6М080100 – «Агрономия» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихандарының



Pdf көрінісі
Дата07.04.2017
өлшемі351,79 Kb.
#11249

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6М080100 – «Агрономия»  

мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихандарының 

 

БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

                                                                              

 

 



 

 

  



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Алматы, 2016 

ЕГІНШІЛІК 

 

І ЕГІНШІЛІКТІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ 



 

1 Өсімдік тіршілігінің факторлары және егіншілік заңдары 

Ауылшаруашылық  дақылдарының  -  өсімдік  тіршілігі  факторларымен 

қамтамасыз  етілуі  –  жоғары  өнім  алудың  кепілі.  Өсімдіктердің  осы 

факторларға қоятын талаптары. 

Өсімдік тіршілігінің ғарыштық және жер бетіндегі факторлары. Өсімдік 

тіршілігі  факторларын  оптималдау.  Топырақ  құнарлылығын  арттырудың 

және оны егіншілкте қолданудың теориялық негізі. 

Егіншілік  заңдары:  өсімдік  тіршілік  факторларының  физиологиялық 

жағынан  тепе-теңдігі  және  бір-бірімен  алмастыруға  болмайтындығы, 

минимум,  оптимум,  максимум,    өсімдік  тіршілігі  факторларының  бір 

мезгілде және бірлесіп әрекет ету, қайтарым заңдары. Оларды Қазақстанның 

аймақтары бойынша жоғары және сапалы өнім алу үшін пайдалану. 

 

2 Топырақ құнарлылығын ұдайы арттыру жолдары 

Топырақ құнарлылығы мен оны құнарландыру – мол өнімнің негізі көзі. 

Топырақ  құнарлылығының  түрлері.  Құнарлылықты  ұлғаймалы  ұдайы  және 

қарапайым ұдайы жоғарылату. 

Топырақ  құнарлылығының  биологиялық  факторлары.  Топырақтың 

органикалық  заттары,  топырақ  биотасы,  фитосанитарлық  жағдайы. 

Топырақты  құнарландырудағы  мәдени  өсімдіктер  мен  ауыспалы  егістердің, 

тыңайтқыштардың атқаратын рөлі. 

Топырақ құнарлылығының агрофизикалық көрсеткіштері. Топырақтың – 

гранулометриялық құрамы, құрылымы, құрылысы, тығыздығы, қуыстылығы. 

Олардың өсімдіктер тобы мен топырақ түрлері үшін қолайлы көрсеткіштері. 

Топырақтың  гумустық  қабатының  қалыңдығы  және  оның  маңызы  туралы 

агрономиялық  түсініктер.  Егіншілікте  агрономиялық  жағынан  бағалы 

топырақ  құрылымының  пайда  болуы.  Топырақ  құрылымының  оның 

агрофизикалық қасиеттерімен байланысы, оны жақсарту жолдары. 

Топырақ  құнарлылығының  агрохимиялық  көрсеткіштері.  Топырақтағы 

қоректік  заттардың  құрамы  мен  мөлшері.  Олардың  топырақтың 

гранулометриялық 

құрамына, 

қарашіріндісіне, 

орта 

реакциясына, 



ылғалдылығына және басқа жағдайларға байланыстылығы. 

 

3 Топырақ режимдері және оларды оңтайландыру жолдары 

Топырақ    режимдері  және  оларды  егіншілікте  оңтайландыру. 

Топырақтағы  су  түрлері,  өсімдіктерге  сіңімділігі.  Өндіріс  жағдайындағы 

судың ысырап болу жолдары. Топырақтың су теңгерімі. Суды пайдаланудың 

жиынтық  мөлшері  және  коэффициенті.  Суарудың  топырақта  жүретін 

процестерге және микроклиматқа әсері. Суармалы егіншіліктегі топырақтың 

ылғалдық  режимінің  ерекшеліктері.  Топырақтың  ылғал  режімін  реттеу 

жолдары. 


Топырақтың  ауа  режимі  және  оны  реттеу.  Топырақ  пен  атмосфера 

арасындағы газ алмасудың агротехникалық маңызы. Газ алмасу факторлары. 

Топырақтың ауалық қасиеттері. Топырақтың ауа режимін реттеу тәсілдері. 

Топырақтың  жылу  режимі.  Ауылшаруашылық  дақылдарының  жылуға 

қоятын  талаптары.  Жылу  көздері.  Топырақтың  жылулық  қасиеттері. 

Олардың  топырақ  құрылысына,  гранулометриялық  құрамына,  жер  бедеріне 

және агроландшафтың басқа көрсеткіштеріне байланыстылығы. Топырақтың 

тоңдануы мен жібуі. Егіншілікте топырақтың жылу режимін реттеу тәсілдері. 

Топырақтың  қоректік  заттар  режимі.  Топырақтағы  қоректік  заттардың 

динамикасы  мен  режимі,  оның  сілтілік-қышқылдық  және  сіңіру  қабілеті. 

Топырақтағы қоректік элементтерінің қоры, олардың өсімдіктерге сіңімділігі. 

Өсімдіктер сіңіре алмайтын қоректік элементтердің оңай сіңіре алатын түрге 

алмасуы. 

Өсімдіктердің 

қоректенуінде 

топырақтың 

және 

микроорганизмдердің  алатын  орны.  Егіншілікте  топырақтың  қоректік 



режимін реттеу жолдары.  

Интенсивтік  егіншілікте  топырақ  құнарлылығын  жақсартудағы 

нормативті-технологиялық негіздердің маңызы. 

 

4 Топырақ эрозиясы және оның даму заңдылықтары 

Топырақ  эрозиясы  мен  дефляция  туралы  ұғым,  олардың  туу  себептері. 

Эрозия  түрлері,  даму  механизмі,  келтіретін  зияндары.  Әр  түрлі  дәрежеде 

эрозияға ұшыраған топырақтың құнарлылығы. 

Ауыл  шаруашылығы  дақылдарын  эрозияға  төзімділігі  қабілетіне 

байланысты  бағалау.  Жел  және  су  эрозияларымен  күрестің  кешенді 

шаралары. Топырақты ирригациялық эрозиядан, екінші рет тұзданудан және 

батпақтанудан сақтау. 

Істен  шығып  бүлінген  және  қалпына  келтірілген  жерлерді 

(рекультивация) пайдалану ерекшеліктері. 

 

ІІ АРАМШӨПТЕР ЖӘНЕ ОЛАРМЕН КҮРЕС 

Арамшөптер, арамшөп қоспасы немесе ластаушылар, маманданған және 

қоқыстық (рудералдық) арамшөптер туралы түсініктер. 

Арамшөптердің  егіншілікке  келтіретін  негізгі  зияндары:  ылғалды, 

қоректік заттарды мәдени өсімдіктерге қарағанда көп мөлшерде пайдалануы, 

ауылшаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестерін тарататын орта 

болуы, улылығы және басқа зиянды жақтары. 

Агрофитоценоздың 

қалыптасуы, 

оның 

табиғи 


фитоценоздан 

айырмашылығы, түрлік құрамы мен құрылымы. 

Арамшөптердің 

фитоценотикалық 

статистикалық, 

экономикалық 

шектері.  Ауылшаруашылық  дақылдарының  арамшөптерге  ең  төзімсіз 

кезеңдері. 

Арамшөптердің  биологиялық  және  экологиялық  ерекшеліктері. 

Арамшөптердің тұқымдық өсімталдығы, олардың кеңістікте таралу жолдары. 



Тұқымның  биологиялық  қасиеттері:  дем  алуы,  тіршілік  қабілетін  ұзақ 

сақтауы,  түрлі  жемістілігі,  арамшөп  тұқымдары  мен  жемістерінің  бір 

мезгілде көктеп шықпауы, әр уақытылы пісуі. 

Арамшөптердің  вегетативтік  жолмен:  тамырсабақтары,  атпатамырлары, 

баданалары, түйнектері және басқада вегетативтік мүшелері арқылы көбеюі. 

Арамшөптерді  агробиологиялық  жіктеу:  қоректену  тәсілі,  өмір  сүру 

ұзақтығы,  өсіп-даму  мерзімі,  көбеюінің  ерекшеліктері  бойынша  топтарға 

бөлу. 


Егіншілік алқаптарында жиі кездесетін арамшөптердің сипаттамасы. Аз 

жылдық  (раңтәріздес,  жаздық,  күздік,  қыстап  шығатын,  екі  жылдық),  көп 

жылдық  (көгентамырлы,  атпатамырлы,  кіндіктамырлы,  түйнектамырлы, 

өрмелегіштер) арамшөптер өкілдеріне қысқаша сипаттама. 

Егістіктің  және  топырақтың  арамшөптенуін  есепке  алу  әдістері:  көзбен 

шамалау (визуалды), сандық-салмақтық, сандық, лабораториялық. Танаптың 

арамшөптену  картасын  жасау.  Картаға  түсіру  техникасы,  жиілігі. 

Арамшөптену  картасын  ауыспалы  егістерде  арамшөптерді  жою  үшін 

пайдалану.  

Арамшөптермен  күрес  әдістерін  топтау  принциптері  мен  белгілері: 

алдын ала сақтандыру шаралары, арамшөптерді әртүрлі тәсілдер (физикалық, 

механикалық,  химиялық,  биологиялық,  фитоценотикалық,  экологиялық, 

ұйымдастырушылық, кешенді) арқылы жою. 

Арамшөптермен  алдын  ала  күрес  шаралары:  карантиндік  шаралар, 

тұқымды  тазалау,  органикалық  тыңайтқыштарды  дұрыс  дайындау  және 

сақтау, суару суының тазалығы. 

Арамшөптермен  агротехникалық  жолмен  күрес:  арамшөптердің 

топырақтағы  тұқымдарын,  вегетативтік  көбею  мүшелерін  жою  әдістері, 

көктеп шыққан арамшөптерді отау. Арамшөптермен күресутің биологиялық 

әдісі. Оның бүгінгі жағдайы мен келешегі. 

Арамшөптермен 

күрестің 

химиялық 

әдістері. 

Гербицидтердің 

арамшөптерге әсерінің механизмі, оларды жіктеу, қолдану тәсілдері, мерзімі 

және 

қолданудың 



тиімділігін 

анықтайтын 

жағдайлар. 

Негізгі 


ауылшаруашылық 

дақылдары 

егістіктерінде, 

жайылымдықтар 

мен 

шабындықтарда  гербицидтерді  қолдану.  Гербицидтерді  қолдану  техникасы, 



олармен  жұмыс  істегендегі  сақтандыру  шаралары.  Гербицид  қолданудың 

экологиялық тәртібі. Арамшөптермен күрестің кешенді шаралары. 

 

IІІ АУЫСПАЛЫ ЕГІС 

Ауыспалы  егістердің  ғылыми  негіздері.  Ауыспалы  егіс,  егіс  көлемінің 

құрылымы,  бірдақылдылық  (монодақылдылық),  алмаспайтын  (үзіліссіз) 

дақыл,  қайталап  себілетін  дақылдар,  пайдаланылатын  жерлер  туралы 

түсініктер. 

Ауыспалы  егістердің  даму  тарихы.  Оның  ғылыми  негізде  дамуындағы 

көп жылдық далалық тәжірибелердің атқаратын рөлі. 

Дақылдарды  алмастырып  егудің  себептері:  химиялық,  физикалық, 

биологиялық және экономикалық. 


Парды  және  дақылдардың  жеке  топтарын  алғы  егіс  ретінде  сипаттау. 

Парлар  және олардың  ауыспалы  егістегі  рөлі,  алғы  дақыл  ретіндегі  маңызы 

мен сипаттамалары. Парларды жіктеу, олар туралы осы күнгі көзқарастар. 

Көпжылдық  екпе  шөптердің,  отамалы,  жаппай  себілетін  дәнді-

бұршақты,  дәнді  дақылдардың  ауыспалы  егісте  алатын  орны  мен  маңызы. 

Аралық дақылдар. Ауылшаруашылық өндірісін интенсивтендіру жағдайында 

аралық  дақылдар  мен  сидераттардың  агротехникалық  маңызы.  Аралық 

дақылдарды  жіктеу.  Аралық  дақылдардың  ауыспалы  егістегі  орны  және 

оларды тиімді пайдаланудың негізгі шарттары. 

Ауыспалы  егістерді  өндірілетін  негізгі  өнім  түріне,  егістің  далалық, 

малазықтық, арнайы типтерге бөлінуі. 

Ауыл шаруашылығы дақылдары мен пардың арақатынасына және танап 

санына байланысты ауыспалы жіктеу. 

Ауыспалы  егістерді  құрудың  принциптері.  Қазақстанның  әр  түрлі 

егіншілік  аймағында  ауыспалы  егістерді  құрудың  агроэкологиялық 

принциптері.  

Далалық,  малазықтық  және  арнайы  ауыспалы  егістердің  негізгі 

буындары.  Танаптардың  көлемі  мен  пішіні,  оларды  оптималдау.  Ауыспалы 

егіс айналымы. 

Далалық  және  құрғақ  далалық  аймақтардағы  егістік  ауыспалы  егістер, 

нобайлары.  Ондағы  ауылшаруашылық  дақылдары  мен  парлардың 

арақатынасы  (меншікті  үлесі).  Топырақты  қорғау  ауыспалы  егістері  және 

олардың нобайлары. 

Суармалы  егіншіліктегі  күріш,  мақта,  қант  қызылшасы,  темекі,  көкөніс 

ауыспалы егістері, олардың нобайлары. 

Тәлімі  егіншіліктің  ерекшеліктері,  орналасқан  аймақтары.  Тәлімі 

егіншілік  топтары.  өте  қуаң  тәлімі  жер,  жартылай  қуаң  тәлімі  жер,  қуаң 

тәлімі жер, олардың сипаттамасы, ауыспалы егіс нобайлары. 

Малазықтық  ауыспалы  егістің  түрлері,  олардың  нобайлары.  Көлтабан 

арқылы  суарылатын  жерлердегі  дақылдар  құрамы  және  ауыспалы  егістері. 

Ауыспалы егістерді бағалау көрсеткіштері. 

Ауыспалы егістерді жобалау, енгізу және игеру үшін картограммаларын, 

танаптың  арамшөптену  картасын,  жер  бедерін,  дақылдардың  биологиялық 

ерекшеліктерін  және  басқа  факторларды  пайдалану.  Ауыспалы  егістердің 

тиімділігін анықтау. Агроқұжат пен танаптардың тарихи кітапшасы. 

 

 



 

ІV ТОПЫРАҚ ӨҢДЕУ 

Топырақ  өңдеудің  мақсаттары  мен  міндеттері.  Топырақ  өңдегенде 

жүретін 

технологиялық 

операциялар 

(процестер). 

Топырақтың 

технологиялық қасиеттері. 

Топырақты негізгі өңдеу тәсілдері, жүргізу техникасы және құралдары.  

Топырақты терең және арнайы өңдеудің тәсілдері: фрезалау, саңлаулау, 

ін тәрізді қуыстар жасау, қат-қабаттап жырту, плантажды жырту. 


Топырақтың  беткі  қабатын  өңдеу  тәсілдері:  сыдыра  жырту, 

культивациялау,  тырмалау,  тығыздау  (катоктау),  шлейфтеу,  қарық  тарту, 

ұялау, түптеу, шоқтау, мала басу (малалау). 

Топырақ өңдеу тереңдігі және өңдеу қабатын қалыңдату. Қазақстанның 

далалық  және  құрғақ  далалық  аймақтарында  бір  жылдық  жаппай  себілетін, 

жаздық дақылдар үшін отамалы дақылдардан, екпелі көпжылдық шөптерден 

кейін сүдігер өңдеу жүйесі. Топырақтың терең өңдеу қабатын жасау. 

Сүдігер  өңдеудің  мерзімі  және  тереңдігі.  Олардың  топырақтың 

агрофизикалық  қасиеттеріне,  ауылшаруашылық  дақылдарының  өнімділігіне 

әсері. 


Отамалы  дақылдардан  кейін  танаптың  жағдайы.  Жаппай  себілетін  бір 

жылдық  дақылдармен  салыстырғанда  отамалы  дақылдардан  кейін  сүдігер 

өңдеу ерекшеліктері. 

Екпелі  көпжылдық  шөптерден  кейін  сүдігер  өңдеу  жүйесі.  Олардың 

топырақтың  физикалық  қасиеттеріне  әсері.  Екпелі  көпжылдық  шөптердің 

қыртысын  негізгі  өңдеуге  қойылатын  талаптар.  Көпжылдық  шөптердің 

қыртысын өңдеу мерзімі мен тереңдігі, олардың маңызы. 

Көктемде  топырақты  негізгі  өңдеу,  оның  жүргізілу  мерзімі  және 

тереңдігі. Көктемде топырақты негізгі өңдеудің кемшіліктері. 

Егін  себер  алдындағы  топырақ  өңдеу  жүйесінің  маңызы  және  мақсаты, 

жүргізу құралдары. 

Егін  сепкеннен  кейін  топырақ  өңдеу  жүйесі,  маңызы,  мақсаты,  жүргізу 

мерзімі және тереңдігі, құралдары. 

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы суармалы 

егіншілікте жаздық дақылдар үшін топырақ өңдеу жүйесі. 

Біржылдық жаппай себілетін дақылдардан кейін топырақты негізгі өңдеу 

жүйесі.  Сүдігер  жырту,  оның  ерекшелігі,  жырту  мерзімі  мен  тереңдігі, 

құралдары. 

Отамалы  дақылдардан  кейін  сүдігер  өңдеу  жүйесі,  жырту  мерзімі  және 

тереңдігі. 

Екпелі  көпжылдық  шөптерден  кейін  сүдігер  өңдеу  жүйесі.  Сүдігер 

жырту ерекшеліктері, мерзімі, тереңдігі, құралдары. 

 Аралық  дақылдар,  маңызы,  түрлері,  өсіруге  керекті  сыртқы  орта 

жағдайлары. Аралық  дақылдар үшін әр түрлі алғы егістерден кейін топырақ 

өңдеу жүйесі. 

Аймақтың  топырақ-климат  ерекшеліктеріне  байланысты  егін  сепкенге 

дейін жүргізілетін топырақ өңдеу жүйесі, өңдеу тереңдігі мен құралдары. 

Суармалы егіншілікте егін сепкеннен кейінгі жүргізілетін топырақ өңдеу 

жүйесінің мақсаты, жүргізілу мерзімі, тереңдігі, құралдары. 

Қазақстанның  оңтүстік  және  оңтүстік-шығыс  аймақтарынның  тәлімі 

егіншілігінде  топырақ  өңдеу  жүйесі.  Тәлімі  егіншіліктің  суармалы  және 

суарылмайтын  егіншіліктен  айырмашылығы.  Сүдігер  өңдеу  мезгілі,  тәсілі, 

тереңдігі, құралдары. 

Жаздық  дақылдар  үшін  егін  себер  алдындағы  және  сепкеннен  кейінгі 

топырақ өңдеу жүйесі. 


Күздік дақылдар  үшін  топырақ  өңдеу  жүйесі.  Пар  өңдеу  жүйесі:  тәсілі, 

тереңдігі, құралдары. 

Ылғалмен  жартылай  қамтамасыз  етілген  тәлімі  егіншілікте  таза  парды 

негізгі өңдеу және жаз айларында күтіп-баптау. 

Егіншілікте  республиканың  суарылмайтын  астықты  солтүстік,  батыс 

және  басқа  өңірлерінде  пар  өңдеу  жүйесі  (мерзімі,  тереңдігі,  құралдары). 

Ықтырмалы парды өңдеу жүйесінің ерекшелігі. 

Пардан  басқа  алғы  дақылдардан  кейін  күздік  дақылдар  үшін  топырақ 

өңдеу  жүйесі:  екпелі  көпжылдық  шөптерден,  отамалы  және  дәнді 

дақылдардан кейін топырақ өңдеу жүйесі, ерекшеліктері. 

Эрозияға  ұшырайтын  жерлердегі  топырақ  өңдеу  жүйесінің  ерекшелігі. 

Жерді өңдеу тәсілдері.  

Топырақты минималды өңдеу, мақсаты, бағыттары, өңдеу ерекшеліктері, 

құралдары. 

Топырақты  нөлдік  өңдеу,  оған  осы  күнгі  көзқарас.  Нөлдік  өңдеудің 

топырақтың негізгі қасиеттеріне тигізетін әсері. 

Топырақты  жылдам  өңдеу,  оның  еңбек  өнімділігіне,  топырақ  өңдеу 

сапасына әсері. Топырақ өңдеу сапасына агротехникалық баға беру. 

 

V ЕГІНШІЛІК ЖҮЙЕЛЕРІ 

Егіншілік  жүйелерінің  даму  кезеңдері.  Егіншілік  жүйесінің  түрлері: 

қарапайым, экстенсивті және интенсивті. 

Егіншілік  жүйелерінің  ғылыми  негіздері:  егіншіліктің  жалпы 

заңдылықтары, топырақтың құнарлылығы туралы ілім, топырақты эрозиядан 

қорғау  мәселелері.  Егіншілік  жүйесінің  тиімділігі.  Егіншілік  жүйелерінің 

негізгі буындары. 

Қазақстандағы 

интенсивті 

егіншілік 

жүйелері: 

отамалы, 

агроландшафтық және басқалар. 

 

Ұсынылатын әдебиеттер  



 

Негізгі әдебиеттер: 

1.  Әуезов  Ә.Ә,  Атақұлов  Т.А.,  Сүлейменова  Н.Ш.,  Жаңабаев  Қ.Ш. 

«Егіншілік», Алматы, 2005 

2.  Әуезов  Ә.Ә.,  Сүлейменова  Н.Ш.,  Уразымбетова  Қ.Н.  Егіншілік 

практикумы, Алматы, 2006 

1.  Бараев  А.И.,  Сулейменов  М.К.  және  басқалар.  Почвозащитная  система 

земледелия.-Алматы,1985 

2. Богарное земледелие. –Алматы, 1976 

3. Ерлепесов М.Н., Турешев О.Т. Орошаемое земледелие. – Алматы, 1973 

4.  Жаңабаев  Қ.Ш.  және  т.б.  «Өсімдік  шаруашылығы  өнімдерін  өндіру 

технологиясы» Алматы, 1994 

5.  Жаңабаев  Қ.Ш.  Қазақстанда  жиі  кездесетін  арамшөптер  және  олармен 

күрес, Алматы, 1994 

6. Зенкова Е.М. Севообороты и плодородие почвы. Алматы, 1979. 



7. Иванников А.В., Мұқажанов К. Солтүстік Қазақстан егіншілігі. – Алматы, 

2004 


8.  Киреев  А.К.,  Сейтказинов  Д.Т.  Обработка  почвы  на богаре  Казахстана.  – 

Алматы, 2001 

 

 

ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

 

ТҰҚЫМТАНУ 

Тұқымдық жадығат (материал) — ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі 

өндіргіш  күштерінің  бірі.  Тұқымтанудың  мәні  және  мақсаты.  Басқа 

пәндермен байланысы.  

Қазақстанда  тұқымтанудың  және  тұқымдық  бақылау  қызметінің  даму 

жолдары.  Тұқым  сапасын  анықтайтын  мемлекеттік  инспекциялар.  Ауыл 

шаруашьшығы өсімдіктерінің тұқымдық материалына сипаттама. 

Тұқымдардың биологиялық және шаруашылық тым ұзақ өміршеңдігі. 

Тұқым  сапасына  экологиялық  және  агротехникалық  жағдайлардың 

әсерлері. Тұқымдық егісті жинаудын, биологиялық негіздері. 

Тұқымның  зақымдануы  және  оны  азайтудың  шаралары.  Тұқымдық 

жадығатқа  (материалға)  қойылатын  талаптар.  Тұқымның  сапасына 

қойылатын  стандарт  талаптары  (мемлекетгік  стандарттар).  Тұқымның 

физикалық және биологиялық қасиеттері. Егістік стандарт. 

Тұқым  тобы  туралы  түсінік,  оның  құжаттары  және  кұжат  үлгілері. 

Сақтық және ауыспалы тұқым қоры, оларды сақтау жолдары. 

Тұқымдық жадығаттың сапасын жақсарту. 

Тұқымның егістік  өнгіштігі  және  оны жоғарылатудың жолдары.  Тұқым 

сапасын жоғарылатудың өндірістегі озат тәжірибелері. 

 

1 ДӘНДІ ДАҚЫЛДАР 



Астық дақылдарының жалпы сипаттамасы 

Астық  өндірісін  арттыру  ауыл  шаруашылығын  одан  әрі  дамытудың 

маңызды  мәселесі.  Қазақстан  халық  шаруашылығы  үшін  астық  өндірудің 

маңызы, егіс көлемі құрамы. Астық өндіру мәселесін шешу жолдары. 

Күздік  және  жаздық  дақылдардың  морфологиялық  және  биологиялық 

ерекшеліктері.  Дән  құрылысы  және  химиялық  құрамы.  Өсімдіктердің  өсу 

және  даму  кезеңдері.  Гүлдену  және  дән  толысу,  пісу  кезеңдері.  Дәннің 

толысуына  және  пісуіне  кері  әсерін  тигізетін  факторлар  (егістің  жатып 

қалуы, үсіп кетуі т.б.). Олармен күрес шаралары. 

 

Жаздық астық дақылдар 

Астық өндірісін қарқындатудағы жаздық астық дақылдарының маңызы. 

Жаздық бидай – негізгі тағамдық дақыл. Жоғары сапалы жұмсақ және қатты 



бидайлар өндірісін арттыру. Қазақстанның солтүстігінде жаздық бидай өсіру 

технологиясы және егінді жинау ерекшеліктері. 

Арпа  және  сұлы  –  бағалы  мал  азықтық  дақылдар.  Тағамдық,  мал 

азықтық және сыралық арпалар және оларға қойылатын талаптар. Арпа өсіру 

технологиясы.  Сұлының  тағамдық  және  малазықтық  маңызы.  Сұлы  өсіру 

технологиясының ерекшеліктері.  

Жүгері  –  аса  бағалы  дәндік,  мал  азықтық  және  техникалық  дақыл. 

Биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы. 

Тары – маңызды жармалық дақыл. Тары өсіру технологиясы және өнім 

жинау ерекшеліктері. 

Қонақ жүгері дақылының өсірілу бағыттары (дәнге, қантқа, мал азығына 

және  техникалық  мақсатқа).  Республиканың  қуаң  аудандарындағы  өсіру 

ерекшеліктері. 

Күріш  –  негізгі  жармалық  дақыл.  Күріштің  маңызы,  өсірілетін 

аудандары,  өнімділігі.  Күрішті  суару  әдістері.  Күріш  өсіретін  атыз  әзірлеу 

және  ирригациялық  құрылыс  жұмыстары.  Күріштің  арнайы  арамшөптері 

және  олармен  күрес  шаралары.  Себу  тәсілдері  мен  мөлшері.  Күріш 

атыздарын  күтіп-баптау  шаралары  және  егінді  жинау  ерекшеліктері.  Күріш 

өсірудің тиімділігі. 

Қарақұмық – бағалы жармалық дақыл. Қарақұмықтың өсу ерекшеліктері. 

Өсіру технологиясы. 

 

Күздік астық дақылдар 

Түрлері,  маңызы,  өсірілетін  аудандары  және  өнімділігі.  Күздік 

дақылдардың  күзде  және  көктемде  даму  ерекшеліктері.  Қысқа  төзімділіктің 

физиологиялық  негіздері.  Күздіктердің  қыс  және  көктемнің  қолайсыз 

жағдайларына  ұшырау  себептері  және  оны  болдырмау  шаралары. 

Күздіктердің қыстан шығу жағдайларын бақылау. 

Күздік бидай. Бидай дәнінің белоктылығын жоғарлату шаралары. Күздік 

бидайды суармалы және тәлімі жерлерде өсіру ерекшеліктері. 

Күздік  қара  бидайдың  маңызы,  өсірілетін  аудандары  және  өнімділігі. 

Өсіру технологиясы. 

Күздік  арпа.  Өсірілетін  аудандары  және  өнімділігі.Биологиялық 

ерекшеліктері және өсіру технологиясы. 

 

Дәнді бұршақ дақылдар 

Дәнді бұршақ дақылдарының астық өндірісін қарқындатудағы және мал 

азықтық  белок  проблемасын  шешеудегі  орны.  Атмосферадағы  азотты 

фиксациялаудағы  дәнді  бұршақ  дақылдарының  ролі.  Дәнді  бұршақ 

дақылдарына сипаттама. 

Ас  бұршақ  –  республикадағы  негізгі  дәнді  бұршақ  дақылы.  Тағамдық 

және  мал  азықтық  құндылығы.  Ас  бұршақ  формалары  және  түрлері. 

Биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы. 

Май бұршақ – бағалы белокты және майлы дақыл. Өсірілетін аудандары 

және өнімділігі. Биологиялық  ерекшеліктері және өсіру технологиясы. 


Үрме бұршақ және жасымық. Тағамдық маңызы. Түрлері. Биологиялық 

ерекшеліктері және өсіру технологиялары.  

Ноғаттық  және  ноқат.  Маңызы,  өсірілетін  аудандары  және  өнімділігі. 

Құрғақ аудандардағы өсіру ерекшеліктері. 

 

2. ТАМЫР, ТҮЙНЕК ЖЕМІСТІЛЕР ЖӘНЕ БАҚША 

ДАҚЫЛДАРЫ 

Тамыр  жемістілер  түрлері,  маңызы,  өсірілетін  аудандары  және 

өнімділігі. 

Қант  қызылшасы  –  негізгі  қант  өндіруші  дақыл.  Қант  қызылшасы 

тамыржемісінің  қанттылығын  және  қант  шығымдылығын  жоғарлату 

жолдары.  Биологиялық  ерекшеліктері  және  суармалы  жерлерде  өсіру 

технологиясы. Қант қызылшасын тұқымға өсіру ерекшеліктері. 

Картоптың  маңызы,  өсірілетін  аудандары  және  түйнек  өнімділігі. 

Биологиялық  ерекшеліктері  мен  өсіру  технологиялары.  Картоп  жинау 

әдістері. Картоп өсірудің озық технологиялары мен экономикалық тиімділігі. 

Бақша  дақылдары.  Халықшаруашылығындағы  маңызы,  тағамдық 

құндылығы. Қазақстандағы бақша шаруашылығы. Өсірілетін аудандары және 

өнімділігі.  

Қарбыз,  қауын  және  асқабақ  –  морфологиялық  ерекшеліктері.  Түрлері, 

шаруашылықтық сипаттамалары. Өсіру ерекшеліктері. 

 

3 МАЙЛЫ ЖӘНЕ ЭФИРМАЙЛЫ ДАҚЫЛДАР 

Майлы  дақылдардың  маңызы,  өсірілетін  аудандары  және  тұқым 

өнімділігі. Майлы дақылдар майларының сапа көрсеткіштері. 

Күнбағыс  –  бағалы  майлы  дақыл.  Түрлері,  жіктелуі,  топтары. 

Биологиялық  ерекшеліктері.  Өсіру  технологиясы  және  өнімді  жинау 

ерекшеліктері. 

Мақсары  қуаңшылыққа,  ыстыққа  және  тұзға  төзімді  майлы  дақыл. 

Өсірілетін аудандары және өнімділігі. Өсіру технологиясы. 

Рапс,  қыша  және  майлы  зығыр  –  бағалы  майлы  дақылдар.  Түрлері, 

биологиялық ерекшеліктері. Өсіру технологиялары. 

Майкене  –  бағалы  техникалық  май  беруші  дақыл.  Түрлері,  биологиясы 

және өсіру ерекшеліктері.  

Жер  жаңғағы  –  жоғары  майлы  дақыл.  Биологиялық  ерекшеліктері  мен 

өсіру технологиясы. 

Эфир  майлы  дақылдар.  Көп  түрлілігі және пайдалану  аясы.  Біржылдық 

және көпжылдық формалары. Республикада кездесетін эфир майлы дақылдар 

(кориандр,  анис,  мята  және  т.б.)  биологиялық  ерекшеліктері  және 

агротехникасы. 

 

4 ТАЛШЫҚТЫ ДАҚЫЛДАР 

Талшықты  дақылдар  түрлері,  маңызы,  жіктелуі  және  өсірілетін 

аудандары. 



Мақта  –  республикадағы  негізгі  талшықты  дақыл.  Негізгі  түрлері  мен 

аудандастырылған  сорттары.  Мақта  арнайы  ауыспалы  егісі.  Мақта 

плантациясын  суғару  ерекшеліктері.  Мақтаның  биологиялық  ерекшеліктері 

мен  өсіру  технологиясы.  Мақта  талшығының  технологиялық  сапа 

көрсеткіштері. 

Талшықты  зығыр  және  сора.  Дақылдардың  өсіру  бағыттары. 

Биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиялары. 

 

5 ЕСІРТКІ ДАҚЫЛДАР 

Темекі  және  қара  темекі.  Маңызы,  өсірілетін  аудандары  және  шикізат 

өнімділігі. 

Республикада темекіні көшетте және танапта өсіру ерекшеліктері. Темекі 

өсірудің озық тәжірибелері және экономикалық тиімділігі. 

Темекі шикізатын өңдеу және сақтау шаралары. 

 

Ұсынылатын әдебиеттер  



Негізгі әдебиеттер: 

1. Әубәкіров Т.Ә., Жұмағұлов Ж.Ж. «Өсімдік шаруашылығы және селекция» 

Алматы, 1988 

2.  Жанабаев  Қ.Ш.  және  т.б.  «Өсімдік  шаруашылығы  өнімдерін  өндіру 

технологиясы» Алматы, 1994 

3. Әрінов Қ.Қ «Өсімдік шаруашылығы» Ақмола, 1996 

4.  Әрінов  Қ.Қ  және  т.б.  «Өсімдік  шаруашылығы  өнімдерін  өндіру,  өңдеу, 

сақтау және стандарттау» Астана, 2001 

5. Жанұзақов М.М. «Өсімдік шаруашылығы» Қызылорда, 2008 

6.  Атақұлов  Т.А.  және  т.б.  Өсімдік  шаруашылығы  практикумы.  Алматы, 

2008ж. 

7. Қазақстан Республикасы облыстарында ауылшаруашылық жүйесін жүргізу 



ұсыныстары. Алматы, 2001-2005жж. 

 

Қосымша әдебиеттер: 

1.  Әбуғалиев  І.,  Әлдеков  Н.  Қант  қызылшасы  және  оны  өсірудің 

индустриалды технологиясы. Алматы, 1986ж. 

2. Ерлепесов М., Амантаев А. Суармалы егіншілік. Алматы, 1988ж. 

3. Қойшыбаев Ә. және т.б. Қазақстан күріші. Алматы, 1982ж. 

4. Оразалиев Р.А. Қазақстан бидайы. Алматы, 1984ж. 

5. Саудабаев Т., Қыдыралиев А. Жармалық дақылдар. Алматы, 1985 ж. 

6.  Нұрғасенов  Т.Н.  және  т.б.  Тұқымтану,  сорттану,  тұқым  шаруашылығы. 

Алматы, 2005 ж. 

7. Сағитов А.О. және т.б. Справочник защиты растений. Алматы, 2004ж.  

 

 



 

 

 

МАЛ АЗЫҒЫН ӨНДІРУ 

3 кредит  

 

1 Шалғындық мал азығы шаруашылығы 

Шалғындықтың жалпы сипаттамасы. Әр аймақта табиғи шабындық пен 

жайылымның  негізгі  типтері.  Мал    шаруашылығында  шалғынның  мал 

азығын  өндірудегі  орны.  Бүгінгі  кезеңдегі  табиғи  шабындық  пен 

жайылымның жағдайы. Ғылымның және ауыл шаруашылығының бір саласы 

ретінде шалғындық шаруашылығының дамуы мен келешегі. Еліміздегі және 

шет  елдердегі  шалғынтану  ерекшеліктері.  Мал  азықтық  жерлерді  жіктеу 

оның  көлемі.  Әртүрлі  аймақтарда  таралуы.  Табиғатта  өсу  жағдайына    және 

оны   пайдалануына  қарай  шабындық  пен  жайылымның өсімдік  қауымының 

өзгеруі. Өсімдік қауымының пайда болуына адамзаттың тигізетін әсері: шөп 

шабу,  суару,  минералды  тыңайтқыштар  пайдалану,  гербицидтер  пайдалану 

т.б. 


Табиғи  өсімдік  қауымын  есепке  алу,  әр  типтеріне  ерекше  құжаттар 

толтыру,  шабындық  пен  жайылымдардың  өсімдік  сапасын  анықтау. 

Табиғатты қорғау міндеттері. 

 

2 Шалғынтанудың биологиялық және экологиялық негіздері 

Шабындық  және  жайылым  өсімдіктерінің  тіршілік  жүйелері  және 

олардың  жем  шөптік  ерекшеліктері.  Өсімдіктердің  өркен  құру  және  тамыр 

жаю ерекшеліктері . шабындық және жайылым өсімдіктерінің өніп-өсу, даму 

кезеңі,  оның  ұзақтығы.  Өсу  мерзімі.  Өсу  мерзімі  кезінде  өсімдіктердің 

дамуы,  жапырақтардың  орналасу  ерекшеліктері.  Алшынкөк  шығу 

ерекшеліктері. 

Өсімдік және тіршілік ортасы олардың ара қатынасы және өзара әсері. 

Шалғын  өсімдіктерінің  ылғалға,  жылуға,  жарыққа  және  ауаға  қоятын 

талаптары. Өсімдік тіршілігіне топырақтың тигізетін әсері. Шабындық және 

жайылым  өсімдіктерінің  тіршілігіне  тигізетін  биологиялық  және  ортаның 

өзгеру факторлары.  

 

3 Табиғи шабындық және жайылымның негізгі өсімдіктері 

Табиғи  өсімдіктердің  мал  азығын  өндірудегі  маңызы.  Өсімдіктердің 

шаруашылық-ботаникалық  топтары:  астық,  бұршақ,  қияқ-өлең  және  аралас 

шөптер.  Мал  азықтық  өсімдіктерді  желінгіштігі,  химиялық  құрамы, 

сіңімділігіне байланысты салыстырмалы бағалау.  

Астық,  бұршақ,  қияқ-өлең,  күрделігүлділер,  шатыршагүлділер, 

алаботалар, раушан гүлдер, айқышгүлділер, қырықбуындар тұқымдастарына 

жататын  көп  тараған  өсімдіктердің  түрлерінің  қысқаша  морфологиялық, 

экологиялық  және  өндірістік  сипаттамалары.  Олардың  малазықтық 

қасиеттерін,  әр  аймақта  малға  тиімділігін,  сіңімділігін  бағалау  негіздері. 

Шабындықтың өнімі туралы түсінік, жайылымның мал азықтық көлемі оны 

есептеу әдістері. 

 


4 Табиғи шабындық пен жайылымды жақсарту әдістері 

Табиғи өсімдік қауымын жақсартудың әдістері мен негіздерін қолдану. 

Шабындық  пен  жайылымға  жеңіл-желпі  мәдени-техникалық  жұмыстар 

жүргізу.  Сумен  қамтамасыз  етілуін  жақсарту  және  ретке  қою.  Табиғи 

шабындықтар  мен  жайылымдарды  түбегейлі  жақсарту  және  алдын-ала 

себудің  негіздері.  Ауыспалы  егіс  қолдану.  Шөп  қоспаларының  негіздері. 

Шөп тұқымдарын себу әдістері мен уақыты. Күтіп баптау негіздері. 

Үстіртін жақсарту жүйесінің кейбір ерекшеліктері. Өзен алқаптарында 

екпе шабындықтар мен жайылымдар қолдану. Көлтабандағы табиғи өсімдік 

қауымын  жақсарту.  Сортаң  жерлердің  табиғи  өсімдіктерін  жақсарту,  өнімін 

көтеру. Шөлейт жерлердің құм басқан жерлерін жақсарту. Таулы жерлердің 

жартылай  шөлейт  және  шөлейт  аймақтарында  екпе  шабындықтар  мен 

жайылымдар орналастыру.  

 

5 Шабындықтарды және жайылымдарды пайдалану 

Жайылым  мен  шабындықты  тиімді  пайдаланудың  басты  теориялық 

негіздері.  Жайылым  үлесі,  жайылымдық  шөптің  қоректік  құнарлығы  және 

малды  жазда  жайылымда  ұстаудың  экономикалық  тиімділігі.  Жайылымды 

және  шабындықты  тиімді  пайдалануда  қойылатын  негізгі  талаптар. 

Жайылым  сыйымдылығы.  Жайылымды  пайдалану,  шабындықты  пайдалану 

жүйелері. Ауыспалы жайылым және шабындық айналымын енгізу. 

Көк  балауса  конвейері,  маңызы  және  түрлері.  Көк  шөп  пайдалану 

әдістері. Мәдени жайылымдар мен шабындықтар. 



6 Мал азықтық егін шаруашылығы 

Мал  азығын  егістікте  өсіру  –  жемшөп  қорын  жасап,  мал 

шаруашылығының  тікелей  өркендететін,  ауыл  шаруашылық  өндірісінің 

негізгі бір бөлігі. Танаптық дақылдар, оларды жіктеу қағидасы.  

Дақылдар туралы мағлұматтар. Қазақстанда таралуы.Алдыңғы қатарлы 

ауыл  шаруашылығы  өндірісінің,  ғылыми-  зерттеу  ошақтарының,  аудандар 

мен облыстардың жетістіктері. Мал азығының жалпы өнімін көбейтуде және 

сапасын арттыруда республика алдында тұрған міндеттер. 

Өсіру  технологиясы  және  жемшөп  дақылдарын  жинау  ерекшеліктері. 

Интенсивтік егіншілікте малазықтық ауыспалы егістің орны. 

Ферма маңындағы малазықтық ауыспалы егістік, шабындық-жайылым 

ауыспалы егістігі. 

Өндіріске малазықтық егісті енгізу, оны толықтай пайдалану.  

 

7 Жемдік дәнді дақылдар 

Жемдік  астық  дақылдарының  өнімін  молайту-  мал  шаруашылығын 

құнарлы  жемдермен  қамтамасыз  ету,  олардың  тағамдық  мал  азықтық 

құндылығы және қолданылуы. 

Ерте  егілетін  жаздық  дақылдар.  Арпаның,  сұлының  шаруашылық 

маңызы. Биологиялық қасиеттері, таралуы, өнімі және сорттары. Интенсивтік 

өсіру технологиясы. Өнімді жинау мерзімі мен әдістері. 


Күздік  дақылдар.  Жүгерінің,  қонақ  жүгерінің,  тритикале,  дәнді  мал 

азықтық  бидай,  қара  бидайдың  шаруашылық  маңызы.  Биологиялық 

қасиеттері,  таралуы,  өнімі  және  сорттары.  Интенсивтік  өсіру  технологиясы. 

Мал азығына пайдалану ерекшеліктері. 

 

8 Дәнді бұршақ дақылдары 

Халық  шаруашылық  маңызы  және  азық  белогын  көбейтудегі    дәнді 

бұршақ  тұқымдас  дақылдардың  алатын  орны.  Олардың  малазықтық  және 

агротехникалық  маңызы.  Қазақстанда  ас  бұршақ,  ноқат,  жасымық,  май 

бұршақ,  мал  азықтық  бұршақ  өсірілетін  аудандар.  Өсірудің  интенсивті 

технологиясы.  Дәнді  бұршақ  тұқымдас  дақылдарды  басқа  дақылдармен 

араластырып себу жолдары, маңызы. 

 

9 Сүрлемдік дақылдар 

Жем-шөп  қорын  жасауда  сүрлемдік  дақылдардың  маңызы.  Сүрлемге 

салудың  мән-мағынасы.  Жоғары  сапалы  сүрлем  салудың  жолдары.  Негізгі 

сүрлемдік дақылдар – жүгері, күнбағыс, қонақ жүгері. Олардың биологиялық 

және  өсіру  агротехникалық  ерекшеліктері.  Басқа  да,  әдеттен  тыс  сүрлемдік 

дақылдар  (құлқайыр,  мақсары,  гүлтәжі,  перко,  рапс  т.б.).  олардың  өсіру 

технологиясы. 

 

10 Тамыр жемісті, түйнек жемісті және бақша шырынды мал 

азықтары 

Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыруда шырынды мал азығының 

маңызы. Мал азықтық тамыр жемістілер. Қант қызылшасы және мал азықтық 

қызылша. 

Олардың 

халық 


шаруашылық 

маңызы. 


Биологиялық 

ерекшеліктері. Өсіру технологиясы. 

Мал  азықтық  сәбіз,  шалқан,  тарна.  Мал  азықтық  маңызы  және  өсетін 

аудандары.  Оларды  өсірудің  агротехникалық  негіздері.  Тамыр  жемістілерді 

қоймаға  салу  және  сақтау  жолдары.  Тамыр  жемістілердің  сабағы  мен 

жапырағын  пайдалану.  Түйнекті  жемістілер.  Мал  азықтық  маңызы.  Картоп 

пен жер алмұртының мал азықтық құндылығы, өсетін аудандары, сорттары, 

өсіру технологиясы. 

Мал  азықтық  бақша  дақылдары.  Олардың  мал  азықтық  құндылығы, 

таралуы.  Мал  азықтық  қарбыздың,  асқабақтың,  кәдінің  биологиялық 

ерекшеліктері және өсіру технологиясы. 

 

11 Мал азықтық шөптер 

Екпе шөптердің азықтық ерекшеліктері мен маңызы. Олардың топырақ 

құнарлығын  арттырудағы  рөлі.  Көпжылдық  бұршақ  тұқымдас  шөптер- 

жоңышқа,  түйе  жоңышқа,  сиыр  жоңышқа,  беде,  мүйізбас  шөп.  Көпжылдық 

астық  тұқымдас  шөптер  –  еркек  шөп,  қылтықсыз  арпабас,  жима  тарғақ, 

тарлау,  бидайық,  субетеге,  шалғындық  қарабас,  субидайық.  Олардың 

малазықтық  құндылығы,  биологиялық  ерекшеліктері,  тарауы  және  өсіру 

технологиясы. 


Біржылдық  бұршақ  тұқымдастары  (сиыр  жоңышқа,  сераделла,  парсы 

бедесі,  ноқат,  жасымық,  вигна,  сары  үрме  бұршақ,  егістік  бұршақ,  бөрі 

бұршақ) және астық тұқымдастары (судан шөбі, атқонақ, қонақ тары, күздік 

қара бидай, сорго-суданка буданы, біржылдық үй бидайығы). 

 

12 Мал азығын дайындау және сақтау технологиясы 

Шөп  дайындаудың  және  кептірудің  теориялық  негіздері.  Әртүрлі 

пішен 

дайындаудың 



технологиясы 

(пішен-престелген, 

ұсақталған, 

түйіршіктер т.б.). 

Пішендеме.  Оны  дайындауда  қойылатын  талаптар.  Дайындау 

технологиясы. Сүрлем салу, оның сипаттамасы. 

Мемлекеттік стандарт бойынша мал азықтары сапасын анықтау.  

 

13 Көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығы 

Көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығының маңызы. Шабындық- 

жайылым  өсімдіктерін  тұқым  алу  үшін  өсіру  әдістері.  Көпжылдық 

шөптерден  тұқым  алу  жоспары.  Тұқым  шаруашылығында  интенсивті 

технология  қолдану.  Әдеттен  тыс  өсімдіктердің  тұқымын  өсіру 

ерекшеліктері.  

 

Ұсынылатын әдебиеттер:  



 

Негізгі әдебиеттер: 

1. Тен А.Г. Кормопроизводство. Москва, 1982 г. 

2. Можаев Н.И., Серекпаев Н.А. Кормопроизводство. Астана, 2007г. 

3. Андреева И.И., Родман Л.С. Ботаника, М., Колос, 2003 

4. Жуковский П.М. Ботаника. М., Колос, 1982 

 

Қосымша әдебиеттер: 

1. Андреев Н.Г. Луговое и полевое кормопроизводство. Москва, 1989г. 

2. Асанов К.А. Пастбища и экология. Алматы, 2000г. 

3. Аубакиров К. Пойменные и лиманные луга Казахстана. Алматы, 2002г. 

4. Жамбакин Ж.А. Пастбища Казахстана. Алматы, 1995г. 

5. Часовитина Г.М. и др. Полевое кормопроизводство в Казахстане. Алматы, 

1986г. 

6. Ларин И.В. и др. Луговодство и пастбищное хозяйство. Ленинград, 1990г. 



7. Андреев Н.Г. Малораспространенные кормовые культуры. Москва, 1991г. 

8. Суворов В.В., Воронова Н.Н. Ботаника с основами геоботаники. Л.,Колос, 

1979. 

 

 



 

 

 

ЕГІС 

ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ 

СЕЛЕКЦИЯСЫ 

ЖӘНЕ 

ТҰҚЫМШАРУАШЫЛЫҒЫ 

3 кредит 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

 

1 Сорттар. Бастапқы материалдар және оны жасау әдістері 

     Сорт  туралы  түсінік.  Сорттарды  шығу  тегі  мен  шығару  тәсілдеріне 

байланысты  топтау.  Сорттардың  таралу  аймақтарына  бейімділігі. 

Сорттардың ауыл шаруашылығы дақылдары өнімін өндірудегі алатын орны. 

Дақылдардың болашағы зор және өнімді сорттары туралы түсінік. Өндірістік 

егістіктегі сорттық жүйе. Онда әртүрлі сорттардың болуы керектігі. Сорттың 

агротехникасы. Шаруашылықтардың егіс дақылдарының сорттарына қоятын 

талаптары. 

      Алғашқы  материалдар  туралы  түсінік.  Олардың  алу  жолдары  және 

түрлері:  жергілікті  сорт-популяциялар,  будан  популяциясы,  өзіндік 

тозаңдандырылған  линиялар,  индуцияландырылған  мутанттар  және 

көпполиплоидты  формалар.  Өсімдіктің  бағалы  шаруашылық  белгілер  мен 

биологиялық қасиеттерінің донорлары. 

      Н.И. 

Вавиловтың  алғашқы  материалдар  туралы  ілімі,  (тұқым 

қуалаушылық  пен  өзгерткіштік  жөніндегі  гомологиялық  қатарлар  заңы, 

мәдени  дақылдардың 

шығу 


орталықтары).  Мәдени 

өсімдіктердің 

экологиялық-географиялық  жүйесі.  Жер  жүзі  өсімдіктерінің  коллекциясын 

құру және оны селекция жұмысында пайдаланудағы  Н.И. Вавилов атындағы  

Ресей  егіншілік  ғылыми  зерттеу  институт  ғалымдарының  еңбегі.  Жеміс-

жидек дақылдар селекциясы жұмысындағы коллекциялық бақтың орны. 

       

     2 Аналитикалық селекция 

Аналитикалық  селекция  туралы  түсінік.  Қазіргі  кезде  будандастыру 

бастапқы  материалдарды  құрудың  негізгі  жолы  болып  саналуы. 

Будандастыру  арқылы  пайда  болатын  трангрессиялар  мен  жаңа  түрлер. 

Будандастырудың  қарапайым  және  күрделі  түрлері  (сатылы,  қайтармалы, 

қанықтыратын). Оларды қолдану аймақтары. Будандастыру әдістемелері мен 

техникасы. 

 

3 Синтетикалық селекция 

      Синтетикалық  селекция  туралы  түсінік.  Селекция  жұмысындағы  алшақ 

будандастырудың  маңызы.  И.В.  Мичуриннің,  Л.  Бербанктің  және    Н.В. 

Цициннің  жұмысындағы  алшақ  будандастырудың  пайдалануы.  Туыстық 

және түр аралық будандастырудың пайдаланылуы. Туыстық және түр аралық 

будандастырудағы    қайшылықтар.  Оларды  жою  әдістері.  Буданның  бірінші 

ұрпағының  тұқым  түзу  қабілетінің  нашарлау  немесе  болмау  себебі  және 

оларды 


жою 

жолдары. 

Алшақ 

будандастыруда 



қолданылатын 

биотехнологиялық  әдістер.  Алшақ  будандастыру  арқылы  жаңа  өсімдік 



түрлерінің  түзілуі  және  селекцияда  пайдалану  (ауруға,  сыртқы  ортаның 

қолайсыз жағдайларына төзімді т.б.) 

 

4 Эксперименттік мутагенез және селекцияда қолдану 

      Мутациялық  өзгергіштік  және  оның  селекциядағы  маңызы.  Мутацияның 

түрлері,  олардың  пайда  болуы  және  алғашқы  материал  ретіндегі  маңызы. 

Мутациялық  формаларды  алу  жолдары.  Мутагендер,  олардың  селекцияда  

қолданылатын  түрлері,  өсімдіктерге  әсер  ету  әдістері  мен  мөлшері. 

Мутанттық  популяциялармен  жұмыс  істеу  әдістемелері.  Мутант  түрлерін 

будандастыру жұмысында қолдану. 

 

5 Өсімдіктер селекциясында полиплоидия мен гаплоидияны пайдалану 

       Полиплоидия  және  селекция.  Полиплоидияның  түрлері,  олардың 

селекциядағы  құндылығы.  Полиплоидия  және  алшақ  будандастыру. 

Дақылдардың  органдарына  колхицин  мен  әсер  ету  жолдары  олардың 

мөлшері.  Полиплоидтардағы  тұқым  өнімділігінің  төмендеу  себептері,  оны 

жою  шаралары.  Гаплоидия,  олардың  маңызы  және  болашақта  селекцияда 

қолданылуы.  Гаплоидтар  алу  тәсілдері.  Гаплоидтағы  хромосом  санын  екі 

еселеу  арқылы  гомозиготалы  линиялар  алу.  Гаплоидтық  селекцияның 

болашағы. 

6 Биотехнология әдістерін өсімдік селекциясында қолдану 

       Биотехнология  әдісін  селекцияда  перспективтік  қолдануы.  Генетикалық 

базисті  өсімдіктер  селекциясында  кеңінен  пайдалануы.  Изогендік  линияны 

андрогенез  және  геногенез  әдісімен  алу  (өсімдіктің  тозаңы,  микроспорасы, 

жатыны, 

тұқым 


жарнағы 

және 


жатын 

қабы). 


Эмбрион 

өсіру 


(эмбриокультура),  будандаспауды  жеңу  әдісі. Гендік инженерияны  қолдану. 

Клеткалық 

инженерия. 

Өсімдік 


түрлерінде 

соматикалық 

алшақ 

будандастыру.  Дене  клондық  варианттар  мен  өсімдіктерді  алып  қолдану. 



Индукциялық мутагенез. Бағалы селекциялық материалдарды шапшаңдатып 

көбейту. 



 

7 Гетерозис және оны селекцияда қолдану  

Гетерозис 

құбылысы. 

Гетерозистік 

будандардың 

сорттардың 

басымдылығы.  инцухт  әдісі  және  оны  гетерозистік  селекция  жұмысында 

қолдану.  Гетерозистің  пайда  болу  заңдылықтары.  Гетерозис  құбылысының 

ғылыми болжамы мен теориясы. 

 Ата-аналық  линиялардың,  сорттардың  комбинация  құру  қабілетін 

анықтау  әдістемелері.  Комбинация  құру  қабілетіне  қарай  ата-аналық 

желілердің,  сорттарды  іріктеу.  Шаруашылыққа  пайдалы  белгілеріне  қарай 

өзіндік  тозаңданған  желілердің  аталық,  аналықтарын  іріктеп  алу  жолдары. 

Жүгері және басқа егістік дақылдарының будан тұқымдарын өсіру әдістері.  

Иннбридинг  (инцухт).  Өсімдіктердің  аталық  ұрықсыздық  түрлері. 

Цитоплазмалық аталық бедеулікті (ЦАБ)  будан алуға қолдану. Сорттар мен 

линияларды  ұрықсыздық  жағдайына  аудару.  Өсімдіктердің  ұрықсызданған 

және ұрықтандыратын түрлерін алу. Жүгерінің будан тұқымдарын өндірудегі  



ЦАБ-ті қолдану схемасы. Құмайдың қант қызылшасының, күнбағыстың және 

басқа егіс дақылдарының будан тұқымдарын шығарудағы  ЦАБ-ті пайдалану. 

Сыйыспаушылықты селекцияда пайдалану. Сұрыптап ұрықтандыру. 

 

8 Сұрыптау және селекциялық материалды бағалау әдістері 

 Сұрыптау,  оның  селекциядағы  маңызы,  Табиғи  және  жасанды 

сұрыптау.  Сұрыптауды  өсімдіктердің  толық  белгілерімен  қасиеттеріне 

немесе кейбір белгілеріне сәйкес жүргізу.  

 Жаппай,  дербес,  үздіксіз,  туыстастық  және  керісінше  сұрыптаулар. 

Өсімдіктердің  тозаңдану  түрімен  көбеюіне  байланысты  сұрыптау  әдістерін 

пайдалану. Ауру мен зиянкестерге төзімділік сұрыптау әдістері. 

Селекциялық  материалдың  ауруларға  төзімділігін  бағалау.  Селекция 

жұмыстарының 

кезеңдеріндегі 

бағалау 


жұмыстары. 

Селекциялық 

материалдардың  шығымдылығы  мен  өнімділігін  бағалау.  Селекциялық 

материалдарды  бағалауда  әр  түрлі  фондардың  маңызы.  Өнімділікті  және 

тікелей  немесе  жанама  белгілерді  бағалау.  Ауруларға  төзімділікті  бағалау. 

Өсімдіктердің  зиянды  жәндіктерге  төзімділігін  бағалау.  Селекция 

материалдарының өнім және басқа белгілерін бағалау.   

Селекциялық  жұмыстарды,  тәжірибенің  дәлдігін  арттыратын  тәсілдер. 

Селекциялық  питомниктердің  түрлері:  батапқы  материал,  селекциялық, 

бақылау,  инфекциялық  арнайы.  Сорт  сынау.  Питомниктердің  көлемі, 

орналастыру тәртібі. Егістік жұмыстардың технологиясы. Себу, күтіп-баптау, 

сұрыптау, жинау және есептеу. Деректерді математикалық өңдеу әдістері.  

 

9 Мемлекеттік сорт сынау және сорттар мен будандарды 

аудандастыру.  сорт алмастыру және сорт жаңарту 

 Ауыл  шаруашылығы  дақылдарының  сорттары  мен  будандарын 

мемлекеттік  сынаудың  мақсаты  және  оны  ұйымдастыру.  Мемлекеттік  сорт 

сынау мекемелері. Мемлекеттік сорт сынау станциялары мен учаскелері және 

оларды  табиғат  жағдайының  ерекшеліктеріне  негіздеп  әртүрлі  аймақтарға 

орналастыру принципі. 

 Сорт  сынау  әдістері  мен  техникасы.  Сорт  сынау  кезінде  жасалатын 

бақылау,  есептеу  және  талдау  жұмыстары.  Сорт  учаскелерінде  өндірістік 

сорт  сынау.  Әр  дақыл  сорттардың  сынау  жоспарын  жасау  және  сорт 

учаскелерін  сол  сорттардың  тұқымымен  қамтамасыз  ету  тәртібі.  Жаңа 

сорттарды  дайындау  және  мемлекеттік  тексеру.  Мемлекеттік  сорт  сынау 

жұмыстарын жеделдету жолдары. Сорттар мен будандарды аудандастыру. 

Сорттарды алмастыру. Сорттарды дер кезінде алмастырып тұру тұқым 

шаруашылығының негізгі міндеті. Тұқымның көбею коэффициентін арттыру 

жолдары.  Тұқым  шаруашылығы  жөнінде  ғылыми  зерттеу  институтының, 

жоғары  оқу  орындарының,  тәжірибе  станцияларының,  арнайы  тұқым  өсіру 

шаруашылықтарының алдыңғы қатарлы жаңа тәжірибелері. 

 Сорт  тұқымын  жаңарту.  Тұқымды  репродукциясына  қарай  пайдалану 

мерзімдері. 


 Өндіру  жағдайларына  байланысты  тұқымның  өнімдік  қасиеттері. 

Сорттардың  ауруларға  шалдығуы  мен  ластануы  себепті  егістіктің 

пайдалануға жарамсыз болуы (бракталуы). 

 Тұқымдарды  жаңарту  жоспары  және  тұқымдық  егістіктің  көлемін 

есептеу. Сатылатын сорттық тұқымдарға үстеме ақы төлеу шарты. 

 

10 Тұқым шаруашылығы 

 Тұқым  шаруашылығы  –  ауыл  шаруашылығы  өндірісінің  саласы. 

Тұқым  шаруашылығы  аудандастырылған  сорттар  мен  будандарды  және 

олардың  жоғары  сапалы  тұқымын  өндірудің  технологиясын  ұйымдастыру 

жолдарын  зерттейтін  ғылым.  Тұқым  шаруашылығының  міндеттері  және 

оның егіншілік саласын қарқындатудың ролі. 

 Сорт  пен  будан-тұқым  шаруашылығының  негізі  объектісі.  Сорттық 

және  тұқымдық  сапа  туралы  түсінік  және  тұқым  шаруашылығы  жұмысы 

арқылы сорттарды жақсарту. 

 Өндірісте  пайдалану  барысында  сорттар  сапасының  төмендеу 

себептері.    Сорттардың  тазалығын  сақтау  және  олардың  тұқымдарын 

жақсарту шаралары. Тұқым шаруашылығының негізі-сорттың мол өнім беру 

мүмкіндігін  жүзеге  асыра  отырып,  генетика,  селекция,  биотехнология, 

егіншілік, фитопатология әдістері және басқадай ғылыми жетістіктер арқылы 

оның шаруашылық-биологиялық белгілері мен қасиеттерін сақтау. 

 

11 Қазіргі заман талаптарына сай дақылдардың тұқым 



шаруашылығын ұйымдастыру 

 Тұқым  шаруашылығының  түрлері:  элиталық  және  тұқым  өсіру 

шаруашылықтары.  Бұл  салада  ғылыми  және  оқу-өндірістік  жүйелерді 

ұйымдастыру. 

 Селекция  және  тұқым  шаруашылығы  жұмыстарын  бір  жүйе  ретінде 

топтастыру  (сорт  шығару,  сынау,  аудандастыру,  алмастыру,  жаңарту, 

тұқымның сорттық және себулік сапасына бақылау жасау, т.б.). 

Егістік  дақылдардың  тұқым  шаруашылығындағы  сорттық  және 

тұқымдық бақылау. 

 

12 Егіс дақылдарының тұқым шаруашылығында сорттық  және 



тұқымдық бақылау 

 Сорттық  бақылау.  Егіс  апробациясы  және  сорт  егістерін  тіркеу,  өскен 

жерде  және  лабораторияда  бақылау.  Сорт  тазалығының  және  сорт  егістері 

санатының нормалары. Негізгі дақылдардың тұқым шаруашылығын жүргізу 

жүйесі.

 

  



Тұқымдық  бақылау  және  оның  міндеттері.  Себуге  және  отырғызуға 

арналған  материалдарға  қойылатын  талаптар.  Тұқымның  егістік  сапасына 

белгіленген  стандарттар  (ГОСТ).  Тұқымның  физикалық  және  биологиялық 

қасиеттері.  Ылғалдылықты  анықтау.  Түпнұсқалықты  анықтау.  Жұққан 

ауруларды  анықтау.  Зиянкестермен  зақымдалуын  анықтау.  Сорт егістерінің, 

тұқымының және отырғызылатын материалдың құжаттамасы. 



                                             

 

 



        

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР 

 

Негізгі әдебиеттер: 

1.  Гуляев  Г.В.,  Гужов  Ю.Л.  Селекция  и  семеноводство  сельскохозяйст-

венных культур. - М.: Колос, 1973. 

2. Вавилов Н.И. Теоретические основы селекции. - М.: Наука, 1987. 

3.  Нургасенов  Т.Н.  Селекция  и  семеноводство  сельскохозяйственных 

культур. - Алматы, 2009. 

4.  Нұғасенов  Т.Н.,  Қойшыбаев  Ә.Қ.  Егіс  дақылдарының  селекциясы.  - 

Алматы, 1993. 

5.  Нұғасенов  Т.Н.,  Қалиев  Ә.Қ.,  Жасыбаева  Г.Д.  Ауыл  шаруашылығы 

дақылдарының селекциясы тұқым  шаруашылығы. - Алматы, 2009. 

6.  Коновалов  Ю.Б.,  Березкин  Н.А.  и  др.  Практикум  по  селекции  и 

семеноводству полевых культур. - М.: Агропромиздат,1987. 



 

Қосымша әдебиеттер: 

1. Гужов Ю.Л., Велланки Р.К. Тритикале.- М., 1987. 

2. Закон Республики Казахстан «О семеноводстве». - Астана, 2003. 

3. «Тұқым шаруашылығы туралы» ҚР Заңы. - Астана, 2003. 

4. Закон РК «О селекционных достижениях». – Астана, 1999. 

5. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» ҚР Заңы. – Астана, 1999. 

6. Коновалов Ю.Б. Частная селекция полевых культур.- Москва, 1990. 

7.  Абугалиев  И.А.  Селекция  и  семеноводство  сахарной  свеклы.  -  Алма-Ата: 

Кайнар, 1976. 

8.  Мамонтов  В.Н.  Селекция  и  семеноводство  яровой  пшеницы.-  Москва, 

1980. 

9. Коробок В.А. Селекция и семеноводство сои в Молдавии.- Кишинев, 1964.  



10.  Нургасенов  Т.Н.,  Сулейменова  С.Е.,  Каракальчев  А.С.  и  др.    

Сортоведение, селекция и семеноводство. - Алматы, 2005. 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет