда  келтірілген  мысалдарда  -мақ  аффиксті  тұлға  – 

есімге бір табан жақындай түскен масдар (қимыл атауы) ғана, 

ол  –  әлі  зат  есім  емес.  Ол  -лық  жұрнағын  жалғағанда  ғана 

етістіктен жасалған нағыз зат есімге айналады: қызықпақ – лю-

боваться, қызықпақтық – любование.

Абай  прозасында  -мақ+тық  аффикстеріне  синонимдес 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет