Дениет негіздері


§  7.  Қоғамдық  бақылау  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  тетік



Pdf көрінісі
бет37/92
Дата06.01.2022
өлшемі1,52 Mb.
#11482
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   92
§  7.  Қоғамдық  бақылау  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  тетік 
ретінде.
«Қоғамдық бақылау» ұғымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
құрал  ретіндегі  негізгі  қағидаттары,  маңыздылығы  мен  мазмұны
Сыбайлас  жемқорлықтың  етек  алуы  елде  жүзеге  асырылып  жатқан 
әлеуметтік-экономикалық түрленулердің табыстылығына күмән туғызады. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нығайту шараларын 
ойдағыдай  жүргізу  қызметі  одан  әрі  жетілдіруді  талап  ететін  сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы бағыттылықтың азаматтық қоғам  институттарының 
қолдауынсыз  мүмкін  емес.  Барлық  қолжетімді  құралдарды  қолдана 
отырып,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  заңнама  бойынша  түсіндіру 
жұмыстарын  қамтамасыз  етуде  мемлекеттік  органдардың,  бұқаралық 
ақпарат  құралдарының,  қоғамдық  бірлестіктердің  және  үкіметтік  емес 
ұйымдардың күш-жігерін одан әрі үйлестіру ерекше маңызға ие. 
Халықаралық  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрестің  негізін  қалау-
шы  құжат  –  БҰҰ-ның  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  конвенциясының 
(2003 жылғы 31 қазан) 13-бабы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте 
азаматтық  қоғамның  анағұрлым  тиімді  құралы  ретінде  қоғамдық 
бақылауды кеңейтуді айқындайды [1].  
Азаматтық  қатысу  деп  азаматтар  мен  азаматтық  қоғам  құрылым-
дарының  олар  тұратын    мемлекет  пен  жергілікті  қоғамды  басқаруға 
қатысуы  түсініледі.  Азаматтық  қатысу  нысандары  азаматтар  мен 
азаматтық қоғам құрылымдарының  мемлекеттік органдар шешімдері-
нің  дайындалуына,  қабылдануына  және  бақылауына  қатысуы  болуы 
мүмкін.  
Мемлекеттік  басқару  жүйесінің  сыбайлас  жемқорлықты  кәсіпкерлік 
құрылым ретінде таратуы жағдайында олар өздерінің қызметін бақылай 
алмайды, шешім қабылдай алмайды. Тек қана азаматтардың, азаматтық 
қоғамның  мемлекеттік  органдар  қызметіне  белсенді  және  тұрақты 
қатысуы  өз  қызметінде  сыбайлас  жемқорлық  тәжірибесін  қолданудан 
біртіндеп бас тартуға мүмкіндік береді. 
«Қоғамдық  бақылау»  ұғымы  ғылыми  әдебиетте  белсенді  пайдала-
нылады,  нормативтік  құқықтық  актілерде  пайдаланылады.  Ғылыми  
және  тәжірибелік  қызметте  «бақылау»  термині  өте  жиі  қолданылады. 
Ғалымдар оған әртүрлі: құрал, фактор, нысан, элемент, функция, қызмет, 
жүйе,  шарт,  реттегіш,  кепілгер,  құбылыс,  институт  және  әдіс  ретінде 
түсінік береді.
Қоғамдық  азаматтар  мен  қоғамдық  бірлестіктер    жүзеге  асыратын 
бақылау  мемлекеттік  органдардың  қызметін  бақылауды  білдіреді. 
Қоғамдық  қатысу  идеясы  қоғамдық  істерді  басқару  процесіне 
басқарушыларды тартуды немесе  қосуды болжайды. Қоғамдық бақылау 
«мемлекеттік  билік  пен  жергілікті  басқаруды  қоса  алғанда,  олардың 
жұмысын  оңтайландыру  мақсатында  қоғамның  қоғамдық  институттар 
қызметін бағалау мен есепке алуды жүзеге асыруының» маңызды құралы 
болып табылады [2]. 
Жалпы  қоғамдық  бақылау  қоғамның  негізгі  функцияларының  бірін 
білдіреді,  оның  субъектілері  азаматтар  мен  олардың  бірлестіктері, 
44



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет