Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы


Абайдың прозалық шығармаларындағы



Pdf көрінісі
бет28/38
Дата06.04.2017
өлшемі3,75 Mb.
#11193
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38

Абайдың прозалық шығармаларындағы 

 күрделі ойдың берілуі

Күрделі ойдың синтаксисте көрінісі (берілуі), бір жағынан, 

ауызекі тіл мен әдеби тілде бір-бірінен едәуір өзгешеленетін 

болса, екінші жағынан, әдеби тілдің өзінің әр дәуірінде тағы  

да  түрліше  болады.  Мұны  қазақ  тілінің  фактілерінен  көре 

аламыз.  Ауызекі  сөйлеу  нормасында,  әсіресе  әдеби  тіліміз 

қазіргідей  қырланып,  нормалары  орнығып,  ауызша  тілге 

әсер  ететіндей  дәрежеге  жетпеген  кезіндегі  сөйлеу  норма-

сында, күрделі ойды беруде жай сөйлемдерді ешбір лексика-

грамматикалық элементтерсіз жапсарластыра айту тәсілі ба-

сым болып келді

65

. Мұны «паратаксис» деп жүрміз. Бұл тәсілді 



прозаның ауыз әдебиетіндегі үлгілерінен, әсіресе ертегілерден 

көруге болады: Хан Шентай тұрды, жалмауыздың ішін жар-



ды (В.В.Радлов, Образцы... III, 267-бет). Ежігелді қашты, ал-

дынан бір түйелі кісі келе жатыр, келіп амандасты, сөйлесті 

(Сонда 283-бет). [Махтым] бұл бізге лайық қыз екен деп, Кел-



мембет деген шабарын шақыртып алды, сен Әзімбайға бар, 

– дейді, – қасыңа тоғыз қалмақ ерт, дейді («Қамбар», 1957, 

Алматы, 19-бет).

Әрине,  паратаксис  тәсілі  жай  сөйлемдердің  ешбір  заңды- 

лықсыз, дәнекерлеуші элементтерсіз тіркесе салуы емес. Қазақ 

тіліндегі  паратаксис  тәсілі  –  біздің  байқауымызша,  белгілі 

бір  амалдармен  жүзеге  асырылған,  бұл  амалдардың  бірі  – 

құрмаласушы  жай  сөйлемдердің  баяндауыштарының  шақ 

жағынан үйлесіп келуі деп ойлаймыз, яғни етістіктеп жасалған 

баяндауыштардың шақтық тұлғасы біркелкі болады.



Бұл  елде  қалмақтың  ханы  Махтым  деген  хан  бар  екен, 

«Әзімбайдың  Лазым  деген  сұлу  қызы  бар»  деген  Махтым 

ханның құлағына түскен екен («Қамбар», 1957, 19) [Төлеген]... 

шатырдың  есігіндегі  жігіттерге  бұлай  тұр  деп  айтады, 

іргеден Қаршығаны көріп далаға шығады («Қыз Жібек», 1957, 

13). Ертеде бір бой болыпты, ұлы да жоқ, қызы да жоқ болып-



ты (Радлов... III, 309-бет).

65

  Сауранбаев  Н.Т.  Еще  раз  о  сложном  предложении  //  Известия  АН  КазССР.  - 



Серия лингвистики. - Вып. V. - 1948. - С. 37.

431

Сондай-ақ құрмаласып тұрған сөйлемдердің баяндауышта-

ры бір шақтың әр түрімен беріледі, ондайда, мысалы, бұрынғы 

өткен шақтың

66

 әуелі болжалды түрі (-ып тұлғалы), одан кейін 



-ған тұлғалысы келеді, солардан соң ғана ауыспалы (а + ды

өткен шақ тұлғасы қолданылады: Ертеде бір кемпір мен шал 



болыпты, олардың баласы жоқ екен.

Баяндауыштардың шақтық рангісінің орын алмасып келуі де 

мүмкін, бірақ қайткен күнде де олар бір шақтық категорияның 

аясында тұрады.

Фольклор тілі дегеніміз – ғасырлар бойы қырлана түскен, 

ұрпақтан  ұрпаққа  ауысқан  ауызша  әдеби  тіл  болғанмен,  ол 

ауызекі сөйлеу нормаларымен бір табан жапсарлас жатады. Ой 

қара сөзбен ауызша айтылғанда, ол қанша күрделі болғанмен, 

оны  тыңдаушыға  айқын  жеткізу  мақсаты  көзделетіндіктен,  

оның грамматикалық оформлениесі мүмкіндігінше жай (күр- 

делі  емес)  болып  келеді.  Мұнда  жай  сөйлемдерді  құрмалас- 

тырушы  жалғаулықтар  жазба  әдебиетпен  салыстырғанда 

мүлде сараң кезігеді. Бірақ бұған қарап, қазақтың қазіргі әдеби 

тілі қалыптасқанға дейін көсемше, есімше, шартты рай арқылы 

құрмалас сөйлем жасау тәсілдері жоқ болды деуге мүлде бол-

майды


67

. Тіпті бертіндегі (XVII-XIX ғ.) қазақ тілі түгіл, V-VIII 

ғасыр  көне  түркі  тілдерінде  де  күрделі  сөйлем  көсемше 

және  септіктер  демеген  қимыл  есімдері  арқылы  жасалғанын 

білеміз

68

.



Сондықтан Ыбырай мен Абайдың проза үлгілеріне дейінгі 

ертегілер  мен  эпостық полотнолардағы  қара сөз  үздіктерінде 

жоғарыда  айтылған  паратаксис  тәсілінен  басқа  баяндауышы 

есімше, көсемше шартты рай тұлғаларының ешбір шылаусыз 

жалғаусыз  келген  сөйлем  түрлері  де  кездеседі.  Мысалы:  Бір 

күні [кемпір мен шал] бала іздеп жылап отырса, отқа көмген 

наны  бала  болыпты  (А.Е.Васильев.  Образцы  киргизской  на-

родной словесности. - Вып. І. - Оренбург, 1898. - С. 24). Қанай 



атты:  екеуіміз  қатынымыз  ұл  тапса,  екеуін  дос  қылайық 

66

  Ертегілерде  «ерте-ерте,  ертеде»,  «баяғы  өткен  заманда  болған»  оқиғаларды 



баяндайтын болғандықтан, етістіктің өткен шағы жиі пайдаланылатыны белгілі.

67

 Сауранбаев Н. Основные средства связи простых предложений // Известия АН 



КазССР. - 1946. - № 4 (29).

68

 Насилов В.М. Язык Орхоно-Енисейских памятников. - М., 1960. - С.. 79.



432

деді (Турецкая хрестоматия И. Березина. - Т. III. - С. 19). [Мах-

тым] бұл бізге лайық қыз екен деп, Келмембет деген шабарын 

шақырып алды («Қамбар», 1957, 19).

Мұның  өзінде  де  құрмалас  сөйлем,  көбінесе  екі-үш  жай 

сөйлемнен  құралған  болады  да  бағыныңқы  сөйлемнің  осы 

күнгі  көсемше,  есімше,  шартты  рай  тұлғаларының  шылау, 

жалғаулармен  тіркесе  келуі  сияқты  тәсілдерімен  жасалатын 

күрделі  түрлері,  яғни  бір  сөйлемнің  ішінде  осылар  аралас 

келетін түрлері, некен-саяқ кездеседі.

Енді  осы  жайды  Абай  прозасынан  байқайық.  Мұнда  сөй- 

лемдерді  шартты  рай,  көсемше,  есімше  тұлғалары  арқылы 

құрмаластыру ауыз әдебиетіне қарағанда, әлдеқайда жиі қол- 

данылады.

Етістіктің шартты р а й тұлғасын Абай қазіргі әдеби тіліміз- 

дегі  сияқты  шартты,  қарсылықты,  мезгіл  бағыныңқыларын  

жасау  үшін  пайдаланады:  Ерінбей  еңбек  қылса,  түңілмей 



іздесе,  ретін  тауып  істесе,  кім  бай  болмайды  (170-10)

5



Ноғайға  қарасам,  солдаттыққа  да  шыдайды  (154-2).  Біреу 

өлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де, 

соған көңілі қозғалмастай берік болу керек (173-131). Білімді 

білсе де, арсыз, қайратсыздығынан ескермей, ұстамай кетеді 

(174-14). 

Шартты бағыныңқылы құрмаластарда парсы тілінен енген 

егер жалғаулығының қатысуы қазіргі норма бойынша факуль- 

тативті.  Абайда  да  осы  норма  сақталған.  Егер  жалғаулығы 

қатысып та, қатыспай да жасалған шартты сөйлемдерді ұшы- 

ратамыз:  Ел  тыныш  болса,  оның  ұрлығын  ешкім  сүймес  еді 

(156-3). Мен егер закон қуаты қолында бар кісі болсам, адам 

мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім (213-17). 

Егер  жаманшылықты  көп  қылған  болсаң,  балаңның  оқыған 

құраны сені неге жеткізеді (169-10).

Өткен шақтық есімше тұлғасы Абайда үш түрлі формада: 

1) жатыс септігінде тұрып; 2) шығыс септігі мен соң шылауы 

тіркесінде келіп; 3) -ша жұрнағымен тұрып құрмалас сөйлем 

жасайды. 

Мезгіл бағыныңқы жасайтын жатыс септіктегі өткен шақты 

көсемше  баяндауыш  Абайда  сиректеу  ұшырайды:  Орысқа 


433

қарамай  тұрғанда,  қазақтың  өлісінің  ақыреттігін,  тірісінің 

киімін  сол  жеткізіп  тұрды  (153-2).  Әртүрлі  құмар  болған 

нәрсеге  жеткенде  яки  әне-міне  жетер-жетпес  болып  жүр- 

генде, бір түрлі мастық пайда болады екен.

Бұған  қарағанда,  шығыс  септікте  тұрып  соң  шылауымен  

тіркескен  өткен  шақтық  есімше  құрмалас  сөйлем  конструк-

циясында  Абайда  жиі  қолданылған  және  аса  бір  көңіл  ау-

даратын  жай  мынадай:  -ған  тұлғалы  шығыс  септіктегі 

есімшемен соң шылауының тіркесі (болған нан соң) бірте-

бірте  фонетикалық  деформацияға  ұшырап,  осы  күнгі  әдеби 

тілімізде  ға  +  сын  түрінде  жиірек  қолданылады:  болғаннан 



соң болған соң болғансын болғасын. Соңғы варианттың 

жиі қолданылуы – тіпті соңғы жылдардың жемісі. Әйтпесе ре-

волюциядан бұрынғы, әсіресе XIX ғасырда хатқа түскен жазу 

нұсқаларында,  көбінесе,  толық  түрі  (болғаннан  соң),  немесе 

шығыс  септігін  түсірген  жартылай  толық  түрі  (болған  соң) 

кездеседі.  Мысалы:  Кемпір  бұ  қызды  тысқары  шығарады, 



шығарғаннан  соң  қыз  бұ  жарық  дүниені  көріп  онан  бойы 

балқып  есі  ауып  қалды  (Радлов,  III,  64).  Манағы  қарт  ба-

зардан  қайтып  келгеннен  соң  осы  жігіттен  аманат  қойған 

ақшасын сұрады (Лютш Киргизская хрестоматия. - Ташкент, 

1883. - С. 31). Бұған барайын десем, қайығым жоқ болғанан 



соң, қынымды қайық қылып, пышағымды ескек қылып, аралда 

тұрған биеме барсам, құлындап қалыпты (Лютш, 48). Кұс өзі 

жарақаттанған соң қызды қоя берді (А.В.Васильев, 5). Арша 

баялышты бек сүймепті түсі қара болған соң (Литературное 

приложение газеты «Дала уалаяты». - 1889. - №3).

Әрі  қарай  фонетикалық  ықшамдалудың  келесі  сатысын 

байқаймыз:  Мені  беске  келгенін,  бізге  қойшы  есебінде  жүр- 



ген  Савельичке  тапсырды  (А.С.Пушкиннің  «Капитан  қызы» 

шығармасының 1903 жылғы аудармасынан).

Ал Абай прозасында мұның бір-ақ сатысы – шығыс септігі 

түсірілген түрі (ған+соң) қолданылады, не толық, не одан әрі 

ықшамдалған  түрлері  кездеспейді:  Орысқа  қараған  соң  да 

орыстың  өнерлерін  бізден  олар  көп  үйреніп  кетті  (158-2). 

Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған с о ң, ғылым өзі – бір 

тез қартайтатұғын күйік (151-1). Жаманшылыққа бір елігіп 


434

кеткен с о ң, бойын жиып аларлық қайрат қазақта кем бола-

ды (175-14). Әуелі пенде болып жаратылған соң дүниеде ешбір 

қызық нәрсені көрмей жүре алмайды (177-15).

Өткен шақтық есімшенің -ша жұрнағын жалғап, бағының- 

қының баяндауышы жасалуы да Абай прозасынан орын  ала-

ды:  Осындай  сөз  танымайтұғын  елге  сөз  айтқанша,  өзіңді 



танитұғын  шошқаны  баққан  жақсы  (183-19).  Сұрауын  та-

бамын,  қалауын  табамын  деп  жүріп  қорлық  пенен  өмір 

өткізгенше,  малды  не  жерден  сұрау  керек,  не  аққан  терден 

сұрау керек қой (201-29).

-ып жұрнақты көсемше Абай «Қара сөздерінде», көбінесе, 

қимыл  сын  бағыныыңқы  сөйлемнің  баяндауышын  жасауға 

жұмсалады:  Әрбір  мастық  бойдан  оғатты  көп  шығарын, 

ақылдың  көзін  байлап,  төңіректегі  қараушылардың  көзін 

ашып, ананы-мынаны дегізіп, бойды сынататұғын нәрсе екен. 

Сол  уақытта  есті  кісілер  үлкен  есі  шықпай,  ақылды  қолдан 

жібермей,  бойын  сынатпай  жүріп  ізденеді  екен  (177-15). 

Бұлар зораймай, ғылым зораймайды (205-32).

-ып жұрнақты көсемше ауыз әдебиеті тілінде сөйлемдерді 

сыйыстыру қызметін жиі атқарады, яғни ауыз әдебиетінің қара 

сөз  бөлігінде  мезгілдес  істі  баяндайтын  жай  сөйлемдер  -ып 

жұрнақты кесемше арқылы бір сөйлемге сыйыстырылады: Бір 



сарт базарға келіп, көзілдірік сатып аламын деп, бір дүкенге 

еніп,  қолына  көзілдірік  алып,  көзіне  салып,  кітапқа  қарайды 

(Терентьев Хрестоматия турецкая, персидская, киргизская и уз-

бекская. - СПБ, 1876. - 2-к.). Қатын өлтіруге қызын қимайды, 

бір  алтын  әбдіреге  салып,  ішіне  азық  салып,  аузын  жауып, 

кілтін  сыртына  байлап,  ағып  жатқан  дарияға  салып,  қоя 

берді (Радлов, III, 64).

Мұндай  сыйыстыру  Абайда  өте-мөте  батыл  қолданылған: 



Біреу  –  білсе  екен,  не  көрсем  екен  деп,  соған  талпынып, 

жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, 

дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-

керней  болса,  дауысына  ұмтылып,  одан  ержетіңкірегенде 

ит  үрсе  де,  мал  шуласа  да,  біреу  күлсе  де,  біреу  жыласа  да 

тұра жүгіріп, ол немене, бұл иемене деп, ол неге үйтеді, бұл 

неге бүйтеді деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, 

тыныштық көрмейді (104-7).

435

Құрмалас  сөйлем  жасаудың  қазіргі  кездегі  нормаларымен 

салыстырғанда,  Абай  прозасында  салалас  құрмаластарды 

жалғаулықтар  арқылы  байланыстыру  тәсілі  сирек  қолданған. 

Абай  прозасында  салалас  сөйлемдерді  байланыстыратын 

жалғаулықтардың  ішінен  да,  және  жалғаулықтары  ғана  кез- 

деседі. Мысалы: Екі ортада дүниенің рақатының қайда екенін 

білмей,  бірін-бірі  аңдып,  біріне-бірі  мақтанып,  есіл  өмірді 

ескерусіз босқа жарамсыз қылықпенен, қор етіп өткізеді де, 

таусылған  күнде  бір  күндік  өмірді  бар  малына  сатып  алуға 

таба алмайды (159-1).

Ал қалған жалғаулықтар (бірақ, сондықтан, себебі, ал т.б.) 

Абай прозасында қолданылмағанға жуық, бірақ бір ерекшелігі 

сол – Абай сөйлемдерді осы жалғаулықтарға әдейі орын тастап 

кеткендей етіп құрады. Контекске қарасақ, тиісті жалғаулықтың 

орны  айқын  сезіліп  тұрады:  Бағар  едім,  [бірақ]  қалайша 



бағудың мәнісін де білмеймін (152-1). Жоқ, ғылым бағарға да 

ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ, [сондықтан] білгеніңді кімге 

үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың (151-1).

Мына  төмендегі  сөйлемдерде  де  сондықтан  деген  жал- 

ғаулықтың орны ойсырап тұр: Жоқ, ол да болмайды, оған да 

тыныштық  керек,  не  көрген  күнінде  бір  тыныштық  жоқ, 

[  ]  осы  елде,  осы  жерде  не  қылған  софылық  (152-1).  Әрбір 

орынды  харакет  өзі  де  уайым  қайғыны  азайтады,  [  ]  орын-

сыз,  күлкіменен  азайтпа,  орынды  харакетпенен  азайт  (158-

4). Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік, [ ] не түрлі 



боларын  біліп  сұрадың  (169-10).  Балаларымның  өзіне  ілгері 

өмірінің,  білімінің  пайдасын  тыныштықпенен  көрерлік  орын 

тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отыр-

мын, [ ] не бол деп бағам (152-1).

Мына  сөйлемдерде  де  ал,  және  деген  жалғаулықтардың 

орны  айқын  сезіліп  тұр:  Бірақ  жас  бала  қызыл  ошақтан 

қорқушы  еді,  [  ]  бұлар  тозақтан  да  қорықпайды  екен.  Жас 

бала ұялса, жерге ене жаздаушы еді, [ ] бұлар неден болса да, 

ұялмайды екен (161-5). Сонда өзге қазақ балаларынан артық 

үйренгені немене, [ ] қай көп үйреніпті (192-25).

Салаласа  құрмаласқан  компоненттердің  жалғаулықтар  ар- 

қылы  байланысу  тәсілі  –  мүлде  соңғы  жылдардың  жемісі, 


436

әсіресе  бұл  жалғаулықтардың  сараланып,  нормалануы  күні 

бүгінге дейін жүріп жатқан процесс деуге болады. Баяндауы-

шы грамматикалық жағынан тиянақты сөйлемдердің құрмала- 

суына  жалғаулықтарды  қатыстыру  –  орыс  тілінің  тікелей  

әсері,  бұл  тәсіл  әсіресе  орыс  тілінен  саяси-әлеуметтік,  педа- 

гогикалық және көркем әдебиетті молынан аудару процесінде 

туып, белгілі бір жүйеге келді.

Абайдың  прозалық  тілінің  синтаксисіндегі  өте-мөте  көзге 

түсетін  нәрсе  –  өте  күрделі  конструкциялардың  болуы.  Бұл 

күрделілік бірнеше жолмен жасалған:

1)  Бір  субъектіге  қазықталған  іс-әрекетті  білдіретін  жай 

сөйлемдер бір сөйлем ішіне салаласа топтастырылады: Және 

һәмманы  жаратқан  Құдай  бар,  (ол)  ахиретте  сұрау  алады, 

(ол) жамандыққа жазғырады, (ол) жақсылыққа жарылғайды, 



(оның)  жазғыруы  да,  жарылғауы  да  пенде  ісіне  ұқсамайды, 

(оның)  бегірек  есепсіз  қинауы  да  бар,  (оның)  бегірек  есепсіз 

жетістіруі  де  бар  деп  бәріне  сендік  дейді  (208-34)  деген 

сөйлемде соңғы алты компонент бірінші компонентке ондағы 

«Құдай» деген субъект арқылы топтастырылып тұр.

Сондай-ақ  Енді  [біз]  ер  ортасы  жасқа  келдік;  [біз] 



қажыдық, [біз] жалықтық; [біз] қылып жүрген ісіміздің баян-

сызын, байлаусызын көрдік, [біз] бәрі қоршылық екенін білдік 

(157-1] деген күрделі конструкцияның қазығы – біз деген субъ-

ект, мұндағы бес сөйлемнің бесеуі де біз деген грамматикалық 

бастауышын жасырып айтылып тұр.

2)  Абайда  көп  бағыныңқылы  құрмалас  сөйлемдер  жиі 

қолданылады. Оның өзі екі түрлі:

а) Әртүрлі бағыныңқылы құрмаласта: (I) Өзің тірі болсаң 

да, (2) көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың (162-

б) (1) Бағанағы алдамшы шайтан тамыр болалық деп, (2) бір 



болымсыз  нәрсені  берген  болып,  (3)  тамырым,  досым  десе, 

(4) мен де керектінің бірі болып қалыппын ғой деп, (5) және 



жасынан іс істеп үйден шықпағандық қылып, (б) жоқ-барға 

тырысып,  (7)  алдағанды  білмей,  (8)  дереу  оның  жетпегенін 

жеткіземін  деп,  (9)  тіпті  жетпесе,  (10)  өзінен  қосып,  (II) 

қылып бер дегенінің бәрін қылып беріп, (12) күні өтіп, (13) еңбек 

қылар уақытынан айрылып, (14) «жоғары шық»-қа қарық бо-

437

лып,  (15)  тамақ,  киім,  борыш  есінен  шығып  кетіп,  (16)  енді 

олар біреудің малын бұлдап қарызға алады (207-33). Он алты 

жай  сөйлемнен  құралған  бұл  кұрмаласта  он  бес  бағыныңқы 

сөйлемнің екеуі – шартты бағыныңқы да, қалғандары – амал 

бағыныңқылар.  Дәл  осындай  сөйлем  Абай  «Қара  сөздерінде 

едәуір;

б)  Бірыңғай  бағыныңқылы  құрмаластар:  (1)  Біздің  қазақ- 



тың қосқан аты алдында келсе, (2) күреске түсірген балуаны 

жықса, (3) салған құсы алса, (4) қосқан иті өзгеден озып барып 

ұстаса, есі шығып бір қуанады (193-26) (1). Біреу бай болса, 

(2) біреу кедей болса, (3) біреу ауру, біреу сау болса, (4) біреу 



есті  болса  (5)  біреу  өсер  болса...  (199-28).  Қолымыздағыны 

үлестіріп  талатпасақ,  біз  де  өзіндей  болмасақ,  безеді  екен 

(161, 5). Біреу өлтіремін ден қорқытса да, мың кісі мың түрлі 



іскер  естсе  де,  соған  айнып,  көңілі  қозғалмастай  берік  болу 

керек  (173-13).  Жоғарыдағы  баяндауыштары  -ып  жұрнақты 

көсемшемен  жасалып,  сыйыстырылған  сөйлемдер  де  осыған 

мысал бола алады.

Бір қызық жай – Абайдағы бірыңғай бағыныңқы компонент- 

тердің өзі кейде өз ішінен күрделеніп, сабақтас, салалас кон-

струкцияларды  қоса  жасалған  болып  келеді:  (1.)  Кедей  көп  



болса,  ақысы  кем  болар  еді,  малдан  айрылғандар  көбейсе, 

қыстауы  босар  еді  деп,  (2)  мен  ананы  кедей  болса  екен  деп, 

(3) ол мені кедей болса екен деп, әуелде ішімізбен қас сағындық 

(155-3).  Мұнда  1-бағыныңкының  өзі  4  жай  сөйлемнен,  оның 

өзінде шартты бағыныңқылы екі құрмалас сөйлемнен құралып 

тұр.

3) Аралас құрмалас, яғни сабақтаса, салаласа байланысқан 



конструкция:  Кімде-кім  ішінен  керекті  сөз  тапса,  жазып 

алсын я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, 

ақыры  осыған  байладым  (152-1).  Ол  болыс  болғандар  өзі 

қулық,  арамдықпенен  болыстыққа  жеткен  соң,  момынды 

қадірлемейді, өзіндей арам, қуларды қадірлейді, өзіме дос бо-

лып,  жәрдемі  тиеді  деп  [егер]  қас  болса,  бір  түрлі  өзіме  де 

залал жасауға қолынан келеді деп (156-3). Бұл жасқа келген-

ше, жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай 

өмірімізді  өткіздік:  алыстық,  жұлыстық,  айтыстық,  тар- 

тыстық – әурешілікті көре-көре келдік (151-1).

438

Бұл сөйлем аса күрделі екі компонентке бөлінеді: алғашқы 



Бұл  жасқа  келгенше,  жақсы  өткіздік  пе,  жаман  өткіздік 

пе,  әйтеуір  бірталай  өмірімізді  өткіздік  деген  бөлігінің  өзі 

–  аралас  құрмалас,  тұтас  сөйлемнің  екінші  сыңары  алдыңғы 

сыңардың  мағынасын  айқындай,  детальдай  түседі,  оның  өзі 

ішінде  бірыңғай  мүшелері  бар,  екіншісі  біріншісін  қоры- 

тындылай құрылған салалас құрмалас болып келеді: алыстық, 

жұлыстық, айтыстық, тартыстық – әурешілдікті көре-көре 

келдік (151-1). 

Абай  прозасындағы  логикалық  ой  тәртібі  дұрыс  сақтала 

жасалған  бұл  күрделі  конструкцияларды  ауыз  әдебиетіндегі 

мына  сөйлемдермен  салыстырсақ,  аса  зор  айырмашылықты 

байқаймыз:  (1)  Күн  көретін  қорегі  күнде  қапқанды  құрушы 

еді, (2) күнде бір суыр алушы еді, (3) соны қорек қылып жату-

шы еді (Лютш, 58). Мұндағы құрмаласу тәсілі баяндауыштары 

бірдей тұлғада жасалған ыңғайлас жай сөйлемдердің сырттай 

тіркесе айтылуы арқылы болып тұр. Немесе: Ертеде бір кемпір 

мен шал болыпты. Олардың баласы жоқ екен. Бір күні екеуі 

бала іздеп жылап отырса, отқа көмген қаны бала болыпты. 

Ол баласының атын Қамбарбай батыр қойыпты (Васильев, 

24). Бұл үзіндіде бір-ақ күрделі конструкция бар, ол да – екі 

ғана компоненттен құралған ең қарапайым құрмалас сөйлем. 

Біздіңше,  ауыз  әдебиетіндегі  күрделі  конструкцияларға 

тән нәрсе – жеке компоненттердің сөйлем мүшелерімен (тіпті 

тұрлаулы мүшелермен де) толық жабдықталмайтындығы. [Ол] 



құдықтан шықса, бір қотыр күрең тай қалады. [Ол] қотыр 

күрең  тайды  барып  ұстап  алады.  Тайды  ұстаған  екен,  [ол 

тай] құнан болады, [оны] жүгендеген екен, [тай] дөнен бола-

ды, [тайды] ерттеп мінген екен, [ол] бесті ат болады (Рад-

лов, III, 267).

«Дала уалаяты газеті» сияқты тұңғыш баспасөздің тілінде  

де  күрделі  сөйлемнін  берілуі  көбінесе  бейберекет,  тәртіпсіз 

келеді. Мысалы: Бірақ жалғыз жау қашырмайды деген мақал 

бар, сол себепті газет шығаратындар әркімге білдіреді, кімде- 

кім қазақ халқының үйдегі һәм халық арасындағы мінез рәсім- 

лерін біліп түзеуге ойласа, соны баспаханаға білдіріп, болыс- 

тық қылуға хатменен жіберіп («Дала уалаяты газеті». - 1889, 


439

7.01. - №1). Бұрынғы заманнан бері қарай Тарбағатай тауы- 



ның  етегінде  көшіп-қонып  жүрген  қазақтардың  қайсысына 

мағлұм белгілі емес, айтылмыш таудың бір биік шоқысы ту-

расынан айтылатұғын ертегісі тұқым-тұқымдарын қуалай, 

біріне-бірі айтып, ауыздарынан тастаспай жан сақтайтын 

дұғадай-ақ болып келе жатыр (Сонда, №14). Бұл екі сөйлемді 

де  Абайдан  келтірген  құрмаластармен  ешбір  қатар  қоюға 

болмайды.  Сөйлем  компоненттері  мен  мүшелерінің  орын 

тәртібінің төңкеріліп жүргенін былай қойғанда, белгілі бір мо-

дельмен құрылмағанын көреміз. Мұның өзі сөйлемді түсінуді 

қиындатып  тұрады.  Ал  Абайдағы  аса  күрделі  сөйлемдердің 

ерекшелігі  –  олар  аса  түсінікті  болып  келеді,  бұған  себеп 

–  ең  алдымен,  Абайдағы  күрделі  конструкциялардың  жеке 

компоненттері  бірыңғай  (не  баяндауыштарының  тұлғасы 

жағынан немесе жеке сөйлемдердің мазмұны жағынан) болып 

келуінде.

Абай прозасында күрделі конструкциялардың тағы бір түрі 

бар.  Мұндайда  толықтауыш  бағыныңқының  орнындағы  сөй- 

лемнің  баяндауышы  табыс  септігінде  тұрмайды  немесе  жай 

сөйлемдер  деп  дәнекері  арқылы  байланыспайды,  сөйлем 

басыңқы мен бағыныңқының орны ауысып келуі арқылы жа-

салады. Мысалы: һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқа- 

шан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады 

(155-3) деген сөйлемнің дағдылы түрі әрбір жалқау кісі қор- 



қақ қайратсыз тартатынын... байқаған» болар еді. Сондай-

ақ: Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза 



берейін  (152-1).  Салыстырыңыз:  ақыры:  осы  ойыма  келген 

нәрселерді қағазға жаза берейін деп ойладым. Әрнешік білмек 

керек:  жоғарғы  жазылмыш  екі  түрліден  басқа  иман  жоқ  

(173-13).  Салыстырыңыз:  Жоғарғы  жазылмыш  екі  түрліден 



басқа  иман  жоқ  екенін  әрнешік  білмек  керек.  Енді  осылар-

дан ойлап білсеңіз болады: надан ел қуанбас нәрсеге қуанады  

(193-26).  Салыстырыңыз:  Надан  ел  қуанбас  нәрсеге  қуана- 



тынын енді осылардан ойлап білсеңіз болады.

Бұл  конструкцияны  Абайда  да  кездесетін  қарапайым  

инверсиямен  шатастыруға  болмайды.  Сөйлем  мүшелерінің 

жай  ғана  орындары  алмасып  келгенде,  олар  өз  тұлғаларын 

сақтап тұрады және жай сөйлем құрылысын бұзбайды. Мыса-


440

лы: һәрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі де бір мастық 



екенін....  (158-4)  (салыстырыңыз:  күлкі  өзі  де  бір  мастық 

екенін һәрбір байқаған адам білсе керекһәммаға мәлім: әуелде 

адам балалары бұл күнгі орындарына екі жақтан толқынып 

келгендігі  (248)  (салыстырыңыз:  әуелде  адам  балалары  бұл 

күнгі  орындарына  екі  жақтан  толқынып  келгендігі  һәммаға 

мәлім).

Ал  толықтауыш  бағыныңқы  сөйлемнің  басыңқыдан  соң 

орналасуы үшін оның баяндауышы формальдық жағынан тия- 

нақты тұлғада тұруы қажет, һәмма ғаламға белгілі данышпан-



дар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз 

т а р т ады.

Әдетте мұндай сөйлемдерді сыртқы грамматикалық офор- 

млениесіне  қарап  салалас  құрмалас  дей  салып  жүрміз,  ал 

мағыналық  құрылысына  сайсақ,  бұл  –  сабақтастардың  ерек-

ше  бір  түрі  болмақ.  Сірә,  біздің  бақылауымызша,  бұл  кон-

струкция орыс тілінің әсерінен пайда болған тәрізді: что де-

ген  жалғаулықпен  келетін  толықтауыш  бағыныңқылардың 

эквиваленті ретіндегі грамматикалық калька болар деген ойға 

келеміз.  Өйткені  мұндай  сөйлемдер  не  ауыз  әдебиетінде,  не 

Абайдың  алды-артындағы  өзге  нұсқаларда  кездеспейді  деуге 

болады..

Абай прозасында белгілі бір нормаға айналған тағы да бір 

ерекше күрделі конструкция бар. Абай үйірлі толықтауышты 

сөйлемді  екіге  бөліп  жібереді:  сонда  табыс  септікте  тұруға  

тиісті  сөз  ашық  райға  қойылады  да  алдыңғы  компоненттің 

тиянақты  баяндауышы  болып  шығады.  Мысалы:  Бірлік  



қандай елде болады, қайтсе тату болады – білмейді (162-6). 

«Бірлік  қандай  елде  болатынын,  қайтсе  тату  болатын-

дарын  (жұрт  –  олар)  білмейді»  дегенмен  салыстырыңыз: 

Тағдырдың  жарлығын  білесіздер  –  өзгерілмейді  (184-20). 

«Тағдырдың  жарлығының  өзгерілмейтінін  білесіздер»  деген-

мен салыстырыңыз.

***

Абайдың  прозалық  мұраларындағы  назар  аударатын  жай- 



дың тағы біреуі – құрмалас сөйлем структурасына есімдіктер- 

дің жиі қатыстырылуы.



441

Қазақ  тіл  білімінде  шартты  бағыныңқыларды  жасауға 

қатысатын  сұрау,  сілтеу  есімдіктерін  қатыстық  есімдіктері 

деп  атап  жүр.  Абайда  бұлардың  қолданысы  екі  түрлі:  бірі  – 

құрмаластың  екі  компонентінде  қайталанып  келуі  (ол  –  сол, 

қандай  –  сондай,  кім  –  сол,  қай  –  сол  т.т.),  екіншісі  –  кейбір 

сұрау  есімдіктерінің  (қашан,  қай  т.б.)  құрмаластың  бір-ақ 

компонентінде келуі.

Жүйрік  атта  –  кейде  ол  елде,  кейде  бұл  елде  болатұғын 

нәрсе, қыран құс та, жүйрік атта – кейде оның қолында, кей-

де мұның қолында болатұғын нәрсе (193-26). Кейде ана елден, 

кейде мына елден шығады (193-26). Бұл тәсіл әсіресе Абайдың 

өлеңдерінде өте жиі қолданылады:



Абұйыр, атақ сол жанда

Кімді көп жұрт мақтаса (І, 145)

Көрмейсің бе, тоқта енді,

Кімге сенсең, сол – шикі (І,147).

Кейде Абайда қатыстық мәнді есімдік бірінші компонент-

ке қатыстырылып, екіншісінде түсіріліп айтылады: Кім жет-

се [сол] табады, өнерімен жетеді (249). Кім жақсылық, кім 

жамандық  қылса  дағы,  [сол]  Құдайдан  келген  жарлықты 

қылып жүр екен дейміз бе? (200-28).

Абайдың прозасында қатыстық есімдіктерінің бір сыңарын 

түсіріп  қолданудан  гөрі,  екі  сыңарын  да  қатыстырып  айту 

басымырақ.  Ал  өлеңдерде  түсірілуі  (Ішінде  кімнің  оты 



бар,  (ол)  қар  жауса  да  сөнер  ме?)  мүлде  басқаша  мотивте:  

буын саны, ұйқас нормасы сияқты факторлар қатыстық есім- 

діктерінің жұбын айырып кететіні осы күні де поэзия тілінің 

синтаксисінде кеңінен пайдаланылады.

Мына сөйлемдерде қашан есімдігі де сыңарсыз қолданыл- 

ған.  Әдетте  қашан  есімдігі  мезгіл  бағыныңқы  сөйлем  ішінде 

қолданылады және оның қатысуы таза факультативті: Қашан 

әбден біліп, үмітімді үзген кезде, өзге жаққа барып, жатты 

өз қылып, үйір боларлық қайрат, жалын сеніп те қалған екен 

(166-9).


Сірә,  мезгіл  бағыныңқының  құрамында  қашан  есімдігінің 

қолданылуы орыс тілінің әсері болар ма деп жорамалдаймыз. 

Өйткені  біздің  байқауымызша,  бұл  қолданыс  Абай,  Ыбырай 


442

прозаларында,  «Дала  уалаяты  газетінің»  тілінде  және  Алек- 

торов,  Лютш,  Васильев  тәрізді  орыс  ғалымдары  мен  ағарту- 

шылары құрастырған материалдардың тілінде ғана ұшыраса- 

ды  да  фольклорлық  шығармаларда  да  немесе  Абай  мен 

Ыбырайдың  өлеңдерінде  кездеспейді.  Мысалдар  келтірейік: 



Қашан  жұмыстың  қалай  істеуін  білсең,  жылдамырақ  һәм 

артықша қылып істеп бітіресің («Дала уалаяты газеті». - 1894, 

20  февраль.-  №8).  Қашан  деңізде  жүзген  кемеге  қарасаңыз 



әуелі мұның үстіндегі сырғауылдың ең ұшы көрінеді (Сонда, 

1895, 2 апрель. - №13).

Бұл  нұсқаларда  жалғыз  қашан  емес,  басқа  да  есімдік  не-

месе  есімдікті  тіркестердің  орыс  тіліндегі  модель  бойынша 

пайдаланылған жайларын байқап қаламыз: Келесі бейсембіде 

үйге  қайтып,  әке-шешеммен  бірге  базарға  бардым.  Кімі  мал 

сатады, кімі киім, кімі шуға, кімі темір нәрселер сатып жа-

тыр  (Ы.  Алтынсарин,  «Начальное  руководство»).  Мұндағы 

кімі есімдігі орысша кто есімдігімен жасалатын сөйлемдердің 

үлгісімен  қолданылып  тұр.  Әйтпесе  қазақ  тілінің  нормасы 

бойынша біреуі деген белгісіздік есімдігі айтылар еді. Сондай-

ақ қай уақытта соған жеткенде, аттан түсіп, сол інге кіріп 



кетеді  (Лютш,  39)  деген  сөйлемдегі  қай  уақытта  тіркесі 

де  орысша  когда  есімдігінің  орнына  факультативті  түрде 

қолданылып  тұр.  Әйтпесе  қазақ  тілінде  құрмалас  сөйлемнің 

бағыныңқы сыңарының түрлі мағыналық сырларын қатыстық 

есімдіктері емес, есімше, көсемше, шартты рай тұлғалары мен 

компоненттердің  бір-бірімен  мағыналық-логикалық  қарым-

қатынасы белгілейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет